ДП Гаратаев Бегарыс. аза филологиясы кафедрасы Оу (диалектологиялы) практика
Скачать 32.11 Kb.
|
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Филология факультеті Қазақ филологиясы кафедрасы Оқу (диалектологиялық) практика 6В01701 қазақ тілі мен әдебиеті ББ Гаратаев Бегарыс Сейфуллинұлы Ақтөбе, 2021 ж. «Бекітемін»__________ Факультет деканы Садирова К.Қ. «___» __________ 20 __ж. Студент-практиканттың жеке жұмыс жоспары
Практика базасы туралы мәлімет Практика материалдары алынған елді мекеннің толық атауы: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы Студенттің байланыс телефоны: +77777031803 Практика жетекшілері Молдабаева Зухра Мирамбековна Информант (мәліметті беруші респондент) туралы мәлімет
2.1. 1. Информанттың аты-жөні: Гаратаева Жаңылсын Өскінбайқызы 2. Туған жылы, айы-күні: 1997 жылы дүниеге келген 3. Мамандығы, жұмыс орны: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі 4. Информанттың мекен-жайы: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы 5. Мәлімет жазылып алынған уақыт: 28-мамыр Студенттің оқу практикасы туралы қорытынды есебі үлгісіСтуденттің Т.А.Ә.: Гаратаев Бегарыс Сейфуллинұлы Мамандық, курсы, тобы: 6В01701 қазақ тілі мен әдебиеті Практика орны (облыс, қала, аудан, ауыл, т.б.): Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы Практика барысы: Информанттармен кездесу, әңгімелесу, материалдарды жазба деректерден жинақтау, талдау кезінде қандай әдістер мен амалдар қолдандыңыз? Информанттармен бетпе-бет байланысу мүмкін болмағандықтан, ватсап желісі арқылы диалект сөздерді алдым. Практика барысында жергілікті тілдік ерекшеліктерді теру қалай жүзеге асты? Информантпен байланысу арқылы және кітапханаға барып, диалектке қатысты сөздік пайдаландым. Практика барысында қандай техникалар қолдандыңыздар, материалды талдауда қандай әдістер пайдаланылды? Практика барысында ноутбук пайдаландым. Ұялы телефон арқылы информантпен байланысқа шықтым.Материалды талдауда қазақ тілі оқулығын пайдаландым. 4. Бұрын баспа бетін көрмеген қандай материалдар таптыңыз? Менің ойымша, Маңғыстауға тән диалект сөздер әлі баспа бетін көрмеді. Ең қызықты творчестволық істер: Диалект сөздердің мағынасын ашып, талдағаным қызық болды Ең қызықты информант ақпараты қандай? Маған отырғыш деген сөз қызық болды. Естілуі жағынан да тұрпайы көрінгендей болды. Практика барысында неге үйрендіңіз? Бұл практика арқылы кез-келген дүние оңайлықпен келмейтінін үйрендім. Жалпы қорытындысы. Ұсыныстар. Қорытындылай келе, диалект сөздерді жинақтау барысы ойдағыдай болды. Өзім білмейтін тың ақпараттар және мардымды жауаптар алдым. Сөздердің естілуі тұрпайы болғанымен, маған қатты ұнады. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Факультеті филология Кафедрасы қазақ әдебиеті Оқу практикасының материалы 1 курс студенті 6В01701 қазақ тілі мен әдебиеті ББ Гаратаев Бегарыс Сейфуллинұлы Ақтөбе, 2021 жыл Информант – Гаратаева Жаңылсынның берген диалект сөздері төмендегідей болды: Нән, нәнгілдей, құрттай, мәшіннің аяғы, қойыңшиш, оттық, тақыр, барың, көпшік, апа, шекер, не зат? жар, мәшін, отырғыш, көпшік, нәкөс, ыссы, манағы, қолбақ, шаппа, дәмбосын, семішкі, жалтыр Енді осыларға жеке-жеке тоқталып өтсем: Нән – үлкен сөзінің орнына қолданылады. Нәнгілдей- бұл өте үлкен деген мағынаны білдіреді. Құрттай – Батыс өңірінде кішкентай сөзінің орнына қолданылады Жар – Маңғыстауда қабырға дегенненге қарағанда, жар сөзі жағымдырақ естіледі; Көпшік – тұрмыста қолданылатын жастық атауы осылай аталады Отырғыш – әдеби тілде орындық деп аталса, Маңғыстауда отырғыш дейді Нәкөс – Тек Маңғыстауға ғана тән сөз. Жынды деген сөзге саяды Ыссы – Бұл да Маңғыстауға тән сөздің бірі. Ыстық дегенді білдіреді. Манағы – аз уақыт болып кеткен затты айтқанда қолданылады. Негізі - жаңағы Қолбақ – қолғап сөзін білдіреді Шаппа – шағын өткір пышақ. Әдеби тілде - бәкі Дәмбосын – Бұл сөз онша емес деген сөздің орнына қолданылады. Семішкі – орыс тіліндегі «семечко» сөзін бұрмалап жасалған сөз. Дұрысы – пісте. Жалтыр – жалтыр сөзінен шыққан Құрттай – бұл сөз кішкентай деген мағынаны білдіреді. Маңғыстау аймағында өте кең таралған сөздердің бірі. Мысалы: Ана баланың бойы құрттай екен. Мәшін – көлік сөзінің орнына қолданылады. Машина сөзінің бұрмаланылуынан пайда болған. Мәшіннің аяғы – бұл сөз көліктің дөңгелегі деген мағынаны білдіреді. Демек аяқ деген сөз дөңгелек сөзінің орнына қолданылып тұр. Қойыңшиш. Батыс Қазақстан өңірлеріне тән қосымша – (-шиш). Маңғыстаулықтардың көбі бұйрық райда сөйлейді. Сондықтан осылай қалыптасқан. Бұл сөз кез-келген етістікке жалғана береді Оттық. Мені таңқалдырған сөздің бірі осы болды. Өйткені сіріңкені әр жерде әртүрлі атайды Апа – Маңғыстауда әпкесіне апа деп атайды. Секер – Қант, шекер сөзінің орнына қолданылады. Кеңінен тараған. Не зат? – Бұл сөз батыс аймағында кеңінен тараған. Не болды деген мағынаны білдіреді Барың, келің - бар, кел сөзінен шыққан. Бешбармақ – тағам атауы. Негізі - бесбармақ Бешпет - киіп жүруге жеңіл тыс киім, келте шапан.бешпент Фонетикалық ерекшеліктер Дауысты дыбыстардағы ерекшеліктер Ы – А: Жылтыр – жалтыр, М – Ж: Манағы - жаңағы Дауыссыз дыбыстардағы ерекшеліктер Ш – С: Шекер - Секер С – Ш: Бесбармақ - Бешбармақ Лексикалық ерекшеліктер Үй шаруашылығына байланысты сөздер Мәшін – көлік, Мәшіннің аяғы – көліктің дөңгелегі Жар – қабырға, отырғыш – орындық, көпшік- жастық, шаппа – бәкі, оттық- сіріңке, қолбақ - қолғап Киім атаулары Бешпент – бешпет, Туыстық атаулар Апа – әпке, Тағам атаулары... Семішкі – пісте, Нән – үлкен, Нәнгілдей – өте үлкен. Дәм босын – онша емес, нәкөс – жынды, құрттай – кішкентай, Грамматикалық ерекшеліктер Мысалы: ыссы – ыстық, барың – бар, келің – кел, қойыңшиш – қойыңдар. |