сценарии. Алғыс айту күні. Таырыбы Айтар алысым шексіз! Темірлан айырлы кн, ымбатты стаздар мен оушылар! Диана Айтар алысым шексіз!
Скачать 31.41 Kb.
|
Тақырыбы: «Айтар алғысым шексіз!» Темірлан : Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Диана : «Айтар алғысым шексіз!» атты алғыс айту күніне арналған мерекелік концертімізге қош келдіңіздер! Темірлан: Талайлы тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған Қазақстанда адамның адамға құрмет көрсететін күні де белгіленді. Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев барлық ұлттың бір-біріне және қазақтарға алғыс айту күнін бекітті. Диана: Осылайша, 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды «Алғыс айту күні»- деп жариялады. Темірлан : Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.. Темірлан: Ән «Туған ел» орындайтын 8 және 10 сынып оқушылары Диана : менің саған бір сұрақ қойғым келіп тұр. Алғысқа, рахметке тағы да кімдер және нелер лайықты деп ойлайсың? Темірлан: Тізімді бірге құрайық! Диана : Бастысы – алғыс айта білу.Ендеше 9Ә сынып оқушыларының алғысын тыңдайық. 1. Анаға – өмір сыйлағаны үшін, 2. Әкеге – қорған болғаны үшін, 3. Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін, 4. Сөзге – жанды жылытатыны үшін, 5. Күнге – шуағы мен назары үшін, 6. Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін, 7. Досқа – құшағы мен иығы үшін, 8. Әжеге – ыстық алақаны үшін, 9. Суға – тіршілік көзі болғаны үшін, 10. Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін, 11. Отқа – жылулығы үшін.. Диана: Ұстаз болу аса маңызды және өте қиын мамандық, өйткені ұстаз білім ғана беріп қоймайды. Ұстаз баланы болашақ үлкен өмірге дайындап қажетті кеңестермен сусындатады. Темірлан: Құрметті ұстаздар, мектеп оқушыларының атынан көрсеткен қамқорлықтарыңыз бен аялы алақан, жылы лебіздеріңіз үшін басымызды иіп, рақметімізді айтамыз. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз. Диана: Данышпан да, данада оқып сенен, Атақ даңқын асырған бар әлемнен. Ұстаз деген аяулы, асыл жанды Жақсы көрем арнаймын жақсы Темірлан : Өнерпаздар жарысып сан- салалы, Жиын десе, той десе ән салады. Ұлағатты ұстаздардың құрметіне, Әуелеген әсем ән жолданады-дей келе Хор :Ұстазым орындайтын «4-5 » сынып оқушылары Диана: . Әке – ұрпақ иесі, панасы, үй басшысы. Жеті атадан санағанда екінші ұрпақ. Әке – бала үшін шыңы биік асқар тау. «4 А » сынып оқушысы Асқарқызы Шыннұрдың Әке туралы әнді қабыл алыңыздар 1- жүргізуші: Бүгінгі ризашылық күнін және алдағы келе жатқан 8-наурыз халықаралық аналар мерекесін пайдаланып аналарымызға да басымызды иіп, рахметімізді айтамыз! 2- жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар Әсем ән мен тәтті күй Көңілге түрлі ой салар Әнді сүйсең, менше сүй -деп, келесі кезекті 8А сынып оқушысы Тұрсынбаева Жансаяның орындауында «Ана» Темірлан: Бүгінгі күн — нұрлы күн, Жарық шашқан әлемге. Ескеретін күн бүгін- Ризашылық қой әр елде- дей келе,9 –сынып оқушыларының алғыс өлеңдеріне кезек береміз 1. Анама алғыс! Жанарымды жайнатқан жөргектегі елде. Еңсесі түзу жан болар ма едім? Құба талды бесігін тербетпегенде. Түн ұйқысын тәркі етіп тынымсыздыққа Қуанышы тасыған еңбектегенде. 2. Әкеме алғыс! Ұл болсын деп тілеген Ер Түрігімдей. Өмірімде бөрідей болуға баулып Қойынына басатын бөлтірігіндей. Бақытым болар жырымды жария етсем Әуелеген әкемнің еркін үніндей. 3. Ағаға алғыс! Ұзай кетсем ойлайтын қамымды менің. Бір бәлеге тап болса құрсақтастарым Қапсырмалап,қысатын жанымды демім. Бауырларым болмаса тірегім болған Осыншама айбатты,арынды ма едім?! 4. Әпкеге алғыс! Нұсқауымен көрсеткен кәделіні ұқтым. Анамыздан айнымай туылғаннан ақ Иесіне айналған әдемі үміттің. Өшірмейтін жарығын мына әлемдегі Белгісі болып жаралған әдеміліктің. 5. Ініге алғыс! Жалғасы болып өмірдің тұратын күліп. Деп жүреді:”Ардақтап көтеремін мен Атамыздың аманат,мұратын биік” Қиындыққа кезіксе соққы болатын Менің жаным ол үшін тынатын күйіп. 6. Ұстазға алғыс! Бағым жанып,батылмен бел асқаныма. Төзіндіріп өмірдің талаптарына Ниеттеген арманның ең асқағына. Арқасында ұстаздың даналар баққан Ой-өрісім бұл күнде тең аспаныма. 7. Досыма алғыс! Бірге қарсы шығатын қиындықтарға. Ең бақытты ер болып жүретін едім Қысылғанда достарым күйімді ұққанда. Көтеретін еңсемді егіліп,талсам Жақсылықты жамандық зұлым жыққанда. 8. Еліме алғыс! Балаң едім батаңмен жанатын бағы. Нәтижесі тілектің өзіңнен туған Мына ұлыңның ақын болып жаратылғаны. Қол жеткізіп еліме тарту етемін Биіктікті қыранның қанатындағы. 9. Өмірге алғыс! Өнегеңді түсіндім бар күшімменен. Айналайын,тағдырым, қасиетіңнен Келіп тұрар бетіме қарлы шыңменен. Шабыттанған жаныма жауап қатқайсың Ей,өмірім,алғысқа- алғысыңменен! Темірлан: Ән «Армандастар қайда » орындайтын « 11Ә » сынып оқушысы Ережепов Бегзат Диана: Қазақстан халқы мәңгіліке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейлік негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Темірлан: Біздің қазақстан жерінде 130 дан астам ұлт өкілдері тұрады. Бүгін осында орыс, өзбек, кәріс ұлт өкілдерінен ,бүгінгі іс-шарамызға өз ризашылықтарын білдіру келіпті.Осы ұлт өкілдеріне қошеметтеп қол шапалақтап қояйық. Диана: орыс халқының, кәріс ұлтын ,өзбек ұлттын ортаға шақырайық Темірлан: Ортақ бізге бір Отан. Ортақ жердің байлығы. Еңбек ортақ, жыр ортақ, Ортақ бізге барлығы-дегендей өздеріңіздің бүгінгі алғыс айту күнінде елімізге айтар алғыс-тілектеріңіз болса айтып өтсеңіздер. 2- орыс ұлтынан 8 «г » сынып оқушыларын қарсы алыңыздар: Своих детей храни, земля, Пусть ночи будут мирными У нас на всех одна, одна земля. Своих детей люби , Земля Мы вместе будем сильными, Ведь Родина унас на всех одна Темірлан : Ендігі сөзді кәріс ағайынымызға берейік. 10 Ә сынып оқушысы Есмурзаева Малика: Қуаныштан желпілдейді түндігім, Шын ниетпен алғыс айтар күн бүгін. Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты, Бір тамырмен байлап қойған кіндігін. Диана : Келесі сөз кезегін көршілес мемлекеттің өкілдері өзбек халқына берейік. оқушы 9«А» сынып оқушыларын қарсы алыңыздар: Республикам Менің! Республикам Менің! Абатым! Көркіңді көрсе-мейірі көздің қанатын! Қуат бар сен де лапылдап от боп жанатын, Шуақ бар сенде достасып бірге табатын! Республикам менің! Республикам менің! Келбеттім! Кең бесігіңді кемел еліңді тербеттің! Кіндігі сенің қазағым үшін жер,көктің! Алғысын айтам ақ жүрегімнен мен көптің Темірлан : Құрметті оқушылар, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңізді ешкімнен ешқашан аямаңыздар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңыздар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңыздар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңіздер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңыздар. Диана : Еңбегіңіз еленіп жанып жатыр, Қалаулы деп халқыңыз танып жатыр. Тарқамасын қызықтың шағы қызған, Арта берсін бақ артып бағыңыздан. Құрметпенен сөз кезегін мектеп директорына Сулыбекова Салтанат Бақбергеновнаға береміз. Темірлан: 11 сынып оқушыларының орындауында Жамбыл ауданы әнін қабыл алыңыздар Диана : Демеңіз біз өнерді аяп қалды, Мезгіл де біраз жерге таяп қалды. Қош болып тұрыңыздар көріскенше, Осымен концертіміз аяқталды. Темірлан: Осымен «Алғысым шексіз!» атты Ризашылық күніне арналған мерекелік концертімізді аяқтаймыз, келіп тамашалағандарыңыз үшін көп-көп рахмет |