Главная страница

Смагулова А Курстық жұмыс. аза дебиетіні тарихы


Скачать 197.5 Kb.
Названиеаза дебиетіні тарихы
Дата24.10.2021
Размер197.5 Kb.
Формат файлаdoc
Имя файлаСмагулова А Курстық жұмыс.doc
ТипДокументы
#255001
страница2 из 3
1   2   3

ІІ Аңыз-әңгімелердің тақырыптық ерекшеліктері
2.1 Аңыз беп әпсананың айырмашылығы мен ұқсастықтары
Қазақ фольклортану ғылымында аңыздық проза миф,хикая,аңыз,әпсана,хикаят тәрізді ішкі түрлерге сараланатыны белгілі.Бұлай жіктеу аталған жанрлардың атқаратын қызметіне,шындық болмысқа қарым-қатынасына,кереметтік, ғажайыптық элементтерінің болу-болмауына,тыңдаушысының қалай қабылдайтынына т.с.с. ортақ белгілеріне негізделіп жасалады.

Аңыз бен әпсана жанрлары бір-біріне өте жақын, көбіне шығу негіздері бір шығармаларды құрайды.Тілдік,стильдік, композициялық құрылымындағы т.б. ұқсастықтарын басқа аталған жанрлардың тақырып ауқымы да бір. Бір ғана тарихи оқиғаның, тұлғаның, мекеннің айналасында әпсана да,аңыз да айтылуы әбдеп мүмкін. Қазақ фольклорында Қорқыт ата,Асан Қайғы,Ескендір Зұлқарнайын т.б. төңірегінде аңыздармен қатар әпсаналардың да таралуы да осы бірлікті дәлелдей түседі.Фольклорлық шығармаларға тән осындай жақындықтың,бірліктің сырын Р.Бердібаев былай түсіндіреді: «Фольклор жаратындылары ұдайы қозғалыста, толысу мен азаю процестері үстінде күй кешеді...» .Ғалымның бұл пікірін басқа фольклортанушылар да қуаттайды.

Әпсана тыңдаушыға тәлім-тәрбие беруді көздейді, туындыда бой көрсететін қаһарман өмірін мысалға ала отырып, болмаса белгілі бір оқиғаны баяндау барысында ғибратты ой айтуды нысанаға алады. Сондықтан әпсанада қиял мен кереметтік элементтерінің мол ұшырауы заңдылық. Аталған жанрда жер-судың пайда болуы,қаһарманның басынан кешкен оқиғалары ғажайып күштің, қасиеттің әсерімен өтеді деп түсіндіріледі. Мәселен, Шығыс Қазақстан өңірінде кең таралған «Бөрітастаған», «Қоңқай», «Алты қыз жайлауы», «Түйетас», «Алқабек» т.б. әпсаналар мекеннің пайда болуын тылсым күштің ,құдіреттің қатысуымен түсіндіреді. Сондай-ақ халық ұғымында Мұзтау, Арғанаты жоталарының , әулие бастауларының киелілік сипаты өзгеше. Мекендік әпсанаға тән ғажайыптық, кереметтік элементтеріне арқа сүйеу ,аталмыш жанрдың басқа түрлерінен де бой көрсетеді.
Ғалымдар пікіріне жүгінсек,әпсана – аңыз бен ертегінің арасындағы аралық жанр.Әпсана – мәліметтік сипаттағы қарапайым прозадан көркемделе, әрлене түсіп, ғибраттық – тәрбиелік мақсатты көздейтін көркем туындыға айнала бастаған түр. Әпсана бойынан танылатын көркемделу процесін олардың композициялық құрылысының күрделене түсуінен, қаһарман бейнесін жасауда жүгінетін әдіс-тәсілдерінен, оқиғаның жүзеге асуын көркем қиялдың қатысуымен түсіндіруінен т.б. сипаттарынан байқаймыз.
Аңыздың астарында тархи шындық жатады.Аталған жанрдың бойындағы осы ерекшелікті көптеген ғалымдар атап көрсеткен. Х.Досмұхамедұлы: «Аңыздар түрлі тарихта белгілі кісілерге, жекелеген құрылыс, қала,қорымдарға т.б. ру , ата не тұтас тайпа немесе қайсыбір уақиғаларға байланысты болып келеді» [20,26] ,- деп жазса, төл әдебиет теориясын негіздеуші А.Байтұрсынов аңыздарды тарихи әңгіме деп атайды да, «Тарих жүзінде белгілі адамдар , нәрселер,оқиғалар турасында сөйлейтін әуезелер тарихи әңгіме деп аталады. Тарихи әңгіме тарих асасына сүйенетін шын әңгіме болды» [21,400] ,- деген тұжырымды айтады.Аңыздың ең басты жанрлық ерекшелігі тарихи оқиғаға негізделуі екендігін кейінгі зерттеушілеріміз де қуаттайды.
Енді әпсана жанрының атқаратын қызмет ерекшелігіне келсек, оның негізгі функциясы ғибраттық болып келеді. Біз бұл әпсана жанрын іштей тарихи-мекендік әпсана және утопиялық әпсана деп екі топқа бөлдік. Бөлу себебіміз әпсаналардың бұл екі түрінде топонимдік атаулардың қолданылуы бір сарында болғанымен, олардың атқаратын функциялары әртүрлі: мәселен тарихи-мекендік әпсанада белгілі бір мекеннің, жер-судың шығу себебі, кейде оған елге белгілі тарихи тұлғаның қатысы айтылады. ... Аңыздан айырмашылығы - әңгіме қоғамдағы не жеке өмірдегі бір ерекше жағдайды баяндайды. Фольклорлық әңгіме де орындалу функциясы жағынан аңызға жақын.
Әпсана аралық жанр ретінде аңыздың да,ертегі,миф,хикаяның да қасиеттерін иеленді.Әпсаналардың түрлі нұсқаларын салыстыру барысында бір топ әпсаналар аңыздың негізінде пайда болатынын байқасақ, тағы бір тобының таза қиялға құрылып, ойдан шығарылатынына, келесі бір топ шығармалардың мифтік танымнан бастау алатынына көз жеткіздік. Әпсананың түрліше жолдармен жасалып, дүниеге келуі оларда көрініс тапқан тарихи шындық іздері мен көркем қиял үлесінің әртүрлі дәрежеде болуына әсер етеді.Бір топ әпсаналарда тарихи тұлғалар өмірінің фактілері, тарихи оқиғалар елесі шаң беріп қалады. Бірақ әпсана тарихи шындықтың көмескі тартып, қосымша дерек, детальдар кірігіп, қарапайым прозаның көркемдік деңгейінің арта түсуі арқылы жасалады. Әпсаналарда сюжет тарихи шындық аңғарынан туғанымен оқиғалардың өтуін, белгілі бір мекеннің пайда болуын көрсетуде көркем қиялдың үлесі артады.Бұған әпсаналардан нақты мысалдар келтіру арқылы көз жеткіздік.
Фольклорлық проза жанрларын классификациялаудың принциптерін С.А.Қасқабасов атап көрсеткен болатын [22,272] .
Осы принципке арқа сүйей отырып прозалық фольклор үлгілерін өзара салыстыру барысында аңыз бен әпсананың дара жанрлық белгілері айқындалды.Аңызға тән қасиеттер ретінде мынандай ерекше сипаттарды атап көрсетеміз:

1.Аңыз мифтен пайда болмайды;

2.Аңыз тікелей шындыққа, ақиқатқа бағытталады;

3.Аңыз қиялдан тууы мүмкін,бірақ тарихта орын алған адамдар әрекетімен байланыстырылып, белгілі бір дәуір шындығына сай әңгімеленеді.

4.Аңызда оқиғаның өтуі мен мекеннің пайда болуы, аталуы шынайы етіп көрсетіледі,ғажайыптың,кереметтің әсерімен жүзеге аспайды.

5.Аңыздың көркемдігінен гөрі хабарламалық, мәліметтік мақсатқа құрылған қарапайымдылығы басым.
Ал әпсананың жанрлық белгілері төмендегідей:

1.Әпсананың пайда болуының бір жолы – миф. Әпсаналар белгілі бір мекеннің аталуын,оқиғаның жүзеге асуын мифтік құбылушылық арқылы түсіндіріледі.

2.Әпсаналарда алғашқы оқиға көмескіленіп, оның сұлбасы ғана сақталады, уақыт өткен сайын қосымша детальдармен молығып, әрлене түседі.

3.Әпсанаға оқиғаны әсірелей баяндау, кейіпкер бейнесін дәріптеу тән.

4.Әпсана сюжетінде шындық оқиғадан гөрі қиял басым;

5.Ғажайыптық,кереметтік элементтері мол ұшырасады. [23,9]
Бірқатар аңызда қиял араласып, әңгіме мазмұны белгілі бір оқиғаға негізделмейді. Жалпы тарихи шындықпен байланысын үзбегенмен,ондай шығармалар деректі фактіден алшақ жатады. Сол себепті мұнда ойдан шығарылған эпизодтар, қоспалар болады, әңгіме біршама көркемделеді, сөйтіп, ол әпсана мен хикаят жанрларының сипаттарына ие бола бастайды.Мысал ретінде «Көк Төбет», «Ертіс толқыны» деген аңыздарды атауға болады. Түптеп келгенде, бұлар- аңыз бен әпсана аралығындағы шығармалар. Біраз көркемдік қасиетке ие болуының арқасында бұл шығармалар мағлұматтықтан гөрі, эстетикалық функция атқаруға жақын.Мұндай аңыздар ел арасында көбінесе сейіл құрып,тамашалау үшін айтылады, сондықтан айтушылар әңгімесін мәнерлей баяндауға тырысады. [14,224].
Дәл осындай қасиетті қазақ арасында жиі айтылатын алуан түрлі қыран құс, жүйрік ат, алғыр тазы туралы аңыздардан көруге болады.Мазмұны жағынан үндес келгенмен мұндай шығармалар жанрлық тұрғыдан әртүрлі. Бұл топта мифке де,хикаяға да,аңызға да,тіпті, әпсана мен хикаятқа жататын шығармалар кездеседі.
Мәселен,әртүрлі аңдардың,құстардың пайда болуы мен олардың сырт пішініндегі, мінез-құлқындағы ерекшеліктерін бір себеппен түсіндіріп баяндайтын шығармаларды мифке жатқызамыз.Мұнда мифтік ұғым айқын сезіледі.Бұған үй жануарларының Шопан-ата, Жылқышы-ата, Ойсылқара сияқты аталары жайындағы әңгімелер де кіреді,бірақ бұларда әпсана мен хикаяттың да белгілері кездеседі.Ал енді алғыр тазы,қыран құс,жүйрік ат жайындағы шығармалардың көбісі аңыз болып келеді, өйткені олар шын болған фактіге негізделеді, я болмаса солай деп қабылданады.

Аңыз бен әпсаналардың оқшау белгілерінің барлығы жанрларды саралау барысында ұстанатын ең басты меже жанрдың қоғамдағы атқаратын қызметіне орай дамып,өрбиді. Аңыз бен әпсана халық прозасының дамуындағы екі кезең, екі түрлі жанр.

2.2 Аңыз әңгіменің түрлері : тарихи аңыз бен топонимикалық аңыз.

Аңыз-халықтың жадында сақтап,ауызша айтып келген тарихы дегенде, онда тарихи оқиғалар еш өзгеріске ұшырамаған,шындық сол қалпында әңгімеленген деген ой тумау керек.Аңыз жанры да,бүкіл фольклор сияқты, анахронизмнен құр алақан емес. Біріншіден,ауызша тарағандықтан,екіншіден,әңгімеленген оқиғадан көп уақыт өтіп келгендіктен,үшіншіден,әңгімеге көркемдік элементтері әсер еткендіктен аңызда баяндалатын оқиға көмескі тартады, әңгіменің нұсқалары пайда болады,тіпті оқиғаның мезгілі шатастырылады.Ал айтушы мен тыңдаушылардың дүниеге көзқарасын,олардың әртүрлі мүддесін ескеретін болсақ,онда аңыздық шығармадағы оқиға,ондағы адамдар,олардың іс-әрекеттері басқаша бағаланып,өзгеше сипатталуы мүмкін.

Әдетте,фольклортану ғылымында аңызды тарихи және мекендік (топонимикалық) деп екіге бөледі.Рас,бұлай болудың біршама шартты екенін ескеру керек.Топонимикалық деп бөліп жүрген аңыздарда да тарихи негіздер,фактілер болады.Ал тарихи деп жүрген аңыздарда топонимикалық та мотив кездеседі.
Сондықтан «топонимикалық аңыз» деген атауды шартты түрде ғана алу керек те,оған белгілі бір жерге, мекенге байланысты оқиғаны баяндайтын әңгімелерді жатқызу керек.Екінші сөзбен айтқанда,топонимикалық аңыз деп жер-судың, тау-тастың пайда болуы мен атын мифтік ұғыммен немесе мифтік кейіпкердің іс-әрекетімен емес,бір оқиғамен,я болмаса белгілі қайраткер атымен байланысты түсіндіретін әңгімені айтамыз.Тарихи аңыздарда кейде оқиғалар мен фактілер көркем түрде жинақталып, қиял тұрғысынан бағаланады, яғни ел оқиғалар мен фактілердің өз ойына,арман-мүддесіне сәйкес болуын қалап, солай баяндайды, солай етіп көрсетеді.Оған бірнеше себеп бар.Біріншіден, көп уақыт өткендіктен оқиғаның қалай болғанын дәл білмегендік,екіншіден, бұрынғы заманда болған шындықтың өзін емес, ел қалаған шындықтың көрініс табуы. Мұның бәрі аңызда көркемдеу саналы түрде болмайтынын дәлелдейді[14].
Бейнелейтін оқиғаларына,кейіпкерлеріне, жалпы тақырыбы мен мазмұнына қарап, тарихи аңыздарды шартты түрде мынадай топтарға бөлуге болады: а)оғыз-қыпшақ заманынан елес беретін аңыздар (оларға Қорқыт,Ахмет Яссауи және Арыстан алып туралы әңгімелерді енгізуге болады,VIII-XIIғғ.);

ә)моңғол шапқыншылығы мен Алтын Орда кезіндегі оқиғалар жайындағы аңыздар (Шыңғыс,Жошы,Тоқтамыс,Темір есімдеріне байланысты әңгімелер, XIII-XVғғ.);

б)Қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар мен қайраткерлер туралы аңыздар (Жәнібек,Асанқайғы,Жиреншелер жайындағы әңгімелер, XV-XVIIғғ.);

в)қалмақтарға қарсы соғыс-ұрыстарға байланысты туған аңыздар (Абылай, Қазыбек,Әбілқайыр,Бөгенбай,Қабанбай аттарына қатысты әңгімелер,XVIIIғғ.);

г)Сырым,Исатай-Махамбет,Жанқожалар бастаған көтерілістерге байланысты туған аңыздар (XVIII-XIXғғ.);

ғ)XX ғасырдағы өмір кешкен белгілі қайраткерлер туралы баяндайтын аңыздар.
Оғыз-қыпшақтар тарихына қатысты аңыздар қатарына «Жанкент қаласы туралы», «Арыстан алып пен Тойма сұлу», «Көккесене» сияқты шығармаларды жатқызуға болады,өйткені бұларда көрінетін адамдар мен әңгімеленетін шаһарлар сол VIII-XI ғасырларда болған оқиғаларда көрнекті рөл атқарған. Сондай қаланың бірі-Жанкент.Бұл шаһар Х ғасырда оғыз ұлысының астанасы болып, Орта Азия,Таяу Шығыс,Жетісу,Қытай,Еділ бойындағы елдердің сауда-саттық,мәдени,саяси байланыстарынла үлкен рөл атқарғаны тарихтан белгілі. Жанкент қаласының қираған қалдықтары Қазалыдан 20-30 шақырымдай төмен Сырдарияның сол жағында жатыр.
Жанкент қаласының қашан,қалай қирағаны туралы нақты жылнамалық дерек әлі табылған жоқ.Қалай болғанда да, бұл қаланың құлауы жаугершіліктен болғаны дау туғызбаса керек.Мәселен, 1897 жылы мынандай бір дерек жарияланыпты: «Жент қаласын,оның төңірегін жаулап алғаннан кейін моңғолдар Жанкентті басып алды.Олар өзенмен құлдилап төмен түсіпті, бірақ бұл жорыққа Жошының өзі қатысты ма,жоқ па – белгісіз.Жент өлкесін түгел бағындырып алғаннан соң Жошы әкесіне қосылу үшін Бұқараға бет алғаны анық»[16,12].Демек,оғыз-қыпшақ заманында гүлдеп тұрған Сыр бойындағы Жент,Сұнақ т.б. қалалар сияқты оғыздардың астанасы болған Жанкент те Шыңғысхан бастаған моңғол шапқыншылығы кезінде қатты қираған.
Көне тарихи аңыздардың ішіндегі жанрлық сипатын біршама тәуір сақтағандары қазақ елінің моңғол мен Орта Азия шапқыншыларына қарсы күрес жүргізген дәуірі жайындағы аңыздар болып табылады.Тарихи тұрғыдан дәуірлесек,бұл аңыздардың бейнелейтін шағы – XIII-XIV ғасырлар, бірақ аңыздардың өзі қай мезгілде пайда болғаны туралы үзілді-кесілді пікір айту қиын.Дегенмен де,Шыңғыс хан,Жошы хан,Ақсақ Темір есімдерімен байланысты әңгімелердің сол кездің өзінде-ақ тууы мүмкін.Әрине,олар бізге алғашқы қалпында жетпеген,алайда оқиғаның өзегін,дәуірдің тынысын, кейіпкерлердің іс-қимылы мен мінез-құлқын біршама сақтай білген.Осындай аңыздардың біразы Шыңғыс пен Жошы ханның қазақ елін билеп-төсеген шағын баяндайды.Бірақ бұл аңыздар нақты болған белгілі бір оқиғаны әңгімелемейді.Олардың көбісі Шыңғыс пен Жошы есімдеріне байланысты болып келеді де,солардың қаталдығын,бүкіл сол заманның рухын айқын сипаттайды.Мәселен, Шыңғыс хан туралы аңыздардан сол кездердегі хандардың арасындағы алауыздықты,бақталасты,таққа таласып, бірін-бірі қуғындаған ағайындылар тарихын аңғаруға болады.
Қазақ аңыздарында айтылатын кейбір оқиғалардың шындықтан алшақ екені де байқалады,ал енді бір шығармаларда оқиғалардың мезгілі,адамдары шатастырылып,қайсыбір жағдайда әр дәуірде болған оқиғалардың елесі шоғырланғаны сезіледі.Мысал үшін атақты «Ақсақ құлан» аңызын алайық. Аңыздың сюжеті баршаға аян: ханның баласы аңда жүріп,жаралы құланның тұяғынан өледі.Аңыздың біраз нұсқаларында бұл оқиға Шыңғыс пен Жошыға байланысты айтылады және зерттеушілердің көбісі солай деп тұжырымдайды. Ал басқа бір нұсқаларда құлан өлген Жошы болады да,оның әкесі Алаша хан болып баяндалады.Енді бір нұсқаларда аң аулап жүріп өлетін-Жошы емес, оның баласы,ал кейде Жәнібектің ұлы, я болмаса Ақсақ Темірдің баласы болып әңгімеленеді.Тіпті,кейбір мәтіндерде баласы Жошы делініп,әкесінің есімі аталмайды.Міне бір ғана сюжетті (оқиғаны) баяндайтын бірнеше шығармада кейіпкерлер әр басқа: Алаша,Шыңғыс,Жәнібек,Темірлан,Жошының өзі.Бұлар әр заманда өмір сүрген адамдар,бұл – анахронизм,аңыз,әдетте,тарихи дәуірлерді,оқиғалар мен адамдарды жылнамадағыдай дәлме-дәл суреттемейді, оларды тарихи тұтастану заңына сәйкес өзгертеді.Олай болса, өлген баланың әкесі болып бірде Шыңғыстың,бірде Алашаның,бірде Жошының,бірде Жәнібектің көрінуі тарихи аңызды фольклорлық жанр ретінде тағы да бір сипаттайды.
Қазақтың көне тарихи аңыздарына Алтын Орда дәуірі мен Қазақ хандығы құрылған шақтың оқиғаларын баяндайтын Тоқтамыс,Едіге,Ақсақ Темір, Жәнібек,Асанқайғы есімдеріне байланысты шығармаларды да жатқызуға болады.Бұл аңыздарда нақты бір тарихи оқиға суреттелмесе де,жалпы сол мезгіл шындығы бірнеше тарихи оқиғаны шоғырландыру арқылы көрсетіледі. Мәселен,Тоқтамыс жайындағы аңызда сол кезде анық болған Тоқтамыс пен Едіге арасындағы (бірде тату,бірде араз) қатынас Хабардин және Сәтемір (дұрысы Ақсақ Темір) атты қаһармандардың араласуы арқылы баяндалады.
Оғыз-қыпшақ дәуірі мен моңғол шапқыншылығы,Алтын Орда замандарында пайда болып,уақытпен бірге талай өзгеріске ұшыраған көне тарихи аңыздарға қарағанда XVIII-XIX ғасырлардың оқиғаларын баяндайтын шығармалар тарихи негізін айқынырақ сақтаған.Әсіресе жоңғар қалмақтарына қарсы ұрыс-соғыстар жайындағы аңыздар өзінің тарихи шынайылығымен құнды.
Солардың ішінде нақтылы оқиғаны баяндайтын аңыздар да көп.Мұндай шығармалардың көпшілігі жасақтарды басқарып, кескіленген ұрыста ерлігімен елді таңдандырған қолбасшы батырлар,сұлтандар есімімен байланысты болып келеді.Міне,осындай аңыздардың ішінен мысалға Қазыбек,Абылай, Бөгенбай, Қабанбай,Байғозы,Жапақтардың басынан кешкен оқиғаларды баяндайтын шығармаларды атауға болады.Бұл шығармалардың басты ерекшелігі – нақты болған оқиғаға негізделгендігі. Мәселен, Абылай ханның жоңғарлықтарға тұтқын болуы жайындағы аңызды алайық.Тарихи мағлұматтар бойынша, жоңғарлықтар небәрі 50 жылдың ішінде, яғни XVIII ғасырдың бірінші жартысында қазақ еліне бірнеше дүркін шабуыл жасап, екі ел арасында 1710, 1717-1718, 1723,1728,1730,1741-1743 жылдары қиян кескі ұрыстар болған.Сондай ұрыстардың бірінде Абылай 2 мыңдай жасағымен жоңғарлықтардың қолына түсіп,тұтқыннан Россия елшілігінің араласуы нәтижесінде босайды.
Аңызда осы оқиға дәл бейнеленген,бірақ,әрине, тарихи жылнамалар мен құжаттардан өзгеше. Шоқан Уәлиханов жазып алған аңыз бойынша, жоңғарлықтардың кезекті бір шабуылында Абылай жекпе-жекке шығып, Қалдан-Сереннің Чарча деген баласын өлтіреді.Қалдан баласын өлтірген адамды кім болса да,қайдан болса да, тауып әкелуді бұйырады.Қалмақтар аңдып жүріп,Абылайды серіктерімен аңда жүргенден қолға түсіреді де, Қалданға алып келеді.Ал екінші бір аңызда Абылайдың тұтқынға түсуі басқаша баяндалады.Қалдан Абылайға: «Еркімен маған бағынсын, әйтпесе, соғыс ашамын!» - деп, елші жібереді.Абылай ашуланып,елшіні өлімге бұйырады да, «Жау қолын қарсы алуға дайынмын!»-деп, хабар жібереді.Қалдан мұны естіген соң бірнеше мың әскер жібереді.Осы ұрыста Абылай қолға түседі. Оның жеңілген себеін аңыз елшіні өлтіргендіктен болды деп түсіндіреді.
Міне, Абылайдың тұтқынға түсуін екі аңыз екі түрлі баяндайды. Бұл-фольклор табиғатын туып отырған құбылыс, сондықтан бұл жерде ешбір жалғандық жоқ. Өйткені, фольклорлық шығарма қаншалықты шыншыл болғанмен тарихи фактіні сол қалпында суреттелмейді.Халық ол фактіні өзінің қалауынша суреттейді.Мәселен, Абылайдың дәл қандай жағдайда жау қолына түскенін ешкім тура айта алмайды,себебі оны көрген адамдардың, я болмаса Абылайдың өзінің сөзі сол кезде хатқа түспеген,демек,ауызша тарап,бірден-бірге айтылып, біздің дәуірге дейін көп өзгеріске түскен.Сондықтан айтушылар оқиғаның өзін сақтап, оны өздерінше түсіндіріп отырған. (Фольклорлық шығармалардың нұсқалары болатыны да осыдан).Сонымен бірге Абылайдың тұтқында не көргені, қандай жағдайда болғаны да дәме-дәл аңыздалмаған.Ол туралы әзірге тарихи дерек те жоқ.
Қазақ елінің өкілін жаудың ханынан басым қылып, көтере суреттеу – фольклорлық шығармадағы ең басты тәсіл.Сондықтан сұлтандар мен батырларды бейнелейтін аңыздардағы дәріптеу-шарттылықтың бір түрі. Хан мен сұлтандарды халық оның байлығы мен билігі үшін мадақтамайды, керісінше, жауға қарсы күресте ерлік көрсетіп, ел бастағаны үшін, ақыл-айламен жол көрсеткені үшін және ең бастысы- елдің атынан сөйлеп, халықтың жоғын жоқтап,соның көрнекті өкілі болса білгені үшін дәріптейді.
XVIII ғасырда туған тарихи аңыздар сол кездегі тарихи фактілер мен тарихи жағдайларды нақтырақ, дәлірек суреттейді.Мысалы, сыртқы шапқыншыларға тойтарыс беру жолындағы соғыстар,1730 жылы Аңырақайда қазақтар жеңген ұрыс,1741-1742 жылдарғы Абылай бастаған жасақтардың соғысы, олардың тұтқынға түсуі,Абылай ханның Ботақанды өлтіріп, Жанайды байлап алуы,төлеңгіттердің Жағалбайлыны шабуы т.б.Міне,осының бәрі тарихта шын болған оқиғалар.Бұл оқиғалар жайындағы аңыздарда баяғыда болған жәйттер баяндалмайды.керісінше,өз дәуірінің көкейкесті мәселелері,реалды өмірі суреттеледі.
Демек,фольклорлық жанр ретінде тарихи аңыз XVIIІ ғасырда жаңа сатыға көтеріліп, өзіне хас белгілер мен сипаттарға толық ие болады. Сөйтіп, ол бізге сол дәуірдің тарихын баяндап, сол кездегі оқиғалардан,өмірден мәлімет береді, білімімізді арттырады.
Әңгімеде баяндалып отырған оқиға неғұрлым қашық, яғни өте ертеде болса, соғұрлым ол әңгіме аңыздан гөрі әпсанаға немесе хикаятқа жақындай береді.Онда алғашқы оқиға көмескіленіп, оның сұлбасы ғана сақталады, әйтпесе, тіпті ұмытылып кетуі де мүмкін.Уақыт өткен сайын аңыз көркемделе түсіп,ондағы іс-әрекеттер әсіреленеді, кейіпкерлер дәріптеледі,сөйтіп,аңыз әпсана мен ертегінің поэтикасына ене бастайды[15,139-166].
Топонимикалық аңыз деген атау мен жіктеу шартты, өйткені аңыз болған соң ол міндетті түрде бір оқиғамен байланысты болады, яғни тарихи шындыққа негізделеді.Сондықтан топонимикалық аңыз жартылай тарихи болады.Олай болмаған жағдайда ондай шығарма аңыз жанрына жатпайды.
Қазақтарда жер-су,тау-тас,елді мекен,өзен-көл жайында ауызша айтылатын әңгімелер өте көп.Ол түсінікті де.Бүкіл өмірін табиғат аясында өткізген ел өзін қоршаған әлем туралы білгісі келіп,сол дүниенің ерекшелігін ескеріп немесе тіршілігінің қажеттілігіне байланысты, я болмаса қиялға ерік беріп, неше түрлі миф,әпсана,аңыздар шығарған.
Алайда жер-су,мекен аттарына байланысты әңгіменің бәрі түгелімен аңыз болмайды.Олардың ішінде тек бір тарихи оқиғаға немесе адамға байланыстысы ғана аңыз деп танылуы керек. Басқаша айтқанда, жер-су,мекен аттарын түсіндіретін этиологиялық (себеп-салдарлы) мәндегі әңгіме аңыз болып саналмайды.Егер әңгіме сол жерде, яки қалада болған оқиғаны баяндап, ешқандай ғажайыпты,тылсым ұғыммен байланыстырмаса,ондай әңгімені топонимикалық аңыз деп білу қажет.Мұндай әңгіменің басты нысанасы- мекеннің атының қайдан пайда болғанын түсіндіру емес, сол мекенде болған оқиғаны хабарлау, бірақ сырттай қарағанда әңгімеші мекеннің атын түсіндіріп отырған сияқты болып көрінеді.
Ал жер-су,мекеннің қалай пайда болып, оның атының қайдан шыққанын түсіндіруді мақсат тұтатын әңгімелерді мифке немесе әпсанаға жатқызу керек, өйткені мұнда себепті-салдарлы (этиологичность) сипат бар, я болмаса саналы көркемдеу бар. Әрине, мұнда бір нәрсені ескеру керек:мекеннің пайда болу тарихының түп негізі шын болуы ықтимал.Мұгдай жағдайда әңгіменің көркемдік қасиетіне көңіл бөлу керек.Саналы түрде көркемдеу жоқ болып, мекен тарихы шындыққа сәйкес келсе,ондай әңгімені аңыз деуге де болады.
Топонимикалық аңыздар таза тарихи аңыздан гөрі көркемдеу болады, сондықтан онда сөз өнерінің нышаны байқалады. Мұнда көркем қиял шығарма мазмұнының хабарламалық сипатын өзгертіп, оған ғибраттық сипат бере бастайды. Сондықтан аңыздың бұл түрінде әпсананың белгілері бой көрсетіп қалады. Оқиға болған мезгіл алыстаған сайын топонимикалық аңызда бірінші қатарға сол оқиға болған жер туралы хабар шыға бастайды да,тарихи негізі көмескілене түседі. Уақыт өткен сайын бұл аңыз көркемделе береді де, бірте – бірте әпсанаға айнала түседі.
Қазақтың топонимикалық аңыздары екі түрлі болып келеді.Бірі-тарихи оқиғамен, дәлірек айтсақ,қалмақтар мен қоқандықтарға қарсы соғыстармен байланысты болып келеді де, сол ұрыс болған жерлерді суреттеп, оқиғаны баяндайды [18,13].Сондай аңыздардың қатарына,мысалы, «Сары өзен» деп аталатын күй аңызын жатқызуға болады.Мұнда қазақ пен қалмақтардың арасындағы жаугершілік заманда жау қолына түсіп, тұтқында малшы болған жылқышы Саймақтың тағдыры баяндалады.Өзінің күйшілік өнерінің арқасында ол тұтқыннан босап, еліне қайтып келе жатқанда Сары өзеннен өтеді. Осы кезде астындағы Сарыжорға кісінеп қоя береді. Жануар болса да ,туған жерін сағынған атқа таң қалып, Саймақ өзінің көрген-білгенін баяндап, еліне деген сағынышын білдіріп, «Сары өзен» күйін шығарды.
Ал келесі аңызда топонимикалық сарын мен тарихи нақты оқиға аралас келеді. Жер атының неліктен «Шом қалған» деп аталуы бұл аңызда өмірде болған тарихи оқиғамен байланыстырылады: Отар маңайындағы Қопа өзенінің көшіп жүрген қазақтар қоқандықтардың қысымына шыдамай, олардың салықшыларын өлтіріп, тірі қалғанын масқаралап, қуып жібереді. Қаһарланған Қоқан ханы қазақтарды жазалауға қисапсыз көп әскер жібереді.Қоқандықтар Қазақтардың еркектерін өлтіріп, әйел мен балаларын тұтқынға алып, мал-мүлкін талан-таражға салады.
Қазақ елі де намысқа тырысып қалады.Осы кезде Шапырашты руынан ер жүрек батыр Сұраншы Ақылбайұлы шығып, аман қалған жігіттерден аз ғана қол жинап, қоқандықтарға тойтарыс беруге қамданады. Сан жағынан басым жауды бетпе-бет ұрыста жеңу қиын екенін білген Сұраншы жасағымени түн қараңғылығын жамылып, қоқандықтардың шебіне тақау келеді де, жігіттеріне әр жерден көп қылып от жағып, у-шуды көбейтуді бұйырады. Содан соң қоқандықтарға «еркімен берілсін» - деп елші жібереді.
Қоқандықтар қаптаған отты көріп, азан-қазан болып жатқан шуды естіп, Сұраншы көп әскер жиған екен деп шошиды. Осы сәтті күтіп тұрған Сұраншы қолымен лап қояды. Жау бытырап қашады, тіпті түйелерінің қомдарын тастай зытады. Содан бері осы жер «Шом қалған» деп аталады, - дейді аңыз[19,221-222].
Мысалға келтірілген екі аңыз да таза топонимикалық, мұнда бұл жанрға тиісті белгілердің бәрі бар десе де болады: тарихи шындыққа сай келетін оқиға болуы, белгілі бір жердің, судың аталып отыруы, ешқандай кереметтіктің жоқтығы, көркемдеудің біршама жұпынылығы.
Топонимикалық аңыздың екінші түріне жер-су,мекен атын нақты бір тарихи фактіге қатысы жоқ, бірақ жалпы шындыққа саятын оқиға арқылы баяндайтын, сондай-ақ белгілі бір жер-судың пайда болуын ешбір мифтік ұғымға байланыстырмай, бірақ қиялға негізделе әңгімелейтін шығармалар жатады. Бұл аңыздардың мазмұны көбіне қайғылы болады, әңгіме кенеттен аяқталып, оқиға күрт үзіледі, ал кейіпкерлер бақытсыз жағдайға душар болады.
1   2   3


написать администратору сайта