Главная страница
Навигация по странице:

  • Қас пен көзді қаққанша тағы бір жылмен қоштасып, жаңа жылмен қауышқалы отырмыз. Өткен жылға қандай қорытынды айтасыз

  • «Гуманитарлық-техникалық пәндер» кафедрасының оқытушысы Назархан Қайырбековна

  • МТ-19-1-тобының студенті Абеуова Жанерке

  • ШТ-18-3(11)- тобының студенті Жұмадан Айнұр

  • ФЗ-17-1- тобының студенті Мұсағұл Гүлжанат

  • Халқымызда «өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп» деген даналық сөз бар. Келер 2021 жылдан не күтесіз

  • Ұжымыңызға, студенттерге білдірер лебізіңіз «Педагогика, психология және жеке пәндер әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, оқытушы Бекзат Куатовна

  • Сұхбат-сауалнама алушы: БМ-18-3(11)-тобының 4-курс студенті Мауратқызы Жансая

  • Сұхбат. ЛИМОНАД 2020-2021. ас пен кзді аанша таы бір жылмен оштасып, жаа жылмен ауышалы отырмыз. ткен жыла андай орытынды айтасыз


    Скачать 18.67 Kb.
    Названиеас пен кзді аанша таы бір жылмен оштасып, жаа жылмен ауышалы отырмыз. ткен жыла андай орытынды айтасыз
    Дата28.12.2020
    Размер18.67 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаСұхбат. ЛИМОНАД 2020-2021.docx
    ТипДокументы
    #164907

    Қайырлы күн, құрметті «BOLASHAQ» академиясы және «BOLASHAQ» жоғарғы колледжінің ұжымы және студенттер, сондай-ақ, «ЛИМОНАД» журналының оқырмандары! Баршаңызды келе жатқан жаңа 2021 жылмен кіршіксіз көңіл, ыстық ықыласпен құттықтаймын! Жаңа жыл- әрбір жанның жүрегіне жылулық сыйлайтын, ғажайып армандар мен мақсаттарға үміт отын жағатын сүйікті мереке. Баршамыз жаңа жылмен бірге ізгі жаңалықтардың келуін асыға күтеміз. Өткен жылдың парақтарын ақтара отырып, біршама іргелі істердің орындалғанына қуанып, жаңа жылға жаңа жоспарлар құрамыз. Көзді ашып жұмғанша бізбен қоштасқалы тұрған 2020 жылдағы өкпе-наздың барлығын артқа тастап, босағамызды енді аттағалы жатқан жаңа 2021 жылды таза ниетпен, көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алайық! Бізді алда тек жағымды жаңалықтар, толағай табыстар, биік белестер, берекелі бетбұрыстар мен қайырлы қадамдар күтеді деп сенейік!

    Колледж оқытушылары мен студенттері жыл қорытындысын шығарды ма екен?! Алдағы жылдан қандай үміт күтеді?!

    • Қас пен көзді қаққанша тағы бір жылмен қоштасып, жаңа жылмен қауышқалы отырмыз. Өткен жылға қандай қорытынды айтасыз?

    «Педагогика, психология және жеке пәндер әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, оқытушы Бекзат Куатовна:

    • 2020 жылға қорытынды жасай келе, 2020 жыл бізге өмірді басқа қырынан таныта білді. Жаңа жауапкершілікті сездірген, қиындығы мен қызығы мол жыл болды. Онлайн оқу жүйесіне де үйренісіп, ізденісіміз артты. Қашықтықтан оқытудың да қыр-сырын меңгеріп алдық. Әр түрлі контенттерді пайдаланып, білімалушылардың сапалы білім алу деңгейін төмендетпеуге тырыстық. Ең бастысы денсаулық пен адамдар арасындағы қарым-қатынастың қаншалықты қымбат екендігін ұғындық. Ескі жылға өкпе жоқ, ескі жыл есіркеп, жаңа жыл жарылқасын.

    «Гуманитарлық-техникалық пәндер» кафедрасының оқытушысы Назархан Қайырбековна:

    • Міне, тағы бір жылдың тарих қойнауына еніп, екіншісінің төрімізге келер сәті де жақындап қалды. Өткен 2020 жылда өкініш пен әттеңімізбен қатар қуанышты сәттеріміз де аз болмады. Елімізде орын алып жатқан пандемиялық ахуалға қарамастан бұл жылда көптеген жақсы жаңалықтар да жетерліктей болды. Атап айтар болсам, әлемге әйгілі ақын, қазағымыздың маңдайына біткен шоқтығы биік жұлдызы - Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын бүкіл ел болып тойладық, тұғыры биік тәуелсіздігімізді белгілі деңгейде атап өттік, және де колледж ұжымы мен студенттері үшін ерекше мейрам- Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжінің 20 жылдық мерейтойын атап өттік. Осылайша, өткен жылды еш өкпесіз, кереметтей нәтижелермен қорытындыладық деп ойлаймын.

    МТ-19-1-тобының студенті Абеуова Жанерке:

    • Әрине, 2020 жыл ауыр жылдардың бірі болды. Дегенмен, әр жылдың өзіндік ерекшелігі, жақсысы мен жаманы болады. Осы өткен жылдың негізгі қиындығы пандемия салдарынан оқу жылымыздың тең жартысы онлайн жүйеге ауысып, қашықтықтан оқу болды. Келешекке деген сенімнің мықты болуының арқасында қиындықтарды еңсере білдік демекші жаңа технологиялардың арқасында қиындыққа қарамастан білімімізді ойдағыдай жалғастырдық. Өткен жылға өкпе жоқ, 2020 жылдың қиындықтарын ұмытып, жақсы жақтарын еске сақтайық!

    ШТ-18-3(11)- тобының студенті Жұмадан Айнұр:

    • Мен 2020 жылды қорытындылайтын болсам, осы жылы денсаулықтың қадірін білдім, отбасыммен көп уақыт өткіздім, жеке дамумен айналыстым. Сондай-ақ, қашықтықтан білім алу барысында уақытты тиімді пайдалануды, жаңа технологияларды үйрендім.

    ФЗ-17-1- тобының студенті Мұсағұл Гүлжанат:

    • Иә, тағы бір жылды аяқтап, жаңа жылдың, яғни, жиырма бірінші ғасырдың жиырма бірінші жылының парағын ашуға санаулы күндер ғана қалды. Әрине, бұл жыл өз қиыншылықтарымен де, жағымды естеліктерімен де есте қалды. Әлем бойынша қашықтықтан оқыту жүйесіне көшіп, қашықтықтан да оқып үйрендік. Өзіме келер болсам, мен колледжіміздің 2020 жылғы "Ең үздік студенті" атағына ие болдым.



    • Халқымызда «өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп» деген даналық сөз бар. Келер 2021 жылдан не күтесіз?

    «Педагогика, психология және жеке пәндер әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, оқытушы Бекзат Куатовна:

    • Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды. 2021 жыл баршамыз үшін құт-берекелі, күйлі-қуатты, оң өзгерістерге толы жыл болатындығына үлкен үміт артамыз.

    «Гуманитарлық-техникалық пәндер» кафедрасының оқытушысы Назархан Қайырбековна:

    • Жаңа жыл — жаңа үміттер, биік армандар мен алдағы алар асулардың бастауы деп білемін. Әр жаңа жыл келгенде жаңа үміт күтетініміз рас. Жоспар құрып, ойлаған ойлардың жетуіне тырысамыз. Жеткен жетістіктеріміз бен кеткен қателіктерімізді саралап, өзімізше бір пайымдаймыз. Үлкен өзгерістер күтпесемде, үмітім алаулап жанып тұр. Бұл жыл да өзгеріс пен жақсылыққа толы болады деп сенемін. 

    МТ-19-1-тобының студенті Абеуова Жанерке:

    • Осы келер 2021 жылдан бар күтерім пандемия кезеңі бітіп, дәстүрлі оқуымызға қайта оралсақ деймін. Бұрынғы қарым-қатынасымызды қайта қалыптастырып, білімімізді көзбе көз алсақ екен. Бұл тек мендік үміт емес шығар, сірә...

    ШТ-18-3(11)- тобының студенті Жұмадан Айнұр:

    • Алла қаласа 2021 жылы пандемия аяқталып, колледждегі дәстүрлі оқу жүйесіне оралсақ екен деймін, группаластармен, ұстаздармен кездескім келеді.

    ФЗ-17-1- тобының студенті Мұсағұл Гүлжанат:

    • Келер жылдан тек жақсы жаңалықтар күтемін. Ең бастысы, елдегі жағдай оңалса екен деймін. Аспанымыз ашық, мақсатымыз айқын, еліміз аман, жұртымыз тыныш, болашағымыз жарқын болса екен. Бұрынғыдай дәстүрлі оқыту жүйесіне көшіп, барлық студенттер, оқушылар білім ордаларына барып оқыса екен деймін.



    • Ұжымыңызға, студенттерге білдірер лебізіңіз?

    «Педагогика, психология және жеке пәндер әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, оқытушы Бекзат Куатовна:

    • Ортақ шаңырағымыздың жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген азаматтарға бейбіт өмір, тыныштық, мол жақсылық тілеймін. Алдағы жыл тек жағымды жаңалықтарымен, үлкен жеңістерден, оң өзгерістерімен, ұмытылмас сәттерімен, қызықты кездесулерімен қуантсын.

    «Гуманитарлық-техникалық пәндер» кафедрасының оқытушысы Назархан Қайырбековна:

    • Жаңа жыл барлығыңызға жаңа бақыт, жаңа табыс алып келсін! Ең бастысы, елімізде тыныштық орнап, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған жыл болсын. Колледж ұжымы мен студенттеріне айтар тілегім: жаңа бастамаларыңыз көп болып, кәсіби табыстарға жетуді нәсіп етсін. 2021 жыл ырыс пен ынтымақтың, береке мен байлықтың, бейбітшілік пен бақыттың жылы болғай! Аялы арманымыз орындалып, жүректер жылудан айрылмасын!

    МТ-19-1-тобының студенті Абеуова Жанерке:

    • Сіздерді осы келіп жеткен 2021 сиыр жылымен шын жүректен құттықтаймын. Жаңа жыл жаңа табыс, жаңа бақыт әкелсін! Алға қойған арман-мақсаттарыңыздың орындалуына шын ниетпен тілектеспін. Қандайда бір қиындық туындаса мойымай, күш-жігерімізді шыңдай берейік. Енді "біз біргеміз" сөзін еліміздің көркеюіне, дамуына қолданайық!

    ШТ-18-3(11)- тобының студенті Жұмадан Айнұр:

    • Ұжымға, студенттерге зор денсаулық, мол бақыт, ең бастысы хайырлысын тілеймін.

    ФЗ-17-1- тобының студенті Мұсағұл Гүлжанат:

    • Ең бірінші, барлық отбасыға береке, елімізге бірлік, татулық тілеймін. Әр студентке жарқын болашақ, толағай табыстар, терең білім, айқын мақсат, мұқалмас жігер мен қайсарлық тілеймін. Еліміздің мәртебесін көтеретін, өз істеріңіздің білікті мамандары болуларыңызға шын жүректен тілектеспін. Ал аяулы ұстаздарымның білімді ұрпақ тәрбиелеу жолындағы еңбектеріне табыс пен береке тілеймін. Колледжіміздің мәртебесі асқақтап, самғауы биіктей бергей!

    Үміттеріңіз бен тілектеріңіз орындалып, барлық бастауларыңыз сәтті нәтижелер берсін! 2021 жыл тек игі жақсылықтарымен, ырыс-берекесімен, мол қуаныштарымен төрімізден орын алсын! Осы жаңа жыл күткенімізді ақтап, барлығымызға бейбітшілік, амандық және өркендік әкелсін. Жаңа жыл құтты болсын!

    Сұхбат-сауалнама алушы: БМ-18-3(11)-тобының

    4-курс студенті Мауратқызы Жансая


    написать администратору сайта