Главная страница

Анатомия. аза лтты аграрлы зерттеу университеті коммерциялы емес акционерлік оамы Технология жне биоресурстар факультеті


Скачать 0.97 Mb.
Названиеаза лтты аграрлы зерттеу университеті коммерциялы емес акционерлік оамы Технология жне биоресурстар факультеті
АнкорАнатомия
Дата05.05.2022
Размер0.97 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаumkd vm anatomiya kaz 21-22.docx
ТипДокументы
#512839
страница16 из 46
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   46

ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАР
1 зертханалық сабақ
Тақырыбы: Латын тілінің негізі: латын әліпбиі. Латын морфологиялық терминдерінің оқылуы және жазылуы. Жазытықтар мен бағыттар және мүшелердің орналасыуын анықтайтын терминдер.

Сабақтың мақсаты: Латын тілі туралы қысқаша мәлімет. Латын әріптерінің емлесі. Дауысты дыбыстардың оқылуы. Дифтонгтардың оқылуы. Дауыссыз дыбыстардың оқылуы

Сабаққа керекті құрал-жабдықтар

1.Әр түрлі жануарлар қаңқасы

2.Сүйектердің макро және микропрепараттары

Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары:

Латын әліпбиі, латын терминдерінің оқылу ережелері.Латын әліпбие 24 әріптен тұрады. Латын әріптерінің емлесі. Термин, терминология, номенклатура атауларына жалпы түсінік. Дифтонгтардың оқылуы.ae-дифтонгі «э» болып оқылады, oe-дифтонгі «е», кейде «э» болып оқылады.au- «ау» болып, «у» қысқа оқылады. Eu-«эу» болып, «у» қысқа оқылады. Дауыссыз дыбыстардың оқылуы: b,c,d,f,g,h,k,l,m,n,p,q,r,s,t,v,y,x,z. Дауысты дыбыстардың оқылуы: a,o,u,e,i,y.

Бақылау сұрақтары

1.Латын тілі қандай елдің мемлекеттік тілі болған?

2.Қазіргі кездегі латын тілінің маңызына тоқталыңыз

3.Термин, терминология, номенклатура сөздері туралы түсінік беріңіз

4.Латын әріптерінің аталуы мен оқылуын еске түсіріп, оларды қайталаңыз

5. Латын әріптерінің дауысты және дауыссыз дыбыстарын қайталап, олардың оқылуына назар аударыңыз

6. Дифтонг дегеніміз не?

Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі :

1. Жаңабеков.К., Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 43-47 б

2. Исембергенова С.К., Жылкышыбаева М.М. Латино- русско- казахско-английский терминологический словарь «Айтұмар» 2016

2 зертханалық сабақ

Тақырыбы: Жануарлар дене аумақтары мен бөлімдері. Қаңқа және оның бөлімдері.

Сабақтың мақсаты: Жануарлар организмдерінің құрылысы мен даму заңдылықтарын білу. Дененің бөлімдері мен аумақтарын қазақша-латынша атауларымен жаттау. Тірек-қимыл аппараты туралы жалпы түсінік беру. Қаңқа, сүйектердің құрылысы, химиялық құрамы мен физикалық қасиеттерін анықтау.

Сабаққа керекті құрал-жабдықтар

1.Әр түрлі жануарлар қаңқасы

2.Сүйектердің макро және микропрепараттары

Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары:

Тірі организмдегі дене мүшелерінің орналасу орындарын, олардың проекцияларын анықтап көрсету үшін, жануарлар денесін бөлімдер мен аумақтарға бөледі. Құрлықта тіршілік ететін омыртқалы жануарлардың денесі: біліктік бөлімге және аяқтарға бөлінеді. Білікті бөлім өз кезегінде: бас, мойын, тұлға және құйрық бөлімдерден, ал аяқтар алдыңғы және артқы аяқтарға бөлінеді. Аяқтар өз кезегінде белдеу және еркін қозғалатын бөлімдерден тұрады. Ал дене бөлімдері көптеген дене аумақтарына ажырайды. Жануарлар қаңқасының бөлімдері мен аумақтарын білу үшін ірі қара малдың суретін альбомға түсіріп, атауларын жазып жаттау. Тақырыптағы қазақ-латын сөздерін сөздікке теріп жазу, жаттау.

Бақылау сұрақтары

1.Жануарлар организмдері құрылысы мен дамуының негізгі заңдылықтарын қайтаап, олардың маңызын түсіндіріңіз

2.Омыртқалы жануарлар дене құрылысының заңдылықтарын еске түсіріп, оларға байланысты денедегі жазықтықтар мен бағыттарды атаңыз

3.Жануарлар денесінің біліктік бөлімі қандай бөлімдер мен аумақтардан тұрады?

4.Қаңқаның анықтамасын беріңіз. Қаңқаның жануарлар организмі тіршілігі үшін маңызы

5. Сүйектің мүше ретіндегі құрылысы

6. Сүйектердің химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері

7.Пішініне байланысты қаңқа сүйектерінің түрлері

8. Біліктік және шеткі қаңқа бөлімдері мен бөліктерін атап, олардың сүйектерін жаттау

Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі :

1. Жаңабеков.К., Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 184-200 б

2. Исембергенова С.К., Джанабекова Г.К., Жылкышыбаева М.М. Латино- русско- казахско-английский терминологический словарь «Айтұмар» 2016

3. Жаңабеков К., Исембергенова С.К., Джанабекова Г.К., Джунусова Р.Ж., Жылқышыбаева М.М., Байтакова З.Е. УМКДС «Жануарлар анатомиясы және латын терминологиясы» пәнінен студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешен. А.НурПринт. 2013. 385 б

4. Жаңабеков К., Джунусова Р.Ж., Жылқышыбаева М.М., Байтакова З.Е. Сүйектер және бұлшық еттер жүйесінің бейнелі оқу құралы. А.А.2015
3 зертханалық сабақ

Тақырыбы: Көкірек керегесі сүйектерінің құрылысы. Қабырға, төс сүйектің үй жануарларындағы ерекшеліктері.

Сабақтың мақсаты: Көкірек керегесі сүйектерінің құрылысы. Қабырға, төс сүйектің үй жануарларындағы ерекшеліктерін оқып танысу.

Сабаққа керекті құрал-жабдықтар

1.Әр түрлі жануарлар қаңқасы

2. Қабырға, төс сүйек, құймышақ

Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары:

Қабырғалар (ребра) — costae — көкірек керегесі бүйір қабырғаларының қаңқасын құрайды. Олар екі бөліктен: сүйек қабырға (os costalis) және қабырға шеміршегінен (cartilago costae) тұрады. Қабырғалардың жоғарғы омыртқалық ұштарындағы қабырға бастары мен төмпекшелері көкірек омыртқалардың денелерімен және көлденең өсінділерімен буындар арқылы байланысады. Ал, төменгі төссүйектік ұштарындағы қабырға шеміршектері төссүйекпен жалғасады. Төссүйекпен тікелей жалғасқан алдыңғы 7-8 қабырғалар — төссүйектік (стернальды) немесе нағыз қабырғалар, ал төссүйекпен тікелей байланыспайтын қабырғалар — астернальды немесе жалған қабырғалар — деп аталады. Жалған қабырғалардың шеміршектері бір-бірімен жапсарласа бірігіп, қабырға доғасын (arcus costalis) құрайды.

Төссұйек (грудина, грудная кость) — sternum — көкірек кереге-сінің вентральды қабырғасының сүйектік негізін кұрайды. Ол төссүйек тұтқасынан, денесінен және семсерше өсіндісінен тұрады. Төссүйек тұтқасы (manibrium sterni) төссүйектің 2-нші қабырғаға дейінгі бөлігі. Ол төссүйек денесімен буын арқылы байланысады. Төссүйек денесі (corpus sterni) бір-бірімен шеміршек аралықтар арқылы байланысқан 5-6 жұп төссүйек бөліктерінен (сегменттерінен) — sternebra — тұрады. Оның екі бүйірінде қабырға шеміршектерімен байланысатын қабырғалар ойықтары (incisura costalis) болады. Пішіні үшкірленіп келген төссүйектің семсерше өсіндісі (processus xiphoideus) семсерше шеміршекпен (cartilago xiphoidea) аяқталады. Семсерше шеміршекті қазақ "сүріншек" деп атайды.
Бақылау сұрақтары

  1. Кокірек керегесі, оның қаңқасын қандай сүйектер құрайды?

  2. Көкірек омыртқаларының құрылысы мен олардың жануарлар түрлеріне байланысты ерекшеліктеріне тоқталыңыз.

  3. Қабырғалардың құрылысы және жануарлардын түрлеріне байланысты олардағы ерекшеліктер.

  4. Төссүйектің құрылысы және жануарлардын түрлеріне байланысты ерекшеліктері.

  5. Омыртқа бағаны мен көкірек керегесі тақырыптары метіндерінде кездесетін қазақшаа-латынша терминдерді сөздікке көшіріп алый, оларды жаттаңыздар.


Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі :

1. Жаңабеков.К., Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 184-200 б

2. Исембергенова С.К., Джанабекова Г.К., Жылкышыбаева М.М. Латино- русско- казахско-английский терминологический словарь «Айтұмар» 2016

3. Жаңабеков К., Исембергенова С.К., Джанабекова Г.К., Джунусова Р.Ж., Жылқышыбаева М.М., Байтакова З.Е. УМКДС «Жануарлар анатомиясы және латын терминологиясы» пәнінен студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешен. А.НурПринт. 2013. 385 б

4. Жаңабеков К., Джунусова Р.Ж., Жылқышыбаева М.М., Байтакова З.Е. Сүйектер және бұлшық еттер жүйесінің бейнелі оқу құралы. А.А.2015
4 зертханалық сабақ

Тақырыбы: Жауырын және тоқпан жіліктің құрылысы.

Сабақтың мақсаты: Алдыңғы аяқтыңиық белдеуі. Жауырын мен тоқпан жіліктің құрылысы және олардың үй жануарларындағы ерекшеліктері.

Сабаққа керекті құрал-жабдықтар

1.Үй жануарларының алдыңғы аяқ қаңқалары.

2.Жауырын және тоқпан жіліктер.

3.Атластар мен түрлі-түсті кестелер

Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары:

Жануардың алдыңғы аяқ қаңқасы екі бөлімнен құралған. 1.Иық белдеуі: оған-жауыр сүйегі. 2. Еркін қозғалатын бөлім: ол-тоқпан жілік, білек, тізе, жіліншік және бақай сүйектерінен құралған. Жауырын мен тоқпан жіліктің қазақша-латынша атаулары мен құрылысын түсіндіру.Әр түрлі жануарлардағы ерекшеліктерін атап айту.

Бақылау сұрақтары

1.Алдыңғы аяқ қандай бөлімдерден құралған?

2.Үй жануарларының иық белдеуіне жататын сүйектерді атаңыз

3.Жауырынның құрылысы қандай?

4.Үй жануарлары жауырындарының бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар?

5. Тоқпан жіліктің құрылысы қандай?

6. Үй жануарлары тоқпан жіліктерінің ерекшеліктерін атаңыз

Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі :

1.Жаңабеков.К., Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 225-228 б

2. Исембергенова С.К., Жылкышыбаева М.М. Латино- русско- казахско-английский терминологический словарь «Айтұмар» 2016

3. Жаңабеков К., Исембергенова С.К., Джанабекова Г.К., Джунусова Р.Ж., Жылқышыбаева М.М., Байтакова З.Е. УМКДС «Жануарлар анатомиясы және латын терминологиясы» пәнінен студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешен. А.НурПринт. 2013. 385 б

4. Жаңабеков К., Джунусова Р.Ж., Жылқышыбаева М.М., Байтакова З.Е. Сүйектер және бұлшық еттер жүйесінің бейнелі оқу құралы. А.А.2015

5 зертханалық сабақ

Тақырыбы: Артқы аяқ жамбас сүйегінің құрылысы, ерекшеліктері. Ортан жіліктің құрылысы, ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты: Жамбас белдеуінің құрылысы. Жамбас пен ортан жіліктің құрылысы және үй жануарларындағы ерекшеліктері.

Сабаққа керекті құрал-жабдықтар

1. Жануарлар қаңқалары

2. Әр түрлі жануарлардың жамбас пен ортан жілік сүйектері

Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары:

Жамбастық аяқ қаңқасы-жамбас белдеуі мен ерткін қозғалатын сүйектердің заңдылықпен байланысқан жиынтығы. Өз кезегінде жамбас белдеуі жамбастан, ал еркін қозғалатын бөлім ортан жілік, сирақ және аяқ басы сүйектерінен құралған. Жамбас сүйегінің өзі тұтаса байланысқан-мықын, шат және шонданай сүйектерінен құралған. Мықын сүйектің, шат және шонданай сүйектерінің қазақша-латынша атауларымен жаттау, әр түрлі жануарлардағы ерекшеліктерімен қайталау. Ортан жіліктің құрылысын оқып үйрену үшін өткен тақырыптардағы жіліктерді еске түсіру керек. Ортан жіліктің құрылысын әр малдағы ерекшелігімен түсіндіру. Атауларын сөздікке жазғызу.

Бақылау сұрақтары

1.Артқы аяқ қандай бөлімдерден құралған?

2.Жамбас белдеуіне жататын сүйектерді жатады?

3.Жамбастың құрылысы қандай?

4.Үй жануарлары ортан жілігінің бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар?

5. Ортан жіліктің құрылысы қандай?

6. Үй жануарлары ортан жіліктерінің ерекшеліктерін атаңыз

Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі :

1. Жаңабеков.К., Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 233-237 б

2. Исембергенова С.К., Джанабекова Г.К., Жылкышыбаева М.М. Латино- русско- казахско-английский терминологический словарь «Айтұмар» 2016

3. Жаңабеков К., Исембергенова С.К., Джанабекова Г.К., Джунусова Р.Ж., Жылқышыбаева М.М., Байтакова З.Е. УМКДС «Жануарлар анатомиясы және латын терминологиясы» пәнінен студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешен. А.НурПринт. 2013. 385 б

4. Жаңабеков К., Джунусова Р.Ж., Жылқышыбаева М.М., Байтакова З.Е. Сүйектер және бұлшық еттер жүйесінің бейнелі оқу құралы. А.А.2015
6 зертханалық сабақ

Тақырыбы: Бассүйек. Ми сауыты бөлімінің құрылысы.

Сабақтың мақсаты: Ми сауыты сүйектерінің құрылысын және олардың әртүрлі жануарлардағы ерекшеліктерін зерттеу

Сабаққа керекті құрал-жабдықтар

1.Әр түрлі жануарлардың бас сүйектері

2.Атластар мен түрлі-түсті кестелер

Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары:

Бас қаңқасы бір-бірімен тұтаса байланысқан жалпақ сүйектерден құралған. Бұл сүйектер организмге тіршілік үшін өте қажетті көптеген мүшелерді қоршап, қорғап тұрады. Бас сүйегі негізінен ми сауыты және бет бөлімі болып екіге бөлінеді.

Ми сауыты жұп (самай, маңдай,төбе және қанат сүйектерінен) және төрт тақ (шүйде, төбеаралық, торлы және сынаша сүйектерден) құралған. Әрбір сүйектің өзінің жеке бөліктері мен ерекшеліктері бар. Осы бөліктерді ерекшеліктерімен бірге қазақша –латынша атауларымен жаттау.

Бақылау сұрақтары

1.Бас сүйек қандай бөлімдерге бөлінеді?

2.Ми сауыты бөлімін құрайтын сүйектерді атаңыз?

3.Шүйде сүйек қандай бөліктерден тұрады? Олардың құрылысы қандай?

4.Сынашы сүйек қандай тетіктерден құралған?

5. Самай сүйекті қандай бөліктер құрайды? Олардың құрылысы қандай?

6. Маңдай, төбе, төбеаралық, қанатша сүйектердің құрылысы қандай?
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі :

1.Жаңабеков.К., Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 208-218 б

2 Исембергенова С.К., Жылкышыбаева М.М. Латино- русско- казахско-английский терминологический словарь «Айтұмар» 2016

3. Жаңабеков К., Исембергенова С.К., Джанабекова Г.К., Джунусова Р.Ж., Жылқышыбаева М.М., Байтакова З.Е. УМКДС «Жануарлар анатомиясы және латын терминологиясы» пәнінен студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешен. А.НурПринт. 2013. 385 б

4. Жаңабеков К., Джунусова Р.Ж., Жылқышыбаева М.М., Байтакова З.Е. Сүйектер және бұлшық еттер жүйесінің бейнелі оқу құралы. А.А.2015
7 зертханалық сабақ

Тақырыбы: Сүйектер байланысының түрлері.

Сабақтың мақсаты: Жануарлар қаңқаларындағы сүйектердің байланыс түрлерін зерттеу. Буынның құрылысы, олардың түрлері, пішіндері.

Сабаққа керекті құрал-жабдықтар

1.Жануарлар қаңқалары, жеке сүйектер

2.Буын түрлерінің препараттары

Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары:

Сүйектер байланысы туралы ілімді-синдесмология деп атайды. Сүйектердің байланысы- қаңқа сүйектерінің бір-бірімен өзара белгілі заңдылықпен байланысуын қамтамасыз етеді. Жануарлар қаңқаларындағы сүйектер байланысының түрлерін екі топқа бөледі: 1.Тұтаса байланысу. 2. Буындық байланыс.

1-тапсырма. Сүйектер байланыстарының түрлерін кестеге толтырыңдар.

1-кесте

Сүйектер байланыстарының түрлері

Тұтаса байланыстар

Буындық байланыстар







2-тапсырма. Буынның құрылысы, ерекшеліктерімен бірге атаңдар.

2-кесте

Буынның құрылысы

Буындық бет

Буындық қуыс

Буындық қапшық

Буындық сұйықтық














3-тапсырма. Буындардың құрылысына қарай бөлінуі.

3-кесте

Буындардың құрылысына қарай бөлінуі.

Қарапайым буындарға қай буындар жатады?

Күрделі буындағы қай сүйектер жатады?







4-тапсырма. Буындардың қозғалыс түріне қарай бөлінуі.

4-кесте

Буындардың қозғалыс түріне қарай бөлінуі

Бір білікті буындар

Қос білікті буындар

Көп білікті буындар










Бақылау сұрақтары

1.Сүйектер байланысының қандай түрлері болады?

2. Сүйектердің тұтаса байланысуы дегеніміз не және оның қандай түрлерін білесіз?

3.Омыртқа бағанасындағы омыртқалар, төс сүйегі мен қабырғалар қалай байланысқан?

4.Жамбас сүйектері қалай байланысқан?

5. Буын дегеніміз не? Буынның құрылыс қандай?

6. Құрылысына қарай қандай буындарды білесіз?

7. Буындардың қозғалысына қарай қандай буындар болады?

8. Көп білікті буындарға мысал келтіріңіз.

Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі :

1.Жаңабеков.К., Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 240-251 б

2. Исембергенова С.К., Жылкышыбаева М.М. Латино- русско- казахско-английский терминологический словарь «Айтұмар» 2016

3. Жаңабеков К., Исембергенова С.К., Джанабекова Г.К., Джунусова Р.Ж., Жылқышыбаева М.М., Байтакова З.Е. УМКДС «Жануарлар анатомиясы және латын терминологиясы» пәнінен студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешен. А.НурПринт. 2013. 385 б

4. Жаңабеков К., Джунусова Р.Ж., Жылқышыбаева М.М., Байтакова З.Е. Сүйектер және бұлшық еттер жүйесінің бейнелі оқу құралы. А.А.2015
8 зертханалық сабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   46


написать администратору сайта