Главная страница

7 ктж әдебиет. аза дебиеті пнінен жаартылан мазмндаы лгілік оу бадарламасын жзеге асыру бойынша за мерзімді жоспар


Скачать 66.28 Kb.
Названиеаза дебиеті пнінен жаартылан мазмндаы лгілік оу бадарламасын жзеге асыру бойынша за мерзімді жоспар
Дата02.05.2023
Размер66.28 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла7 ктж әдебиет.docx
ТипАнализ
#1101667
страница2 из 3
1   2   3


Түсінік хат

Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-сыныбына арналған қазақ әдебиеті пәнінің орта мерзімді жоспары Кіріктірілген білім беру бағдарламасына негізделіп құрастырылды. Оқу жоспары 7-сынып оқушыларының қазақ әдебиеті пәні бойынша білімі мен түсіну, жауап беру, анализ және интерпретациялау, бағалау, салыстыру дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға бағытталған.

Оқу жоспарының мазмұнында қазақ әдебиеті пәнін оқыту барысында қалыптастырылатын коммуникативтік дағдыларға сілтеме, оқыту мақсаттары, оқытуда ұсынылатын әдіс-тәсілдер жүйесі, мұғалімге ескертулер мен оқыту ресурстары бөлімдері қамтылды.

5-сыныпта қазақ әдебиеті пәнін оқытудың жылдық жүктемесі - 68 сағат, аптасына – 2 сағат.
Оқу мақсаттарымен жұмыс.

Оқушылар «Түсіну және жауап беру» дағдысы бойынша әдеби шығарманың жанрын, тақырыбы мен идеялық мазмұнын анықтайды. Көркем шығармадағы кейіпкердің портреті мен іс-әрекеті арқылы танылатын образын ашады. Көлемі шағын үзінділерді жаттау арқылы есте сақтау қабілеті дамиды. Көркем мәтіндерді оқу арқылы оқушыда мәтіннің мәнін түсіну, мәнерлеп оқу дағдылары қалыптасады. Көркем мәтінді оқу оқушылардың тұлғасы дамып-жетілуін, оның интеллектісі, сөйлеу әрекетінің төрт негізгі түрі (тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу) қалыптасуын, оқырмандық әрекеті мен қызығушылығы дамуын, осылар арқылы оқу әрекеттері компоненттері мен жан-жақты машық-дағдылар қалыптасуын қамтамасыз етеді. Оқушының көркем мәтінді ажырата тани алуы үшін, әрқайсысының маңыздылығын түсінуі, оны өмірлік жағдаяттарда саналылықпен қолдана алуы үшін оқудың саналы оқу, дұрыс оқу, жүгіртіп оқу, мәнерлеп оқу т.б. түрлері қолданылады.

Оқушылар әдеби шығарманың құрылысын, композиция жасалу тәсілдерін, екі нәрсені, құбылысты (оқиғалар желісін, кейіпкерлерді т.б.) салыстыра суреттеу мен қарама-қарсы суреттеу тәсілдерін меңгере отырып, «Анализ жасау және интерпретациялау» дағдыларын қалыптастырады. Эпикалық шығармадағы жазушының авторлық тұлғасының көріну қалпын, суреткерлік шеберлігін анықтайды. Көркем шығармаға түрлі деңгейдегі талдау жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың ойлау қабілеттері (шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлау т.б.) дамиды. Мәтінмен жан-жақты жұмыс жасау үдерісінде қаламгердің тілдік көркемдегіш құралдарды қолдану лабораториясына талдау жасайды. Шығармадан алған әсерін сипаттайды, авторға арналған хат, өлең жазады.

Көркем шығарманың бейнелі-мәнерлі тілдік құралдарын қабылдай алу, автор жасап шығарған өмір картинасын санасында орналастыру, көркем мәтіндегі себеп пен салдардың байланысын анықтау, көркем шығармадағы автордың көзқарасын түсіну, мәтіннің негізгі ойын, идеясын анықтау (мұғалімнің көмегімен) т.б. талдау әдістерін қолдануды меңгереді.

Оқушылар орындайтын ауызша және жазбаша жұмыстар арқылы «Бағалау және салыстыру» дағдылары қалыптасады. Салыстыру тәсілінің мынадай түрлерін меңгереді:

  • салыстырылатын нысандардың тек ұқсастығын табуды мақсат ететін салыстыру;

  • салыстырылатын нысандардың тек айырмашылығын табуды мақсат ететін салыстыру;

  • салыстырылатын нысандардың ұқсастығы мен айырмашылығын қатар табуды мақсат ететін салыстыру.


Оқушылар көркем шығармадағы жекелеген эпизодтар арқылы тарихи құндылықтар мен кейіпкерлерді талдап танып, ол құндылықтарды шынайы өмірмен байланыстыра отырып бағалайды. Шығарма кейіпкерін өзіндік құндылық болмысы тұрғысынан талдап, нәтижесінде әдеби эссе, оқырман ретінде өзінің рухани дүниесіне берген әсерін бағалайтын сыни хабарлама жазады. Көркем шығармаларға түрлі мақсаттағы салыстырмалы талдау жасау дағдысын дамыту үшін сыныптан тыс оқитын қосымша әдебиеттер тізімі ұсынылады және жергілікті ақын-жазушылардың шығармашылығымен байланыстыру мүмкіндігі беріледі.

Қазақ әдебиеті пәні бойынша бір сабақта бір немесе бірнеше оқу мақсатын алуға болады. Мұғалім оқу мақсаттарының комбинациясын шебер пайдалана білуі керек.

Пәнаралық байланыс.
Әдебиет пәні мектепте оқылатын басқа тіл пәндерімен, тарих, жаратылыстану, бейнелеу өнері, музыка және басқа да пәндермен тығыз байланыста үйлесім табады. Пәнаралық байланыс – оқытудың ерекше категориясы болғандықтан, оқушылардың әдебиеттен жүйелі білім алуын күшейтіп, оқу әдістерін белсендіреді. Әдебиет сабағындағы пәнаралық байланыс оқушылардың эстетикалық талғамын және сурет, музыка, кино өнерлеріне ұмтылысын қалыптастырады. Шығармадағы тарихи шындық пен көркемдік шешім көрінісін, топонимикалық, ономастикалық атаулардың маңыздылығын түсіне отырып, оқылған шығарманы бейнелеу және музыка өнерімен ұштастыра отырып, пәнаралық байланысты кеңінен қолдану оқушының дүниетанымын қалыптастырады.

Әдіс-тәсілдер туралы.

Қазақ әдебиеті пәнін оқытудың педагогикалық тұғырлары «Құндылық бағдарлы оқыту», «Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру», «Дамыта оқыту», «Тұлғалық бағдарлы оқыту», «Әрекет бағдарлы оқыту», «Саралай және даралай оқыту», «Коммуникативтік-функционалдық бағдарлы оқыту», «Ақпараттық-коммуникациялық бағдарлы оқыту» бағытында болғандықтан, осыған сай педагогикалық әдістер мен тәсілдер жүйесі қолданылады. Атап айтқанда, әдістер жүйесі мынадай жіктемеде жүйеленді:

  • әңгіме, пікірталас, дәріс, кітаппен жұмыс – репродуктивтік сипаттағы танымдық белсенділікті дамытатын білімді меңгеру әдістері;

  • классикалық проблемалық әдіс (Дьюи бойынша), коммуникативтік жағдаяттық әдіс, идеялар банкі – ми шабуылы, дидактикалық ойындар: еліктеу ойындары, іскерлік ойындары – оқушылардың өзіндік жұмыс арқылы шығармашылық танымдық белсенділікпен проблемаларды шеше отырып білім алу әдістері;

  • импрессивтік әдістер, экспрессивтік әдістер, шығармашылық тапсырмаларды орындау әдістері, оқу-практикалық әдістер– оқушылардың көркем әдебиетті көркем өнердің басқа түрлерімен байланыста қабылдау арқылы танымдық белсенділігін дамыту әдістері;

  • көркем әдебиетті меңгеру арқылы сурет салу, проблемаларды шешудің ең оңтайлы және тиімді жолдарын шешу және таңдау әдістері – шығармашылық міндеттерді жүзеге асыруды көздейтін практикалық әдістер;

  • пікірталас, өзіндік жұмыс, классикалық проблемалық әдістер.



Ресурстармен жұмыс.

Қазақ әдебиетін оқыту үдерісінде оқу материалымен байланысты түрлі үнтаспа, бейнетаспаларды, медиаматериалдарды, бейнероликтерді, ғаламтор материалдарын, электронды оқулықтарды, АКТ құралдарын пайдалана отырып сабақтың тиімділігін арттыру көзделінеді. Сонымен қатар оқыту ресурстарының қоры театр, мұражайлар мен кітапхана, тарихи ескерткіштерге саяхат жасату арқылы кеңейеді.
7-сыныпта оқытылатын көркем шығармалар тізімі
7-сыныпта «Қазақ әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламасында ұсынылған көркем шығармаларды толық оқу міндеттеледі. Сол арқылы оқушыға автордың идеясын толық түсінуіне, шығарманы жан-жақты талдай алу қабілетін дамытуға және оқырмандық қабілетін қалыптастыруға қосымша мүмкіндік болады. Бір шығарманы толық оқып, талдай білген оқушы өз бетімен оқыған шығармасын сыныпта меңгерген дағдылары бойынша барлық әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып, ой елегінен өткізіп, интерпретация жасап, бағалай алады. Сыныпта және өз бетімен оқылатын көркем әдеби шығармалардың табиғи сабақтастығы мен байланыстылығы сақталынып отырады.


«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша күнтізбелік - тақырыптық жоспар

7-сынып

Жылына- 68 с, аптасына - 2 c.

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері

Р/с


Тақырыптар/ Ұзақ мерзімді

жоспардың мазмұны

Оқу мақсаты

Cағат саны

Күні

1-тоқсан 16 сағат




1.Көне күндерден жеткен жәдігерлер

1

1."Қыз Жібек" жыры

7. Т/Ж1.Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау.

1

03.09.19.

2

2.Жадымда жыр боп жатталды

7.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері

тұрғысынан анықтау.

7. Т/Ж4.Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту


1


05.09.19.

3

3.Сұлулық пен парасаттың

жыршысы

7.Б/С1. Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінез демені салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру.

7.А/И3.Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысына талдау жасау


1


10.09.19.

4

4.Атадан қалған асыл сөз

7.А/И1.Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстырады

1

12.09.19.

5

5."Жібектің жайын сұрасаң"

"Сұлу Жібек бар ма екен?"

7.Б/С4. Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу


1


17.09.19.

6

6."Ғашықтық жөні бір бөлек"

7.А/И4. Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу.

1

19.09.19.

7

7.Қазақ халқының даналығы

көрініс тапқан жыр

7.Б/С3.Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.

1

24.09.19.


8

1.Орхон-Енисей ескерткіштері.

"Күлтегін" жыры

7.Т/Ж2. Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау

7.А/И3.Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысына талдау жасау


1


26.10.19.

9


2.Ел тәуелсіздігі үшін күрескен

батырлар

7.Б/С4. Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу

1

01.10.19.

10

3."Күлтегін" жазба ескерткіші

7.А/И1. Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыру

7.А/И4. Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу.

1

03.10.19.

11

4.Ғажайып туынды – "Күлтегін"

7.Б/С1.Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінез демені салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру

1

08.10.19.

12

5.Мәңгілік ел – мәңгілік мұрат!

7.Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу.

7.А/И4. Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан

дамытып жазу
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар.

"Қазақ әдебиеті"(оқыту қазақ тілінде ).7-сынып (68 бет)

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар


1


10.10.19.

13



1.Жиембет жырау.

"Еңсегей бойлы ер Есім" толғауы

"Әмірің қатты Есім хан..."

7.Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу.

7.А/И1. Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу


1



15.10.19.

14


2.Қазтуған жырау

"Туған жермен қоштасу"

толғауы

Атамекен - қонысым

7.Т/Ж2. Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау.

7.А/И3.Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысына талдау жасау
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар.

"Қазақ әдебиеті"(оқыту қазақ тілінде ).7-сынып (70-71 бет) 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар



1


17.10.19.

15

Тоқсандық жиынтық бағалау

Т/Ж1, Т/Ж2; А/И2, А/И3; А/И4, Б/С1;

1

22.10.19.

Тоқсандық жиынтық бағалау

Ескерту! «Қазақ әдебиеті» (оқыту қазақ тілінде) пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы

(7-сынып. 6-10- бет)


16

3."Жиембет пен Қазтуған,

Жыраулардан сөз туған"

7.Б/С4. Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу

7.А/И3.Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысына талдау жасау

1

24.10.19.


2-тоқсан 16 сағат

2.Толғауы тоқсан қызыл тіл

17


1.Шортанбай Қанайұлы

"Зар заман" толғауы

7.Т/Ж2. Әдеби шығарманың тұжырымдамасы әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау.

7.А/И2. Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін

анықтау.

1

05.11.19.

18

2."Мына заман, қай заман?"

7.А/И3. Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау

1

07.11.19.

19


3."Зар заман" толғауы – дәуір

шындығы

7.Б/С3. Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.

1

12.11.19.

20


4.Шортанбай Қанайұлы

"Зар заман" өлеңі

7.А/И1. Әдеби шығарманың композициясы шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыру.

7.Б/С2. Әдеби жанр түрлерінің даму барысына, жаңашылдығына заманауи тұрғыдан баға беру


1


14.11.19.

21

5."Зар заман – тар заман"

7.Т/Ж4 Шығарма үзінділерімен жұмыс көркем шығармадағы кейіпкер

бейнесін (айтыскер) ашып, үзінділерді жатқа айту

1

19.11.19.

22


6.Шортанбай мен Мұрат

жырларының үндестігі

7.А/И4. Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан

дамытып жазу

1

21.11.19.

23


1."Сүйінбайдың Қатағанмен

айтысы"

7.Т/Ж2. Әдеби шығарманың тұжырымдамасы әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау.

7.А/И2. Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы ақын тұлғасын ашу


1


26.11.19.

24

2.Сөздің пірі – Сүйінбай

7. Т/Ж1.Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау.

7.А/И1. Әдеби шығарманың композициясы шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыру

1

28.11.19.

25

3.Айтыстың ақиығы

7.Б/С1. Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру

1

03.12.19.

26

4.Cүйінбай – достық дәнекері

7.А/И3. Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау

7.А/И3.Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдау

1

05.12.19.

27

5.Сөз бастаған хас жүйрік

7.А/И4. Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан

дамытып жазу

1

10.12.19.

28

6.Жыр тұлпары – Сүйінбай

7 Б/С3. Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби

эссе жазу

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар.

"Қазақ әдебиеті" (оқыту қазақ тілінде ).7-сынып (73 - 74 бет)

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар



1


12.12.19.

29


1. Ж.Жабаевтың

"Зілді бұйрық" өлеңі

7.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау


1

17.12.19

19.12.19.

30

2.Азаттық үшін күрес

7 Б/С3. Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби

эссе жазу

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар.

«Қазақ әдебиеті»(оқыту қазақ тілінде ).7-сынып (76 бет)

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар



1


19.12.19.

31

Тоқсандық жиынтық бағалау

А/И2, Т/Ж1; А/И3, А/И4; Б/С1.

1

24.12.19.

Тоқсандық жиынтық бағалау

Ескерту! "Қазақ әдебиеті" (оқыту қазақ тілінде) пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы

(7-сынып. 11-15- бет)


32

3."Тыңда, дала, Жамбылды"

7.Б/С3. Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби

эссе жазу

1

26.12.17.


3-тоқсан 21 сағат




3. Балалар мен үлкендер

33


1.М.Жұмабаевтың

"Батыр Баян" поэмасы

7.А/И2. Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау

7.А/И4.Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан

дамытып жазу


1


09.01.20.

34

2."Баянның батырлығы Алашқа аян"

7.Т/Ж2. Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау

7.Б/С1. Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру

1

14.01.20.

35

3.Ашу түбі – кейіс

7.Б/С2. Әдеби жанр түрлерінің даму барысына, жаңашылдығына

заманауи тұрғыдан баға беру

1


16.01.20.

36

4."Күңіреніп көкірегі нар қобыздай..."

7.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау.

7.А/И1.Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыру


1


21.01.20.

37

5.Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас

7.Т/Ж4. Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту

7.Б/С3. Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу


1


23.01.20.

38

1.М.Әуезовтің "Көксерек" әңгімесі

7.Т/Ж1.Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау.

7.Т/Ж4. Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту

1

28.01.20

39

2.Үйірін тапқан Көксерек

7.Б/С2. Әдеби жанр түрлерінің даму барысына, жаңашылдығына

заманауи тұрғыдан баға беру

1

30.01.20

40

3.Ақ қасқыр мен Көксерек

7.А/И1.Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыру

7.А/И4.Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан

дамытып жазу

1

04.02.20.

41

4.Аты шулы тоғыз қасқыр

7.А/И2. Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау.

7.А/И3.Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау


1


06.02.20.

42

5.Жалғыз жортуыл

7.Т/Ж2.Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау

1

11.02.20.

43

6.Көксерек пен Аққасқаның

айқасы

7.Б/С4. Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар.

"Қазақ әдебиеті" (оқыту қазақ тілінде ).7-сынып (78 бет)

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар



1


13.02.20.

44


1.Қ.Қайсеновтің

"Жау тылындағы бала" повесі

7.Т/Ж1. Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні: әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау

7.Б/С2. Әдеби жанр түрлерінің даму барысына, жаңашылдығына заманауи тұрғыдан баға беру.

1

18.02.20.

45

2.Сұрапыл соғыс азабы

7.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау

7.Б/С3. Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу


1


20.02.20.

46

3.Қазақ баласының тағдыры

7.А/И3.Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау

7.Б/С1. Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру


1


25.02.20

47

4.Барлаушы Серік

7.А/И1.Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыру

7.А/И4. Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан

дамытып жазу

1

27.02.20.

48


1.С.Сарғасқаевтың "Тәмпіш

қара" повесі

7.Т/Ж1.Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау.

7.Б/С1. Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру

1

03.03.20.

49

2.Әдеппен сөйлеп әдеттен

7.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау.

7.Т/Ж4. Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту

1

05.03.20.

50

3.Атымды адам қойған соң...

7.А/И1.Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыру

7.Б/С4. Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу

1

10.03.20.

51

4.Досы көпті жау алмайды

7.Т/Ж2. Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау

7.Б/С3. Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар.

"Қазақ әдебиеті"(оқыту қазақ тілінде ).7-сынып (80 -бет)

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар



1


12.03.20.

52

Тоқсандық жиынтық бағалау

Т/Ж1, Т/Ж2; А/И1, А/И3, А/И4; Б/С3;

1

17.03.20.

Тоқсандық жиынтық бағалау

Ескерту! «Қазақ әдебиеті» (оқыту қазақ тілінде) пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы (7-сынып. 16-20- бет)




53

Ата мұра - асыл мұра




1

19.03.20.


4-тоқсан 16 сағат

4.Ұрпақ тәрбиесі

54

1.М.Шахановтың

"Нарынқұм зауалы" поэмасы

7.Т/Ж2.Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау

1

07.04.20.

55

2.Әке – балаға сыншы

7.Т/Ж4.Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту

7.А/И3. Көркем шығарманың тілі

1

09.04.20.

56

3.Әке үкімі

7.А/И1.Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салғастыру.

7.Б/С4.Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу

1

14.04.20.

57

4.Қайсарлық пен өр рухтың

символы

7.Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау

1

16.04.20.

58

5.Махамбеттің соңғы сөзі

7.Б/С3. Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

1

21.04.20.

59


1.Т.Медетбектің "Тәуелсізбін" өлеңі. "Тудық біздер көрінбейтін бұғаумен"

7.Т/Ж4.Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту.

7.А/И3. Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау

1

23.04.20.

60

2.Тәуелсізбін – мен бүгін!

7.Б/С3. Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар.

"Қазақ әдебиеті" (оқыту қазақ тілінде).7-сынып (82 бет)

4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

1

28.04.20.

61

1.Т.Әбдіковтің

"Қонақтар"әңгімесі

7.Т/Ж1.Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау.

7.А/И3. Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау

1

30.04.20.

62

2.Әке – бала – немере

7.Т/Ж2.Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау

7.Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау

1

05.05.20.

63

3.Қайтуға асыққан ұл

7.А/И2.Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау

7.А/И4.Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан

дамытып жазу

1

07.05.20.

64

4.Құлазыған көңіл

7.Б/С4.Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу

1

12.05.20.

65

1.А.С. Пушкиннің

"Ескерткіш" өлеңі

7.Т/Ж4.Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділер-ді жатқа айту.

7.А/И3. Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау

1

14.05.20.

66

2.А.С.Пушкин және қазақ әдебиеті

7.А/И2.Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар.

«Қазақ әдебиеті» (оқыту қазақ тілінде ).7-снып (26-27-бет)

4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар


1

19.05.20.

67

Тоқсандық жиынтық бағалау

Т/Ж1; А/И2, А/И3, А/И4; Б/С4;

1

21.05.20.

Тоқсандық жиынтық бағалау

Ескерту! «Қазақ әдебиеті» (оқыту қазақ тілінде) пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 7-сынып. 21-23- бет


68

3."Тіл біткен жүрер менің атымды

атап…»

7.А/И3. Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдау.

7.Б/С4.әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу

1



1   2   3


написать администратору сайта