Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен 8,02. Атбе Жоары политехникалы колледж келісілді бекітілді Апаратты жйелер
Скачать 320.01 Kb.
|
Ақтөбе Жоғары политехникалық колледж КЕЛІСІЛДІ БЕКІТІЛДІ «Ақпараттық жүйелер» Директордың тәрбие ісі бөлімінің меңгерушісі жөніндегі орынбасары ________Исмагулова Н.К. _________Есенгалиева Г.У. Кураторлық сағаттың әдістемелік нұсқауы Тақырыбы: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен!» Құрастырған: Нурина Ж.К. Практикант Сағындық Б. Ақтөбе, 2023
«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен!» Мақсаты: Жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту; Жaқсы мен жаман туралы түсінік беру; Адамгершілік жайлы түсінік беріп, жауапкершіліктерін одан әрі дамыту. Көрнекілік: интерактивті тақта; интернет желісі; “ PowerPoint” бағдарлама; Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі : Сәлемдесу Арайлап таң атты Алтын сәуле таратты Жарқырайды күніміз Жарқырайды даламыз Қайырлы таң,қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін Бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық. І.Кіріспе. Миға шабуыл. Сұрақтар: 1. Жақсылық деген не? 2. Жамандық деген не? «Өзіңді тану» өлеңін бірге талқылайық. Жақсы болу- өзіңнен, Жаман болу-өзіңнен. Өзіңді өзің ая да, Өзің үйрен өзіңнен. Жақсылық көрсең біреуден, «Мен қандаймын?» деп ойла. Өзіңді өзің қолыңа ал, Өзіңсің-ақыл айнасы. Тиеді саған мәні бар «Өзіңді тану» пайдасы. Сұрақтар: 1. «Жақсы болу-өзіңнен, Жаман болу-өзіңнен»,-деген өлең жолдары туралы қандай пікір айта аласындар? 2. « Жақсылық көрсең біреуден, « Мен қандаймын?» деп ойла» деген сөзіне көзқарастарың қандай? 3. « Жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың» деген ой туралы қандай пікір айта аласыңдар? ІІ. Негізгі бөлім Сүйікті Пайғамбарымыз(с.а.у)былай дейді: «Жақсы адамдармен жолдас болуды хош иісті сулар сатылатын дүкенде отырғанға ұқсатады.Дүкеннің қожайыны оған ештеңе ұсынбаса да ол жердің хош иісінен әсерленеді.» «Жаман адамдармен жолдас болуды темірші ұстаханасына ұқсатады.Ол жерде отырған кісіге оттың бір ұшқыны шашырайды, я болмаса иісі мазасын алады деген.»Міне осы сияқты жақсы адамдармен жолдас болғандарға жақсылардың мінез құлқы әсер етеді.Ал жаман мінез адамдармен достасқандарға олардың жаман іс-әрекеттері әсер етіп, уақыт өте ол адамныңда мінез-құлқы бұзылып,жаман жаққа өзгереді.Біздің міндетіміз болса жора-жолдас таңдағанда абай болу,жақсы және білімді адамдармен дос болу,олардың сөз және іс-әрекетінен жақсы өнеге алу,жаман адамдардан қашық болу.Бірақ оларды сол жаман іс-әрекеттерінен құтқару мақсатында олармен жақсы араласып,адамгершілікке,парасаттылыққа тарту қажет. Ойын. « Атыма сай мінезім» Ойынның барысы: : мұғалімнің лақтырған добын алған бала өз есімдерін атап, есімдерінің бас әрпінен басталатын бойларындағы қасиеттерді айту керек. Мысалы: Айсұлу – айдай сұлумын, Айымгүл – ай тәрізді гүлмін, т.б. Сіз қандай адамсыз? Суретке бірінші қарағанда не көрді соны атайды. Соған қарап адамның мінезін сипаттап айтады. Кеме - көңіліңіз таза, пейіліңіз ақ. Тез қуанып, тез ренжисіз. Мұндай адамдар тілалғыш, тәртіпке бағынатын, ешкімнің ала жібін аттамайтын адал әрі турашыл келеді. Берілген тапсырманы бұлжытпай орындайды, уақытында айтқан жерге кешікпей барады. Теңіз - бұл сіздегі салмақтылық, сабырлылық, мейірімділік, ақылдылық секілді қасиеттерден хабар береді. Сіздің басты ұстанымыңыз – тыныштық. Сондықтан да, шулы, думанды ортадан гөрі отбасында демалғанды ұнатасыз. Дау-дамайдан қашасыз. Теңіз үстіндегі кемелерге де, су астындағы тіршілікке де ешқандай зиян тимесе екен деп, көбіне эмоцияңызды да, өзіндік пікіріңізді де іште қалдырасыз. Бұны ақылдылыққа балайсыз. Турасын айтып-айтып тастағыңыз келгенде үндемегенді жөн көріп, бұныңызды даналыққа жатқызасыз. Әріптер - жылдам шешім қабылдау, дер кезінде әрекет жасау, мүмкіндікті мүлт жібермеу – сіздің артықшылығыңыз. Осылар сізді «жолы болғыш» атандырып жүр. Сіз үшін кез келген мәселеден жол тауып шығу қиын емес. Сізді алдау, арбау, пікіріңізден айныту қиын. Өйткені, ойланып қадам басып, өлшеп кесесіз. Мұндай адамдар өткен шақтағы өкініштерін ойлап бір орында омалып отыра бермейді. Сондай-ақ, болашақтағы бақытты сәттерін елестетіп, қиялға мас боп та жата бермейді.Олар дәл осы шақта өмір сүретіндер. Содан болса керек, олардың жетер жетістігі де, жеңісті істері де көп болады. Бұндай адамдар қаржылық тәуелсіздікке оңай жете алады. Қырағы, сақ адам екеніңізді де ерекше атауға болады. Бас - Сіз ұсақ-түйекке назар аудара бермейтін, болмашы нәрселерге бордай езіле қоймайтын, кейбір шығын мен қателіктерді елемейтіндердің бірісіз.Шыншылсыз және шынайылықты талап етесіз. Мінезіңіз тік, қаталдық басым. Көңілге қарай бермейсіз. Көңіліңіз қалса, ол адаммен байланысты үзе салу қиын емес. Ешкімге екінші, үшінші мүмкіндік бермейтін адамсыз. Сондықтан да, достарыңыз аз. Нақтылықты жақсы көресіз.«Меніңше...», «сондай болуы мүмкін», «көреміз», «сол сияқты», «ойланайын» дейтіндерді ұнатпайсыз.Сізді тек басты-басты нәрселер ғана қызықтырады. ІІІ Қорытынды. «Жақсылық тамшысы» Рефлексия Оқушылардың санына сәйкес алдын ала дайындалған тамшы үлгісінде қиылған қағаздарды үлестіріледі. Әр бала тамшыға жақсылық сөздерді жазады. Мұғалім тақтаға тамшыларды ілуді ұсынады. Тамшыны іліп жатқанда әр бала өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсылықтарын жария етеді. - Балалар, әрқайсысыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен дарияға (мұғалім тамшылар ілінген плакат астына көкпеңбек дария суретін апарып іледі) айналды. Яғни, әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді. Жақынды, досты аяла, Қанатың сонда талмайды. Барыңды жұрттан аяма, Жақсылық жерде қалмайды. Жайдары жүзбен жарқыра, Қатігез болсаң - сол қайғы. Қайырымды бол халқыңа, Жақсылық жерде қалмайды деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз! Пайдаланған әдебиеттер: |