ғасырлар д тарих таратпаңыз. асырнама мыжылдытар Осыдан 2530 мы жылдай
Скачать 93.21 Kb.
|
VII ғ. Бельгия аумағында Брюгге («көпiр») деп аталған қала қалыптасты. VII ғ. Ислам дiнiнiң өрлеп, христиан дiнiнiң дағдарысқа ұшырау кезеңi болды. VII ғ. бастап Жапонияда орталық императорлық өкімет билiгi орнады. VII ғ. басында Едiл бойында түрiк тайпаларының Болгар хандығы болған. VII ғ. ортасына қарай Египеттiң халқы ислам дiнiн қабылдап, араб тiлiне көше бастады. VII ғ. ортасында Xазарлардың қысымымен ығысқан болгар тайпаларының бiр бөлiгi Византияға қарайтын Дунайдың оңтүстiк жағалауына өтiп кетедi. VII–IX ғғ. Қытайда темiр өндiру ұсталық өнердiң күшеюiне әкелiп, темiрден шеге, кемелерге керектi зәкiр, ауыл шаруашылығына қажеттi құралдар шығарыла бастады. VII–XII ғғ. Yндi жерiнде феодалдық қатынас тереңдей түстi. VII–XVI ғғ. арасында араб саудагерлерiмен бiрге теңiзшiлер, Еуропа саудагерлерi теңiз, мұхит арқылы Yндiстанмен сауда жасап, көп пайда тапты. VII–IX ғғ.аралығында Батыс және Оңтүстiк славян тайпаларында таптық қоғам жетiлiп, мемлекеттер құрылды. VIII ғ. басынадейін арабтар жаулап алған жерлерінде жергілікті тәртіптерді қалдырып, христиандардың, иудейлердің, зороастрийліктердің діндеріне төзімділік көрсетіп, тиіспеді. VIII ғ. «Әл-Китаб» (Кiтап) деген грамматика саласындағы атақты трактат (ғылыми шығарма) жазылды. VIII ғ. Yндiстандағы Ұлы Моғол империясы ислам дiнiн енгiзедi. VIII ғ. Африка құрлығының батысында Гана мемлекетi күшейе бастады. VIII ғ. Кордова мешіті салынды. VIII ғ.Мали қалыптасты. VIII ғ.басында арабтар Солтүстік Африканың жағалауын өздеріне қаратты. VIII ғ. ортасында Византия арабтарға қарсы күресте бiраз жеңiстерге жетiп, Сирияға басып кiрдi. VIII ғ. аяғында Византияға тағы да бiр славян тайпасы – орыстардың шапқыншылығы басталды. VIII–IX ғғ. Батыс славян тайпаларында өндiргiш күш жедел дамыды. VIII–IX ғғ.Византияны иконға қарсы күрес әлсiреттi. VIII-IX ғғ.да Франк мемлекетінде феодалдық поместье қалыптасып, Батыс Еуропа елдерінде кеңінен қанат жайды. VIII-X ғғ.халифат бiрнеше тәуелсiз мемлекеттерге ыдырап кеттi. VIII–X ғғ. аралығында Қытайда бiлiм беру, оқу iсi дами бастады. IX ғ. Кирилл мен Мефодий Ұлы Морав шiркеуiнде славян әлiппесiнiң ұлы үлгiсiн жасады. IX ғ. орыстар кириллицаны қабылдады. IX ғ. Чехия және Словакия жерiнде ежелгi феодалдық мемлекеттер құрылды. IX ғ. Гана мемлекетi көшпелі берберлермен жиi соғысып отырды. IX ғ. Араб халифатының әлсiреуiне байланысты Египет тәуелсiздiгiн алды. Оның аумағында Тулунилер, Фатимилер әулеттерi басқарған дербес мемлекеттер құрылды. IX ғ. Британияда қоныстанған ағылшын-сакс тайпаларыныңжетi корольдiгі бiрiктi. IX ғ. Киев Русi құрылды. IX ғ.Сырдың орта және төменгi ағысында Оғыз мемлекетi құрылды. IX ғ. Орта Азия ескерткiштерінiң көбi жай балшықтан құйылған. IX ғ.Франктер империясы бөлiнiп, 3 корольдiк(Франция, Германия, Италия) п.б. IX ғ. басында шығыс славян тайпалары екi мемлекеттiк одақ құрды: полян тайпаларының одағы және Ильмен көлiнiң маңындағы кривич және басқа тайпалар одағы. IX ғ. орт. Рим папасының билiгi әлсiрей бастады. Оның себебi папаны қолдап отыратын Франк империясының ыдырауы болды. IX ғ. орт. Польша жерiнде тайпалар одақтарының iрi кiнәздiк бiрлiгi құрылды. IX ғ. соңында Рюриктiң туысы Олег полян тайпасының астанасы Киевтi жаулап алады. IX–X ғғ. Батыс Еуропа елдерiнде жер иеленушiлер өздерiнiң меншiгiндегi жер мөлшерi, тәуелдi адамдары мен әскери қызметкерлерiнiң саны бойынша жiкке бөліндi. IX–X ғғ. Батыс Еуропа елдерiнде феодалдық құрылыстың негiзгi белгiлерi қалыптасты. IX–X ғғ. Батыс Еуропада феодалдық бытыраңқылық болды. IX–XII ғғ. Египеттегi философия, тарих ғылымдары зор табыстарға жеттi. X ғ. Кiшi және Ұлы Польша тайпалары бiрiгiп, Польша мемлекетi құрылады. X ғ. Ұлы Моравия мемлекетiнiң орнына Чех мемлекетi құрылды. X ғ.басында Рим папасы мен Константинополь патриархы қайта татуласты. X ғ. II жарт. Қытайда Тан әулетi ыдырап кеттi. X ғ. аяғынан бастап әскери iспен айналысатын феодалдар рыцарьлар деп аталды. X ғ. аяғынан бастап Британиядағы ағылшын-сакс тайпаларыныңжетi корольдiгінен құрылған бiрлестiк Англия деп аталды. X ғ. соңында Солтүстiк Xорезм билеушiсi Мамун ибн-Мұхаммед елдi бiрiктiрiп, бiртұтас қуатты мемлекет құрады. X–XI ғғ. Батыс және Орталық Еуропа мемлекеттерінде қалалар пайда болды. X–XI ғғ. Германияда қалалар пайда болды. X–XI ғғ. Батыс Еуропада қолөнер кәсiбi ауыл шаруашылығынан бөліндi. X–XII ғғ. Византия империясындағы феодалдық қатынастар түпкiлiктi орнады. X–XII ғғ. Польшаға немiс феодалдары үздiксiз шабуыл жасап отырды. XI ғ. дейiн Батыс Еуропа елдерінде ел iшiндегi сауда-саттық өте төмен дәрежеде болды. XI ғ. қарай ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігі артты. Мұның өзі қолөнердің ауыл шаруашылығынан бөлінуіне әкелді. XI ғ. қарай Батыс және Орталық Еуропада қос танапты егiс үш танапты егiспен алмасты. XI ғ. қарай Батыс және Орталық Еуропада орман азая түстi. XI ғ. қарай Еуропа елдерiнде қалалар қатары өстi. XI ғ. Англияны Нормандия герцогі Вильгельм басқарған француз-норман феодалдары жаулап алды. XI ғ. Англия бiрлестiгi даниялықтардың үстемдiгiнен құтылды. XI ғ. Батыс Еуропада құрылысшылары Ежелгi Римнiң сәулет өнерiнен көп үлгi алды. XI ғ. Батыс Еуропада үлкен құрылыс басталды. XI ғ. Германия корольдiгi (Қасиеттi Рим империясы)Бургундия корольдiгi мен Чехияның бiраз жерiн қосып алды. XI ғ. Киев Русi Балтық теңiзi мен Қара теңiздiң, Днестр мен Едiлдiң аралығын алып жатты. XI ғ. Киев Русі солтүстiк-батыста Ладога және Онега көлдерiнен оңтүстiкте Қара теңiз жағалауына дейiн, Дунай сағасына, Карпат бойынан Дон өзенiнiң бас жағына, Едiл өзенiне дейiнгi кең-байтақ жердi алып жатты. XI ғ.Малидің билiктегі әулеті ислам дiнiн қабылдады. XI ғ. Франция бiрнеше iрi феодалдық иелiктерге бөліндi. Олар: Нормандия, Бургундия, Бретань, Аквитания герцогтiктерi; Анжу, Тулуза, Шампань т.б. графтықтары. XI ғ. Қарахан дәуiрiнде өмір сүрген ақын, ойшыл ғалымдардың бiрi Жүсiп Баласағұни болды. Оның 1069ж. жазылған атақты шығармасы, XI ғ.ғы түрiк әдебиетiнiң ескерткiштерi қатарына жататын «Құтадғу бiлiк» – «Құт негiзi – бiлiк» поэмасы саясат, мемлекет басқару, әскери iс жнiндегi философиялық трактат б/п табылады. XI ғ. қыпшақтар күшейiп, оғыздарды ығыстырды. XI ғ. бастап Флоренция банкi iсiнiң, сауда мен қолөнер кәсiбiнiң маңызды орталығына айналды. XI ғ. басында Қытайда қағаз ақша шыға бастады. XI ғ. бастап салжұқтардың сұлтандары мұсылман әлемін біріктіруге тырысты. XI ғ. басында Каир қаласында «Бiлiм үйi» ашылды. XI ғ.басында Сырдария алқабынан қоныс аударған оғыз (түрікмен) тайпасының қайы руы Түрiк-Осман империясының негізін қалады. XI ғ. 30-жж. ағайынды Тоғрыл-бек пен Чағрыл-бек бастаған салжұқтар Иранға қоныс аударды. XI ғ. ортасына қарай Германияда орын алған саяси бытыраңқылық бiртiндеп күшейе түседi. XI ғ. II жартысынан бастап Батыс Еуропа елдерінде саяси бірігу құбылыстары байқала бастады. Бөлшектенген мемлекеттер біріктіріліп, король өкіметі күшейе түсті. XI ғ. 70жж. Каирдегi ибн-Тулун мешiтi салынды. XI ғ. аяғына қарай Ганаға Марокко сұлтандары шабуыл жасап, астанасын басып алды. Гана ислам дiнiн қабылдап, Мароккоға салық төлеп тұрды. Марокколықтардың Ганадағы үстемдiгi он жылдай уақытқа созылды. XI ғ. аяғына қарай Кiшi Азияда қуатты мемлекет Түрiк-Осман империясы құрыла бастады. XI–XII ғ/ғы ғимараттарды роман (латын сөзі «Рома» – Рим) ғимараттары деп атайды. Роман храмдары өзінің сұстылығымен және күрделiлiгiмен қамал тәрiзденiп, католик шiркеуiнiң құдiретiне сенiм туғызуға тиiс болды. XI–XII ғғ. Венеция теңiзде үстемдiгiн орнатқан бай мемлекет дәрежесiне жеттi. XI–XII ғғ.Италияда Венеция, Генуя, Мантуя, Милан, Феррара, Пиза, Кремона, Болонья, Тоскана, Флоренция қалалары дербестiкке қол жеткiздi. XI–XIII ғғаралығында Жапонияда мұрагерлiк билiктiң екi түрi болды: 1.императорлық; 2сегундық. XI–XIII ғғ. аралығында Жапонияда императорлық билiк бiртiндеп әлсiреп, сегундар билiгi күшейдi. XI–XIII ғғ. аралығында Жапонияда феодалдық қоғамның қалыптасуы аяқталды. XI–XIII ғғ. аралығында Орта Азия мемлекеттерiнде көптеген қалалар болған. XI–XIII ғғ. Жапонияда қалалар саны өстi. XI–XIII ғғ. Xорезм қ/рында салынған бiрқатар сәулет ескерткiштерi: Боран қала, Наиб қала, Кабат қала, Фахруддин Рази кесенесi (Үргеніште), Раб-и-Мелик керуен сарайы (Бұхара маңы), Текеш хорезмшах кесенесі сақталған. XI–XIV ғғ. Бельгия аумағындағы Брюгге қаласы Еуропадағы аса iрi қолөнер мен сауда орталығына айналды. XI–XV ғғ. Еуропада қалалардың өсуі сауданың дамуына мүмкiндiк туғызды. XI–XV ғғ. Италия бытыраңқы ел б/п қала бердi. XI–XV ғғ. Италияда бұрынғы қалалар ұлғайып, жаңа қалалар қатары өстi. XII ғ. Еуропада университеттер пайда болды. XII ғ. қалалар туралы әдеби шығармалар шыға бастады. XII ғ. бастап монғол тайпалары қ/гi монғол жерiн мекендедi. XII ғ. бастап Францияда корольдер әр түрлi жолдармен өз иелiктерiнiң көлемiн ұлғайта түстi. XII ғ. басында бұрынғы және кешегi өткен орыс батырларының ерлiк iстерiн жырлаған ондаған дастандар болды. XII ғ. басында Францияда халыққа кең тараған рыцарьлық дастан - «Роланд туралы жыр» жазылды. XII ғ.басында Ануштегин Атсыз (1127–1156) салжұқ сұлтаны Санжарды жеңiп, Xорезм мемлекетiн бiрiктiру үшiн күрес жүргiзедi. XII ғ. 30жж. бастап ежелгi Киев Русi мемлекетi Киев, Владимир-Суздаль, Чернигов-Смоленск, Галич-Волынь және Новгород т. б. кiнәздiктерге бөлінiп кеттi. XII ғ. II жарт. бастап Францияда король билігі күшейе түсті. XII ғ. II жарт.Малидіңэкон/қ және саяси қуаты күшейді, Магриб елдерiмен (Тунис, Алжир, Марокко) және Египетпен жүйелi сауда қатынасы орнады. XII ғ. II жарт Далай-Нұр және Бұйыр-Нұр көлiнiң жағасын тата (орыс деректерiнде «татар») тайпасы мекен еткен. XII ғ. аяғынан бастап қала тұрғындары сауда үйлерiн, ратушалар, соборлар, ауруханалар, қонақ үйлерiн сала бастады. XII ғ. аяғында Новгород кiнәзiне жазған жалбарынуында Даниил Заточник қызмет дәрежесi төмен адамның үмiтiн бiлдiредi. XII–XIII ғғ. аралығында Владимир-Суздаль жерi шаруашылық-саяси жағынан күшейiп, Киев Русiне бағынбай, өз алдына бөлінiп, кiнәздiк құрды. XII–XIII ғғ. Германиядағы тәуелсiздiкке қол жеткiзген қалалар: Любек, Гамбург, Бремен, Нюрнберг, Аусбург, Майндағы Франкфурт және т.б. XII–XIII ғғ. қала тұрғындарының өз тәуелсiздiктерi үшiн феодалдарға қарсы күресі шегiне жеттi XII–XIII ғғ. сауданың өсуі қалалардың көптеп салынуына жол ашты. Олар: Владимир-Суздаль, Переславль-Залесский, Стародуб, Ростов, Галич, Кострома, Тверь, Нижний Новгород, Мәскеу т.б. қалалар. XII–XIV ғ. басында көптеген Еуропа елдерiнде сословиелiк-өкiлдiк монархия деген билiк түрi қалыптасты. XII–XV ғ/ғы құрылыстар готикалық деген ат алды. Готикалық соборлар үлкен терезелерiмен жарқырап көрiнедi. Ең үлкен готикалық собор мұнараларының биiктiгi 150 метрге жетiп, Египет пирамидаларынан да асып түстi. XII ғ.30жж -XV ғ. аяғ. Орыс мемлекетi феодалдық бытыраңқылық бастан өткiздi. XII ғ. аяғы- XIX ғ. орт. Жапонияда самурайлардың билігі үстемдік етті. Оны сегунаттар билігі деп атайды. XIII ғ.дейін арабтардың Үндістанды жаулап алу процесі созылады. XIII ғ. Гранадада Альгамбра сарайы тұрғызылды. XIII ғ. Қазақстан мен Орта Азия жерiнде монғол-татар үстемдiгi орнайды. XIII ғ. немiс рыцарьлары Латвияны, Эстонияның оңтүстiк бөлігін, литвандық прус тайпасының жерлерiн басып алды. XIII ғ. Түркияда жазба әдебиеттiң алғашқы үлгiлерi пайда болды. Тұңғыш шығармалар сопылық сарында жазылды. XIII ғ. Францияның солт-шығысындағы Шампань графтығында әйгiлi жәрмеңкелер өткiзiлiп тұрды. XIII ғ. Англияда атақты ғалым Роджер Бэкон өмір сүрдi. Ол бақылаудың және тәжiрибенiң көмегiмен ғана бiлiм алуға болады деп дәлелдедi. XIII ғ. басында Монғол мемлекетi мемлекет басқару үшiн ортақ, жазбаша баянды етiлген құқықтық нормалар мен заң ережелерiн – «Ясаны» («Жасақ») бекiттi. XIII ғ. басында Шыңғысхан Сiбiр халықтарының жерi мен Қытай елiн жаулап алып, Ұлы Монғол империясын құрды. XIII ғ. басында Гана мемлекетiн Мали патшалығы жаулап алды. XIII ғ. ортасынан бастап монғолдар исламды қабылдай бастады. XIII ғ. II жарт. монғол феодалдары Қытайды толықтай жаулап алды. XIII ғ. аяғынан бастап Венециядағы үкiмет билiгi бай көпестердiң қолына көштi. XIII ғ. аяғында Қалауын сұлтанның сарайлары салынды. XIII ғ. аяғы мен XIV ғ. басында орыс жерiнде бiрлiк болмай, монғол-татарларға бағынышты б/п қала бердi. XIII–XIV ғғ. аралығында орыс жерiнде феодалдық жер иелiктерi күшейе бастады. XIV ғ. 60-70-жж. Жүзжылдық соғысқа байланысты Англияның эконқ жағдайы нашарлап кетті. XIV ғ. Алтын Орданы билеген Жәнiбек хан өлгеннен кейiн хан тағына таласқан феодалдық қырқыс өрши түстi. XIV ғ. ацтектер Теночтитлан қаласын салды. XIV ғ. Англиядағы парламент заңдар шығарып отыру құқына ие болды. XIV ғ. Англиядағы парламент орталықтанған мемлекеттiң жетiстiгiн бейнелейтiн басқару ұйымына айналды. XIV ғ. басынан бастап ежелгi орыс жерiнiң шет аймақтары әлсiреп, орталығы –моңғол шапқыншылығына аз ұшырады. XIV ғ. басында Мәскеу, Тверь кiнәздiктерiнiң жерi моңғол шапқыншылығына аз ұшырады. XIV ғ. басында Францияда сословиелiк монархия – орталықтанған феодалдық мемлекет қалыптасты. XIV ғ. орт. Алтын Ордадағы билiк үшiн бақталастық күшейiп, мемлекет әлсiрей бастады. XIV ғ. II жарт. Осман империясы көрші елдерге жорықтар ұйымдастыра бастайды. XIV ғ. II жарт. ортағқ Батыс Еуропаның мәдени өмірiнде жаңа ертебуржуазиялық мәдениеттiң тууына байланысты маңызды бет бұрыс болды. XIV ғ. соңында – Әмiр Темiр дәуiрiнде Орта Азияда қала салу, суландыру жүйелерiн құру, керуен сарайлар, медреселер, дiни ғимараттар тұрғызу ерекше қолға алынды. XIV ғ. соңында – Әмiр Темiр дәуiрiндегі сәулетшiлерiнiң тамаша туындысы – Түркiстандағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесi. XIV ғ/ғы Англияда балладаларда езiлгендердiң адал досы – Робин Гудтың ерлiгi туралы айтылады. XIV-XV ғ/ғы Еуропа феодалдық бытыраңқылықтан ұлттық мемлекеттер құрыла бастауымен ерекшеленеді. Алғашқы ұлттық мемлекеттер Франция мен Англия, Испанияда қалыптасты. XIV–XV ғғ. аралығында орыс жерiнде феодалдық қатынас тереңдеп, ауыл шаруашылығында өндіргіш күштер дами бастады. XIV–XV ғғ. Венеция қуаттылығы жағынан ең жоғары сатыға көтерiлді. XIV-XV ғғ. Германияның батысында Кельн, Вормс, оңт/те Аугсбург, Нюрнберг, Ульм қалалары ірі дамыған өндірістік орталықтарға айналды. XIV-XV ғғ. металлургия өнеркәсібі Рейн облысы мен жоғарғы Дунай жағалауында орналасқан қалаларда дамыды. XIV-XV ғғ. неміс өнеркәсібі біраз жетістіктерге жеткен еді. Әсіресе тау-кен өндірісі менметаллургия жақсы дамыды. XIV-XV ғғ. неміс тау-кен өндірісінің ортқтары: Тероль, Гарц, Саксония, Вестфаль. XIV–XV ғғ. орыс жерiнде жеке феодалдармен қатар, мемлекеттiк жер иелiктерi де болды. Мемлекеттiк жерде жұмыс iстейтiн шаруаларды «қаралар» деп атады. XIV–XV ғғ. түрік поэзиясында Низами Гәнжауидiң «Бес дастаны» үлгiсiмен романтикалық сарындағы шығармалар жазған бiрқатар авторлар (Ахмед, Жүсiп, Синан т. б.) дүниеге келдi. XIV–XVI ғғ. тұрақты армияның құрылуына, оқпен атылатын қарудың тарауына байланысты рыцарьлардың әскердегi рөлi азая бастады. XIV–XVII ғ.I жарт. Осман түрiктерi ұлы империя – Осман империясын құрды XV ғ. аяғы мен XVII ғ. I жартысында Еуропа елдерiнде ағарту iсi дами бастады. XV ғ. аяғынан бастап шаруаларға өз қожайынынан ж.на бiр рет – Юрий күнi (ескi стиль бойынша 26 қараша) ғана кетуге рұқсат етiлген. XV ғ. аяғында және XVI ғ. қайта өркендеу мәдениетi толық гүлдену деңгейiне жеттi. |