Главная страница

ғасырлар д тарих таратпаңыз. асырнама мыжылдытар Осыдан 2530 мы жылдай


Скачать 93.21 Kb.
Названиеасырнама мыжылдытар Осыдан 2530 мы жылдай
Дата12.05.2023
Размер93.21 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлағасырлар д тарих таратпаңыз.docx
ТипДокументы
#1124384
страница1 из 4
  1   2   3   4

ҒАСЫРНАМА

МЫҢЖЫЛДЫҚТАР:

Осыдан 25-30 мың жылдай бұрынқ/гi үндiстердiң бабалары Беринг бұғазы арқылы Азиядан Америка құрлығына келген.

Б.з.б. V -IV мж. финикиялықтардың қоныстары қолөнер және кеме тоқтайтын айлақ орталықтарына (Сидон, Тир, Библ, т.б.) айналды.

Б.з.б. IV мж.Ежелгі Египеттің халық тығыз қоныстанған елге айналған.

Б.з.б. IV мж. шумерлік жазу қалыптасты.

Б.з.б. IV мж.Ежелгі Қосөзенде Ур, Урук, Лагаш, Ниппур қалалары п.б.

Б.з.б. IV мж. Египет жерінде шағын мемлекеттер пайда болды (құлиел/к құр/стың қалыптасуы нәт.) Ол/ң саны 40-қа дейін жетті.

Б.з.б. III мж. Еж. Қытайда жібек маталар жасалды.

Б.з.б. III мж. хеттерде ру-тайпалық құрылыс ыдырай бастады

Б.з.б. III мж. ортасында Лагаш қала-мемлекеті бірнеше көрші қалаларды өзіне бағындырады.

Б.з.б. III мж. соң. хетт жерінде ассириялықтардың сауда орындары мен саудагерлері пайда болды.

Б.з.б. II мж бас. Финикияда(Жерорта теңізінің жағалауында) бірнеше шағын мем/р болды.

Б.з.б. II мж. Аттика жазығында Афины қаласы п.б.

Б.з.б. II мж. Еж. Египетте құлиеленушілік құрылыс біржола қалыптасып, нығая түсті.

Б.з.б. II мж. Еж.Египетте сол кездегі ең бай әрі қуатты мемлекетке айналды.

Б.з.б. II мж. Критте әр алуан қолөнер кәсібі болды.

Б.з.б. II мж. басында Ашшур қала-мемлекетінде мемлекеттік мәселелерді ақсақалдар кеңесішешіп отырған:

Б.з.б. II мж. орт. хеттер темір металын шет елдерге сатты.

Б.з.б. II мж. орт. финикиялықтардың Тир қала-мемлекетікүшейді.

Б.з.б. II мж. ортасына қарай Xуанхэ өзенінің төменгі бойында Шан-Инь мем/і п.б.

Б.з.б. II мж. орт. Xетт мем/ң билеушісі Табарна Кіші Азияның көпт.жерін бағындырды.

Б.з.б. II мж. соңында Үндістанға солтүстіктен арий көшпелілері (арийліктер) келді.

Б.з.б. I мж. Бактрияның лазурит тасы Египетке белгілі болды.

Б.з.б. I мж. басында Ганг өзені бойында темір пайдаланыла бастады.

Б.з.б. I мж. I жарт. Қытайда кітаптар жазылды. Олар ағаш тақтайшаларға жазылды.

Б.з.б. I мж. орт. Қытайда кітаптар жібек матаға жазылды.

Б.з.б. I мж. орта кезінде Бактрияда ірі қалалар мен елді мекендер пайда болды.
ҒАСЫРЛАР:

Б.з.б. XXIV ғ. Қосөзенде Аккад мемлекеті құрылды.

Б.з.б. XXI ғ. аяғында Қосөзенге батыстан көшпелі тайпалар, шығыстан эламдықтар шабуыл жасады, Урдың III әулеті тақтан түсті, Қосөзен ұсақ мемлекеттерге ыдырады.

Б.з.б. XV ғ. Крит аралының солт. жағалауында Фера аралында орасан зор вулкан атқылауы салдарынан Крит патшалығы құлаған.

Б.з.б. XV ғ. Ашшур қала-мемлекеті көтеріле бастады.

Б.з.б. XIV ғ. ортасында Египет қайта өрлеп, Сирия жері үшін египеттіктер мен хеттер күресі қайта жанданды.

Б.з.б. XIV -ғ. аяғы – XIII ғ.ортасы - II Рамзес билік еткен мерзім

Б.з.б. XIII ғ. финикиялықтар Вавилон мен Египеттің мәдени мұраларын пайдаланып, жаңа жазу жүйесін ойлап шығарды.

Б.з.б. XII ғ. Оңт. Грекия жеріне дорийліктер басып кірген.

Б.з.б. XII ғ. дорийліктерБалқан түбегіндегі шағын мем/рге шапқыншылық жасап, күйретті.

Б.з.б. XI ғ. бастап Грекияда темірді өңдей бастады.

Б.з.б. XI-IX ғғ. гректерде діни наным-сенім п.б. Еж. гректер 40-қа жуық құдайға сиынған.

Б.з.б. XI – IX ғғ. Еж.Грекия жерінде біртіндеп алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, құлиеленушілік құрылыстың белгілері п.б.

Б.з.б. XI – IX ғғ. гректердің нег. кәсіптері мал және егін шаруашылығы болды.

Б.з.б. IX ғ. урартулық тайпа одақтары бірігіп,Урарту мемлекетінің қалыптасты.

Б.з.б. IX – VIII ғғ. Спартада заңгер Ликург қоғамды әскери бағытқа көшіруге негізделген реформалар жүргізді.

Б.з.б. VIII-VII ғғ. Ассирияға Вавилон, Урарту, Египет мемлекеттері бағынған

Б.з.б. VIII-VI ғғ. еж. Грекияда 100-ден астам полистер п.б.: Коринф, Милет, Афины, Спарта, т.б.

Б.з.б. VIII ғ. шонжар-афинылықтардың бүкіл Аттика жерін бағындырды.

Б.з.б. VIII ғ.Гомер өмір сүрген.

Б.з.б. VIII ғ.Ассирияның қуаты арта түскен.

Б.з.б. VIII ғ. - Урарту патшалығы мықты мемлекетке айналды.

Б.з.б. VII ғ. дорийліктер Мессения алабын жаулап алды.

Б.з.б. VII ғ. Ассирия əскери мемлекетке айналды.

Б.з.б. VII ғ. Вавилон Ассириядан тәуелсіздік алды.

Б.з.б. VII ғ. бастап барлық еж. грек қала-мемлекеттеріне Дионис құдайдың құрметіне жасалған мереке (егіншілердің мерекесі) тарады.

Б.з.б. VII –VI ғғ. бастап еж. Қытайда ауыл шаруашылығы мен қолөнер ісінде темір қолданыла бастады.

Б.з.б. VI ғ. дейін еж. Үндістанның солт/де бірнеше ұсақ мем/р қалыптасты.

Б.з.б. VI ғ. Еж. Римдегі форумның негізі қаланды.

Б.з.б. VI ғ. бастап Ганг өзенінің төменгі ағысы бойындағы Магадха мемлекеті күшейіп кеңейе түсті.

Б.з.б. VI ғ. соңында Магадха бүкіл Ганг өзені бойын өзіне бағындырып, ірі мем/ке айналды.

Б.з.б. VI – V ғғ. тән итальян мен грек жерлеу орындарынан жібек маталар мен шашақтар табылды.

Б.з.б. VI-III ғғ. кельттер қ/гі Германия мен Франция, Испания, Ирландия, Англия, Швейцария және Солт.Италия аумағын мекендеді.

Б.з.б. V ғ. парсы патшалары I Дарий (б.з.б. 490 ж.) мен Ксеркс (б.з.б. 480 ж.) Грекия жеріне жорық жасады.

Б.з.б. V ғ. Еж.Грекияда сәулет өнері жоғары қарқынмен дамыды.

Б.з.б. V ғ. Еж.Грекияда мүсін өнері ерекше дамыды.

Б.з.б. V ғ. Грекияда тарих саласындағы еңбектер пайда бола бастады.

Б.з.б. V ғ. Афины нағыз Грекиядағы нағыз демократиялық мемлекет болды.

Б.з.б. V ғ. орт. Афиныда Перикл үлкен ықпалға ие болды.

Б.з.б. V ғ. орт. Афины қала –мем/і Эллададағы бай және қуатты мем/ке айналды.

Б.з.б. V ғ. орт. Афины аса қуатты және бай қала-мем. болды.

Б.з.б. V- IV ғғ. Еж.Грекияда театр салына бастаған.

Б.з.б. IV ғ. шағын Цинь мем/інде бірнеше заң шығарылды: 1.қауымдық жер пайдалану орнына жеке меншіктік жер иелену орнады; 2.жерді сатуға және сатып алуға рұқсат берілді.

Б.з.б. IV ғ.Платон Академияның негізін қалады.

Б.з.б. IV ғ.Македония Грекияға қауіп төндірді.

Б.з.б. IV ғ. Грекиядағы қала –мем/р ар. күрестер болды.

Б.з.б. IV -III ғ. Бактрия жерінде үлкен қоныстар мен қалалар болды.

Б.з.б. III ғ. дейін Xуанхэнің орта және төменгі ағысы бойында Чжоу мем/і. өмір сүрді.

Б.з.б. III ғ. қ/гі Иранның солтүстігінде Парфия мемлекеті п.б.

Б.з.б. III ғ. еж. Қытайда бір орталыққа бағынған мемлекет құрылды.

Б.з.б. III ғ. Бактрия қаласы Ай Xанумда сыйымдылығы 6000 адам театр салынды.Б.з.б. III ғ. I жарт. Цинь патшалары өздерінің қарсыластарын жеңіп шықты.

Б.з.б. III ғ. орт. Бактрия жері жеке мемлекетке айналды.

Б.з.б. III ғ. орт.Ашок бір орталыққа бағынған үнді мемлекетін құрды.

Б.з.б. III ғ. соңында Цинь патшалығының орнына Xань әулеті келді.

Б.з.б. III –II ғ. аралығына тән моншаның архитектуралық кешені Ай Xанумнан (еж. Бактрия) табылды.

Б.з.б. II ғ. Сыма Сянжуөмір сүрді.

Б.з.б. II ғ. Рим империясы көптеген тамаша ескерткіштермен сәулеттене түсті.

Б.з.б. II ғ. Қытайда қағаз п.б. – әлемде бірінші рет қағазға жазу қалыптасты.

Б.з.б. II ғ. ғұн тайпаларының Батысқа қарай жылжуы басталды (Xалықтардың Ұлы қоныс аударуын басталды)

Б.з.б. II ғ. Бактрия патшасы Евдидемнің ұлдары Индияға жорықтар жасап, ел аумағын ұлғайта түседі.

Б.з.б. II ғ. бас. Жерорта теңізінің жағалауында бірнеше шағын мем/р болды.

Б.з.б. II ғ. I жарт. Бактрия қаласы Ай Xанумда гимназиясалынды.

Б.з.б. II - I ғғ. Рим басқа елдердің құқықтық нормаларын пайдалана отырып, жаңа заңдар мен ережелер жасады.

Б.з.б. II - I ғғ. Еж. Римде шешендік өнер дамыды.

Б.з.б. I ғ. Еж. Римде гладиаторлар шайқасы ойын-сауық түріне айналды.

Б.з.б. I ғ. 50-жылдары ғұндар Қытайдан жеңiлiп, олардың бiр бөлiгi Орал тауының оңтүстiгiне қоныс аударған.

Б.з.б I ғ.соңы мен б.з. I ғ. басы – Рим поэзиясының «Алтын ғасыры»

Б.з. бас кезiндемайядажазу пайда болды.

Б.з. басында солт-шығыстан келген көшпелілер Бактрия жерін басып алып, сол жерлерді 5 аймаққа бөлді.

I ғ. Римде аса үлкен Колизей амфитеатры салынды.

I ғ. Қытайда даосизм дiнi тарай бастады. Оның негiзiн қалаушы Чжан Лин (Чжан Даолин)

I ғ.соңына қарай Қытай билеушілерінің басқыншылық жорықтары күшейе түсті.

I ғ. соңына қарай герман тайпалары өздерінің өндіргіш күштерін айтарлықтай дамытты.

I – II ғғ. Рим империясы өзінің даму шыңына жетті. Римде құлиелк құрылыс дамыды.

I–II ғғ. Рим тарихшылары Плиний және Тацит еңбектерiнен кездестiремiз.

II ғ. Италиядағы азаматтық соғыстар елдің шаруашылығын құлдыратты

II ғ. аяғынан бастап Рим империясының экономикасында үлкен қиыншылықтар орын алды.

II ғ. соңында Еж.Қытайда 20 жылға созылған «Сары орамалдылар» көтерілісі басталды.

III ғ. қарай қ/гi Эфиопияның солт/де Аксум мемлекеті құрылды.

III ғ. ғұндар Скандинавиядан Қара теңіз маңына дейін қоныстанған готтарды батысқа қарай ығыстырады

III ғ. Иран жерінде Сасанилер мемлекеті қалыптасты.

III ғ. орта шенінде Рим империясынан Галлия, Испания, Египет және Азия мен төменгі Дунайдағы аймақтар түгелімен бөлініп кетті.

III ғ. Рим империясында ақша айшалысында құнды металдар азайып кетті.

III ғ. Арабия түбегiнде Лахмид патшалығы өмiр сүрдi.

III ғ. аяғынан бастап Батыс Рим империясы дағдарысқа ұшырай бастады.

III ғ.аяғы - IV ғ. ортасындаЯмото тайпасы Жапон аралдарындағы барлық тайпаларды өздеріне бағындырды. Xонсю аралының орталық аймағында Ямото тайпалық одағын құрды. Осы тайпалық одақтың қазіргі

III–VII ғғ. аралығында Қытайда қалалар көбейе бастады.

IV ғ. Батыс Рим империясы әлсіреді.

IV ғ. ғұндар рулық-тайпалық қатынаста өмір сүрген.

IV ғ. ортасында Ұлы қоныс аударуды Орта Азиядан шыққан ғұн тайпалары бастады.

IV ғ. Рим империясы әлсiрей бастады.

IV ғ. Франк мемлекетінде христиан дiнi мемлекеттiк дiн деңгейiне көтерiлді

IV ғ. Цзинь империясын әлсiреді.

IV ғ.Аксумда жазу реформасы жасалды.

IV ғ. аксумдықтар христиан дiнiн қабылдады.

IV ғ. басына қарай Египет халқы христиан дiнiн қабылдады.

IV ғ. басында Қытайға ғұн тайпалары шабуыл жасайды.

IV ғ. 70-жж. ғұндардың Батысқа қарай жаппай жөңкiле көшуi басталды. Олардың осы Батысқа қарай жылжуы тарихта «Xалықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталды.

IV ғ.аяғы -V ғ. басы Лахмид патшалығының күшейген кезi

IV ғ. аяғынан бастап германдық тайпалар Батыс Рим империясына басып кiрiп, қоныстана бастады. Оларды шығыстан көшпелi ғұндар ығыстырған болатын.

IV ғ. аяғында Батыс Рим империясы құрамына Еуропаның батыс бөлігі, Дунайдың оңтүстік жағалауындағы жерлер, Балқан түбегі, Жерорта теңізіндегі аралдар, Солтүстік Африка және Мысыр, Қара теңіздің шығыс жағалаулары, Кіші Азия, Сирия, Палестина, Месопотамияның бір бөлігі кірді.

IV ғ. соңында Рим империясында христиан дінінен басқа діндерге тыйым салынды.

IV–V ғғ. Қытай мемлекетiнде будда дiнi кең тарады.

IV–VI ғғ. Магадхи жерiнде Гупта империясы құрылды.

IV–VII ғғ. Yндiстанда будда дiнi дамыды.

IV–VII ғғ. Еуразия мен Еуропа тарихына «Xалықтардың ұлы қоныс аудару» дәуірі ретінде кірді.

V ғ. эфталит тайпалары әскери-саяси жағынан бiрiгiп, Ауғанстан аумағында iрi мемлекет құрады.

V ғ. 30-жж.Аттила Батыс Рим империясына қарайтын Галлияға басып кірді. Империяның белгілі қолбасшысы Аэций біріккен көрші тайпалардан (вестготтар, франктер) жасақ құрып, ғұндарға қарсы қояды.

V ғ. ортасында ғұндардың көсемі Аттила қ/гі Румыния мен Венгрия жерінде көшіп жүрген ғұн тайпаларын біріктіріп, жаңа жорықтар ұйымдастырды.

V ғ.ортасында Тиса жағалауында ғұн мемлекеті өмір сүрді. Аттила Еуропадағы сол кездегі қуатты билеушіге айналды. Паннониядан ғұндар Балқан мен Кіші Азияға жорықтар жасап тұрған.

V ғ. ортасында халықтың тұрмыс жағдайы төмендеп, салықтың шексiз көптiгi халық наразылығын туғызды.

V ғ. II жартысында эфталиттер – ақ ғұндар Yндiстандағы феодалдық Гупта мемлекетiнiң iрi қаласы Гандхарды бағындырады, Yндiстанның Синд, Раджастхан, Диса, Ганга өңiрлерiн басып алады.

V ғ. аяғына қарай Рим империясының жерiне басып кiрген франктер – Галлияда, остготтар – Италияда, ағылшын-сакстер Британия аралдарында өз мемлекеттерiн құрды.

V ғ. аяғынан бастап Шығыс Рим империясына солтүстiктен славян тайпалары қауiп төндiрдi.

V ғ. аяғында Гупта мемлекетiне ғұн-эфталиттер жойқын шабуыл жасап, батыстағы Мальва, Гуджарат аймағын басып алады.

V-VI ғғ. үнді оқымыстылары жердің шар тәрізді домалақ екенін білді.

V–VI ғғ. аралығында Орта Азия, Ауғанстан, Солтүстiк-Батыс Yндiстан және Шығыс Түркiстан жерiнде эфталит – ақ ғұндар тайпалық бiрлестiктерi құрылды.

V–VI ғғ. Бамиан ғибадатханасында Күн мен Ай құдайларының бейнесi, «Кiшi Будда» бейнесі салынған.

V–VI ғғ. Қытай мемлекетiнде өнер, әдебиет және ғылым дами бастады.

V–VI ғғ. славян тайпалары Шығыс Рим империясына шабуыл жасап, Балқан түбегiн жаулап алады.

V–VII ғғ. үндi философиясы дамыды.

VI ғ. аварлар қағанаты қалыптасты.

VI ғ. арабтар көшпелі мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысты.

VI ғ. аяғына қарай славян тайпалары Византия жерiне басып кiрiп, Фракияда, Македонияда орнығып алды.

VI ғ. аяғынан бастап Византия шiркеуiнiң ең жоғарғы басшысы Константинополь патриархы болды.

VI ғ. Боэций мен Кассиодор антикалық мектептегi бiлiмнiң негiзiн құраған «жетi ерiктi өнердi» тривиум (грамматика, тiл өнерi, диалектика) және квадривиум (геометрия, арифметика, астрономия және музыка) деп екiге бөлдi.

VI ғ. Киевтен Воронежге дейінгі орманды дала алқабын шығыс славян тайпалары мекендеген.

VI ғ. оңтүстiк славяндар Днепр өзенiнiң бойынан Балқан түбегiне барған.

VI ғ. Орталық Еуропадағы славян тайпаларына аварлар шабуыл жасап, қазiргi Венгрия жерiндегi тайпаларды бағындырады.

VI ғ.аяғында Гупта мемлекетi құлады. Себептері: 1. эфталиттер шабуылы; 2. ішкi талас-тартыстар

VI-VII ғғ.Ямото тайпалық одағының атымен «Жапония» деген атау қалыптасқан. «Нихон» немесе «Ниппон» деген сөз «Күн шығатын ел» дегенді білдіреді.

VI–VII ғғ. Yндiстанда феодалдық қатынас толық үстемдiк ала бастады. Yндiстан жерiндегi Ганг және Үндi өзендерiнiң жағасында тұратын тайпалар бiрiгiп, мемлекет құруға бет алды.

VI–VIII ғғ. аралығында Қытайда сауда жедел дамыды.

VI–VIII ғғ. аралығында славяндарда алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, феодалдық таптық қоғам орнады

VI–X ғғ. Батыс Еуропа елдерiнде натуралды шаруашылық үстемдiк құрды. Мұндай шаруашылық кезiнде еш нәрсе сатылмады және сатып алынбады.

VI–XVII ғғ. үндi сәулетшiлерi мен құрылысшылары көптеген сәулеттi сарайлар тұрғызды.

VII ғ. 30-жылдарынан бастап Византияға арабтар қауiп төндiрдi. Арабтар Византиядан оның ең бай жерлерiн – Сирияны, Палестинаны, Жоғарғы Месопотамияны, Египеттi тартып алды.

VII ғ. 40жж бастап Африканың солт/гi мемлекеттердi арабтар жаулап алды.

VII ғ. 40жж Фустаттағы әл-Аса мешiтi салынған.

VII ғ. Араб халифаты құрылды.

VII ғ. аяғында Yндiстан мен Ауғанстанды арабтар жаулап алып, ислам дiнiн енгiзедi.

VII ғ. аяғында арабтар Византияның Солтүстiк Африкадағы жерлерiн тартып алды.

VII ғ. аяғында Византия василевстерiнiң қолында Юстиниан тұсындағы державаның 1/3 ғана қалды. Византия құл иеленушi империядан феодқ мем/ке айнала бастады.

VII ғ. дейiн Византияда латын тiлi мемлекеттiк тiл болды. Кейiн оны грек тiлi ығыстырды.

VII ғ.қарай Аксум өзінше жеке мемлекет болуын тоқтатты.

VII ғ. басынадейiн Лахмид патшалығы сасанилiк Иранға тәуелдi болды.

VII ғ. бас кезiнде Үндістанда Xарши (606–647) билiк басына келiп, iрi мемлекет құрды. Xарши мемлекетi Солтүстiк Yндiстан жерiн, Ганг өзенiнiң бойын, Шығыс Пенджаб және Бенгал шығанағына дейiнгi жерлердi бағындырады.
  1   2   3   4


написать администратору сайта