Главная страница
Навигация по странице:

  • Жоспар

  • Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Кіріспе

  • Негізгі бөлім

  • Тамақ іздеп, аштық пен суықтан қалтыраған ана мен бала. 30-шы жылдардың басы.

  • Пайдаланылған әдебиеттер

  • Аштықтың демографиялық салдарлары. аза лтты ыздар педагогикалы университеті 6В06102 апаратты жйелер Таырыбы


    Скачать 0.97 Mb.
    Названиеаза лтты ыздар педагогикалы университеті 6В06102 апаратты жйелер Таырыбы
    АнкорАштықтың демографиялық салдарлары
    Дата20.10.2020
    Размер0.97 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАштықтың демографиялық салдарлары.docx
    ТипДокументы
    #144400

    ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

    6В06102 -Ақпараттық жүйелер

    Тақырыбы:«Аштықтың демографиялық салдарлары»

    Пән жетекшісі: Берлибаев Е.Т

    Орындаған: Бишер С.М

    Алматы, 2020 ж.



    Жоспар:

    1. Кіріспе: Аштық. Қазақ қалай аштыққа ұрынды?

    2. Негізгі бөлім:

    • Ашаршылықтың демографиялық салдары, халықтың қиын тағдыры

    • Ашаршылықтың қазақ халқына тигізген зардаптары.

    • Сол кездегі биліктің екіжүзділігі, «Сталинге хат»

    1. Қорытынды

    2. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


    Кіріспе

    Аштық. Қазақ қалай аштыққа ұрынды?

    Большевиктер өкіметті басып алғаннан кейінгі жылдары қазақ жері екі дүркін- 20-жылдар басында және 30-жылдар басында жантүршігерлік ашаршылықты бастан өткерді. Осы аштықтарда қазақтың қырылғаны қырылып, аман қалғаны бас сауғалап тоз-тоз болып, халық ретінде жойылудың аз-ақ алдында қалды.

    Қазақ қалай аштыққа ұрынды? Енді сол жайлы айта кетсек.

    Еріктілік ұстанымы мен қарапайым заңдылықтың бұзылуы әуел бастан-ақ барлық жерге тән сипат алды. Сайлау құқықтарынан айыру, «тәрбиелеу мақсатымен» тұрып жатқан жерінен басқа ауданға жер аудару немесе ұзақ уақыт қамауда ұстаумен қорқыту сияқты күштеу тәсілдері мейлінше дағдылы және кең таралған тәсілдерге айналды. Ең ынталы «ұжымдастырушылардың» ұнататын құралы ауытқушыларды кулак құйыршықтарына жатқызу еді. Мыңдаған ауқатты және орташа шаруашылықтар солардың қатарына жатқызылды.

    Кулактарды жою дейтін науқанның зардаптары ауыр болды.Жоғарыдан берілген нұсқауларда жойылатын кулак қожалықтарының жалпы шаруашылықтар санындағы үлесі 3-5%-дан аспауға тиіс болатын. Көптеген аудандарда кулактардың мөлшері бұған жетпейтін болып шықты. Алайда жоғарыдан берілген нұсқаудың қандайын болса да ой елегінен өткізіп жатпай-ақ орындауға үйренген әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі әдісімен тәркіленген кулактар санын барлық жерде жоғары шегіне дейін жеткізді,жоспарды екі,кейде үш есе асыра орындады. Асыра сілтеушіліктің салдарынан қанаушы санатына кейбір ауқатты және орташа ауқаттылар да тәркіленіп кетті. Кулактар қатарына жатқызу үшін темір шатырлы үйінің немесе екі атының болуы жеткілікті еді.

    Кей жерде кедейлер мен орта шаруаларды орынсыз соттау және олардың малын жөнсіз тәркілеу,меншік құқығынан айыру,тұрақты мекенінен күштеп көшіру орын алды. Ұжымға енгісі келмегенкедейлер мен орташаларды Қазақстаннан тыс жерге жер аударумен қорқыту немесе кулактар қатарына жатқызу құбылыстары ұшырасты.

    Ақмола округінде стталған үй ішімен қоса 24 сағ ішінде жер аудару фактісі орын алды. Алматы және Петропавл округтерінде кейбір ауылдарда қара байкот жарияланып, онда терезелерге тақтай қағылыптасталды,пешке от жағуға рұқсат етілмеді. Тұтас қоныстарға байкот жасалған жағдайлар да кездесті.

    Ақтөбе және Павлодар округтерінде кедейлерді ұрып-соғу.оларды суық су құйып азаптау,қыс кезінде суық қамбалар мен қоймаларға күзетпен қамап қою орын алды,кулактардың үйлерінде жаназа рәсімін өткізуге жол берілді.

    1932-1933 жылдар аралығында Қзақстан жөніндегі Бірікке Мемлекеттік саяси басқарма (БМСБ) уәкілетті өкілдігінің үштігі толық емес деректер бойынша 9805 іс қарап, 22933 адам жөнінде шешім қабылдаған. Солардың ішінд 3386 адамға ең ауыр жаза-ату, 13151 адамға 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге концентрациялық лагерьге қамау жөнінде үкім шығарылды. Үштіктің хаттамалары Қазақ өлкелік партия комитетінің жабық мәжілістерінде қаралып,оларға хатшылардың бірі- Ф.Голощекин, І.Құрамысов, ал 1930 жылғы 9 наурыздан бастап, БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің өкілі Г.Рошаль қол қойып отырды.



    Саяси жер аударылғандың бір тобы Павлодар қаласынан КСРО Орталық Атқару Комитетінің Төралқасына былай деп хат жазған екен: «...Жекелеген фактілер келтірмей-ақ, жалпы сипатта алғанда, ауылдар мен селелорда сұмдық оқиғалармен қоса аштық кең көлемде етек алған. Ит.мысық желініп жатыр... Халық аштықтан ісініп өлуде... Ал тірі қалғандардың аштықтан әлсірегені сонша, өліктерді жерлеуге де шамасы келмеуде: өліктер шашылып жатыр...»



    Осылай өркениетті кооператорлар қоғамын құру шаралары бүкіл елді тығырыққа тіреді. 1930-1932 жылдары аштық етек алды.

    Негізгі бөлім

    1. Ашаршылықтың демографиялық салдары, халықтың қиын тағдыры

    Қазақстандағы 1932-1933 жылдардағы ашаршылық салдарынан болған адам шығыны туралы мәселені қазіргі заманғы тарихнама әр түрлі қырынан бағалайды. Кейінгі кезге дейін прблеманы талдау үшін бірінші және екінші бүкілодақтық хлық санағы (тиісінше 1926 жылғы 17 желтоқсанда және 1939 жылғы 15 қаңтардажүргізілді» деректері бірден-бір құжат көзі болып табылады. Олардың арасында қашықтық толық 12 жыл және бір айды құрайды.халықтың кемуі нақ осы санақтараралығындағы кезеңде өтті. Егер адамдардың демографиялық екемуінің шыңы 1932-1933 жылдардың қысына тура келетінін ескерсек, тиісінше халық санының ғаламат қысқаруы бірінщі санақ өткеннен кейінгі шамамен оның алтыншы жылында және екінші санақтың нақ осындай жылында болған. Басқаша айтқанда,қайғылы оқиғаның шыңы екі санақтың дәл ортасына келеді,бұл есепті жан-жақты қарастыруға мүмкіндік берді.

    1926 жылғы бірінші санақ қорытындысына сәйкес, ҚазақАКСР-і аумағында 3 млн 628 мың тұрғылықты халық мекендеді. Бірақ 12 жыл өткеннен кейін 1939 жылғы халық санының 1 млн 321 мың адамға, яғни жинақтап айтқанда 36,7%-ға азайғаны тіркелген. Деректер тұрғысынан есептесек, сол зұлмат жылдары Қазақстан - өзінің тұрғылықты халқының орны толмас көп бөлігінен, атап айтқанда 2 миллионға жуық адамынан айырылған.

    Қазақ халқы шаруашылығы есеп (Қазнархозучет) басқармасы М.Соматовтың жұртқа мәлім мәлімдеме хатында (1937 жылдың 14 қаңтары) Қазақстанның ауыл тұрғындары 1930 жылдың 1 шілдесінен 1933 жылдың 1 маусымы аралығында 3,4 млн адамға кеміп,алд қала тұрғындары 766,8 мың адамға өскен. Мәлімдеме хатта осы екі аралықтағы қайтыс болғандар айырмашылығы (263,3 мың адам) аштық, індет,жер аудару құрбандары көрсетілмейді. Осыдан келіп тархшы-демографтар мынадай қооытынды шығарады, демек аштықтың және сонымен байланысты аурулардың салдарынан атлған жылдарда республиканың бүкіл тұрғылықты халқының 1 млн 750 мыңы немесе 42 % -ы құрбан болды.



    Қазақстанда осы кезде басқа халықтар мен этностардың саны : украидар-859,4 мыңнан 658,1 мыңға, өзбектер-228,2 мыңнан 103,6 мыңға, ұйғырлар-62,3 мыңнан 36,6 мыңға азайғанын да айтқан жөн. Ауыр тағдырға тап болған осы халықтардың өкілі үйреніскен жерін тастап, азытүлікке қатысты қолайлылау аудандарға – Сібірге, Өзбекстанға кетуге мәжбүр болды.

    Келтірілген деректерден байқағанымыздай,шаруашылқты өктемдікпен талқандаудың салдарынан туындаған ашаршылық ауқымы жағынан жан шошытарлықтай болдыв. Малдан жұрдайй болған қыр халқы өздеріне тән дәстүрлі тағамдарыеттен айырылды. Балықшылық,аңшылық және басқа жиын-терім жағдайды түзете алиады. Егін шықпағандықтан ауылда астық болмады (ал болса, сатық дайындау науқаны кезінде сыпырып алды). Жұтаған аймағын тастап кету де барлық уақытта бірдей қолдан келмеді. Жылқысы, түйесі жоқ, жаяу қалған қөшпеліге бірнеше жүз, тіпті мыңдаған шақырымдық орасан зор қашықтықты еңсеру қиынға түсті. Малсыз қалған шаруа шаруашылығына кең-байтақ дала енді асыраушы емес, ажал торына айналды.

    Мұқтаждық қуған адамдар тобы бір ғана мақсатпен-тірі қалу үшін қалаларды, кенттерді, станцияларды, теміржол станцияларын кезіп кетті. Олра шоғырланған жерлерде бөртпе сүзегі шықты, адамдар сирек қоныстанған мұндай жерлер үшн бұл бұрын-сонды кездеспеген індет еді. Белгісіз ауруға қарсы күресетін иммунитеті болмағандықтан, сондай-ақ денсаулық сақтау қызметінің әлсіздігінен (көптеген жағдайларда мүлдем болмағандықтан) аштықтан әлсіреген адамдар қазаға ұшырады.

    Тұрғылықты халық санына көші-қон да қатты шығын әкелді. Халықтың бастапқы жиынтық санының төрттен бірі, яғни 1 030 мың адам республикадан тыс аймақтарға көшіп кетті. Оның 616 мыңы оралмады, ал 414 мыңы кейін Қазақстанға қайтып келді. Мамандардың бағалауы бойынша оралмай кеткен 200 мыңға жуық адам шет елге- Қытайға, Монғолияға, Ауғанстанға, Иранға және Түркияға жол тартты.

    2. Ашаршылықтың қазақ халқына тигізген зардаптары.



    Тамақ іздеп, аштық пен суықтан қалтыраған ана мен бала. 30-шы жылдардың басы.

    Көшпелі қазақ мал шаруашылықтарын күштеп отырықшыландыру және ұжымдастыру Қазақстан экономикасын құлдыратып төмен түсіріп жіберді. Республика экономикасының құлдыраап төмендеуі 1932-1933жылдардағы қуаңшылыпен тұстас келді. Осындай елді арылмас сорға душар еткен қолдан жасалған қастандық пен табиғаттың рақымсыздығынан осы екі жылда республикада аштықтанөте көп адам қырылып, қазақелі орны толмас қайғы мен қазаға ұшырады: 1 млн 750мың адамынан,яғни қазақ ұлтының 49 пайызынан айырылды. Республикда тұратын басқа халықтар да санжағынан кеміді.

    Қазақстанға Ф.И.Голощекиннің өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып келуі қазақ халқына адам айтқысыз бақытсыздық әкелді. Голощекин әміршіл-әкімшіл басқару жүйесіне арқа сүйеп,небір сұмдық амал-айла,зымияндық әдіс қолдану арқылы қазақ зиялыларын бір-біріне айдап салды, «халық жауы» деп жала жауып,мыңдаған қазақ азаматтарының қаны төкті. Голощекиннің тікелей басшылығымен 1929 жылы -31, 1930 жылы -82,1931 жылы -80 жалған контрреволюциялық ұйымдар ашылып, бұл ұйымдардың мүшесі болды деген жаламен он мыңға тарта қазақтың бетке шығар азаматтары қамауға алынды.

    Сөйтіп,тарихшы ғалымдардың соңғы жылдардағы зерттеулері көрсеткендей,қазақ халқы аса ауыр шығынға ұшырады. Ашаршылықтан және онымен байланысты туған эпидемиялардың салдарынан, сондай-ақ өлім-жітімнің көп болуы,халықтың басқа республикаларға,қытайға,Иранға,Монғолияға т.б. елдерге ауа көшуі нәтижесінде Қазақстан бірнеше миллиондаған адамдарынан айырылды.

    3. Сол кездегі биліктің екіжүзділігі, «Сталинге хат»

    Қазақстанда жіберілген орны толмас қателіктер мен бұриалаушылықтарды Мәскеудегі орталық аппарат жергілікті басқару органдары айыпты деп, барлық бәлені соларға жапты. 1933 жылдың басында Ф.И.Голощекин орнынан алынып, Өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып Л.И.Мирзоян сайланды.

    Л.И.Мирзоян (қазақ халқы оны сүйіспеншілікпен «Мырзажан» деп атап кетті) көшіп кеткендерді қайтару және оларды шаруашылыққа тарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарды. Бірақ 1938 жылы «жапон тыңшыларымен» және «ұлтшыл- фашистермен» күрес науқанындағы қуғын-сүргін аласапыранында осы іс-шаралар тежелді. Республика ОК-нің жаңа аппараты «халық жауларының» ісін жалғастыруға тәуекел ете алмады (Л.И.Мирзоян тұтқындалып, атылды). Алайда бұл тарихтың тағы бір зұламат беттері саналады.

    Аштық және сонымен ілесе келген індет, сондай-ақ көшіп кету өзінің бастапқа кезеңінде-ақ қалыпты демографмялық процесті шайқалтып жіберді.

    Сол жылдардың қайғылы оқиғалары себептерін дәстүрлі тарихнамада айтылып келген «қателіктер мен асыра сілтеулер» салдарымен ғана түсіндіру мүмкін емес. Қайта керісінше, бұл арада заңды құбылыс орын алған, яғни жұмылдыру-әкімшілік және волюнтаристік- күштеу әдістері өзінің табиғатынан стихиялы келтіні анық. Оның негізінде саяси- идеологиялық құралдары ел өміріне кеңінен енгізу, шаруашылықты басқаруға қолдану, құқықтық нормаларды және адам факторларын (бүгінгі тілмен айтқанда) аяққа басу үрдістері жатыр. Тиісінше, қателіктер мен асыра сілтеулер қоғамды ұйымдастырудың сталиндік үлгісінің объективті логикалық шындығын білдіреді. Шынында да. Өлкеде қалыптасқан жағдай туралы Мәскеуде баяндама жасап оралғаннан кейін Л.И.Мирзоян (оның республикалық партия ұйымының басшылығымененді кіріскен кезі) мен ҚАКСР ХКК-нің төрағасы О.Исаевтің Қазөлком бюросы отырыстарыныңбірінде айтқанындай,Л.Каганович қатты абыржыған. Ол ылғи да : «Бұлай болғаны қалай? ОК бұл туралы неге газеттен оқып біледі (тап-таза жалғандық,өйткені баспасөз сол кезде «ақпараттарын» рұқсат етілген насихаттық шамадан әрі асыра алмады)? Бұл туралы үндемеу кімге пайдалы?» деп қатты ашуланып,қайта-қайта сұрай берген.

    Биліктің жоғары эшелондағыларының екіжүзділігіне РФСР ХКК төрағасының орынбасары Т.Рысқұловтың «Сталинге жазған хаты» куә бола алады.

    Онда былай деп жазылды: «Шамамен Қазақстан өлкесімен көршілес көшіп-қонып жүрген жерден алынған соңғы деректер бойынша қазір қазақтар: Орталық еділде-40 мың адам, Қырғызстанда-100 мың адам,Батыс Сібірде-50 мың адам, Қарақалпақта-20 мың, Орта Азияда 30мың адам шамасы. Көшіп кетушілер жекелеген аудандар бойынша аудандар халқажалпы санының 40-50%-ына жетеді...

    Бірақ қазақ щаруашылықтарының осы көшіп қонулары мен сергелдеңге түсуінің ең теріс нәтижесі-қазақ халқының басына түскен 132 жылы басталған ашаршылық пен індет, ол жазда азайып, енді тағы да жан шошытарлық мөлшерде асқынып отыр. Өткен көктемде қазақ аудандарында және көшіп-конушылар арасында аштық пен індеттен болған өлімнің көбеюі байқалады. Ашаршалық тудырған індет қазір көктемнің жақындауымен қайта өршиді. Міне,жергілікті материалдардан алынған және соңғы кезге қатысты бірқатар фактілер.

    Көшпелілердің жағдайы оңып тұрған жоқ. Көптеген қалалар мен теміржол станцияларында (Әулиеата,Шымкент,Семей,қызылорда және т.б.) күн сайын өлген қазақтардың мәйітін тасып жатқанын көруге болады. Шу ауданында (уәкіл Жандосов жолдастың хабарлауы бойынша), аудан орталығында, Новотройцк селосында күніне 10-12 қазақ өледі және көшпелілердің 60 пайызы ауданнан кетіп қалған.Жода халықтың бір бөлігі аштықтан қырылған. Қаңтардың бір ғана екінші жұмасында 24 мәйіт көмілген. Жолшыбай оларға қарулы бандиттер шабуыл жасаған. Әйелдер балаларын суға лақтырыпты. Әулиеата қаласында 5-6 қаңтарда шайханалардан балалардың мұз болып қатып қалған 20 мүрдесі шықты және осы мерзімде 84 ересек адам қайтыс болды. Ақтөбе облыстық комитетінің1932 жылғы 16 қазандағы қаулысында Жосалы теміржол станциясына келген (және кейін ексеуіл станциясынажіберілген, бала-шағасымен кері оралған 300-400 дейінгі көшпелілер отбасынан 100 адамның, оларға көмек жасалмағандықтан өлгені (оның ішінде 21 адамның кәдңмгі шешектен) көрсетілген, станцияда қазақтардың таяқ жегендері де бар. Аталған қаулыда аудандық ұйымдардың «қазақтардың жаппай өлуіне көз жұмып қарағаны» айтылады.

    Қорытынды

    Зардаптарды жою

    1933 жылдың көктемінен бастап енді жіберілген қателіктерді және республикада қалыптасқан ауыр жағдайды түзету басталды. Әсіресе,күштеп ұжымдастыру мен қазақ көшпелі шаруашылықтарын еріксіз отырықшыландыру мәселелеріне айрықша назар аударылды.Ауыл-селодағы шаруашылықтардың бәрі екі жылға мемлекеттік салықтардан және міндетті төлемдерден босатылды. Олардан өткен жылдардағы қарыздарды алып тасталды. Көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтарға материалдық көмек ретінде 2 млн. пұт астық берілді. Ұжымдастырудағы асыра сілтеушіліктер салдары түзеттіліп, көптеген ауыл шаруашылық артельдері шаруалардың қарапайым бірлестігі – жерді бірлесіп өңдеу- ТОЗ,мал өсіру серіктестіктерінің жарғысына көшірілді. 1934 жылы наурызда мал өсіру серіктестіктерінің Үлгі жарғысы жарияланды. Іске асырылған шаралардың нәтижесінде тек 1934 жылы мал саны 16,4 пайызға өсті. Бірақ мұндай алғашқы қолжеткен табыстар орасан бүліншілікке ұшыраған республика өмірінің қоғамдық және экономикалық негіздерін қалпына келтіре алмады. Ұлы Отан соғысына дейін Қазақстаннан тыс ауа көшкен жүз мыңдаған қазақтар қайтып оралмады, өлкеде қырылған малдың орны толмады. 1941 жылдың басында олардың барлық саны 16 млн. басқа ғана жетті. Ал қазақ этносының бұрынғы санын қалпына келтіру тек Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары болған күші демографиялық өсудің арқасында,яғни 40 жылдан кейін ғана іске асты.



    Бұл ескерткіштер осы ашаршылық құрбандарына арналып қойылған.

    Пайдаланылған әдебиеттер:

    1. Талас Омарбеков «Қазақстан тарихының XX ғасырдағы өзекті мәселелері»Алматы 1997жыл 260 бет

    2. Қазақстан Тарихы-жалпы білім беретін орта мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. Алматы «Мектеп» 2009 жыли60-61 бет

    3. «Қазақстан Тарихы». 4-том. Алматы «Атамұра» 2010 жыл 271,272бет.273,274, 275,276,277 беттер

    4. «Қазақстан тарихы». Мусин Чапай. Алматы 2008.335-336 бет


    написать администратору сайта