Главная страница
Навигация по странице:

  • Ассаләту уәссәләму ғаләйкә иә расулуллаһ Ассаләту уәссәләму ғалейка иә Хабибуллаһ Ғатыры Аллаһумма қаброһул карим биғарфин

  • Ассаләту уәссәләму ғаләйкә иә расулуллаһ Ассаләту уәссәләму ғалейка иә Хабибуллаһ Ғатыры Аллаһумма қаброһул карим биғарфин шәзия мин соләтиу уә таслим

  • (3-рет) Аллаһумма солли уа сәлим уа бәәрик ғәләйһ.

  • Мәуліт батасы: Я,Роббил ғәләмин, осы мәуліт шариф үшін жиналған жиылысымызды мубарак қайырлы қыла көр.

  • Маулет. Мәуліт шәриф. Аузу билли миншшйтонирражим Бисмиллиррахмниррахим МулітШриф Насихат


    Скачать 35.68 Kb.
    НазваниеАузу билли миншшйтонирражим Бисмиллиррахмниррахим МулітШриф Насихат
    АнкорМаулет
    Дата11.12.2022
    Размер35.68 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаМәуліт шәриф.docx
    ТипДокументы
    #839295

    Ағузу билләһи минәш-шәйтонир-ражим

    Бисмилләһир-рахмәнир-рахим

    Мәуліт-Шәриф

    Насихат

    Хақ Расулмен болдыр Раббым бізге бірге,

    Сақта иманым минут сайын көңілге.

    Салауат пен Құран оқыт Расулге,

    Расулуллаһ тапсырғаның ойланыз!

    Болсын бізге ізгіліктің жазасы,

    Болдырмаңыз намаз, ораза қазасы.

    Болар бізге Аллаһ, Расул ризасы,

    Хабибуллаһ бұйырғандай ойланыз!

    Үміт етіп жұмақ нығмет, хор қызын,

    Көрмек болып хақ дидарын нұр Өзін.

    Ғилман уә лидан қызмет халін, мұң жүзін,

    Парыз, уәжіп, сүннет жолын ойлаңыз!

    Қашпақ болып жаһаннам түрлі азаптан,

    Қорқып, шошып қайғы-қасірет азаптан.

    Бойда қуат тұрғанында жан мен тән,

    Парыз, уәжіп, сүннет жолын ойлаңыз!

    Тозаңдай да қылма кәсіп харамнан,

    Аз болса да қыл қанағат халалдан.

    Қажетінді сұра Раббың Зүлжалалдан,

    Орындаңыз парыз, уәжіп, сүннәтін!

    Кісі хақы, борышыныз болмасын,

    Күпірлікте ниет көңіл толмасын.

    Жаратқан тәубәмізді оңдасын,

    Орындаңыз парыз,уәжіп, сүннәтін.

    Шаһария мен асхаблар қолдасын,

    Періштелер, Ридуандар торласын,

    Жан беруде болсын иман жолдасын,

    Орынданыз парыз, уәжіп, сүннәтін!

    1

    Махшарда сират көпірі, мизан тұрғай,

    Силсала мазхаб имам тұргай қорғай.

    Хақ Расул шапағаты нәсіп болғай,

    Тапсырыңыз парыз, уәжіп, сүннәтін.

    Қуандырса амалнама біздерді,

    Оннан беріп қуандырса жүздерді,

    Нұрландырып Лиуал хамді жүздерді,

    Тапсырыңыз парыз, уәжіп, сүннәтін.

    Жол ислам ықыласпен сүйіңіз,

    Сүттей болып иманменен ұйыңыз.

    Инша Аллаһ жаннат дейді сыйыңыз,

    Тапсырыңыз парыз, уәжіп, сүннәтін.

    Құтты болсын бұл мүбәрәк тойларын,

    Жаннат болсын, хауыз кәусар жайларын.

    Қабыл болсын екі дүние ойларын,

    Тапсырыңыз парыз, уәжіп, сүннәтін.

    Туған күнге Хабибуллаһ болдын шат,

    Тойларыңыз Хақ Расулге салған хат.

    Лә иләһә иллаллаһ Мухаммадур расулуллаһ иманың

    Ал, айтайық жамағат, сәлем менен салауат:

    Ассаләту уәссәләму ғаләйкә иә расулуллаһ

    Ассаләту уәссәләму ғалейка иә Хабибуллаһ

    Ғатыры Аллаһумма қаброһул карим биғарфин

    шәзия мин соләтиу уә таслим.

    (3-рет) Аллаһумма солли уа сәлим уа бәәрик ғәләйһ.

    2

    Бисмилләһир-рахман сөзім басы,

    Иррахим махшар күні мүмін асы.

    Аллаһ пен Мұхаммедті зікір етсе,

    Көзінен мүмін адамның келер жасы.

    Достысы бір Аллаһты зікір етер,

    Мақсатқа Аллаһ деген құлы жетер.

    Қуаныш тойлағанға туған күнің,

    Хақ Расул шапағатын нәсіп етер.

    Жаратқан әууел Аллаһ хабиб нұрын,

    Болмаған ешбір нәрсе нұрдан бұрын.

    Балқып нұр терлегенде тамшы ағып,

    Жаратқан тамшылардан ғалам сырын.

    Жаратқан күн мен ай, жер барша ғалам,

    Ғаршы күрсі, жаннат, тамұқ бәрін тәмәм,

    Ләухул-мафхуз мунтаһа хабибі ушін,

    Кулли шайин қадир хақ тағалам.

    Жаратып топырақтан атамызды,

    Кешіргей Хақ Субхән атамызды.

    Осы сый құрметі үшін хабибуллаһ,

    Тілек пен қабыл еткей батамызды.

    Хабиб нұры беріп сәлем атамызға,

    Атамнан нұр көшіпті Хаууа ұлық анамызға.

    Шиш, Идрис, Нұх, Мұса әрбір мұрсалдардан,

    Жетіпті Ибраһим Халилуллаһ бабамызға.

    Осылай нұр ауысып бірден-бірге,

    Тәурат, Інжіл, Забурда осылай түрде.

    Арабта Құрайыш һашим руы аймағынан,

    Нұр көшкен Абдуллаһтан Әминаға.

    Абдуллаһ опат болып қалған ана,

    Құрсақта жетім еткен Хақ тағала.

    Туғанда дұға етіп періштелер,

    Сиратул мунтаһа Лаухил – Күрсі, Ғаршы ағла.

    3

    Нұр қожасы әууәл ахир Нұрмұхаммәд

    Жүректе мүмін досы ғашықтық дерт.

    Тұрсаңдар құрмет үшін хабибуллаһ,

    Салауат хақ расулге сәлем бер, жет.

    Ассаләту уәссәләму ғаләйкә иә расулуллаһ

    Ассаләту уәссәләму ғалейка иә Хабибуллаһ

    Ғатыры Аллаһумма қаброһул карим биғарфин шәзия мин соләтиу уә таслим.

    (3-рет) Аллаһумма солли уа сәлим уа бәәрик ғәләйһ.
    Туарда болған тамаша,

    Болмады жалғыз онаша.

    Хор қыздары келіпті,

    Періштелер сап-сап жанаса.
    Қақпасы жәннәт ашылып,

    Жаһаннамдар бабы жабылып.

    Келген Әсия, Мариям,

    Жұмақтан нұр шашылып.
    Қуанышпен жүздері,

    Ғабдылманаф қыздары.

    Ридуан уилдан келіпті,

    Хорлығайын өздері.
    Ақ киімді жігіттер,

    Қуаныш сөзбен үгіттер.

    Қанаттары жақұттан.

    Тұрған түрлі-түсті перделер.
    Перделер нұры айнадай,

    Қызықтар толған айналай.

    Анасы білмей қалыпты,

    Туғанын Хабиб аймалай.

    4

    Анасы көріп баласын,

    Сәждеде жатқан данасын.

    Үммәтім деп сөз сөйлеп,

    Сәбиге қайран қаласың.

    Хорлар қола алыпты,

    Ғұсыл қып орап салыпты.

    Ғанбар, жұпар аңқыған,

    Жөргекті нұрға малыпты.

    Айтылып азан һәм қамат,

    Дүниеде мәшһүр Мұхаммад.

    Ғаршы күрсі Лаухулда,

    Аталған есімі – Ахмад.

    Баршамыз оның үммәті,

    Мойнымызда сүннәті.

    Салауат, сәлем айтайық,

    Тұрмақ тоймен құрметі.

    Мейрам еткен дәл бүгін, бұрынғының сүннәті,

    Құтты болсын мәулітің, нанған оның үммәті...

    Ассаләту уәссәләму ғаләйкә иә расулуллаһ

    Ассаләту уәссәләму ғалейка иә Хабибуллаһ

    Ғатыры Аллаһумма қаброһул карим биғарфин

    шәзия мин соләтиу уә таслим

    (3-рет) Аллаһумма солли уа сәлим уа бәәрик ғәләйһ.

    Аталған салауттар оқылып барша жамағат орындарынан тұрып, қолдарын намазға тұрғандай байлап, тік түрған қалпы төмендегі мадақ жырды оқулары керек:

    5

    Дүниеге кіріп рахмет нұр,

    Ғаламда ғажап түрлі сыр.

    Тұрып жатып сәжде де,

    Үммәтім деп айтып тұр.

    Құрсақта жетім атадан,

    Туып жетім анадан.

    Тәрбие түрлі болыпты,

    Жастай қалып бабадан.

    Он сегізге жетеді,

    Көрген жан құрмет етеді.

    Кіммен бірге болса да,

    Шарапат нұры өтеді.

    Сөйлесе сөзі бал болады,

    Өсіп қамал нұр толды.

    Қырыққа жасы жеткенде,

    Пайғамбарлық жол келді.

    Хақ сәлемі бұл депті,

    Аллаһты зікір қыл депті.

    Ислам діні,бес парыз,

    Жаннатқа барар жол депті.

    Қабыл алып сәлемді,

    Оқыған Құран-Кәләмді.

    Нұрды шашып әр тарапқа,

    Ашқан бақыт ғаламды.

    Үммәті оған наныпты,

    Шариғатқа қаныпты.

    Парыз, уәжіп, сүннәтін,

    Орындапты алыпты.

    Жолдастары шаһар жар,

    Көп жамағаты асхаблар.

    Мұсылман, мүмін баршасы,

    Силсалә мазһаб имамдар.

    6

    Некесінде Хадиша,

    Сыдық қызы Айша.

    Ақ бұлт болған көлеңке,

    Ғұмыр бойы тамаша.

    Тұрсаңыздар жамағат,

    Құрметті той Мұхаммаді.

    Салауат, сәлем айтайық,

    Баршадан бар ғой құрмет хат.

    Ассаләту уәссәләму ғаләйкә иә расулуллаһ

    Ассаләту уәссәләму ғалейка иә Хабибуллаһ

    Ғатыры Аллаһумма қаброһул карим биғарфин

    шәзия мин соләтиу уә таслим.

    (3-рет) Аллаһумма солли уа сәлим уа бәәрик ғәләйһ.

    Жолын ислам тартқан,

    Мүминге Кәләм нұрын қаратқан.

    Мұғжизалар көрсетіп,

    Кәрәмәтті ғажап санатқан.

    Мұғжизаны көргені,

    Хақ Зүлжала бергені.

    Бармағынан бал ағып,

    Шөлді жолда жүргенде.

    Шақырса тас, ағаш та келеді,

    Көлеңке сая береді.

    Жеміс беріп қу ағаш,

    Жолдасы ризық жер еді.

    Өлікті де тіргізген,

    Көп ғажапты көргізген.

    Мың сегіз жүз жыл өткен,

    Қайдарымды тұрғызған.

    7

    Бұл ғажапты көргендер,

    Тірілгенде өлген ер.

    Нұрға толған иманмен,

    Хақиқат жолын білгендер.

    Мұғжизаны көрсе де,

    Хақ екенің білсе де.

    Мұнафиқ, кәпір, тәкаппар,

    Пасық боп жүрсе де.

    Қарсы болған кәпірлер,

    Жаһаннам орны отты жер.

    Ас пен уаиил басқа да.

    Әбу ләһәб, Әбужәһил яһудилер.

    Ғатбаны соққан арыстан,

    Ай жарылған алыстан.

    От шұңқырдан қашыпты,

    Әбужаһил малғұн намыстан.

    Осылайша аз хабар,

    Ғалымдар кітап сөз жазар.

    Ахиретке егін жай,

    Дүние деді аз базар.

    Тәубе айтып жан барда,

    Қабірден ғибрат ал назар.

    Бұл жиналған тойларың,

    Намаздай сауап бір базар.

    Салауат, сәлем айтайық,

    Аз мысал нұсқа бұл ғазал.

    Ассаләту уәссәләму ғаләйкә иә расулуллаһ

    Ассаләту уәссәләму ғалейка иә Хабибуллаһ

    Ғатыры Аллаһумма қаброһул карим биғарфин

    шәзия мин соләтиу уә таслим.

    (3-рет) Аллаһумма солли уа сәлим уа бәәрик ғәләйһ.

    8

    Шайхайни, Әбубәкір, Омар жарлар ерген,

    Зунурайни Осман, Алиға кызын берген.

    Жиені Хасан және Нұр Хұсайын,

    Ғалымдар мирасы деп жолына ерген.

    Фатима, Зейнеп, Рұқия, Умміл Гүлсім

    Бұл кыздары.

    Ибраһим, Қасым, Таһир

    Болыпты ұлдары.

    Сүйінші он үш жанға берген хабар,

    Жаннатта жайларын деп радиаллаһу анһумалар.

    Хабаршы Жәбірейілмен хабар жеткен,

    Достысын Хақ Зүлжәлал мейман еткен.

    Аралап Ғаршы,Күрсі, Мунтаһаны

    Бір Хаққа үммәтінің халін арыз еткен.

    Зүлжалал Хабибіне берген сәлем,

    Сырласқан дос пен досы Кәләм тамәм.

    Көз көріп Жұмақты,Тамұқты жан тәнімен,

    Хабибті құрмет етіп Хақ Тағалам.

    Иләһим қабыл алып мінәжатің,

    Миғражда Хақтан алған бар қажетін.

    Келгенше жан алқымға ғафу ет деп,

    Сұраған үмметінің бас азатын.

    Ажал келсе демейді жас, кәрі қарт,

    Нәсіп боп шапағаты болғай жамағат.

    Салауат, сәлем айтайық барлық жайда,

    Әр хәлде болғай баршаларға нұр шапағат.

    Ассаләту уәссәләму ғаләйкә иә расулуллаһ

    Ассаләту уәссәләму ғалейка иә Хабибуллаһ

    Ғатыры Аллаһумма қаброһул карим биғарфин

    шәзия мин солатиу уә таслим.

    (3-рет) Аллаһумма солли уа сәлим уа бәәрик ғәләйһ.

    9

    Алпыс үш жасқа келгенде, түгел халқы ергенде

    Танытып дінің бергенде, сүннәтулла алдында.

    Алладан хабар айтылды, нығмет тәмәм жетілді,

    Аллаһу ғаламнан бекілді, сифатулла алдында.

    Разы болды Алласы, берілді нығмет һаммасы,

    Сүйген оның пендесі, Сүннәтулла алдында.

    Сүннәтулла деген сөз, Алланың жолы жасаған,

    Туғанға өлім болмақшы, ноқтаға ажал ұқсаған.

    Ноқталы басқа бір өлім, қашаннан бері айтылған,

    Расулулла туған соң сүннәтулла алдында.

    Оның ажал нәубеті, алпыс үш жаста кез болды,

    Фәни жалған жерге деп айтылған мақал сөз болды.

    Көшті фәни жалғаннан, дүйсенбінің күнінде,

    Ғаламға түсті ауырлық, әсіресе араб еліне.

    Ұлты түгел арабтың, қабырғасы сөгілді,

    Мәдиналық халықтың көзден жасы төгілді.

    Ер мен әйел баршаның қан жүрегі езілді,

    Ақылынан айырылып, жердің үсті күңіренді.

    Сонын бірі ер Омар, өлгеніне нанбаған,

    Пайғамбар өлді дегенде, басын кеспек болған ол.

    Қылышын ұстап қолына сол қаһармен тұрған ол,

    Үстіне келіп Әбубәкір, сұрап халмен танысқан.

    Шешпек боп қиын түйінді, болжаған қарап алыстан,

    Әдеппен кіріп хұжраға, ашып бетін көреді.

    Тірліктің кетіп белгісі, өлгенің анық біледі,

    Жылап сүйіп маңдайдан елжіреп күйіп тоқтарға.

    Қайтадан сыртқа шығады, сабырлық қылып зарменен,

    Халыққа қарап айтады, шешен тілмен сол Сыддық.

    Аллаға болса құлшылық, Алла тірі өлмейді,

    Өзгеру деген еш уақыт, бір Аллаға келмейді. Мұхаммед өлді анық біл, туған адам өлмекші,

    Бір емес қанша бар адам, бәрі де жерге кірмекші

    10

    Көп пайғамбар бәрі өлді, мезгілді күнде жөнелді,

    Бұлда сондай Расул деп, аяттан оқып сөз берді.

    Есін жиды ер Омар, аятты естіп оқыған,

    Білмегендей боп қалды, қылышы түсті қолынан.

    Пайғамбардың өлімі, зор болды аса мұсифат,

    Еңіреп жылап,босап ер, әйел, күңіренді, иесіз қап.

    Өзі өлседе хақ жолы, бұтақтап жайып тамырын,

    Жоғалта алмас ешбір зат, ереміз нанып жолына.

    Өлім сүннәт көрмегі,

    Мезгілді күнде бермегі, тілейміз одан шапағат.

    Майданында ғарасат, сондай затқа салауат,

    Қанша айтсанда жарасат.

    Айтыныздар сансыз салауат, салауатта, салауат!

    Ассаләту уәссәләму ғаләйкә иә расулуллаһ

    Ассаләту уәссәләму ғалейка иә Хабибуллаһ

    Ғатыры Аллаһумма қаброһул карим биғарфин

    шәзия мин соләтиу уә таслим.

    (3-рет) Аллаһумма солли уа сәлим уа бәәрик ғәләйһ.

    Мәуліт батасы: Я,Роббил ғәләмин, осы мәуліт шариф үшін жиналған жиылысымызды мубарак қайырлы қыла көр. Дін мұсылман бауырларының жүрек көздерін бір-біріне махаббаты қыл. Бұл мәуліт жиылысымызға себепкер болған адамдардың мұрат мақсаттарына жетуге, әр ісіне береке беріп қияметте әрқайсымызға расулулланың (с.ғ.с.) шапағатын нәсіп қылғай. Осында оқылған құран және салауаттардың сауабын Алла тағала өз дәрғайында қабыл қылып, ғаламның мақтанышы болған пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) рух шарифіне, әһлі бәйті үй іші һәм сахабаларға, шарапатты ғалымдардың рухтарына және де осы мәжліске қатысқан үлкен кішінің ата-бабаларының рухтарына бағыштаймыз. Алла тағала баршамызға жақсы мінез, онды амал, көнілімізге тауфиқ беріп тура жолдан тайдырмасын. Барлық ауру-сырқау, пәле-жала, апаттардан аман сақтасың !

    11


    написать администратору сайта