Главная страница

Смагулова А Курстық жұмыс. аза дебиетіні тарихы


Скачать 197.5 Kb.
Названиеаза дебиетіні тарихы
Дата24.10.2021
Размер197.5 Kb.
Формат файлаdoc
Имя файлаСмагулова А Курстық жұмыс.doc
ТипДокументы
#255001
страница3 из 3
1   2   3

ҚОРЫТЫНДЫ
Аңыз-әңгімелер, шешендік сөздер – фольклорлық жанрдың үлкен бір саласы. Әуел баста тарихта болған, келе-келе халықтың ауызша айтатын аңыздарына құрылған Алдар Көсе, Қожанасыр, Жиренше, Асанқайғы, Қорқыт секілді фольклорлық образдардың айналасында туған, солар айтты деген неше алуан аңыз, ертегілер, әңгімелер, шешендік сөздердің танымдық және тәрбиелік мәні ерекше деп айтуға болады.

Аңыз әңгімелердің таңдаулы үлгілері ғасырлар бойы жасалған халық шығармашылығы болғандықтан оның ішінен көркем тіл де,терең ой да, тамаша үздік кейіпкерлер де табылады. Оның осы сияқты аса жоғары идеалық көркем қасиетін балалардың санасына жеткізу үшін бұлардың да өзіне лайық оқып үйрену жолдары әдіс амалдары бар. Бала айналасындағы өмірді, адамдарды кеңірек танып ұстанымдылыққа еңбек сүйгіштікке ие болады.Көпті көрген, көп жасаған қазақ қариялары оқымаса да көкейге тоқығандарын, одан жасаған қорытындыларын құймақұлақ жастарға үйретуден жалықпаған. Талапты жастар үлкендерден, қариялардан өнер-білім үйренуді өздеріне міндет, мұрат тұтқан, жақсының атын ерттеп, қасына ерген. Олардан үлгі-өнеге алуды ар-намыс санамаған.

Кез келген аңыз – нақты бір халықтың ортақ рухани-мәдени мұрасы. Олар сол халықтың көркем ойлау ерекшеліктерін – эстетикалык және тарихи талап-талғамдарын,адамгершілік қасиеттерін аңғартады.

Фольклорлық прозаның басқа жанрларына қарағанда, аңыздың танымдық қызметі айқынырақ,ол елдің өткен тарихынан,өмірінен мағлұмат береді,яғни аңыз жұрттың білімін көбейтеді. Аңыз – халықтың өзі айтып берген ауызекі тарихы десе де болады .Қазақ әдебиетіндегі аңыз-әңгімелердің мән мағынасын ашу арқылы ата- бабаларымыздың рухани мәдениетінің алғашқы сатысы, әдет-ғұрпындағы, мәдениетіндегі толып жатқан құндылықтарын танып-білуімізге болады. Олардың білімнің, ғылымның, мәдениеттің, өркениеттің дамып жетілген уақыттағы жазба әдебиетімізге қосқан үлесінің молдығын сол шығармаларды оқып, шығарма бойындағы аңыздың тамырына терең бойлап қана көз жеткізуімізге болады.

Аңыз өткенің тарихы десек те, ол бүгінмен сабақтас. Өмір, махаббат үшін күрес, жақсылыққа ұмтылу, түрлі әрекеттер арқылы сол дәуірдегі әлеуметтік жағдайды жақсартуға тырысу, сол жолдағы қаһармандардың ерлігі-халықтың өмірге құштарлығын, арман-мұраттарының биіктігін танытады. Қазақ аңыз әңгімелерінде қиял-ғажайып дүниелер мол, олар адамды асыл армандарға бастайды, оның ұшқыр ойына қанат бітіреді, келешекке үміттендіреді.

Қорытындылай  келе,  біз  әңгіме  еткен  аңыздардан  дана  халқымыздың  ақылдылық, айламен  жауын  жеңуі,  өткірлік,  батылдық, қайсарлық  секілді  қасиеттерді  адамзат  баласына  үлгі  етіп,  өзімшілдіктен,  сараңдықтан,  ақылсыз  ақымақтықтан  сақтандырғанын,  яғни,  ұрпағының  жетілген,  толыққанды  адам   болғанын  қалайтындығын  байқадық. Аңыз  әңгімелердің  құндылығы  да  осында  болса  керек.

           Елдің  төл  мәдениеті  мен  шежіресін  айқындайтын  аңыз  әңгімелер  халық  мүддесін  жеткізудің  бірден-бір  жолына  айналды.Бүгінде  ел  зердесіне  мықтап  орныққан  асыл  қазынамызды  мақтан  тұтамыз,  ардақтаймыз.  Құндылығын  әсте  жоймаған  тарихи  мұрамызды  келешекке  өз  шежіреміздей  жеткізіп,  танымдық  мәні  мен  тәрбиелік  мағынасын  арттыруымызға  барымызды  салуымыз  керек.  Себебі,  халықтың  ойы   мен  тілегінен  туындаған  шығармалар  құндылығын    жоймасы  хақ.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:


  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы. – Алматы, 1972. – 1 том

  2. Андреев А.П.Указатель сказочных сюжетов по системе Аарне. –Ленинград, 1929.

  3. Акимова Т.М.Семинарий по народному поэтическому творчеству.Саратов,1959.

  4. Азбелов С.Н.Отношение предания,легенды и сказки к действительности. В. кн:Славянская фольклор и историческая действительность. Москва, 1965.

  5. Гусев В.Е.Эстетитка фольклора.Ленинград, 1967.

  6. Валиханов Ч.Ч.Собранные сочинения. – Алма-Ата,1984.

  7. Қазақ ертегілері. – Алматы,1957.

  8. Әуезов М.Уақыт және әдебиет.Алматы, 1959 .

  9. Геродот. История. –Ленинград, «Наука», 1972.Кн.1.

  10. Туркестанский сборник.Том 462,456,463,567.

  11. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы.– Алматы, «Ана тілі» ,1991.

  12. . Қоңыратбаев Т.Ертедегі ескерткіштер. – Алматы, «Өнер»,1996.

  13. Есенберлин І. Қаһар. – Алматы, 1986, «Алтын Орда».Алматы,1987.

  14. Ғабдуллин М.Қазақ халқының ауыз әдебиеті.– Алматы,1958.

  15. Марғұлан Ә.Қорқыт ата өмірі мен әфсаналары.Жұлдыз(журнал).1983.№3

  16. Топонимикалық аңыздар.Алматы,1985

  17. Туркестанский кружок любителей археологии. 1897.

  18. Қалмақ Толағай, яғни қалмақтың басы.Дала уалаятының газеті. – Алматы,1958.

  19. Урочище «Чом қалған».Казахские сказки. – Алматы, 1952.

  20. Досмұхамедұлы Х.Аламан. – Алматы: Ана тілі,1991.

  21. Байтұрсынов А.Әдебиет танытқыш.Ақ жол. – Алматы:Жалын.1991

  22. Қасқабасов С.А. Қазақтың халықтық прозасы. – Алматы:Ғылым,1984.

  23. Келгембаева Б.Б.Шығыс Қазақстан өңірі әпсаналары. – Астана, 2000.





1   2   3


написать администратору сайта