Календарный план Сisco на казахском. Ат негіздері 0 Ауымы мен реттілігі
Скачать 175.91 Kb.
|
АТ негіздері 6.0 Ауқымы мен реттілігіСоңғы жаңартылған уақыты 2017 ж. 15 Желтоқсан, жұма 16:48:57 Мақсатты тыңдармандарCisco® АТ негіздерін оқыту бағдарламасы Cisco Networking Academy® академясының жоғары сынып оқушыларына, сонымен қатар АТ саласында қызмет еткісі келетін, компьютерлерді жинау, жабдық пен бағдарламалық ақауларды жоюды үйренгісі келетін техникалық мектептер, колледждер мен университеттердің студенттеріне арналған. АлғышарттарБұл курсқа қатысу үшін ешқандай алғышарт қажет емес. Мақсатты куәландыру бағдарламаларыАТ негіздері (АТН) 6.0 оқу бағдарламасы білім алушыларға CompTIA A+ 220-901 және 220-902 куәландыру емтихандарына дайындалуға көмектеседі. CompTIA A+ 220-901 бағдарламасы компьютер технологиясының негіздерін, дербес компьютерлер (ДК) мен ноутбуктарды, сондай-ақ соған қатысты жабдықтарды орнату, конфигурациялау және желі байланысын орнату негіздерін қамтиды. CompTIA A+ 220-902 бағдарламасы ДК операциялық жүйелерін орнату, сонымен қатар Android және Apple iOS мобильді операциялық жүйелері үшін желіге қосылу және электронды пошта сияқты ортақ функцияларды конфигурациялау дағдыларын қамтиды. Оқу бағдарламасының сипаттамасыОқу курсы компьютерлік жабдықтар мен бағдарламалық құралдардың негіздерін, оған қоса қауіпсіздік, желілік байланыс, сондай-ақ АТ кәсіпқой маманының жауапкершіліктері сияқты жетілдірілген тұжырымдарды қамтиды. Бұл курсты бітірген білім алушылар компьютердің ішкі құрамдас бөлшектерін сипаттай алады, компьютер жүйесін құрастыра алады, операциялық жүйе орната алады және жүйе құралдары мен диагностикалық бағдарламаларды пайдаланып, ақауларды жоя алады. Сонымен қатар, білім алушылар Интернетке қосылып, желілік ортада ресурс бөлісе алады. Бұл нұсқадағы жаңа тақырыптар мобильді операциялық жүйелерді, OS X, Linux жүйелерін және клиенттік виртуализацияны қамтиды. Кеңейтілген тақырыптардың ішінде Microsoft Windows операциялық жүйелері, қауіпсіздік, желілік байланыс және ақауларды жою қамтылған. Cisco Packet Tracer құралымен жасалатын жаттығулар Packet Tracer 6.2 нұсқасында пайдалануға арналған. Packet Tracer құралын пайдалану арқылы жаңа CompTIA A+ куәландыру талаптарына сай машықтануға болады. Оқу бағдарламасының мақсаттарыБұл курстың мақсаты - білім алушыларды компьютерлік жабдық, бағдарламалық құралдар, операциялық жүйелер, желілік байланыс тұжырымдары, мобильді құрылғылар, АТ қауіпсіздігі және ақауларды жою қағидаларымен таныстыру. Онлайн режимдегі курс материалдары білім алушыға АТ саласындағы техникалық маман қызметін атқаруға қажетті дағдыларды дамытуға көмектеседі. Әр тарауда қамтылатын арнайы дағдылардың сипаттамасы тарау басында беріледі. АТ негіздері 6.0 курсын аяқтаған соң, білім алушылар келесі тапсырмаларды орындай алады: Дербес компьютерлерді құрастыру, жөндеу не жаңарту үшін тиісті құрамдас бөлшектерді таңдау; Құралдарды дұрыс пайдалану әдістері мен зертханада қауіпсіз жұмыс істеу жолдарын түсіндіру; Дербес компьютерлерді құрастыру, жөндеу не жаңарту үшін құрамдас бөлшектерді орнату; Дербес компьютерлерге профилактикалық техникалық қызмет көрсету және ақауларды жою әдістерін түсіндіру; Windows операциялық жүйелерін орнату; Windows операциялық жүйелерін басқару және техникалық қызмет көрсету; Компьютерлерді желіге қосу үшін конфигурациялау; Құрылғыларды Интернет және бұлт қызметтеріне қосу үшін конфигурациялау; Ноутбуктар мен мобильді құрылғыларды пайдалану, конфигурациялау және басқару әдістерін түсіндіру; Мобильді операциялық жүйелер, OS X және Linux операциялық жүйелерін конфигурациялау, қорғау және ақауларды жою әдістерін түсіндіру; Принтерді қажетті талаптарға сай орнату және бөлісу; Негізгі хост, дерек және желі қауіпсіздігін іске асыру; АТ саласындағы кәсіпқой маманның қызметтері мен жауапкершіліктерін түсіндіру; Жабдыққа және бағдарламалық құралдарға қатысты күрделі ақауларды жою. Жүйеге қойылатын ең төмен талаптарБілім алу үдерісін барынша тиімді ету үшін, бір қалыпты сыныпта 12-15 білім алушының болғаны және әрбір білім алушыда бір зертханалық ДК болғаны жөн. Тәжірибелік сабақтар кезінде көп дегенде екі білім алушы бір зертханалық ДК бөлісе алады. Кейбір жаттығулар кезінде білім алушының зертханалық ДК-і жергілікті желіге қосылған болу керек. Білім алушылардың зертханалық ДК-лерінің жинағы мен техникалық жағдайы әртүрлі болады, сондықтан да олар оқу бағдарламасын қарау үшін жарамсыз. Зертханалық ДК жабдығына қойылатын талаптарАТН оқу бағдарламасының зертханалық жаттығуларында пайдаланылатын түрлі топологияларды қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін, курстарды өткізетін Академиялар қолданылатын жабдықтарға келесі (ең төмен) талаптарды қояды: Windows Vista, Windows 7 немесе Windows 8 300Вт қуат берілетін 1 жүйелік блок PCI, PCIe немесе AGP жабдығымен үйлесімді 1 аналық тақта Intel немесе AMD орнатылған, жылдамдығы 1 гигагерц (ГГц) немесе одан жоғары, PAE, NX және SSE2 кеңейтімдерін қолдайтын орталық процессор Орталық процессорға арналған 1 жылу жұтқыш және салқындатқыш вентилятор 1 гигабайттық (Гбайт) ЖЖҚ (32 бит) немесе 4 Гбайт ЖЖҚ (64 бит) (2 X 1Гбайт немесе 2 X 2Гбайт болғаны жөн) Кейбір зертханалық жаттығулар кезінде ақауды жою мақсатында ЖЖҚ бір модулін жою не оның істен шыққанын симуляциялау қажет етіледі. 60 Гбайт қатты диск (кем дегенде); 80 Гбайт не одан көп (ұсынылады) Жүйе Windows операциялық жүйесін толықтай орнатуға және дискіні өлшемі бірдей екі бөлікке бөлуге қолдау көрсету керек 1 DVD-ROM (кем дегенде), DVDR немесе BD/BDR 1 Ethernet тақтасы 1 PCI, PCIe (ұсынылады) немесе AGP бейне тақтасы WDDM драйвері бар DirectX 9 графикалық құралы HDD/CD жалғау кабельдері (сандары әртүрлі) 1 тінтуір 1 пернетақта Ажыратымдығы Super VGA (1024 X 768) немесе одан жоғары болатын 1 бейне-монитор Зертханалық ДК бағдарламалық қамтуына қойылатын талаптарАТ негіздері 6.0 бағдарламасының мазмұны негізінен Microsoft Windows Vista, Windows 7, сондай-ақ Windows 8 және 8.1 жүйелерін қамтиды. Оқу бағдарламасындағы зертханалық тапсырмаларды орындау үшін бір ғана Microsoft операциялық жүйесін орнату жеткілікті. Microsoft корпорациясы білім беру мекемелеріне бағдарламалық құралды жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндік беретін шегерім бағдарламаларын ұсынады. Толығырақ ақпарат алу үшін, өз еліңізге немесе өңіріңізге арналған Microsoft веб-сайтына кіріңіз. Зертханалық ДК жөндеу құралдарыКомпьютер құралдарының жинағында келесі аспаптар қамтылу керек: “Phillips” бұрағышы Жалпақ бастиекті бұрағыш Алты қырлы сомын бұрағыш (түрлі өлшемде) (міндетті емес) Электрстатикалық қуатсыздану (ЭСҚ) жерге қосу кабелі мен сымы Электрстатикалық қуатсыздану (ЭСҚ) төсемі (жерге қосу сымы бар) Қорғаныш көзілдірігі Түксіз шүберек Электрондық жабдықтарды тазалауға арналған ерітінді (міндетті емес) Фонарь Термопаста Мультиметр (міндетті емес) Пневматикалық бүркігіш (міндетті емес - әр елдегі оқу бөлмелеріне қойылатын денсаулықты қорғау және қауіпсіздік талаптарына сәйкес) Қуат берілісін тексеру құралы (міндетті емес) Сым кескіш RJ-45 қысқышы Кабель аршу құралы Модульдік кабель тексеру құралы Желі циклінің бітеуіші (міндетті емес) Талап етілетін қосымша зертханалық жабдықтарЖоғарыда көрсетілген жабдықтарға қоса, АТН зерханалық топологиялары келесі жабдықтар мен қосалқы құралдарын пайдалануды талап етеді: Интернеттен ақпарат іздеу және драйверлер жүктеу үшін 1 интернет қосылысы (бұл үшін нұсқаушының жұмыс орнын пайдалануға болады) Сыныпқа ортақ 1 принтер немесе көп функциялы құрылғы (принтер/сканер/көшіру құрылғысы) Сыныпқа ортақ WPA2 протоколын қолдайтын 1 сымсыз роутер Сыныпқа ортақ 2 сымсыз желі адаптері (жоғарыда айтылған сымсыз роутермен үйлесімді) Зертханалардағы компьютерлер арасында файлдар тасымалдау үшін бірнеше USB флэш- карталары АТ негіздері 6.0 нұсқасына шолуБұл курс АТ өнеркәсібіне толыққанды кіріспе ұсынады және дербес компьютерлер, жабдықтар және операциялық жүйелерді тереңінен қарастырады. Білім алушылар түрлі жабдықтар мен бағдарламалық құралдардың қалай жұмыс істейтінін үйренеді және техникалық қызмет көрсету, қауіпсіздік пен қорғаныс қамтамасыз етудің үздік тәжірибесімен танысады. Тәжірибелік зертхана жаттығуларының арқасында білім алушылар компьютерлерді құрастыру және конфигурациялау, операциялық жүйелер мен бағдарламаларды орнату, сондай-ақ жабдық пен бағдарламалық құралдардың ақауларын жоюды үйренеді. Тарауға шолуTable 1. Тарауға шолу
|