Главная страница

др. Документ Microsoft Word (4). Ауданды келер мектебіні 2020 жылды 30 азаны кні


Скачать 21.99 Kb.
НазваниеАуданды келер мектебіні 2020 жылды 30 азаны кні
Дата25.09.2021
Размер21.99 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаДокумент Microsoft Word (4).docx
ТипДокументы
#236834

Аудандық «Әкелер мектебінің»

2020 жылдың 30 қазаны күні

С.Сейфуллин атындағы Ж.О.Б

беру мектебінде өткен кезекті

отырысында Ж.Құрбановтың

«Әкелер мектебінің» 2019 жылдың

қыркүйегі мен 2020 жылдың қазан

айына дейінгі мерзімде атқарған

жұмыстары мен алдағы міндеттері

жайлы» тақырыбында сөйлеген сөзі
2019 жылдың қыркүйек айында ардагерлер қауымымен кездесуде, облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеев облыстың әлеуметтік-экономикалық даму барысымен таныстыру барысында жастар тәрбиесінің жағдайының толғандыратынын айта келе олардың арасындағы қылмыстың өсуі, суицид секілді жат құбылыстың өсіп тұрғанына алаңдаушылық білдірген болатын.

Осы келеңсіз құбылыстардың алдын алуға, оны тежеуге әр елді мекендердегі ақсақалдарды жәрдем беруге шақырды.

Облыс басшысының осы тапсырмасын орындау мақсатында облыс «Ардагерлер» ұйымы мәселені жан-жақты зерттеп-зерделей келе әрбір аудандарда, жалпы орта білім беретін мектептерде «Әкелер мектептерін» құруды ұйғарды.

Нәтижесінде 2019 жылдың 05 қыркүйектегі №8/42-VII санды «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық Бірлестігінің Түркістан облыстық «Ардагерлер кеңесінің» қаулысымен «Әкелер мектебі» құрылып, оның ережесі бекітілді.

Оның алға қойған негізгі мақсаты жас ұрпақты ұлтымыздың әдет-ғұрыпына, салт-дәстүріне сай отан сүйгіштік рухта тәрбиелеу болды.

Аталған қаулыны жүзеге асыру мақсатында ауданымызда да өткен жылдың 18 қазаны күні ардагерлер кеңесінің арнайы шешімімен ауданда 13 ауыл округтері әкімдігі мен 68 жалпы білім беретін мектептерде «Әкелер мектептері» құрылып олардың құрамына бекітілген жетекшілері мен мүшелері алдына әкелердің тек қана қоғамда ғана емес әрбір отбасындағы жауапкершілігін арттырып, осы арқылы рухы биік ұрпақ тәрбиелеу міндеті қойылды.

Өткен оқу жылы барысында, қараша айында 13 ауыл округі әкімдігіне қарасты мектептерде аймақтық семинар кеңестер өткізіліп оған жергілікті жерлердегі білім беру, денсаулық сақтау мекемелері қызметкерлері мен ауыл ақсақалдары, ата-аналар комитеті мүшелері мен өмірлік тәжірибелері мол көпті көрген, елге еңбегі сіңген беделді, көпшілік құрметіне бөленген абтал азаматтар қатыстырылды.

Ұйымдастырылған іс-шараларды бейнелейтін, видео роликтер, фото суреттермен жиынтық альбомдар жасалып, баспа сөз беттерінде, фейсбук, инстаграмм парақшаларында жарияланды.

Өздеріңізге белгілі, облыс көлемінде өткізілуге тиісті аумақтық семинар республика бойынша жарияланған коронавирус дертіне байланысты өткізілмей қалды. Дегенмен оған қажет дайындық жұмыстары толық жүргізілген болатын.

Дегенмен, ауданымызда өткен оқу жылында арнайы жасалған кесте бойынша Әкелер мектебі» кеңес мүшелері өткізген іс-шаралардың ауқымдылығын жоғары деңгейге көтере білді. Нәтижеде отбасылық бала тәрбиесінде ер адамның ролі аналардан бір мысқал да кем емес екенін әкелердің толық сезінуіне қол жеткізді. Сонымен бірге әр шағырақта әкенің орнының ерекшелігін дәлелдей білді. Әке- отбасының тек асыраушысы ғана емес, оның мүшелерінің тірегі, қамқоршысы екенін көпшілікке ұғындыра алды.

Жоғарыда айтыл,ан барлық 13 ауыл округіндегі білім мекемелерінде ұйымдастырылған шаралардың өтілуіне жеке-жеке талдау жасасақ шын мәнінде қомақты жұмыстар атқарылғанын көреміз.

Атап айтқанда: Қызыл-қия ауыл округіндегі «Әке отбасы тірегі» тақырыбындағы шараға-220,Қақпақ ауыл округіндегіи «Әке-шаңырақтың тірегі» тақырыбындағы шараға-170, Тұрбат ауыл округіндегі «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» тақырыбындағы шараға-180, Қарабау а/о «Әкелер мектебі-тәрбие мектебі» тақырыбындағы шараға-124, Жаңа-базар а/о «Әкем-менің байлығым» тақырыбындағы шараға-222, Шанақ а/о «Әке-асқар тау» тақырыбындағы шараға-67, С.Рақымов а/о «Әке-тірек,ана-жүрек,бала-жүрек» тақырыбындағы шараға-178, Қыдыр Мәмбет елді мекеніндегі «Әкем менің-асқар тауым» тақырыбындағы шараға-135 Жігірген а/о өткен «Әке-бала үшін тау тұлға» тақырыбындағы шараға-156, Сарапхана а/о «Әке- мен сенің өміріңнің жалғасымын» тақы-рыбындағы шараға-149,Алтын-төбе а/о «Әке көрген оқ жонар» тақырыбындағы шараға-191, Шарбұлақ а/о «Әке-асқар тауым» тақырыбындағы өткен шараға-123 әкелер қатысып өзара қызу пікір-таластар өткізүмен қатар, дебат сабақтар,ашық тәрбие сабақтары,дөңгелек үстелдер,отбасы мүшелері арасында спорттық сайыстар ұйымдастырылды.

Сондай-ақ,барлық өткен шараларда балалардың «Әкемен өткізген бір күнім» тақырыбында «Үздік эссе»,және «Менің әкем керемет», «Менің әкем ең жақсы адам» тақырыптары бойынша «Ашық хаттар» байқаулары балалардың өз әкелері тұралы жазған өлеңдері өте мазмұнды болғанын айтуға тиістімін.

Әрине,жеклеген жұмыстар барысында ер балалар әкелерімен өзара сырласып,көкейінде жүрген сұрақтары мен ойларын ашық айтып,оған толыққанды жауаптар алған сәттегі бала бойындағы шаттық сезімдерді көрудің өзі бір ғанибет еді.

Ұйымдастырылған тәрбие мәселесіне қатысты әртүрлі тақырыптағы тапсырылған шаралар барысынла әкесінің баласына айтқан ақыл-кеңесі,олардың екеу ара әңгімесі,олардың ойнап-күлгені,көпшілік алдында әке баласына,баласы әкесіне ризашылық ниеттерін білдіріп бірін-бірі мақтан тұтқаны ерекше серпін беріп,әке мен баланың байланысын нығайтуға жол ашты.

Қалай дегенмен де өткен оқу жылы соңында «Әкелер мектебі» кеңес мүшелері мен білім беру ұйымдары бірлесе отырып, айтулы шараларды сәтті ұйымдастырумен бірге өздері де ұрпақ тәрбиесін жетілдіруде көп ізденістер жасап, жаңа идея авторлары аталды.Бала тәрбиелеудің жаңа қырларын ашты.

Бала тәрбиелеудің жаңа әдіс амалдарын ойластырды, оларды сәтті жүзеге асырды.Ашығын айтқанда асқан шығармашылықпен жұмыс істеді. Атқарылған жұмыстардың барлығы да, осы отырған кеңес мүшелері мен ұжымдарының, әр саладағы еңбек ететін,әртүрлі мамандық иесі әкелер екенін мақтанышпен айтуға тиіспіз.Мен бұл арада ешкімнің де атын атап, түсін түстемей-ақ, аудан көлемінде жастар тәрбиесінде үлкен бетбұрыс жасаған әрбір азаматқа ризашылығымызды білдіруді, басты міндетіміз-деп есептейміз.

Дегенмен атқарылған игі жұмыстарымыздың нәтижелері болғанымен,тәрбие саласында ілгерлеушілік байқалғанмен қысқа мерзім ішінде атқарылған жұмыстар жалпы көлемде етек жайып,күнделікті тәрбие құралына айналмай қалды. Жемісті басталып,көпшіліктің көңілінен шыққан жұмысқа қанша ықыласпен кіріскенмен жақсы бастамамен ниетімізді әлемді жайлаған коронавирус инфекциясымен күрес кезінде өз ықтиярымыздан тыс,мәжбүрлі жағдайда жарияланған карантиннің салдарынан ұақытша тоқтатуға тұра келгеніне өкінішпен көндігіп қалдық.

Өйткені біздің қоғамдағы ең қымбат болып саналатыны адам ресурстары екені белгілі.

Мемлекетіміз үшін осы адамдардың саулығы ең басты қағида болып қала береді.Сондықтан осы қазіргідей қиын-қыстау жағдайда жұмыс істеу жағдайына көшіп бүгінгі сіздермен басқосуды жөн санап отырмыз.

Әсіресе қәзіргі пандемия өріс алып тұрған кезінде бала тәрбиесі мәселесі аса өзекті мәселеге айланып баршаны толғандырып отырғаны мәлім.

Олай болу себебі әр отбасындағы жас балалардың тәрбие мәселесінде тек ата-аналардың өздері бетпе-бет қалып отырғаны олардың қалыпты алаңсыз жұмыс істеуіне т.б қоғамдық әлеуметтік мәселелермен айналысуына қол байлау болып отырғаны алаңдаушылық туғызып отыр.

Мектептерге барып оқыту шектеліп, оқушылардың қашықтан оқытылуға бала-бақша жұмысын тоқтатуға көшкелі бері олардың тек тәрбие мәселесінде ғана емес олардың сапалы білім алуына бақылау жасау, оқу программасын меңгеруге көмек беру сияқты жауапты міндеттер түгел ата-аналар мен ересек отбасы мүшелерінің жауапкершілігіне өтті.

Әсіресе, бала-бақшаға баратын жас нәрестелердің күтімі, оқу жасындағы балалардың оқу ұақытындағы «онлайн» арқылы өтетін сабақтарын бақылау, олардың сабақтан тыс кезіндегі демалысын ұйымдастыруды түрлі үйірмелер мен спорт секцияларына қатысуы уақытша тоқтап тұрған кезеңдегі бақылау ата-аналар үшін қиындық туғызып отыр.

Осы кезде әрбір оқу орындарындағы ардагерлер ата-аналар кеңестері жанындағы әкелер мектебінің жұмыстарын одан әрі жандандырып балаға отбасының ұлттық құндылығын насихаттау арқылы тәрбиелеуді қолға алу керек.Олардың әрбір отбасында тәрбие жұмысын ұлттық рухта жүргізүді қолға алып, ата-аналарға қажетті көмектер ұйымдастыратын болады.

Бала тәрбиесі мен білім беруде мектептің алар орны ерекше екеніне ешкім дауласа қоймас.Осы кәзіргі оқушыларымыз қашықтан оқып жатқан шақта білім ошақтарының жанындағы қоғамдық ұйымдарымен оның мүшелерінің болсада әр отбасындағы бала тәрбиесімен оларға берілетін білімнің барыпша сапалы болуына ықпалы аса қажет болған шақта мектептегі ата-аналар комитеті оның құрамында «Әкелер мектебінің» жанды жұмысына мұқтажбыз.

Осы аса маңызды істі атқарарда әрқайсымыз өз мүмкіндігімізше бала тәрбиесіне үлесімізді қосуға тиіспіз.

Аудандық білім бөлімінің

басшысы А.Үйсімбаевқа

Аудандық «Ардагерлер кеңесінен»

С ұ р а н ы с

Сізден келешек ұрпақты ұлтымыздың озық дәстүрін кеңінен

насихаттау арқылы тәрбиелеуде «Ардагерлер тынысы»

журналының тиімділігін ескере отырып, 2021 жылдың 1-жарты

жылдығына аудан мектептері мен қызметкерлерінің жазылуына

ықпал етүіңізді сұранамыз.

Аудан ардагерлер кеңесінің төрағасы: А.Омаров.


написать администратору сайта