пров. Аяхат жне туризм адамны мір салтын білдіретін
Скачать 193.05 Kb.
|
аяхат және туризм – адамның өмір салтын білдіретін, бір- бірімен тығыз байланысты ажыратылмас екі түсінік. Бұл демалу, спорт, айналаңды тану, сауда, емделу және т.б. іс-әрекеттер. Бірақ саяхаттың басқа да демалу түрлерінен айырмашылық жасайтын факторлары болады: адамның өзінің тұрғылықты, тұрақты орнынан басқа елге, жерге саяхаттауы. Саяхатты жеке адамдар, бір мақсатты қудалайтын адамдар тобы, экспедициялар, сонымен қатар құрамында жүздеген, тіпті мыңдаған мамандар бар әскери экспедициялар, дипломаттар, мигранттар мен келімсектер жасауы мүмкін. Кейбір халықтар үшін саяхаттау ғасырлармен қалыптасқан, тұрғылықты орындарының климаттық ерекшеліктерінен туындаған өмір салтына айналып кеткен. Оларға белунджилер, бедуиндер, сығандар және т.б. сияқты көшпелілер жатады. Көшпенділер малдарымен бірге жыл сайын жайлаулардың баршылығына байланысты бір жерден екінші жерге көшіп жүреді, оларға тіпті елдердің шекаралары бөгет бола алмайды. Мысалы, белунджилер әрдайым Пәкістаннан Ауғанстанға сөйтіп көшіп жүреді. Саяхат – адамдардың кеңістік пен уақыттағы орын ауыстыруларын білдіретін жалпылай мағынасы көп әрі терең термин. Сонда, саяхат - адамдардың кеңістік пен уақыттағы орын ауыстырулары, ал мақсаттарына, бағыттарына, орын ауыстыру құралдарына, уақыт аралықтарына тәуелсіз саяхатты жасайтын адам – саяхатшы. Саяхат ерекшеліктеріне байланысты саяхатшыны теңізші, ғарышкер, бизнесмен, зерттеуші ретінде қарастыруға болады. Белгілі сипаты, ұйымдастырылуы және жүзеге асырылуы кезінде, саяхат туристік қызметтің бір бөлігі болып табыла алады. Статистика мақсатында саяхаттаушы адамды сонымен бірге «келуші» деп те атайды. Кейбір елдердің ұлттық заңнамасы «саяхат» терминіне нақты анықтама береді. Мысалы, АҚШ –тың ұлттық саяхаттарды зерттеудің жүргізілуін бақылайтын Санақ бюросы саяхат сөзіне келесі анықтама берді: «тұрғылықты орнынан 100 мильден әрі орын ауыстыру». Бірақ «Ұлттық саяхаттарды қарастыру» -да (1963, 1967 жж.) келесі сөздермен толықтырылған анықтама беріледі : «немесе қаладан тыс бір немесе бірнеше түнге». Вашингтонда орналасқан АҚШ туризмі бойынша мәліметтер орталығы өз жұмысында АҚШ Санақ бюросы қалыптастырған анықтамаға сүйенеді. Санақ бюросы сияқты АҚШ туризмі бойынша Мәліметтер орталығы саяхат анықтамасынан жол жүрулердің келесі түрлерін алып тастаған: теңіз кемелері, теміржол пойыздары, әуе кемелері экипаждарының орын аустырулары; қызмет мақсаттарымен адамдардың аудандар, елдер арасындағы орын ауыстыруы; адамдардың білім алу мақсатымен орын ауыстыруы. Туризм болса, саяхаттардың жеке құбылысы ретінде нақты шектерге, сипаттарға және мағыналық жағынан көптеген анықтамаларға ие. Саяхатқа қарағанда, туризм – экономиканың зор әсеріне және, ерекше, жалпылай саяхат түрі, әрі осы саяхаттарды ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша іс-әрекет болып табылғасын, ішкі табиғи құбылысының дуализміне ие категория. Туризмнің классикалық анықтамасын беріп, оның құрамдас бөліктеріне терңірек анықтамалар келтірейік. Туризм – демалу, емделу, қонаққа бару, танымдық немесе кәсіби-қызметтік мақсаттардағы адамдардың ақылы қызметпен байланыссыз, бос уақыттағы өздерінің тұрғылықты орындарынан басқа елге немесе жерге уақытша орын ауыстыруы. Келесі факторларды атап өткен жөн: А) түсініктердегі шектеулердің көбі тек эконономикалық сипатта болады; Б) анықтамаларлың өзі халықаралық туристік статистика мақсаттары мен қағидаларына сәйкес қызмет атқарады; В) статистикалық бағалау мен салыстыруға жататын категорияларға бірқалыпты халықаралық түсініктің талаптары қойылады. Туризмнің негізгі ерекешеліктері: 1. Саяхатқа қарағанда, туризм – бұл адамдардың барынша қысқа уақыт аралығындағы орын ауыстыруы. Ұзақ саяхаттар адамдардың тек кейбіреулерімен ғана орындалады. Ал туризм болса, ХХ ғасырдың жаппай құбылысы. Ол өзінің дамуын қоғамда қалыптасқан саяси-экономикалық жағдай арқасында алды. Адамдар енді жыл сайынғы қысқа (2-3 апта) демалыс алуға құқылы болды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін (1939-1945жж.) адамдардың өмір сүру деңгейлері жоғарылап, енді олардың қысқа уақыттық араға саяхатқа шығуларына арнап ақша бөлулеріне мүмкіндіктері болды. Әуе кемелеріндегі трансконтинентальды ұшулар эрасын ашқан дамыған транспортық құралдар жердің кез-келген бұрышына саяхаттауға жаңа мүмкіндіктер ашты. Статистика бойынша, демалыс күндік туризмнің үлесі басқаларына қарағанда барынша көп (2-3 күн), әрі қарай шағын туристік саяхаттар кетеді (6-7 күн), барынша аз үлеске 8-12 күндік турлар ие. Басқа бұдан да ұзақ мерзімге созылған туристің саяхаттар статистикадан тыс қалады, себебі олардың жалпы массадаға үлесі өте төмен. 2. Туризм үшін адамның тұрғылықты орнын анықтау қажеттілігі өте жоғары. Туризм адамдардың туризм мақсатындағы тұрғылықты орындарынан басқа елге не жерге орын ауыстыруын ескереді. Тұрғылықты орын аумағындағы орын аустырулар туризмге жатқызылмайды, мысалы күнделікті жұмысқа барып-келу. 3. Бос уақыт периодын анықтау туризмді демалу тәсілі ретінде қарастырудың жалпы түсінігінен шығады. Ол туризмнің кейбір түрлері үшін барынша әділ емес, мысалы қатысушылары жол жүруде көбіне фирма жіберген мамандар ретінде болатын, кәсіби-қызметтік туризм үшін. 4. Туризм мақсаты ең негізгі категория болып табылады. Туризмнің басты мақсаттары: ойын-сауықтыру (аттрактивтілік), рекреациялық және танымдық. Туризмнің екінші реттік мақсаттары: сауықтыру және емдік, әрі қарай кәсіби-қызметтік, қонаққа бару және т.б. туризм мақсаттары кетеді. 5. Туризм – жергілікті халықтың жұмысбастылығын, қонақүйлер мен отельдердің, мейрамханалардың, көрмелік іс-шаралардың толтырылуын, шетелдік валюта келуін қамтамасыз ететін, көптеген елдер экономикасының басты құрамдас бөлігі. Туризм белгілі аймаққа немесе мемлекетке пайда әкелетін жергілікті туристік ресурстарды пайдалануға негізделген. Туризм оны құрайтын қызметтеріне және халықтың қызмет көрсету категориясына байланысты ішкі және халықаралық болып бөлінеді. Ішкі туризм – белгілі бір мемлекет азаматтарының демалу, танымдық, спортмен шұғылдану және т.б. мақсаттармен тұрғылықты орындарынан осы елдің территориясы аумағында орын ауыстыруы. Ішкі туризм бөлек сала болып табылмайды, ол ұлттық өмірдің барлық басқа да секторларымен байланыста болады. Халықаралық туризм – туризм саласы кәсіпорындарының жүйелі әрі бір мақсатты қудалайтын іс-әрекеті. Бұл салаел аумағындағы шетелдік туристтерге туристік өнім мен қызмет көрсетумен (кіру туризмі) және туристік өнім мен қызметті шетелде көрсетумен (шығу туризмі) сипатталады. Көптеген елдердегі туризм – экономикалық жағынан пайдалы және табысты сала ретіндегі мемлекеттің қарамағында болатын іс-әрекет. Сонымен қатар ұлттық туризм деген түсінік бар. Ұлттық туризм –ішкі және шығу туризмі саласындағы іс-әрекеттердің жиынтығы, яғни өз мемлекетінің тұрғындары арасындағы туристерге қызмет көрсету. Ұйымдастыру тәсіліне байланысты туризм жоспарлы және харекетшіл болып бөлінеді. Жоспарлы туризм – туризм ұйымдастырушылары – туроператорлармен өңделетін және жүзеге асырылатын туризмнің кез-келген түрі. Жоспарлы туризм заң және нормативті актілер арқылы мемлекетпен реттеледі. Ол жаппай туризм индустриясының негізін құрайды. Жоспарлы туризмнің негізін Томас Кук салған. Ол 1849 жылы туристік қызметтер пакетін сатуды ойлап тапқан: тасымалдау, экскурсиялар және тамақтандыру. Жоспарлы туризм әртүрлі коммерциялық кәсіпорындар мен кәсіпкерлер қызметтерінің басты құрамдас бөлігі болып табылады. Харекетшіл туризм – ерікті әуесқойлық негізде жасалатын қоғамдық туристтік іс-әрекеттің спецификалық түрі. Харекетшіл туризм өзіндік нормативтік актілерді, өзіндік туристік методикалық әдебиеттерді және мерзімдік басылымдарды шығаратын, туристік әрекетті реттейтін, саяхаттарды, туристік слеттарды және жарыстарды ұйымдастыратын ерікті туристік одақтардың, бірлестіктердің және туристің клубтардың іс-әрекеттеріне негізделеді. Харекетшіл туризмнің туристік қоғамдық тәжірибенің бағыттарын, сипатын, құрамын, туристік дағдылар мен машықтарға үйрену міндеттерін анықтайтын жоспарлы -нормативтік негіздері бар. Әлеуметтік туризм –әлеуметтік мақсаттарға бөлінген қаражатқа субсидияланатын туризм түрі. Оның мақсаты – оқушыларға, жастарға, зейнеткерлерге, мүгедектерге, соғыс пен еңбек ардагерлеріне сапарлауға жағдай жасау. Бұл тәртіп 1980 жылы Манильдік әлемдік туризм декларациясында бекітілген. Әлеуметтік туризм қарастырады: - әлеуметтік мақсаттарға бөлінген қаражатқа субсидияланатын саяхаттар, туристік әрекеттің, емделудің және демалудың басқа да түрлері; - әлеуметтік туризмнің әлеуметтік турларын, бір реттік қызметтерін ұсыну және іске асыру бойынша кәсіби іс-әрекет саласы; - әлеуметтің туризм қатысушыларының қоғамдық қозғалысы ретінде. Туризм факторы ретінде рекреация терминін қарастырайық. Рекреация – адам күшінің кеңейтілген өдірілуі (физикалық, интеллектуалды, эмоционалды). Кейбір зерттеушілермен рекреация адамның өндірістік күші қалпына келетін уақыт аралығы, немесе қалпына келтіруге арналған әс-әрекет ретінде қарастырылады. АҚШ ұлттық туризмі саясатын зерттеу орталығы «саяхат», «туризм» және «рекреация» терминдеріне келесідей анықтамалар берген: 1. Саяхат - адамдардың ақылы қызметпен байланыссыз өздерінің тұрғылықты орындарынан басқа елге немесе жерге уақытша орын ауыстыруы. 2. Туризм –«саяхат» сөзінің термині. 3. Рекреация – бос уақыттарын пайдаланумен айналысатын адамадардың іс-әрекеті. Рекреацияға жеке немесе топтық спорттық, интеллектуалдық жарыстарға, ойын-сауықтарға активті және пассивті қатысу да жатады. 1963 ж. БҰҰ Римдегі халықаралық туризм бойынша Конференциясында туристтік дефинициялар сұрақтары қарастырылды. Ол жерде турист ұғымының анықтамасы қабылданған болатын (сурет 2). Турист – турды, туристік өнімді немесе туристік қызметтерді тұттынушы; өзінің азаматтығына, ұлтына, жынысына, тіліне және дініне байланыссыз аумақтың, ауданның немесе елдің уақытша келермені; берілген аумақта 1 жыл ішіндегі 24 сағаттан кем емес, бірақ 12 айдан артық емес уақытқа келермен, немесе өзінің тұрғылықты орнынан тыс, бірақ елінің шекарасында және аз дегенде бір түнейтін келермен; демалу, емделу, қонаққа бару, танымдық немесе кәсіби-қызметтік мақсаттардағы ақылы қызметпен байланыссыз орын ауыстыратын адам. Сурет 2 – 1963ж. БҰҰ халықаралық Конференциясы Ескерту: Сурет ғаламтордан алынған Туризм қатысушылары: Халықаралық (шетелдік) турист. 1937 жылы Ұлттар Лигасының Статистикалық эксперттер комитетінде шетелдік туристке келесі анықтама берілген: туризм мақсатында өзінің тұрғылықты орны болып табылмайтын елден басқа елге 24 сағаттан кем емес уақытқа ақылы қызметпен байланыссыз саяхаттайтын адам. Халықаралық турист болып келесі саяхатшылар саналады: - демалу, емделу, қонаққа бару және т.б. мақсаттағы; - семинарлар мен конгресстерге қатысу мақсатымен; - кәсіби мақсаттағы; - теңіздік круиздегі, тіпті кемеде 24 сағаттан аз болса да. Туризм статистикасында халықаралық туристерге келесілер жатқызылмайды: - шетелдік жұмысшылар; - мигранттар; - 6 айдан артық уақытқа оқу мақсатындағылар; - отбасымен қоса алғандағы әскери қызметкерлер; - дипломатиялық қызмет жұмысшылары; - көшпенділер мен қашқындар, мәжбүр еткен қоныс адарушылар; - шекаралық аудандардың жұмыс іздеп ылғи миграциялайтын тұрғындары; - транзитті саяхатшылар; - түнеу автобустарындағы, пойыздарындағы, теңіз-әуе кемелеріндегі сол жерде түнейтін саяхатшылар тобы; - ел арқылы тоқтамастан өтетін саяхатшылар. Бұл шектеулер БҰҰ документі – Халықаралық туризм бойынша уақытша нұсқауында жарияланған принциптерге (1978 ж.) сай келеді. Ішкі турист. Түнейтін уақытша келіп-кетуші, яғни келген жерінде кемінде 1 рет түнейтін, әрқашан белгілі жерде тұратын, және өзінің елі аумағында туризм мақсатымен ақылы қызметпен байланыссыз басқа жерге саяхаттайтын адам. АҚШ Ұлтық комитетінің туристік ресурстарды анализдеу публикацияларында (1973 ж.) ішкі туристке келесі анықтама беріледі: өзінің тұрғылықты орнынан 50 мильге тыс кәсіби, танымдық, жеке және басқа да мақсаттарында ақылы қызметпен байланыссыз саяхаттайтын, және 1 рет түнейтін немесе дәл сол күні қайтатын адам. Ішкі туризм статистикасында ішкі туризм категориясына келесілер жатқызылмайды: - жеке мақсаттар бойынша тұрғылықты орнын белгілі ел аумағында ауыстыратын тұрақты тұрғындар; - ақылы қызметпен байланысты елінің аумағында басқа жерге орын ауыстыратын адамдар; - уақытша жұмыс мақсатындағы ел аумағында орын ауыстыратындар; - қызмет кезіндегі әскери қызметкерлер; - көшпенділер мен қашқындар, мәжбүр болған қоныс аударушылар; - транзитті жолаушылар; - түнеу автобустарындағы, пойыздарындағы, теңіз-әуе кемелеріндегі сол жерде түнейтін саяхатшылар тобы. Экскурсант. Аумақтың, ауданның немесе елдің өзінің азаматтығына, жынысына, тіліне және дініне тәуелсіз туризм мақсатыдағы 24 сағаттан аз уақытқа келген уақытша (біркүндік) келіп-кетуші. Экскурсанттар категориясына яхталар мен басқа да круизді кемелердің жолаушылары, туристік теміржолдық маршруттардың қатысушылары жатады. Экскурсанттар туризм статистикасында есептелмейді. Келіп кетушілер. 1963 жылы Римде өткен БҰҰ халықаралық туризм Конференциясы «келіп кетуші» терминіне келесідей анықтама берген: тұрғылықты орнынан тыс елге ақылы қызметтен басқа кез-келген мақсатпен келетін жеке адам. Бұл анықтамаға кіреді: Елде кем дегенде 24 сағатқа қалатын және келесі бағыттарды мақсат ететін уақытша келіп кетушілер ретіндегі туристтер: - демалу, емделу, білім алу, қажылық, спорт және т.б. - кәсіби жол жүрулер, қонаққа бару, конгресстерге қатысу. Елде 24 сағаттан кем емес уақыт болатын уақытша келіп кетушілер ретіндегі экскурсанттар. 1967 жылы БҰҰ Комиссиясымен шақырылған эксперттік статистикалық топ елдерге 1963 жылы Римде қабылданған «келіп кетуші» анықтамасын пайдалануды ұсынған. Бұл анықтамада олар келіп кетушілердің ерекеше бір классын бөлген – «біркүндік келіп кетушілер» немесе «экскурсанттар». Бұлар өз кезегінде шекараны қызметтік мақсатта өтетін біркүндік экскурсанттар мен адамдар және қонақүйлерде түнемейтін круиздердің жолаушылары мен транзитті пассажирлер болып бөлінеді (кесте 1). Кесте 1 – Келіп кетушілердің топтастырылуы
Жалпы кез - келген саланың жалпылай қабылданған маңызды түсініктері, яғни дефинициялары болады. Олар әдетте бәріне түсінікті, белгіленген бір анықтамасы бар ұғымдар. Бұл ұғымдардың осы саладағы маңызы өте зор. Дәл солай туризм саласында да. Қазіргі таңда туризм түсініктерін қалыптастыру маңыздылығы жылдан-жылға артуда. Себебі туризмнің әрбір ел экономикасындағы және жалпы әлемдік экономикадағы орны ерекше. Ал аталған туристтік түсініктердің халықаралық, мемлекетаралық, және жалпы елішілік қатынастардағы маңызы, қажеттілігі өте зор. Яғни нақты, жалпылай қабылданған ұғымдардың, түсініктердің болуы – тек туризмнің ғана емес, кез-келген саланың жұмысын жеңілдетеді. Аталған туристтік түсініктер мәселесімен арнайы БҰҰ, ДТҰ сияқты халықаралық ұйымдар айналысады. Тек осы фактының өзінен туристтік түсініктердің қаншалықты маңызды екенін көреміз. Жалпы, туристтік түсініктердің барлығы дерлік туристтік қызметке, туризм индустриясына негізделеді. Бұндай туристтік анықтамалардың көбі халықаралық деңгейде қабылданады да, кейін әрбір мемлекет заңнамасымен ресми түрде бекітіледі. Қорытындылай келе, келесі түйіндерді келтіргім келеді: 1) туризм дамуы ондағы туристтік түсініктерге тікелей байланысты; 2) туристтік түсініктердің қалыптасуы - өте күрделі және маңызды процесс; 3) туризмдегі негізгі ұғымдар өзара байланысты, және мағыналары бірінен-бірі туады; 4) туристтік терминдерді білу, ұқсастарын бірінен-бірін айқындай білу – тек туризм мамандары үшін ғана емес, жалпы кез-келген заманауи адамға керекті іс, қасиет. |