ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ
Мұғалімнің аты-жөні:
| Елемесова Алмагул Габдилмаликовна
| Пән/Сынып:
| 3 сынып
| Қай аптаның нешінші сабағы
| 1-ші аптаның 1-ші сабағы
| Тарау немесе бөлім атауы:
| Жанды табиғат
| Сабақтың тақырыбы:
| Оқуға шақыру
| Оқу мақсаты:
| 3.2.2.1 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру.
| Бағалау критерийі:
| мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады. шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды. берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.
| Саралап оқыту тапсырмалары
| Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
| Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
| Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы
| Уақыты
| Кезеңдері
| Тапсырма
| Тапсырманың мақсаты
| Бағалау
| Ресурстар
| 1 минут
|
| Ұйымдастыру
-Сәлеметсіздер,балалар!
Жаңа оқу жылы құтты болсын!
Бәріне естілетіндей баяу дауыспен мәнерлеп, төрт жолды өлең оқимын.
2-слайд:
Күн нұрын төгіп көгімнен,
Іргесі мұздың сөгілген.
Құйқылжып құстар ән салып,
Мың түрлі әуен төгілген.
«Мына күннің жылуымен сабағыңды жақсы оқуға шақырамын. Күннің жылуын сендерге ұсынамын. Күнді қолдарыңа алып іштеріңнен жақсы тілектер ойлаңдар.Бүгінгі күнге сәттілік тілеймін!
3-слайд.
Сабақ мақсаты:
Сен:
Мәтіннің тақырыбын анықтап, негізгі ойды таба аласың.
Өлеңнің мазмұны бойынша сұрақтар қоясың және жауап бересің.
Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай аласың.
| Не меңгеретінін білу үшін
.
|
| Презентация № 1бет
| 7-8 минут
| Жаңа сабақ
| Жаңа сабақты цифрлық ресурстар арқылы түсіндіру
Алдыңғы білімді еске түсіру
Жұмыс түрі: жеке ойлау 4-слайд:- Тұңғыш әліппені жазған кім? Ол туралы не білесің? Тұңғыш әліппені жазған Ахмет Байтұрсынұлы.
2 сыныпта А.Байтұрсынұлының қандай шығармасымен танысқан едік есімізге түсіріп көрейікші.
5-слайд:
Ойқозғау:
«Оқу», «Даналық», «Іздену» сөздері нені білдіреді деп ойлайсыңдар?
Оқуға қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар? –
Оқу білім-бұлағы,
Білім өмір-шырағы.
... . – Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай екен? – ... . – Оқу бізге не үшін керек? – ... . оны білу үшін
-Бүгін біз А.Байтұрсынұлының «Оқуға шақыру» өлеңімен танысамыз.
7-слайд:
Жазылым:
Жұмыс дәптердегі тапсырмаларды орында.
Сұрақтарды жалғастыр.
1) А. Байтұрсынұлы кім? 2)А.Байтұрсынұлы қайда дүниеге келген?
3) А.Байтұрсынұлының қандай еңбектері бар. Автормен танысу айдары: Автор туралы бейне жазба тыңдау.
Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы 28 қаңтарда бұрынғы Торғай облысы, Жангельдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келген.
1909 жылы «Қырық мысал» 1911 жылы «Маса»өлеңдері жарық көрген
1913 - 1918жж. «Қазақ газетінің» бас редакторы болған екен.
1920ж. Қазревком мүшесі.
1920 - 21жж. Қазақ АКСР халық ағарту комиссары болып қызмет еткен.
1922 - 25жж. Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы болған.
1921 - 25жж. Орынбордағы, 1926 - 28жж. Ташкент халық ағарту институтының қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихынан сабақ берген.
Тыңдалым: Өлеңді тыңдау
8-слайд:
Оқуға шақыру Балалар, оқуға бар, жатпа қарап,
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!
Шақырады тауық мана, әлдеқашан,
Қарап тұр терезед күн жылтырап. Адам да, ұшқан құс та,жүгірген аң да,
Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да.
Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп,
Барады аралар да ұшып балға. Балалар, бұл жол басы- даналыққа,
Келіңдер, түсіп байқап, қаралық та.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?!
Даналық-өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер, іздеп, тауып алалық та!
| Жаңа тақырыпты меңгеру Өлеңді оқи отырып білімнің қаншалықты қажет екенін және маңыздылығын түсінеді
|
Дескриптор:
мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады.
| Презентация № 2бет
| 8 минут
| Тәжірибе
| Өлең мен суретті салыстырып көрейік.
9- слайд:
Бұл суреттерде тәуліктің қай кезі деп ойлайсыңдар?
Ортақ тақырып қойып, оны түсіндіріп көрейікші.
Дұрыс ойладыңдар, Бұл тәуліктің таңғы уақыты.
Біз бұл уақытта оқуға аттанамыз.
10-слайд:
«Оқуға шақыру» өлеңін шумақтарға бөліп оқиық .Қарамен жазылған сөздерге сүйеніп әр шумаққа бір сұрақ құрастырып жауап беріп көрейік.
Мысалы. Бірінші шумаққа бірге сұрақ құрастырып көрейік.Ол үшін шумақтағы сөздерге толық мән беріп мағынасына қараймыз.
Балалар, оқуға бар, жатпа қарап,
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!
Шақырады тауық мана, әлдеқашан,
Қарап тұр терезед күн жылтырап.
1-шумақ: Оқуға тәуліктің қай кезінде барамыз?
Адам да, ұшқан құс та,жүгірген аң да,
Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да.
Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп,
Барады аралар да ұшып балға.
2-шумақ: Оқу үшін жұмыстың маңыздылығы барма? Анимация
Балалар, бұл жол басы- даналыққа,
Келіңдер, түсіп байқап, қаралық та.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?!
Даналық-өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер, іздеп, тауып алалық та!
3-шумақ: Оқып білім алу үшін адам қандай болу керек? Анимация 11-слайд:
«Сәйкестендіру» әдісі. Сонымен оқушылар даналық, оқу, іздену, үйрену дегенді қалай түсіндіңдер? Оқу -оқысаң, адам боласың. Даналық деген-өшпес жарық,кетпес байлық. Іздену-ізденсең білімді боласың. Үйрену- үйренсең талапты боласың.
| Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру
|
Дескриптор:
шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды.
| Презентация № 3бет
| 3 минут
| Бекіту
| 12-слайд:
Жеке тапсырма ұсыну
«Су құбыры» әдісі
– «Балалар, оқуға бар, жатпа қарап» деп айтқан автор туралы не білесің? – «Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық» дегенді қалай түсінетініңді үш сөйлеммен айт. – Не үшін оқу оқып, білім алу керек екен? Өз ойыңмен жауап бер. Осы тапсырманы мұғаліміңмен бірге орындауды ұсынамын
14- слайд:
Бүгнгі сабақта өзің қандай ой түйдің?
Оқудың қандай пайдасы бар? «СМС» кері байланыс. Мұғаліміңе смс арқылы жауап беруіңе болады.
| Тақырыпты меңгергенін анықтау
|
Дескриптор:
берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.
| Презентация № 4бет
| |