Главная страница
Навигация по странице:

  • Қауіпті топтарға жататындар

  • Клиникалық белгілері

  • Орташа түрінде

  • Ауыр түрінде

  • Ата- аналарға не істеу керек

  • Алдын алу

  • статья грипп. ауіпті топтара жататындар


    Скачать 18.74 Kb.
    Названиеауіпті топтара жататындар
    Дата03.01.2019
    Размер18.74 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файластатья грипп.docx
    ТипДокументы
    #62371



    Тұмау – жалпы улану мен жоғары тыныс алу жолдарының зақымданумен байқалатын, вирустық этиологияның тыныс алу органдарының жедел ауруы.Тұмау ауа- тамшылық жұқпа болып табылады. Оның пайда болуына А,В және С вирус түрлері себеп болады. Бірақ тек қана А және В вирустары эпидемияның пайда болуына септігін тигізеді.

    Тұмау инфекциясының көзі болып тек қана науқас адам бола алады,аурудың бастапқы күндерінде жөтелу мен түшкіру кезінде сыртқы ортаға вирустар бөлінеді.

    Қауіпті топтарға жататындар:

    • Жүктіліктің кез- келген кезеңіндегі жүкті әйелдер

    • 6 айдан бастап 5 жасқа дейінгі балалар

    • 60 жастан жоғары қарт адамдар,сонымен қатар қарттар және мүгедектер үйлерінің контингенті.

    • Медициналық мекемелерде созылмалы аурулармен диспансерлік есепте тұратын адамдар

    • Денсаулық сақтау қызметкерлері.

    Клиникалық белгілері:

    Тұмаудың жеңіл түрінде, дене температурасы субферильді немесе қалыпты,улану белгілері дұрыс білінбейді.Нәрестеде тек қана аз мөлшерде катаралды болуы мүмкін.

    Орташа түрінде,тұмаудың улану белгілері байқалады(тоңып дірілдеу,бас ауруы,бұлшық еттің және буындардың ауруы, )дене температурасы 39,5 С –ге дейін котеріледі.

    Ауыр түрінде, улану белгілері басым байқалады(естің бұзылуы, сандырақтау, елестер,тырысу, )дене температурасы40-40,5.С- ге дейін көтеріледі,жүрек – тамыр қызметінің бұзылуы және т.б орын алады.

    Ата- аналарға не істеу керек?

    1.Нәрестені төсек орнына жатқызып, жанұяның басқа мүшелерінен оқшаулау қажет.

    2.Дәрігерді шақыру керек.

    3. Егер де нәресте қатты терлейтін болса,оны сүлгімен құрғатып, төсек орнын жиі ауыстырып отыру қажет.

    4. Егер ауру қалтыраудан басталса, баланы жақсы орау керек, нәрестеге тәтті шәй беріп, жылытқыны аяғына қою керек.

    5. Дене температурасының 38 С-ден асқаны жағдайында ыстығын басатын дәрілер беру керек.

    - парацетамол, эффералган және цефекон балауызын, ибуфен және т.б жасына сай мөлшерде

    6.Осы кезеңде шәй, жеміс шырындары түріндегі сұйықтың жеткілікті көлемін беру қажет.

    Алдын алу:жанұяда инфекцияның әрі қарай дамуына жол бермеу үшін интерферон,оксалин майын, гриппферон, анаферонды қолдануға болады.

    Врая инфекционист Сауырбаева М.М

    Анықтама

    Беріледі осы анықтама Төлегенов Саулет Маралулы себебі ол наркология кабинетінде 04.04.2014 жылдан бастап диспансерлік учетта турады.

    Диагнозы:Ғ10,2

    Наркология кабинетінің мед.бибісі: Бекмурзина Б.Н


    написать администратору сайта