Главная страница
Навигация по странице:

  • Ата –аналар жиналысының күн тәртібі

  • Тақырып бойынша сөз сөйлегендер

  • Ата- аналармен өзара пікір алмасу

  • Оқушылар келесіге міндетті

  • Әртүрлі мәселелер

  • Сұрақтар мен ескертулер: Тегін тамаққа құжаттар жинауды тездету. Қаулы

  • Ата- ана комитетінің төрайымы: Казиева Г. К. Хатшы

  • хаттама. Ата аналар жиналысыны хаттамасы 1 тілген кні 25 тамыз 2022жыл Таырып


    Скачать 15.25 Kb.
    НазваниеАта аналар жиналысыны хаттамасы 1 тілген кні 25 тамыз 2022жыл Таырып
    Дата20.02.2023
    Размер15.25 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлахаттама.docx
    ТипДокументы
    #946107

    Ата –аналар жиналысының хаттамасы №1
    Өтілген күні: «25» тамыз 2022жыл

    Тақырып: 2022 - 2023 жаңа оқу жылы

    Қатысқандар : 7 «Ә» сынып ата-аналары

    Ата –аналар жиналысының күн тәртібі:

    1) 2022-2023 жаңа оқу жылы

    2) Мектептің жалпы ішкі ережесі және мектеп формасы туралы

    3) Әр түрлі мәселелер.

    Тақырып бойынша сөз сөйлегендер:Сынып жетекшісі Утепбергенова Б.М. ата-аналарға өзін және күн тәртібін толық таныстыра отырып, алдағы уақытта ата-аналарды мектеппен бірлесе жұмыс атқаруға шақырды. Содан кейін бірінші мәселе бойынша ата-аналарға ой тастады: Кішкентай кезден бастап пайдалы ақыл-кеңес, дұрыс бағыт беру нәтижесінде қылмыстық әрекеттердің қауіптілігін сездіруге болады. Қоғамда әртүрлі жағдайлардың болатынын және сыныптағы оқушылардың басым көпшілігі ер балар екенін ескере отырып, түсініспеушілік туындамау үшін алдын- ала бірлесе жұмыс жасау керек.

    Келесі сөз кезегін мектепішілік ата-аналар жиналысына қатысқан 7«Ә» сынып ата-аналары

    Онда қоғамда болым жатқан жат қылықтар,сонымен қатар ұялы телефонды оқушылардың шектен тыс пайдаланатыны жөнінде ата-аналарға айтып өтті.

    Ата- аналармен өзара пікір алмасу
    2.Мектептің жалпы ішкі ережесі және мектеп формасы туралы

    сынып жетекшісі негізгі оқушы міндеттеріне түсініктеме берді

    Оқушылар келесіге міндетті:

    • сабаққа ұдайы қатысуға, мемлекетті білім беру стандарттары талабына сәйкес білім, білік, практикалық машық және құзырлылықты игеруге;

    • мектеп жарғысында қарастырылған талаптарды орындап, ішкі тәртіпті сақтауға;

    • мектеп формасы үлгісіндегі өзінің сыртқы киім үлгісін киюін қадағалауға (көк түсті костюм, классикалық іскерлік үлгідегі киім: ұлдар үшін - пиджак, шалбар, көйлек, туфли, қыздар үшін – пиджак, юбка немесе шалбар, көйлек, туфли);

    • өз денсаулығын сақтау, санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау, рухани және жеке дамуын қалыптастыру, дәрігердің айтуымен үнемі медициналық тексерістен өтуге;

    • мектептің оқу-тәрбие үрдісінде жеткен нәтижелерін үнемі ата-анасын хабардар етіп отыруға;

    • педагогикалық қызметкердің абыройын сыйлау, оқу мекемесінің дәстүрі бойынша қоршаған адамдарға толерантты көзқарас ұстануға;

    • мектеп мүлкіне немқұрайлы қарамау;

    • діни, әлеуметтік бітімсіздікті және ерекшелікті, халықаралық құқық пен имандылық қағидаларына қарсы әсер идеяларды болдырмауға.


    Әртүрлі мәселелер:

    Ұялы телефонды пайдалану ережелері оның зияны жайында.

    Оқушылардың кітап оқуы, үй жұмысын орындауы, ана тілінде сөйлеуі, жалпы тәртіп жағдайлары.

    Ата-аналар комитетін сайлау.

    Сұрақтар мен ескертулер:

    Тегін тамаққа құжаттар жинауды тездету.

    Қаулы:

    1. Мектеп пен ата –ана арасындағы байланысты нығайту.

    2.Мектеп жарғысында көрсетілген талаптарға бағыну және мектеп формасын сақтау.

    Ата- ана комитетінің төрайымы: Казиева Г. К.

    Хатшы:


    написать администратору сайта