Қасықпен тамақтандыру. асыпен таматандыру. Масаты шала туан баланы таматандыру. Крсеткіштер
Скачать 27.87 Kb.
|
Қасықпен тамақтандыру. Мақсаты: шала туған баланы тамақтандыру. Көрсеткіштер: сору рефлексі жоқ балалар. Әзірле: Таза шәй қасық, резенке баллон, дәкелер, резенке қолғап, бет перде, ана сүті бар ыдыс, 40-60°C су құйылған лоток, қауіпсіз жоюға арналған контейнер, дезерітінді мен ыдыс, шүберек. Іс -әрекет алгоритмі: 1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндірдім. 2. Бет перде кидім. 3. Лотоктағы 60-70°C суға қойып 36-37°C дейін ана сүтін жылыттым. 4. Жөргектеу үстелін дезерітіндімен өндедім, жөргекті салдым. 5. Бас жағын жоғарлатын баланы қырынан жөргектеу үстеліне жатқыздым. Кеудесіне дәкені салдым. 6. Қолымды жылы сумен сабындап жуып, кептірдім, резенке қолғап кидім. 7. Мұрын қуысын тексердім. 8. Кәрі жілік буының сыртына бір неше тамшы тамызып, сүттін жылулығын тексердім. 9. Шәй қасықтың 2/3 бөлігіне сүтті құй, ауызға қасықты апардым. Жоғарыдан төменге бағытында, төмекті ерінге қасықты тигіздім. (бала ауызын ашады). Ауызға қасықты еңгіздім, тілге қасықты тигізіңіз және тілге сүтті құйыңыз. 10. Қасықты жоғарғы ерініне қысып шығарып алдым. 11. Ауызға сүті бар келесі қасықты апардым. Алдыңғы үлесті жұтқанына көз жеткіздім, тілге сүтті құй. 12. Тамақтану аяқтағанда, баланың аузы бос болғанына көз жеткіздім. 13. Баланың ауызын дәкемен сүрт. 14. Кеудесінде жатқан дәкені ал. 15. Бас жағын жоғарлатып баланы оң жақ қырынан жатқыздым. 16. Дәкені қауіпсіз жоюға арналған контейнерге, пинцетті дезерітінді бар ыдысқа, ал қасықты ,ыдысты қайнатуға арналған ыдысқа сал. 17. Резенке қолғапты шештім, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салдым.Қолымды жудым, құрғаттым. Зонд арқылы тамақтандыру. Мақсаты: шала туған баланы тамақтандыру. Көрсеткіштері: жұту, сору, ему рефлекстері жоқ. Әзірле: залалсыздандырылған полиэтилен асқазан зонды, 20,0 мл шприц, жылытылған ана сүті бар ыдыс, дәкелер, резенке баллон, пинцет, резенке қолғап, бет перде, 40-60°C су құйылған лоток, лейкопластырь, қауіпсіз жоюға арналған контейнер, дезерітінді мен ыдыс ,шүберек. Іс -әрекет алгоритмі: 1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндірдім. 2. Бет пердені кидім. 3. Лотоктағы 60-70°C суға қойып 36-37°C дейін ана сүтін жылыттым. 4. Жөргектеу үстелін дезерітіндімен өндедім. 5. Бас жағын жоғарлатып баланы қырынан жөргектеу үстеліне жатқыздым. 6. Қолымды жылы сумен сабындап жуып, кептірдім, резенке қолғап кидім. 7. Мұрын қуысын тексердім, тазарту жүргіздім. 8. Залалсыздандырылған пинцетпен ораушыдан асқазан зондың алдым. 9. Зондпен семсер тәріздес өсік пен кеңсірік аралығын өлшеп, лейкопластырмен белгі салдым. Зондтын канюлясын жаптым. 10. Зонд ұшынан 7-8 см қашықтықта зондты жазатын қауырсынды сияқты алдым. Зондты мұрын қуысы арқылы белгіге дейін асқазанға еңгіздім. (зондты енгізген кезде балада жөтел, цианоз байқалса- зонд тыныс жолдарын енгізілді,онда зонды шығарып , балаға ылғалдандырылған оттегін беру қажет) 11. Шприцке керекті мөлшерде жылы ана сүтін жинадым. 12. Зондтын канюлясын ашып, сүті бар шприцті жалғадым.Сүтті жаймен жибердім. 13. Тамақтандырып болғаннан кейін шприцті зондтан шығарып алдым. 14. Зондты лейкопластырмен баланың бетіне жабыстырдым. 24-48 сағатқа дейін зондты қалдыруға болады. 15. Ауыз қуысынаң 2-3 см қашықтықта оң қолдың 1 және 2 саусақтарымен зондты ұстап, дәкемен зондты шығарып алдым. 16. Бас жағын жоғарылатып, оң жақ қырынан баланы жатқыздым. 17. Дәкені, шприцті, зондты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге, пинцетті дезерітінді бар ыдысқа салдым. 18. Резеңке қолғапты шештім, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салдым.Қолымды жуып, құрғаттым. Омырау сүтімен тамақтандырудың маңызын түсіндіру Толық тамақтандыру Жеңіл қорытылады Инфекциялардан сақтайды Баланың дамуына және эмоциональды қатынасты қамтамасыз етеді Ананың денсаулығына да маңызы зор Емізу кезінде баланы дұрыс ұстау бұл өте маңызды болып келеді. 4-3-4 принциптері: Сәбидің басы мен денесін тік, бір жазықтықта ұстаңыз. Сәбидің бетін анасының кеудесіне қаратып, мұрны емшек ұшы деңгейінде болуы керек Сәби денесі анасының денесіне түйістірулі болуы керек іші мен анасының іші түйістіресіз Анасы тек мойны мен иығына ғана емес, сәбидің бүкіл денесін ұстап отыру керек Сәбидің ерніне емшектің ұшын тигізіңіз Сәби аузын барынша ашуын күтіңіз Емшекті тез сәбидің аузына апарыңыз Сәбидің иегі емшекке тиіп тұрады Сәбидің аузы барынша ашық Астыңғы ерні сыртқа шығыңқы болады Емшектің басым бөлігі астынан емес, үстінен көрініп тұруы тиіс Баланың салмағын өлшеу Мақсаты: Емшекпен емізу барысында баланың ана төсінен сорып алған сүт мөлшерін анықтау. Көрсеткіші: Баланың салмақ қосуының тежелуі, емшек емізіп болғаннаң соң баланың мазасызданып жылауы. Кері көрсеткіші: баланың аса ауыр жағдайы. Керекті құралдар: Памперсі бар жөргектеуге арналған жабдықтар Ананы емшекпен емізуге арналған жабдықтар Таразы Дез.ерітіндісі бар ыдыс, сүрткіш; Қағаз, қалам. Іс -әрекет алгоритмі: 1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндірдім. 2. Керекті құралдарды дайындадым. 3. Қолымды гигиеналық әдіспен өндеп, құрғаттым, керек жағдайда резенке қолғап кию. 4. Балаға памперс кигізу және жөргектеу. Ананы бала емізуге дайындау. 5. Таразыны дезерітіндімен өндеп, жұмысқа дайындау. Баланы өлшеп алынған қорытындыны тексеру. 6. Баланы анасына 20 минут көлеміне емізуге беру. 7. Баланың салмағын қайталап өлшеу.(зәрге, нәжіске отырса жөргекті ауыстырмаймыз). 8. Алынған қорытындылардың айырмашылығын анықтау (тамақтануға дейінгі және тамақтанудан кейінгі салмақтары). 9. Баланы анасына беру, немесе төсекке жатқызу. 10. Таразыны дезерітіндімен сүрту. 11. Қолғапты шешіп, қорапқа салу, қолды жуу және құрғату. 12. Балаға бір реттік тамақтануға арналған сүт мөлшерін анықтау(көлемдік немесе каллориялық әдіспен). 13. Баланың сорып алған сүт мөлшерімен қажетті сүт мөлшерімен сәйкестігін бағалау. Алынған нәтиже: 1)3400 гр ; 2)3750гр. Жоғарғы тыныс жолдарынаң шырышты сорып алу. Көрсеткіштері: жаңа туған нәресте, асфиксия. Әзірле: электр сорғыш, залалсыздандырылған резенке катетер. Іс -әрекет алгоритмі: 1. Резенке катетерді шырыш сорғышқа жалғадым. 2. Электр сорғышты электр торабына қостым. 3. Резенке катетерді мұрын қуысына енгізіп шығарып сорып алдым. 4. (2 жағынан кезекпен) 5. Сорғышты электр торабынан айырдым. 6. Бөлек таза резенке катетерді алып, шырышты ауыз қуысынан сорып алдым. 7. Сорғышты электр торабынан айырдым. 8. Пайдаланылған катетерді сабындап ағынды сумен жуып, фурациллин құйылған ыдысқа салып қойдым. Құлағын тазалау Әзірле: залалсыздандырған мақта турундасы, дәкелер, қайнатылған су, лоток, резенке қолғап, пинцет, қауіпсіз жоюға арналған контейнер, дезерітіндімен ыдыс, шүберек. Іс -әрекет алгоритмі: 1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндірдім. 2. Қолымды мұқияттап жылы сумен сабындап жуып, сүрттім, резенке қолғап кидім. 3. Жөргектеу үстелін дезерітіндімен өндедім, жөргек салдым. 4. Басын бір жаққа қаратып, баланы жатқыздым. 5. Суға батырылған мақта томпонымен құлақ қалқасың сүртіп, құрғақ тампонымен құрғаттым. 6. Турунданы пинцетпен оң қолыма алдым, сол қолымен баланың құлақ қалқасың артқа және тарттым. 7. Турунданы 0,5-1 см, айналдыра енгізіп, құлақты тазаладым. Айналдырып құлақтан шығардым. 8. Екінші құлағын да осылай тазаладым. 9. Турундаларды, дәкелерді қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салдым, қолданған пинцетті дезерітінді бар ыдысқа салдым. 10. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салдым. Қолды жуып кептірдім. Мұрын тазалығын жүргізу. Мақсаты: балаға гигиеналық күтім жүргізу. Әзірле: залалсыздандырылған өсімдік майы, турунда, пинцет, резенке қолғап, мензурка, дезерітінді мен ыдыс, шүберек, қауіпсіз жоюға арналған контейнер. Іс -әрекет алгоритмі: 1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндірдім. 2. Қолымды мұқияттап жылы сумен сабындап жуып, сүрттім, резенке қолғап кидім. 3. Жөргектеу үстелін дезерітіндімен өндедім, жөргек салдым. 4. Баланы жатқыздым. 5. Сол қолдың 4 саусағын баланың маңдайына қойып, үлкен саусақпен мұрнының ұшын сәл көтеріп, мұрын қуысын қарадым. 6.Мензуркаға стерильді өсімдік майын құйдым. 7. Өсімдік майына стерильді пинцетпен турунданы матырып, оң қолыма алдым. 8. Айналдыра отырып, еңгізіп, мұрын қуысын тазаладым. Айналдырып мұрын қуысынан шығардым.(мұрындағы қабықшалар жойылады) 9. Осылай екінші мұрын қуысын тазаладым. 10. Турундаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салдым, қолданған пинцетті дезерітінді бар ыдысқа салдым. 11. Қолғапты шештім, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салдым. Қолымды жуып кептірдім. Шап аралығын жуу. Мақсаты: балаға гигиеналық күтім жүргізу,ірінді септикалық аурулардың алдын алу. Әзірле: залалсыздандырылған мақта шариктері, залалсыздандырылған өсімдік майы, клеенкадан тігілген алжапқыш, жылы су, таза жөргектер, таза киім, резенке қолғап, дезерітіндімен ыдыс, шүберек, қауіпсіз жоюға арналған контейнер. Іс -әрекет алгоритмі: 1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндірдім. 2. Крандағы суды ашып, 37-38°C етіп реттедім. 3. Қолымды мұқияттап жылы сумен сабындап жуып, сүрттім, резенке қолғап кидім. 4. Алдыма клеенкадан тігілген алжапқышты алдыма тұттым. 5. Жөргектеу үстелін дезерітіндімен өндедім, жөргек салдым. 6. Баланың құндағын ашып, терісін және тері қыртысын көрдім. 7. Баланы төсектен алып, басын сол білегіме тіреп, санын сол қолдың саусақтарыммен қамтыдым. 8. Қыз баланы алдынан артына қарай жудым. 9. Баланы жөргектің үстіне салдым, сорғытып сүртіп, тері қыртыстарына көңіл бөлдім. 10. Қайнатылған өсімдік майына залалсыздандырылған мақта шаригін малып алып, шаптың тері қыртыстарын сүрттім. 11. Мақта шариктерін қауіпсіз жоюға аранлған контейнерге салдым. 12. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салдым, қолданған пинцетті дезерітінді бар ыдысқа салдым. Қолымды жуып кептірдім. Баланы киіндірдім. Құрысып тырысу кезіндегі жедел көмек көрсету. Жедел көмек алгоритмі: 1. Баланы түзу жерге жатқыздым. 2. Қысатын киімдерінен босаттым. 3. Таза ауамен қамтамасыз еттім, ылғалды оттегін бердім. 4. Азу тістердің арасына мақтамен оралған шпательді салдым. 5. Құрысуға қарсы препараттарды бұлшық етке немесе көк тамырға еңгіздім: Реланиум/сибазон, брузепам/-0,1мл/кг; Дроперидол 0,1-0,2 мл/кг 25% магнезия сульфат 0,1-0,2 мл/кг.
|