Хаттама Ата-Аналар жиналысы. Атааналар жиналысыны хаттамасы 1
Скачать 15.88 Kb.
|
Ата-аналар жиналысының хаттамасы № 1 Қатысқандар: 26 1.Сынып жетекшісі: Желебаева А.С 2. 11 «А» сынып оқушыларының ата-аналары Күн тәртібінде қаралған мәселелер: 2022-2023 оқу жылындағы өзгерістер Оқушылардың тәртібі мен сабаққа қатысуы, мектеп ережелері туралы «Отбасы бақыт мекені» атты баяндама Ағымдағы мәселелер ата-ана комитетін сайлау. Тыңдалды: Желебаева Анаргул Сабырбаевна өзін таныстырып, сыныптағы оқушылардың ата-аналарын түгендеді. Жиналысқа 26 ата-ана қатысты, 1-ата-ана ауырып жатқанын ескертті. Бірінші мәселе бойынша сынып жетекшісі: Желебаева Анаргул Сабырбаевна 2022-2023 оқу жылында жалпы 2-11 сынып оқушыларының 36 апта оқитынын 11-сынып оқушыларының барлық пән бойынша бағаланып, әрбір сабақтан қалыптастырушы баға қойылатынын, әрбір бөлім біткенде БЖБ (бөлім бойынша бақылау жұмысы) алынатынын атап айтты. БЖБ, ТЖБ 10 баллдық жүйемен есептелетінін түсіндірді. Нөлдік жазба жұмыстарының қорытындысына тоқталып өтті. І тоқсанда оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатында үйден қадағалануы сұралды және пән мұғалімдері осы оқушылармен қосымша жұмыс жүргізілсін деген ұсыныс айтылды. Жалпы 11 «А» сыныбында 27 оқушы оның 11-і ұл бала, 16-і қыз бала. Сынып екінші Сынып бірінші ауысымда оқиды. Сабақ сағат 8-00 де басталып, сағат 13-55 те бітеді. Сабаққа оқушыларды мектеп формасымен келуі ескертілді. Тек науқастанған жағдайда ғана себеппен сабақтан қалдыруды, сонын өзінде ата-аналар тарапынан оқушыларды күнделікті сабаққа уақтылы жіберіп, сабақтан қалмауын сұралды. Екінші мәселе бойынша «Отбасы бақыт мекені» атты баяндама оқылды. Баяндама барысында оқушыларға ата-аналардың қолдауы, қадағалауы керек екенін айтылды. Үшінші мәселе бойынша Сыныпта ата-аналар бірауыздан Абдикаримова Айгеримді ата-ана комитеті етіп сайлады. Ата-ана комитетінің мүшелері болып Касымова Айнур, Тажибаева Алмагул тағайындалды. Қаулысы: Үлгерімі төмен оқушылардың сабақтары ата-аналардың және пән мұғалімдердің тарапынан қадағаланып, үнемі назарда болсын. І тоқсанда оқушылардың тәртібіне аса зор көңіл бөлініп, сабақтан қалмауы қадағалансын. Сынып жетекшісі: |