Главная страница
Навигация по странице:

  • Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты

  • Критериалды бағалаудың міндеттері

  • Критериалды бағалаудың маңызы

  • Білімді тексеруге қойылатын талаптар

  • Формативті (қалыптастырушы) бағалау

  • Суммативті (қорытындылаушы) бағалау

  • Суммативті бағалаудың мақсаты

  • Суммативті бағалау Формативті бағалау

  • Білім берудегі Кембридж тәсілі арқылысабақ кезінде оқушылардың өзін –өзі бағалау.

  • Пайдаланылған әдебиеттер

  • формативті бағалау. 1. Формативті баалауды мнін ашып крсету Суммативті (орытынды) баалауды масатын, мнін ашып крсету Жоспар


    Скачать 36.12 Kb.
    Название1. Формативті баалауды мнін ашып крсету Суммативті (орытынды) баалауды масатын, мнін ашып крсету Жоспар
    Дата14.12.2021
    Размер36.12 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаформативті бағалау.docx
    ТипДокументы
    #303470

    1. Формативті бағалаудың мәнін ашып көрсету

    2.Суммативті (қорытынды) бағалаудың мақсатын, мәнін ашып көрсету

    Жоспар:

    1. Оқу жетістіктерін критерийлік бағалау туралы жалпы түсінік

    2. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың критерийлері

    3. Формативті (қалыптастырушы) бағалау жүйесі

    4. Суммативті (жиынтық) бағалау жүйесі

    5. Кембридж тәсілі бойынша бағалау

    Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден–бір жолы оқушы білімін критериалды бағалау жүйесі бойынша сараптау.

    Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны бағаланады.

    Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын анықтау қажет.

    Оқыту – мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзіреттіліктер білім алу үшін оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді. Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы орайда оқушылар арасында өзара түсіністік және ұжымдық қарым-қатынасты орнатып, оқушылардың сенімсіздіктерін жойып, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын бірден бір тәсіл критериалды бағалау болып табылады.

    Критерийлер – оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.

    Критериалдық бағалау бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.

    Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:

    • Мектепте оқыту сапасын жоғарылату;
    • Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.

    Критериалды бағалаудың міндеттері:
    • Сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;
    • Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;
    • Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;
    • Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға;
    • Әр түрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының әділдігіне көзін жеткізуге;
    • Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға;
    • Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге

    Критериалды бағалаудың маңызы:

    Мұғалімдер үшін:
    • Сапалы нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға;
    • Өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға;
    • Сабақ берудің сапасын арттыруға;
    • Оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлауға;
    • Бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
    • Оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге

    Оқушылар үшін:
    • Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
    • Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге;
    • Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге;
    • Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге

    Ата-аналар үшін:
    • Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға;
    • Оның оқуындағы табыстылықты бақылауға;
    • Оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады.
    Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:
    • Мұғалімге оқушының оқу жетістіктерін объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді;
    • Оқушыларға оқу үдерісі барысында туындаған қиындықтарды түсінуге, бағалауға мүмкіндік береді;
    • Ата-аналар оқушының оқу жетістіктер бойынша объективті дәлелдемелермен қамтамасыз етіледі;

    Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда бірқатар дағдылар қолданылады. Олар: білу, түсіну, қолдану, сыни ойлану, анализ, синтез, бағалау, зерттеу дағдылары, рефлексия, коммуникативті дағдылар, тілдік дағдылар, жеке жұмыс жасау дағдылары, топта жұмыс жасау дағдылары, мәліметті іздеу дағдылары, тәжірибелік дағдылар, шығармашылық дағдылар, IT-технологияларды қолдану дағдылары.

    Критерийдің мазмұны:
    Бағалау критерийлері – оқытудың мақсатын және ара қатысын белгілеуге сәйкес белгі (сипаттама).
    Дескриптор – жетістік деңгейінің сипаттамасы.
    Критериалды бағалау технологиясы оқушы бойындағы үрейленуді басады және мұғалімді «төрешілік» қызметінен босатып, оқушы бойында өзін-өзі бағалау, өз іс-әрекетіне баға беру, жауапкершілік қабілетінің дамуына ықпал етеді. Критериалды бағалау жүйесі бұрынғы бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекшеленеді. Қалыптастырушы бағалау оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған болса, жиынтық бағалау мақсатты баға қою, оқыту қорытындысын шығару үшін қажет.

    Жалпы қалыптастырушы бағалау сабақ жүйесінде жеке қарастырылмайтын, сабақпен қатар жүретін үрдіс. Қалыптастырушы бағалаудың (оқыту үшін бағалау) маңызы – білім беруді, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту, мақсаты–оқытудың қиындықтарын анықтау, оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру стилін білу, болжау мен сұрыптау, жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс. Бағалаудың мәні–бақылау, алынған мәліметтердің интерпретациясы, бұдан арғы іс-әрекеттерді анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау. Ол оқушының жаңа сабақты, тарауды қалай меңгеріп жатқандығын жүйелі түрде бақылап, қадағалап отыру.

    Сабақтағы жетістіктерді бағалау үшін сабақтың мақсатын  анықтап алып, критерийлерді қоя білу керек.  Критерийлермен бағалау түрі әртүрлі: ишаралар арқылы, бағдаршам  арқылы, смайликтермен және сабақтың мақсатына сәйкес нәтижелер қою арқылы. Сабағымда оқушылардың көңіл күйлерін анықтау кезінде, жеке, жұптық, топтық жұмыстарда көбнесе смайликтер, алма ағашы, ауа-райы, бас бармақ, бағдаршам, сәттік баспалдағы, от шашу, шаршылар, қол шапалақтау сияты бағалаудың түрлері қолданылады.

    Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды. Ұстаз болу үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады. Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігі қашан да анық. Қазіргі кезде білім беру үрдісінде көптеген технологиялар қолданылады. Соның бірі «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясын басшылыққа алдым. Бұл бағдарламаның мені қызықтырғаны , баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі. Ол бұрын тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. 

    Бағалау – оқушының оқу және танымдық қызметін бақылау, білім беру сапасын жақсарту мақсатында оқушы туралы ақпараттарды жинақтау, жазу, тіркеу, интерпретациялау.

    Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартының «Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау» бөлімінде оқушының оқу жетістігін бағалау жүйесіне ішкі және сыртқы бағалау енген.

    Сыртқы бағалау 4-сыныпты аяқтағаннан кейін (аралық мемлекеттік бағалау) өткізіледі. Ішкі бағалауға оқу нәтижесін бағалау мен бақылаудың мынадай түрі енеді:1) ағымдық бағалау; 2) аралық; 3) қорытынды. Оқушының оқу жетістігін бағалау түрі: а)келісілген балдық жүйе, б) портфолио. «2005-2006 оқу жылында 12 жылдық білім беру жағдайында бірінші эксперименттік сыныбына қабылдау мен оқыту бойынша «әдістемелік нұсқауда оқу әрекетін бағалауда 5- балдық бағалау жүйесі, сондай-ақ басқа да бағалау шкаласы қолданылмайды. Бірінші эксперименталды сыныптың мұғалімі оқушыларды «жұлдызша», «қояндар» т.б. белгілерімен бағалауға болмайды. Осы оқу кезеңінде балалар «Жарайсың!», «Ақылды!», «Сен өте қабілеттісің!» деген сияқты т.б. сөздермен ауызша мадақталады. Білім нәтижелерін бағалайтын негізгі көрсеткіш стандарттың міндетті деңгейіне сәйкестік емес, жеке тұлғаның өсу деңгейі болып саналады. Баға қоймай оқыту жағдайында әр оқушының жетістігін өзгелермен салыстырмалы түрде емес, оның жеке тұлға ретінде өзін-өзі бағалауына мүмкіндік жасау керек делінген.

    Критерийлер — оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.Оқушы жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі төменде қарастырылған міндеттерді шешеді:

    • Әрбір оқушының сабақ үдерісіндегі әр кезеңіндегі дайындық деңгейін анықтау;

    • Білімді меңгерудің жыл аяғындағы ғана емес, күнделікті білім алудың даму динамикасын айқындауы;

    • Оқушының сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыруы. Бағаға қарсы теріс көзқарастың болмауы;

    • Оқушы білімінің жүйеленуі,тереңдеуі,есте сақтауы. Оқушыны табандылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеуі;

    • Білім алу барысындағы қиындықты, қателікті, білім олқылықтарын және оның себептерін дер кезінде анықтауы;

    • Оқушының білім алу үдерісін қадағалап, дәл және жедел түрде сапалы білім алғаны жөнінде кері байланыс ақпаратын алуы;

    • Оқушының барлық жұмыс түрлерін бағалауы. (өзіндік жұмыс, ағымдағы бағалау, қорытынды бақылау, тренинг,үй жұмысы, шығармашылық т.б)

    • Оқушының білімін ағымдық және қорытыныды бағалау;

    • Баға сапасын арттыру.

    Білімді тексеруге қойылатын талаптар: 

    • тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы, міндеттілігі. Бұл талапты орындамау оқушылардың оқуға деген қатынасын нашарлатып, білімнің сапасына кері әсер етеді. 

    • әрбір оқушы өзінің білімінің, іскерлік дағдысының бағаланатынын түсіну керек. Егер білімді тексеру және бағалау оқыту процесінің құрылымына тұрақты түрде енсе, онда оқушы мұғалімнің сұрақтары мен тапсырмаларына жауап беруге дайын болады. 

    • оқушылардың білім, іскерлік және дағдылары мемлекеттік .оқу бағдарламаларына сәйкес тексеріледі. Бағдарламаны меңгеру – білімді бағалаудың негізгі өлшемі. Мұғалім оқушының қосымша біліміне, оқыған қосымша әдебиеттеріне кеңес, нұсқау, беріп, баға қоймайды. 

    • оқушылардың теорияны және фактілерді білуін тексеру және бағалау арқылы, білімдерінің жалпы және ақыл-ой дамуына, жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға ықпалын, оқуға әсерін білу; 

    • білім, іскерлік, дағдыларды түрлі тәсілдер арқылы тексеру; 
    • байқалған кемшіліктерді оқушының өзі түзетуі; 
    • мұғалімнің оқушыларды білімдерін бақылап, бағалауға, кемшіліктерді жоюдың әдістемесі мен тәсілдерін білуге үйретуі; 
    • бағаны әділ қойылуы; 
    • оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы; 
    • әр тақырыпты оқудың нәтижесіне мұғалімнің және оқушылардың баға беруі; 
    • бақылау-бағалау процесінің әрбір баланың оқу үлгерімінің төмендемеуіне, көңіл-күйінің жақсы болуына көмектесуі. 

    Формативті (қалыптастырушы) бағалау әдістерінің басты ерекшелігі оқушылардың түсіну қабілетін бағалауда, сондай-ақ оқушылардың аналитикалық құралдар мен мысалдарды қолдануында танымдық прогресін анықтау. Мұндай бағалаудың қорытындыларын оқыту деңгейін жаксарту барысында қолдануға болады.

    Формативті бағалаудың мақсаты- оқу материалын меңгергендігі жөнінде обьективті ақпарат алу білім алушының кемшіліктерін дер кезінде анықтау мұғалім-оқушы арасында кері байланысты орнату Формативті бағалау

    Формативті бағалау үшін не қажет?

    -Оқушылардың оқудың мақсатын білуі және түсінуі;
    Мақсат кең және сұрақ түрінде тұжырымдалу керек.Бала қандай нәтижеге келетінін толық білу керек. Нәтижелер нақты,бақыланатын,өлшемді мақсатқа жауап беру керек. 

    - Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету;
    Кері байланыс оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму туралы хабарлама беру болып табылады. Мұғалім бала дұрыс жауап беру үшін оған уақыт беру керек.Егерде бала қателессе ,жетекші сұрақтар қойып,баланы өзі дұрыс жауап табуға бағыттайды.Кері байланыс көбінесе уәж болып табылады және де ол мұғалім мен оқушы арасында сенім мен сыйластық орнатады.Сөйтіп мұғалім әр оқушының нені біліп,нені ойлап,қалай оқитыны туралы неғұрлым көп білсе,соғұрлым оқушылардың жетістіктерін арттыру мен өзінің оқытуын жетілдіруге мүмкіндік көп.

    -Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы;
    «Оқу түбі тоқу» дегендей оқушы алған білімін қолдана білуі керек. 
    Сондай ақ түрлендіру,дамыту,толықтыру керек.Әртүрлі қалып пен мәнмәтінде қарастыра білу керек.

    - Оқушылардың өздерін өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсіну қажеттілігі;
    Бағалау үдерісін шынайы және бәріне түсінікті болу үшін бағалау критерийлерін құру керек.

    - Оқушылардың өз жұмыстарын талдауға мүмкіндіктері мен біліктері (рефлексия)
    Өзінің оқуының мақсаты мен жетістікке қалай жетуін білу үшін оқушылар өз өзін бағалауды үйрену керек. Ол үшін өз өзін бағалау және бірін бірі бағалау парақтарын ,өз ойын пайымдайтын сұрақтар беруге болады.

    -Бағалау нәтижелерін ескере отырып ,оқытуды өзгерту.
    Бағалау оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы.Формативті бағалауды пайдалану тиімді оқытудың негізі болып табылады. Себебі бағалау оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру жолдарына елеулі әсер етеді.

    Бағалау барысында баланы мақтап,мадақтап,көтермелеп отырудың маңызы зор. Өйткені бала қашанда мақтағанқы қалап ,сол мақтағанға лайық болуға тырысады.Мадақтау ықпалы оқушының ұнамды көңіл күйін тудырап, өзіне деген сенімін арттыруға көмектеседі. 

    Формативті бағалау тәсілдері:

    • бақылау

    • оқушылардың ауызша жауаптары

    • оқушылардың жазбаша жауаптары

    • тестілік тапсырмалар

    Формативті бағалаудың ерекшеліктері - оқушының күнделікті білім сапасы;  білім алудағы олқылықтарды күнделікті түзеу;  «5» балдық бағалау жүйесінің жақсы қасиеттерін сақтау; оқушының қиындық тудыратын сұрақтарын анықтау және оны жою; оқушының бағалаудан алған  эмоционалды негативінің азаюы, психологиялық жайлы ортаның болуы; бағалаудың объективтілігі, анықтылығы және ашықтығы; өзін-өзі бағалау  дағдылары.

    Формативтік бағалау екі жолмен жүзеге асырылады:

    1.Холистік бағалау сызбасы – оқу үдерісінің мақсаттары бойынша анықталған қабілеттерді жеке- жеке бағалау арқылы оқушының даму деңгейін қысқа  мерзімде және жалпы түрде бағалау.

    2.Аналитикалық бағалау – оқушылар үшін көзделген нақты қабілеттерді белгілі бір ұзақ мерзім ішінде біртіндеп бақылап отыру және бағалау.

    Суммативті (қорытындылаушы) бағалау белгілі бір уақыт аралығында тақырыпты, тарауды оқып болғаннан кейін оқушының білімінің, іс-әрекетінің, дағдысының, құзіреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтауға арналған. Суммативті бағалау көптеген тексеру жұмыстарының нәтижелері бойынша жүргізіледі. Тексеру жұмыстарына қойылған бағалар қорытынды бағаны анықтауға негіз болады. 

    Суммативті бағалаудың мақсаты - белгілі бір уақыт аралығында оқушының меңгерген білімінің, іс-әрекетінің, дағдысының, құзіреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтау және алынған нәтижелердің стандарт талабына сай болуын анықтау.

    Суммативті бағалауды практикада жүзеге асыру әр түрлі бақылау-тексеру жұмыстарын жүргізуді талап етеді. Бақылау – тексеру тапсырмаларын құрғанда оның сұрақтары мемлекеттік білім беру стандартының мазмұнына және пәннің оқу бағдарламасына сай құрылуы қажет. Оқушының жетістігінің деңгейін тексеру үшін мұғалім әдетте дайындалған сұрақтар нұсқасын, тесттерді немесе оқулықтағы әр параграфтың, тараудың соңындағы сұрақтарды пайдаланады. Сонымен қатар мұғалім өз тәжірибелерін, қосымша әдебиеттерді пайдаланып, өздігінен тапсырма сұрақтарын құруға болады.

    Суммативтік бағалау - бұл оқып-үйрену процесінің қорытындысын жинақтау немесе жалпылау үшiн қолданылатын бағалау. Оқып үйренуде бiлiмнiң парадигмасының біліктілік шеңберiнде немесе оқушыларды қабiлеттiлiгiне қарай оларды айқын есте сақтап, оқиға, ереже, формула қорытып шығаруға дағдыландырады. Оқушыларға мәлiметi бар жұмыс және идеялармен «Оқушы фактілер мен идеяларды топтастыруға, содан соң синтез жасап, қорытып, түсiндiруге, қорытынды қандай болмасын, мәлiметтi жаңаша түсіндіріп, немесе болжап кете алады».

    Суммативті бағалау бақылау - тексеру жұмыстардың әр түрiнiң өткiзуiн көздейді. Бақылау- тексеру жұмыстарын құруда оқушылардың тек қана фактілерді немесе өткен материалдарды есте сақтауына ғана емес, жоғары деңгейлi дағдыларын қалыптастыруға арналған сұрақтар мен тапсырмалардан тұруын ескеру қажет. Мұндай тапсырмалардың құру барысында 1956 жылы Б.Блумның ұсынған оқу мақсаттарының деңгейлеріне арналған таксономиясына сүйенуге болады.


    Суммативті  бағалау

    Формативті  бағалау

    Уй тапсырмасы,қорытынды  бағалау

    Үздіксіз жүргізіледі

    Оқуды бағалау

    Оқушы қай деңгейде содан басталады

    Мұғалім жұмысының тиімділігі

    Оқушы өзі үйренеді,өздігінен үйренеді

    Кемшілігі  -оқытуды бағалау үшін жүргізеді

    Оқушы не үйреніп  жатқаны туралы айта алады

    Оқушы  мотивациясын  азайтады

    Оқушы  қалай  үйрену керек екендігін үйренеді

    Қателікті түзету үшін ақпарат бермейді

    Бағалаудың 4 аспектісі бар

    -топты  бағалау

    -оқушыларға критериилерді жеткізу

    -өзара және өзін өзі  бағалау

    -Кері  байланыс


    Кембридждік оқыту

    Бағдарлама үш деңгейден тұрады. Оқыту мен үйретудің тәсілі мынау болып табылады:

    1. Қызығушылығын ояту-жаңа сабақты түсіндіру кезіндегі үйрену процесі. Бұл бұрынғы білетін білім мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады.

    Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер  арқылы оқытуда оқушылар бұрынғыдай тек тыңдап және көшіріп қана қоймай, белсенді әрекеттер атқарады. Ол белсенді әрекеттерге ойлау, оқу, сөйлеу, талқылау, жазу, пікірлесу, пікір таластыру жатады.

    Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер  арқылы оқытуда білім дайын күйінде берілмейді, ол тек белсенді әрекеттер арқылы ғана игеріледі, оқушылар өзара қоян- қолтық қарым -қатынаста болып, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру. Өзімізге сыни тұрғыдан ойлауымыз керек. Сабақта оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруі,  пікір алмасуы диалогпен жүзеге асты. Топтық әдісті қолданғанда  оқушылардың бір- бірімен ақылдасуы, оны  топтан біреуінің шығып  айтуы, ал  болжау әдісін қолданғанда оқушылардың мәтінде не туралы жазылуы мүмкін екендігі туралы өз ойларын да диалог арқылы көрсете білді.

    2. Мағынаны тану – жаңа сабақты бекіту процесі. Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша  жұмыс жасайды,тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар олар идеяны жеткізіп қана қоймай, шешім табу үшін топқа сұрақ қояды және басқаларды сұраққа тартады. Әр топтан бір оқушы шығып ұжым алдында мәтін мазмұнын қысқаша баяндап береді.

    3.  Ой толғаныс – сабақты қорытындылау кезеңі. Осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда қалай қолдану керектігін үйренеді. Мысалы, бұл жерде балалар эссе жазады. Өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, түйгендерін анықтайды.         Бұл модульдің нәтижесі көп. Атап айтар болсам, ой – пікірін ашық, еркін айту, бір-бірінің сабақ барысында қателіктерін айту, жақсы қасиеттерін үйрену, сабақ-білім естерінде көп уақытқа сақталады, сабақ барысында өзі талдайды, бір-біріне талап, өтініш, тілектерін білдіре алады.

    Бұл модулдің тағы бір ерекшелігі оқушыларды топтап оқытуы болып тұр. Топтап оқытудың пайдасы туралы Ибн  Сина Әбу Әли Хусейін Ибн Абдолла (Авиценна 980-1037) былай деген болатын:«Егер бала жалғыз оқып, сыныптастары жоқ болса, бұл оқытушы мен үйретушіге ортақ қынжылыс болмақ. Сондықтан ең жақсысы –  балалар оқу тәрбие үрдісінде үлгілі мінезге бір-бірінен үйренетін ұжымдық оқытуды ұйымдастыру».

    Балаларды ұжымдық оқытудың төмендегідей пайдасы бар.

    1.  Оқушылар оқу және тәрбие үрдісінде ғылымға сусап тұрады.Өз білімдерін мақтан тұтып, досының білімін қызғанады. Намыс пен мақтаныш тәрбиеленушіні өзгелерден кейін қалмауға міндеттейді.

    2. Оқушылар кездескенде үнемі сөйлеседі, сонымен естерін және шешендігін дамытады. Егер балалардың біреуі жақсы сөз естісе және оны құрбыларына айтса, онда балалардың естері дамиды және өзін-өзі оқыту журеді.

    3. Ұжымдық оқытудың келесі қоғамдық пайдасы оқушылар өзара достасады, бірін-бірі сыйлауға үйренеді, өзара дауласады, жарысады және құқықтар мен міндеттер туралы пікір айтысады.

    Топқа бөліп оқытқанда оқушылардың талпынысы артады, әр оқушы өзін жеке керекті тұлға ретінде сезінеді және өз үлесін қосуға талаптанады. Бір адамның айтқанынан гөрі бірнеше адамның айтқаны есінде тез жатталады.

    Сонымен қатар, сабақ барысында мынадай талаптар басшылыққа алынуы қажет:

    1. Мұғалім оқыту кезінде билік жүргізу әдісінен арылуы керек.

    2. Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушы болуы тиіс.

    3. Балалардың оқуға деген ынтасын күшейту керек.

    4. Өз дербестігін, белсенділігін дамыту қажет.

    5. Оқу, дамыту жұмысын ұтымды жүргізу үшін баланың табиғи талабын, қасиетін дер кезінде айқындау керек.

    Осы қағидалар негізінде сабақты жаңа технология әдістерін қолдану арқылы жүргізу –  оқушының өзін-өзі дамытуына, өз біліміндегі олқылықтарды өзі тауып , өз сұрағына өзі жауап іздеп жан –жақты білім алуына көмектеседі.


    Білім берудегі Кембридж тәсілі арқылы
    сабақ кезінде оқушылардың өзін –өзі бағалау.  
    Өзін-өзі бағалау – өз қабілетіне, мүмкіндігіне, мінез-құлқына, ішкі жан-дүниесіне, басқа адамдардың ортасында өз орны т.б. бойынша өзіне баға беруі болып табылатын адам санасының құрамдас бөлігі. Өзін-өзі бағалау арқылы адамның мінез-құлқы реттеледі, өзіне сыни көзқараспен қарауға үйренеді. Оқушыны сенімділікке, ойлануға, шығармашылыққа тәрбиелеуге баулиды. Адамның өзін-өзі төмен бағалауы мінез-құлықта күмәнданушылық, қызғану, іштарлық, көңілсіздік, ешкімге жоламау сияқты сипаттар арқылы көріністер табады. Ал өзін тым асыра бағалау адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алмау, ашуланшақтық, мақтаншақтық сияқты мінез-құлықтарға апарып соғады.
    Жеке тұлғаның өзін-өзі бағалауы орташа деңгейде болғаны анағұрлым жақсы. Егер оқушы өзін жоғары бағалайтын болса, мұғалімге бірден жауап қайтарып, дәлелдей бастайды, сөз таластыруы да мүмкін, т.б. Ал өзін дұрыс бағалайтын оқушы мұндай кезде сабырлық сақтайды. Қатені көрсетпеуін сұрайды, өзі табуға тырысады. Егер бала өзін тым төмен бағалайтын болса, мұғалімнің айтқанымен бірден келісе кетеді, өз бетінше ойлау қабілетінен айырылады.

    Жаңа  оқытудың   «кембридж «  жүйесі    бойынша  тәсіл  біршама  өзгерді. Сондай –ақ   бағдарламаның  7   модулі   мұғалімдерге  мектеп  тәжірбиесінде  өз  тәжірбиелерін  шындап,  табысты    меңгеруде  өз  ықпалын   тигізіп  отыр.

    Әдістемелік  сипаттағы  бұл  модульдерді   атасақ:

    * оқыту мен оқудағы  жаңа   тәсілдер

    * сыни тұрғыдан  ойлау

    * бағалау және  оқуды  бағалау

    * оқытуда  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды   пайдалану

    *  және дарынды  балаларды  оқыту

    * жас ерекшеліктеріне  сәйкес  оқыту    және оқу

    * оқытудағы  басқару  және  көшбасшылық.

    Пайдаланылған әдебиеттер:

    1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Үшінші деңгей.

    2. Оқытудың нәтижелерін бағалаудың әдістемесі. Әдістемелік құрал, Орал қаласы. 2013ж

    3. Көкіжанова Г.К. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау білім сапасын басқарудағы негізгі критерий – Педагогика, 2009

    4. Интернет желісі


    написать администратору сайта