Главная страница
Навигация по странице:

  • «Қазақ әдебиетінің тарихы» пәнінен КУРСТЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы

  • КІРІСПЕ Тақырыптың өзектілігі

  • Зерттеу нысаны

  • Курстық жұмыстың міндеттері

  • Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі

  • І АңЫЗ-ӘҢГІМЕ ЖАНРЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

  • 1.2 Оңтүстік Қазақстан өңірінде сақталған аңыздардың тарихы

  • Смагулова А Курстық жұмыс. аза дебиетіні тарихы


    Скачать 197.5 Kb.
    Названиеаза дебиетіні тарихы
    Дата24.10.2021
    Размер197.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаСмагулова А Курстық жұмыс.doc
    ТипДокументы
    #255001
    страница1 из 3
      1   2   3

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
    «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ

    Филология және педагогика факультеті

    Қазақ филологиясы кафедрасы
    «Қазақ әдебиетінің тарихы»

    пәнінен
    КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
    Тақырыбы: ««Аңыз-әңгімелердің жанрлық ерекшелігі»


    Мамандық шифры

    Оқу бөлімі

    6В01707

    Күндізгі

    Орындаған: _Смагулова А.Е
    Тексерген: аға оқыт., фил.маг. Нуржаксина М.Қ.

    БðŸñ€ñð¼ð°ñ ñð¾ðµð´ð¸ð½ð¸ñ‚ðµð»ñŒð½ð°ñ ð»ð¸ð½ð¸ñ 1 ағасы:

    Көкшетау, 2021

    КІРІСПЕ
    Тақырыптың өзектілігі: Оқиғасын реалистік болмыстан,шындық өмірден алып ауызша шығарған қазақ халқының көркем шығармаларының елеулі бір саласы- аңыз-әңгімелер.Аңыз-әңгімелер дің алғашқы үлгілері халық үшін қызмет еткен және тарихта болған адамдардың ісін,өмірін әңгімелеу негізінде туған.Мұндай адамдардың халыққа қамқор болып,халық намысын қорғағаны,бұл жолда жасаған әр алуан істері ел аузында аңыз-әңгімеге айналып,ұрпақтан-ұрпаққа жеткен.Олардың аты,ісі ерте кезде жазу-сызу өнері болмағандықтан хатқа түспеген,тек ел аузында жүріп сақталған.

    Сондықтан да әуел басында тарихи шындыққа,нақтылы деректерге негізделіп туған әңгімелер кейіннен халықтың ауызша айтатын аңыздарға айналған.Бұл әңгімелер бертін келе әр түрлі қоғамдық жағдайларға,халық тілегіне сәйкес өзгеріп,жаңара берген,оған бергі заманның өмір шындығынан туған жаңа оқиғалар,көзқарастар қосылған.Солардың бәрінде жаңағы адамдардың аттарын айнытпай сақтай отырып,соңғы кездің тілектерін көрсететін аңыздар да туған. Мысалға, Алдар Көсе жайындағы қазақ аңыздарын алсақ,оларда әр заманның ізі жатқанын байқаймыз. Онда хандар билеген заманның да,бертінде байлар мен саудагерлер әкімдік еткен дәуірдің де елестері бар.Бұдан,бір жағынан,Алдар Көсеге байланысты аңыздардың ерте заманда туғандығын аңғарсақ; екіншіден,бергі кездің де жай-жапсары суреттелгенін көреміз.Ел қиялы ертедегі Алдар Көсені бергі заманға алып келгенде,бұрынғы аңыздардың кейіпкерлері арқылы соңғы кездің суретін беруді мақсат еткен деуге болады.

    Аңыздардың әңгімесі тарихта болып өткен адамдар жайынан алынады дегенді біз шартты түрде айтамыз.Өйткені қазақтың аңыздарында аталатын Алдар Көсе,Асан қайғы,Жиренше туралы тарихи деректерден гөрі аңыз-әңгімелер көп.Олардың қай ғасырда жасағанын дәлелдеп айту қиын.Бірақ солардай адамдар тарихта болуы мүмкін.Ерте кезде жазуы-сызуы болмаған халық жаңағы адамдар жайында тек аңыздар қалдырған,онда тарихи адамдарды ауыз әдебиетінің кейіпкері етіп жіберген.

    Аңыздың негізгі міндеті-халықтың бұрынғы өткен өмірінде не болғанын хабарлап,соны дәріптеп бейнелеу.Оның ертегі,хикаялардан айырмашылығы-баяндау тарихи мәліметтерден құралады.

    Зерттеу нысаны:Қазақ халық ауыз әдебиетіндегі аңыз-әңгімелер жанры.
    Курстық жұмыстың мақсаты:

    Аңыз-әңгімелердің ᴈерттелуі ᴛуралы ᴛолық ақпараттар ала ᴏтырып ᴈерттеу және ᴄоңғы еңбектерді ᴏқып, ᴛалдау.Аңыздардың фольклорлық жанрлар жүйесіндегі рөлі мен маңызын талдау,зерделеу,ерекшеліктерін көрсету.
    Мақсатқа ᴄәйкес ᴈерттеу жұмысының ᴋелесідей ᴍіндеттері анықталды:

    Курстық жұмыстың міндеттері:

    • Аңыз-әңгіме жанрының зерттелуіне шолу жасау;

    • Аңыздарды тақырыптық жағынан топтап қарастыру;

    • Аңыз бен тарихи шындықтың арақатынасын талдап,белгілі тұлғалар мен олардың фольклорлық бейнесі арасындағы байланысы мен айырмашылықтарын көрсету;

    Курстық жұмыстың әдіс-тәсілдері: Курстық жұмысты жазу барысында ғылыми әдeбиeттeрді зeрттeп caрaлaу, мәтін aнaлизы, қазақ әдебиетін зерттеуші ғалымдардың еңбектерін пайдаландым. Талдау, жинақтау, салыстыру, анализ-синтез әдістері қолданылды.


    Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі: курстық жұмыс кіріспе, екі тараудан және қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.


    МАЗМҰНЫ
    КІРІСПЕ
    1 АңЫЗ-ӘҢГІМЕлердің жиналуы мен зерттелуі

    1.1 Аңыз-әңгімелердің зерттелу тарихы

    1.2 Оңтүстік Қазақстан өңірінде сақталған аңыздардың тарихы
    2 Аңыз-әңгімелердің тақырыптық ерекшеліктері

    2.1 Аңыз беп әпсананың айырмашылығы мен ұқсастықтары

    2.2 Аңыз әңгіменің түрлері : тарихи аңыз бен топонимикалық аңыз
    ҚОРЫТЫНДЫ
    ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

    І АңЫЗ-ӘҢГІМЕ ЖАНРЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
    1.1 Аңыз-әңгімелердің зерттелу тарихы
    Ертегілік емес халық прозасын құрайтын басты жанрлардың бірі – аңыздар.Ел өмірінің өткен тұстарын,елеулі оқиғалардың мол тізбегін,беймәлім сырларын танып-білуде аңыздардың маңызы ерекше.Оларда өмір оқиғаларының нақтылы көрінісі қайталанбағанымен, шындықтың желісі аңғарылады.Сондықтан да аңыздың негізгі қызметі-ескі күннің есті тарихынан мағлұмат беру, елдің белгілі бір оқиғаларға қатынасын хабарлау,танымын, көзқарасын таныту болып табылады. Онда әлденеше ұрпақ өкілдерінің бастан кешкендері,көргені мен естігені, өмір тәжірибесі жинақталған, қорытылған. Ата ұрпақтың кейінгі буынға айтар ақыл-ойлары, аманат-өсиеттері сақталған және олар қаншама жүз жылдықтардың тоғысынан,ондаған-жүздеген ділмар шешен айтушылардың сынынан,өңдеуінен өткен.Сондықтан жалпы халық шығармасының, оның ішінде аңыз-әңгімелердің мәліметтік,мағлұматтық маңызы мен ғибраттық мәні зор.

    Қазақ фольклортану ғылымында басқа жанрлармен салыстырып қарағанда аңыз-әңгіме жанры аз зерттелген сала.Осы уақытқа дейін аңыз-әңгімелердің көбі негізінен ертегілердің ішінде, яғни құрамында қарастырылып келгені белгілі.Халық прозасының басқа жанрларындай емес,аңыз-әңгіме жанры 1970 жылдардың аяғына дейін назардан тыс қалып келді. Тіпті қазақ халқының ауыз әдебиеті оқулықтарында да бұл жанр анықталып,жіктелген емес.Олай болуының өзіндік себептері де бар еді.Өйткені,елдің ескі заманнан бергі рулық шежіресі мен басынан өткен тарихын,салт-санасын баяндацтын аңыз-әңгімелерді тоталитарлық жүйедегі Кеңестік үкіметтің идеологияы қасақана тұншықтырып,айтуға,жариялауға тыйым салды.Халықтың наным-түсінігі мен сеніміне қатысты ұғымдарды білдіретін аңыз-әңгімелерге көңіл бөлінбеді. Аңыз-әңгімелерге көңіл бөлінбей келуіне қазақ фольклорын жанрлық жағынан жүйелеу ісінің жетілмегендігі де себепкер еді.

    Аңыз-әңгімелерді мазмұнына,тақырыптарына қарай жүйелеп,жіктеу,зерттеу орыс фольклортану ғылымында XX ғасыдың екінші жартысынан бастап қолға алынғаны белгілі. Совет фольклортанушыларының анықтауынша аңыз: «ерте замандарда өткен тарихи оқиғалар мен тарихи қайраткерлер жайында баяндалатын, атақты жер,су,тау,тас, мекендердің қалай пайда болғанын түсіндіретін,қара сөзбен ауызекі тараған сюжетті эпикалық шығарма.Онда шын фактілермен оқиғалар, сонымен қатар ойдан шығарылған желілер де аралас жүреді.Аңыздардың басқа шығармалардан бірден-бір айырмашылығы ел сенетін шындыққа құрылуында.Аңыз-әңгімелер табиғаты жағынан хикая, әпсана, айтымдарға жақынырақ» [1,122].Бұл сананы зерттеген ғалымдардың пікірлері бірден тоғысып, бір арнада өрбіді дей қою қиын. Әркім өз тұжырымдары бойынша аңыздарға жүйелеулерін жүргізіп, оларды тақырыбына қарай түрліше топтарға бөледі.

    Орыс фольклорындағы материалдарды тексере отырып зерттеуші А.П.Андреев оларды тарихи және топонимикалық аңыздар [2] деген екі топқа бөліп қарастыруды ұсынады.

    Т.М.Акимова: «Тарихи аңыздарға халық өміріндегі елеулі тарихи оқиғаларды жатқызуға болады. Ал,мекендік аңыздарға қалалар мен селолар, олардың аталуы,салынуы,атақты адамдарды жайында баяндалатын әңгімелер жатқызылуы тиіс» [3,138] деп көрсетеді.

    С.Н.Азбелов аңы әңгімелердің халық өмірінің алыстағы тарихын танытудағы маңызын жоғары бағалай келе,одарды тарихи және топонимикалық аңыздар деп жіктеуді жөн көреді [4,6].Былайша жіктеу В.Е.Гусевтің де [5,122-123],В.К.Соколованың да фольклорлық мұраларды зерттеуші орыс ғалымдарының еңбектерінде аңыздық прозаның атқаратын функциясы мен оларға қойылатын негізгі талаптар жан-жақты талданып берілген.

    Қазақтың ауыз әдебиеті туралы ғылымы негізінен орыс фольклортану ғылымының игі ықпалымен, үлгісімен өсіп өркендеді. Қазақ аңыз әңгімелерінің жанрлық ерекшеліктері, табиғаты, атқаратын міндеті т.б. туралы сөз қозғайтын болсақ, ең бірінші, Ш.Уәлиханов есімін ауызға аламыз.Ол алғаш рет тарихқа қатысты әңгімелерді,яғни,тарихи оқиғалар мен тарихи қайраткерлер турасындағы аңыздарды жеке дара бөліп алып «тарихи аңыздар» деп атаған.Ғалымның: «Егер Гомердің поэтикалық аңыздаулары,Геродоттың естіп алып, жазып қалдырған аңыздары азды-көпті тарихилық мәнге ие десек,егер әрбір шала-пұла, қисынсыз аңыз әңгімелердің өзінің негізінде оқиғамен шындық жатады десек, қазақтардың ұнамды және жүйелі аңыздауларында... тарихи мән болуы шүбәсіз» [6,388] деген пікірі аса маңызды.Жалпы аңыз жанрының ерекшелігі өткен заман оқиғалары мен адамдары туралы кең деректі мағлұмат бере алатындығын ескерсек,Ш.Уәлихановтың жоғарыдағы тұжырымдамасында зор шындықтың жатқанын көреміз. Ғалым ауыз әдебиеті нұсқаларының танытқыштық сипатына мән бере отырып қазақ тарихи аңыздарын елдің өткен,кеткен жағдайларын толығырақ түсінуге таптырмайтын жанды дерек деп білген. Ш.Уәлихановтың ғылыми еңбектеріндегі біз келтірген құнды пікірлер бүгінгі қазақ фольклортану ғылымында үлкен методологиялық таянышқа айналғанын айтуымыз керек.

    Ш.Уәлиханов «XVIII ғасырдағы қазақ батырлары туралы тарихи аңыздар» [6,216-222] деген мақаласында Абылай мен оның айналасындағы қазақ батырларының ерліктерін баяндайтын он төрт аңызға тоқталған.Олардың әрқайсысына анықтама беріп,өз пікірін білдіріп отырған.Бұл еңбектің маңызы сол- ғалым халыққа кеңінен таныс Қабанбай, Бөгенбай,Жәнібек,Баян секілді батырлардың тарихи істерінен мағлұмат беретін аңыздармен ғана шектелмей,бүгінгі ұрпаққа белгісіз,тарихта ерлік істері көмескіленіп, ат-есімдері ұмытыла бастаған Байғозы,Елшібек, Жаулыбай,Үсен,Алтай т.б. қазақ батырларының да өмірінен қызықты дерек келтірген.Сол арқылы Шоқан өткен тарихымызды зерделеуге тарихи аңыздардың құнды жәдігерлер екенін қадап айтып, анықтап берген.

    Қазақ фольклорының көне және бай мұраларын жанрлық белгілерін айқындауда көп еңбек сіңірген ғалымдарымыздың бірі – М.Әуезов.Ол Ш.Уәлихановтың жоғарыда айтып өтілген тұжырымын қолдай отырып,тарихи аңыздар жөнінде құнды ойлар айтты. «Қазақ ертегілері» (1957) деген кітаптың кітаптың бірінші томына жазған алғы сөзінде М.Әуезов өзіне дейінгі әлемдік тәжірибеге сүйенген орыс фольклортанушы ғалымдарының еңбектеріндегі қалыптасқан заңдылықтарды басты назарда ұстай отырып, қазақтың ертегілік прозасын жанрлық түрлерге бөліп, топтастырды.Сан ғасырдан бергі түрлі тарихи құбылыстарды басынан кешірген елдің неше алуан көңіл-күйінен хабар беретін прозалық әңгімелерді ертегілердің құрамында қарап,оларды шартты түрде «шыншыл ертегілер» деп атады[7,17].М.Әуезовтың ел басынан өткен тарихи оқиғалар мен ғұмыр кешкен уақыты белгілі жеке тарихи қайраткерлер туралы аңыз-әпсаналарға нақты ұғым беретін термин іздегені байқалады.Ғалымның: «Әрине,бұл жіктеуді түпкілікті белгілі бір әдебиет заңы деп қарамаймыз;қолдағы бар материалға сүйеніп айтқан алғашқы тексерудің,бақылаудың қорытындысы ғана» [7,17] деп бұл саланы болашақта арнайы,жете зерттеу қажеттілігін ескерткен.

    Л.Соболевпен бірігіп жазған «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» атты зерттеуінде аңыздарды: «Тарихта болған адамдар жайында айтылған,халық шығарған көркем әңгіме... Аңыз-әңгіме етілген адамның өміріндегі шын ісі мен мінезінің суреттеуінен,аңғарынан туады.Аңыз әңгіменің тарихи адамды біржолата өзіне ұқсамаған кейіпке түсіріп әкететіні болмайды. Әрбір аңыз-әңгіменің негізінде тарихта болған адамның шын кескінінің түбегейлі ерекшеліктері жүреді» [8,55] деп анықтайды.

    М.Ғабдуллин, Е.Ысмайлов, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, Р.Бердібай, Б.Адамбаев т.б. ғалымдарымыз зерттеу еңбектерінде аңыз әңгімелердің өміршеңдігі,белгі сипаттары ішінара айтылып отырады. Ертегілік емес халық прозасының жанрлары жеке бір зерттеу объектісі ретінде С.Қасқабасовтың «Қазақтың халық прозасы» (1984) атты монографиясында жеке-жеке атау беріліп,ара жігі ажыратылды.Осы кезеңнен бастап аңыз жанрының ішкі табиғатына, атқаратын функциясына, тарих пен аңыздардың ара қатынасына тереңдей еніп, түпкілікті зерттеу жұмысын жүргізу қолға алынды.

    Аңыз жанрының арғы түбірінде тарихи оқиғалар мен күнделікті елдің тұрмыс-тіршілігінде болмысына тән парасат-пайымымен тау,тас,елді мкендерде өткен ұрыс-соғыстардың ізі жатады.Аңыздың түпкілікті мазмұны ел өмірінің танылған бір шындығы болып келеді.Тыңдаушы оған ешқандай шүбә келтірмейді.Қайсыбір аңыз болсын, біреуден-біреуге ауызекі айтылып келгендіктен,шындық деп танылған оқиғаның өзі көп өзгеріске ұшырауы мүмкін.Бірақ соның өзінде айтылып отырған оқиға шын болған деп есептелінеді.Себебі,фольклорлық дәстүр бойынша аңыз айтушы сол мезеттегі айтып отырған оқиғасын тыңдаушыларға ғажайыпты көркемдік тәсілдермен ұғындыру керек деп ойламайды.Аңыздың міндеті өткен уақыттың шындығын, қарапайым елдің тарихи оқиғалар туралы қарапайым түсінігін хабарлаумен көрнекті тұлғаларға берген халықтың бағасын,қарым-қатынасын көрсетеді.

    Кейінгі жиырма,отыз жыл көлемінде жарық көрген тарихи көркем шығармаларда ел аузында сақталып келген кейбір аңыз-әңгімелердің түрлері жазушылардың шығармашылық мақсатына орай өзгерістерге ұшырап, оқырман қауымға біршама таныс болды.

    Қазақтың тарихи романдарын зерттеген ғалым Р.Бердібай: «Ауыз әдебиеті шығармаларының фабулаларын өңдеп,жетілдіріп,сүргілеп,жаңа идеяларға қызмет еттіру үшін ,тек оқиғаның қызықтылығы немесе тарихи нақтылығы жеткіліксіз болар еді. Фольклор нұсқалары негізінде көркем шығарма жасалуына, ең алдымен, суреткердің белгілі аңыз,әңгіме,жырдан өзінің аңсарына сәйкестік табуы қатты себепкер. Қалай болған күнде де ауыз әдебиеті жаратындысында, жазушының айтқысы келген мұратына үндес нақты негіз болуға тиіс»,- дейді.

    1.2 Оңтүстік Қазақстан өңірінде сақталған аңыздардың тарихы
    Республиканың басқа аймақтарымен салыстырып қарағанда Оңтүстік Қазақстанның өзіндік ерекшеліктері бар.Оның түрік деп аталатын этникалық тек-тамыры бір туысқан халықтардың атамекені екені қалың қауымға тарихи жыр,шежірелерден де белгілі.Араб,парсы,қытай т.б. жатжұрттық саяхатшылар өз жылнамаларында,жазу сызбаларында жазып қалдырған деректер бір бөлек. Оның үстіне ел аузында айтылып келген аңыздар тарихтың куәсіндей құпия сырларды танып-білуге септеседі. Мәселен, біздің дәуірімізге дейінгі 328 жылдың жазында жер дүниені 328 жылдың жазында жер дүниені жаныштап,ат тұяғының астына салып келе жатқан, беті жаудан қайтпаған жаһангер қолбасшы Александр Яксарт (Сырдария) өзенінің бойына келіп жеткенде, осынау өлкені мекендеген көшпелі сақтардан күтпеген соққы алып көп шығынға ұшырап, атының басын кері бұрыпты дейтін аңыздар сақталған[9,205-214]

    Оңтүстік Қазақстанда басқа аймақтармен салыстырғанда, аңыздар көбірек сақталып,көбірек тараған.Аңыз-әңгімелердің біразы ел аузынан жиналып алынғанымен,олардың кезінде хатқа түспей,бірте-бірте ұмытылып бара жатқаны да аз емес.Халықтың қалың көпшілігіне мәлім болмай,кейбір көнекөз қариялардың айтуы бойынша ғана тарап,сақталған аңыздарды жинап,кейінгі ұрпаққа табыстаудың маңызы зор.Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда осы салада жүргізілген зерттеу жұмыстарына зер салатын болсақ Абылай,Қабанбай сияқты қазақ еліне кеңінен танымал тарихи тұлғалардың төңірегіндегі оқиғаларды қамтиды.Мәселен, А.Ғабдулинаның «Қабанбай батыр туралы тарихи жыр аңыздар» ,А.Әбсадықовтың «Абылай хан туралы тарихи аңыздар» секілді еңбектерін атауға болады.

    Түрік халықтарына ортақ осы өңірге қатысты халық шығармаларын жинап,бастыру ісінде Ә.Диваевтің еңбегі ерекше.Оның көбірек аралап, материалдарды молырақ қамтыған жері-Шымкент уезінің Қазығұрт өңірі. Ғалымның Оңтүстік Қазақстаннан жинаған және жариялаған мол материалдары Ташкенттегі Ә.Навои атындағы ұлттық кітапхананың қолжазбалары қорында сақталып келеді.Олардың ішінде басқа жанрлармен қатар халық прозасы да мол орын алған.Олар: «Қазығұрт тауы туралы аңыз», «Көк кесене», «Легенда о происхождении кара киргизов», «Предания О Хазрете-Исмаил Ата», «Қорқыт туралы аңыздар».Осы аталған жинақтарда бақсылар туралы хикаялар мен демонологиялық әңгімелерді, аспан әлеміне, аң-құсқа байланысты мифтер де орын алған.Мәселен,Ә.Диваев Шымкент уезінің Қошқар-Ата болысындағы Бексейіт деген бақсымен кездесіп,басынан кешкен хикаяларын өз қолымен жазып алған [10].Қазығұрт,Көк-кесене,Қорқыт туралы аңыз-әңгімелерден басқа хикая,мифтердің көбісін Ә.Диваев Ташкент маңынан хатқа түсірген.Сонымен бірге ғаылмның Оңтүстік өңірінің фольклорлық мұраларын жинап,жіберіп отыратын Еркінбек, Сапарбай, Молда Мұса,Адырбек, Майлықожа сияқты т.б. көптеген тілшілері болған.Осылардың ішінде әсіресе Еркінбек Ақынбеков көп мұраларды жіберіп отырған.Ол туралы Қазақ Совет Энциклопедиясында «Ақынбековтен жазып алынған түрлі аңыз,ертегі,өлеңдер Ә.Диваев жинақтарында күрделі орын алады» [1,239] делінген.Ә.Диваев жалпы Оңтүстік өңіріне байланысты жоғарыдағы жинаушыларынан жазып алған мұраларды негізінен «Туркестанский сборниктің» 440,462,463,556,567,568,569 томдарында және ПТКЛА(протоколы Туркестанского кружка любителей археологии) жинақтарымен «этнографические материалы», «этнографического обозрения» деген газет,кітапшаларда жариялаған.

    Оңтүстік өңіріне қатысты аңыз-әңгімелердің көпшілігі XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында жоғарыда аталған және басқа да зерттеуші орыс ғалымдарының көмегімен жиналып, олар Орынбор ғылыми-археологиялық комиссия еңбектерінде, Түркістан археология әуесқойлары үйірмесінің хаттамаларында жарық көріп отырған.Осы еңбектерде Оңтүстік өлкесіне қатысты тарихи деректер мен көне әңгімелердің көпшілігі жер,сулар мен Құмкент,Отырар,Сауран,Өзкент,Сығанақ,Көк кесене,Қорасан ата,Оқшы ата т.б. осы секілді қала мен мазар аттарына байланысты болып келеді.
    Қазақ аңыз-әңгімелерінің кейбір ерекшеліктері Ә.Қоңыратбаев еңбектерінде айтылған[11,74-86].Оның жинаған аңыздары жеке архиві бойынша кейінгі жылдары Т.Қоңыратбаевтың «Ертедегі ескерткіштер» деген кітабында жарияланды[12].Сондай-ақ, туған өлкесінің аңыздарын жинауға жер-жердегі ақын,жазушылар,журналшылар,мәдениет қызметкерлері атсалысқан.Кейіннен қаламгерлер аңыздар мен әпсаналарды өздерінің көркем туындыларында пайдаланғаны да белгілі.
    Оңтүстік Қазақстанда таралған ертегілік емес прозаның кейбір нұсқалары: миф,аңыз, әпсаналар ел ішінен Ә.Диваев,Н.Гродеков, В.Радлов, Г.Потанин секілді фольклоршылар тарапынан жазылып алынған. Кезінде орыс т.б. ұлт өкілдерінің фольклоршы ғалымдарының қолымен жинастырылған мұндай мұра архивтерде,ғылыми орталықтардың қолжазба қорларында сақталды.

    1980 жылдардан кейінгі уақытта Оңтүстік Қазақстанның аңыздары тақырыбына бірсыпыра еңбектер жарияланды.Соның бірі-С.Бақбергеновтің «Қазығұрттың басында кеме қалған» (1984) атты еңбегі.Мұнда Оңтүстік өңіріндегі Қазығұрт тауы, Ақсақ Темір және Қ.А.Ясауи ғимараты Хантағы,Қанжуған және Қатынқамал хикаясы, Жырыққорған, Ақбикеш,Ащысай секілді бірнеше аңыз-әпсаналардың тексері келтірілді.Оңтүстік аңыздарының кейбір нұсқалары «Абылай хан» (1993), «Домалақ Ана» (1991), «Қазығұрт баурайындағы аңыздар» (1993), «Қазағымның киесі Қазығұртым» (1995), «Қазыналы Қара шаңырақ» (1996), «Яссауи тағылымы» (1996), «Теберік дүние» (1997) т.б. кітаптардан орын алды.

    Түркі жұртына ортақ мұра боп саналатын Оңтүстік Қазақстан аңыздары мен әпсаналарының жанрлық табиғатын,оның таралу,сақталу,даму жолдарын анықтау,олардың халықтың әлеуметтік-саяси,рухани өмірінен алатын орнын, тарихпен байланысын жүйелі тексеріп,танытқыштық,тәрбиелік,көркемдік қызметін көрсету зерттеу еңбектің басты нысанасы болып табылады.
      1   2   3


    написать администратору сайта