Кристалдар типтері. атты денелер
Скачать 1.06 Mb.
|
ҚАТТЫ ДЕНЕЛЕРКристалдар – атомдары, иондары және молекулалары периодты түрде құрылым түзіп, реттілікпен орналасатын қатты денелер. Кристалдық тор – кристалдағы атомдар, молекула немесе иондардың кеңістікте периодты түрде реттілікпен орналасуы. Заттың кристалдық күйі бөлшектердің ретпен орналасуына байланысты сипатталады. Кристалдар белгілі балқу температурасы бар, кристалдық құрылымы бар, физикалық денелер. Кристалдар – анизотропты, яғни физикалық қасиеттері бағытқа тәуелді; Кристалда жарықтың таралуы жылдамдығы, жылу өткізгіштігі, серпімділігі бағытқа тәуелді болады; Кристалл атомдары кеңістікте қатаң тәртіппен орналасып кристалл торын құрайды. Кристалдар белгілі бір бұрыштармен орналасқан жазық бұрыштардан тұратын болса, монокристалл деп аталады; Егер кристалл өте ұсақ кристалл жиынтығынан тұратын болса, поликристалл деп аталады. Аморф денелер белгілі балқу температурасы жоқ, атомдарының орналасуы тек жуық тәртіппен орын алған денелер. Сондықтан оларды тұтқыр сұйықтар деуге болады. Аморф денелердің физикалық қасиеттері бағытқа тәуелсіз, яғни аморф денелер-изотропты. Мысалы: әйнек, шыны, оптикалық линзалар, Заттардың құрылысыМолекулалық құрылысты (атомдар ковалентті байланысты) H2O; J2 Заттар Беймолекулалық құрылысты NaCl; C Кристалдық заттар деп құрамындағы бөлшектері белгілі бір реттілікпен орналасатын заттарды атайды. Қатты заттарды құраушы бөлшектердің кристалдық құрылысы болатыны рентген сәулесінің көмегімен дәлелденген. Кристалдарда бөлшектер (атомдар, иондар, молекулалар) геометриялық дұрыс ретпен белгілі бір аралықта орналасады. Осындай құрылымдарды кристалдық торлар деп атайды, ал онда белгілі реттілікпен орналасқан бөлшектерді тор түйіндері деп атайды. Байланыс типтеріне және бөлшектер түрлеріне қарай кристалдық торлар: атомдық, молекулалық, иондық және металдық болып бөлінеді. 1. Иондық кристалдық торларМысалы: NaCl, K2SO4, Ca(NO3)2, MgO + + + + + + - - - - - - Иондар Заттар: қатты; балқу температурасы жоғары; Органик. ерітін. нашар ериді; қиын балқығыш; Аздап ұшқыш; Қатты күйде жылу және электр тогын өткізбейді; Ерітінділері мен балқымалары – электролит; Суда жақсы ериді. 2. Атомдық кристалдық торлар.Мысалы: C (алмаз, графит, карбин, фуллерен); Si, B, Ge, SiO2 (кварц, кремнезём), SiC (кремний карбиді) және т.б. Атом Заттар: Өте қатты; Өте қиын балқығыш; Жылу және элек. тогын өткізб. ( Ge и Si – п/п); ерімейді 3. Молекулалық кристалдық торларМысалы: H2O (мұз), CO2 («құрғақ мұз»), NH3, H2, O2, P4, S8, C6H5OH, C6H6, CH4 и др. +- +- +- +- +- +- +- +- +- +- +- +- Молекула Заттар: Қаттылығы төмен; Балқу және қайнау температурасы төмен; Өте ұшқыш; Электр тогын өткізбейді; Еріткіштерде аз ериді немесе ерімейді. 4. Металдық кристалдық торларМысалы: Na, Mg, Zn, Fe. + + + + + + Металл иондары Металл атомдары Бос электрон. Заттар: Металдық жылтыры бар; Балқу температурасы әр түрлі; Электр және жылу өткізгіштігі; Иілімділігі және тапталғыштығы . Химиялық элементтердің периодттық жүйеде орналасуы. Кристалл торлар.
|