Алмас Темірбай - Автопортрет. Алматы. ш иян баспасы. Бл кітапа аынны 19962006 жылдары жазылан, республикалы газетжурналдарда жарияланып, Аллажар, Жма жрт
Скачать 0.65 Mb.
|
Автопортрет Алматы. «Үш қиян» баспасы. Бұл кітапқа ақынның 1996-2006 жылдары жазылған, республикалық газет-журналдарда жарияланып, «Аллажар», «Жұмақ жұрт» жыр жинақтарында жарық көрген, сондай-ақ жаңа жырлары еніп отыр. Алмас ақын туралы аз ғана сөз (Алғысөз) Алмас кітабының атын «Автопортрет» деп қойыпты. Және бір мұқабаның астына соңғы он жылда жазған дүниелерін топтастыруға тырысыпты. Яғни, бұл кітапты ақынның өз шығармашылығының жүріп өткен бір үзік белесіне есеп беру ұмтылысы деуге болады. Біздің білуімізде кітаптың атының өзі, егер ол шынымен кітап болса, автордың оқырманға бірден айқара құшағын аша салмайтын әлдебір беймәлім мақсатынан сыр тартып, оқырман санасына сигнал-ой салып тұруға тиіс. Демек, Алмастың бұл кітабының атын «Автопортрет» деп атауының өзі де, ал біз Алмасты сөз жоқ айтары бар ақын деп білеміз, тегін болмағаны ғой... Аңғаруымызда автопортрет ұғымы әдебиетке сурет өнерінен ауысқан ұғымдардың қатарына жатады. Аудармасы өз бейнеңді өзің салу дегенге келеді. Олай дейтініміз, ортағасырлық ренессанс (қайта өрлеу) дәуірі суретшілерінің талайы өз қылқаламының кейіпкеріне айналып, бейнесі бүгінгі күнге сақталып жеткенін сурет тарихынан жақсы білеміз. Мысалы, сурет өнерінің майын ішіп, жілігін шаққандардың тақырыбы тамұқ іспетті жын-жыбыр мен кінәлі һәм күнәһар пенделер керуені қаптаған суреттердің бірінен сурет авторы Иероним Босхтың да өз бейнесін тауып беріп жататыны бар. Ал Леонардо да Винчидің әйгілі «Джакондасынан» автордың өз бет-бейнесін табуға тырысатындардың әңгімесі өз алдына тағы бір төбе. Әрине, Леонардоның өз қолымен салынған автопортреті бүгінгі күнге жетіп отырса да. Қысқасы, сурет өнерінен әдебиетке көшсек, автопортрет дегеніміз автордың бүкіл болмыс-бітімі, жаратылыс тұлғасымен оқырманмен бетпе-бет сұхбатқа, дидарласуға шығуы деген сөз. Автордың өз автопортреттеріндегі Тулуз-Лотрек секілді маймақ аяқ, яки Ван Гог секілді шұнақ құлақ болуы мүмкін. Бірақ, Ван Гог тағдырынан хабары бар оқырманның, бұл құлақтың шынайы, шын өнердің кілтін іздеудегі арпалысты, кейбір сәтте аянышты ізденістердің құрбаны болғандығын білетіндіктен, сурет иесіне құрметі арта түспесе кемімейтіні және шындық. Сол секілді, Тулуз-Лотрек талантының бір қыры, бәлкім жалпы табиғаты оның мешел аяғына байланысты екендігін де ешкім жоққа шығара алмайды. Осы ыңғайдан алып қарастыратын болсақ, Алмас ақынның өз автопортретін оқырманға ұсынуға талпынысын анау-мынау өнер үшін жасалынатын ерліктердің атасы деуімізге де болады. Өйткені, түйіндеп айтар болсақ, ақындық автопортреттің басты ерекшелігі – өзің туралы шындықты оқырманға бүкпесіз, еш боямасыз айту, айтуға талпыну дегенге саймақ. Ал мұндай сынаққа шынын айтайық, екінің бірі шыдас бере алмасы анық. Енді біздің Алмас ақын бұл сынақтан қалай өтіпті, өз мойнына өзі артқан жүкті қалай көтеріпті дегенге келейік. Міне, оның «Автопортрет» атты жинаққа кіріспе өлеңі: Неге сендім? Нені ойладым? Не дедім? Дәлел қылып дүниенің дерегін. Өлілер мен тірілерден сыр тартып, Өмір бойы өзімді іздеп келемін. Өзіңді-өзің танып-білу хақ ілім, Хақ ілімнің аты – иман, заты – дін. Аллаға тән болса дедім мінезім, Адамға тән болса дедім ақылым. Адам да бір – екі аяқты жануар, Жануардан айырмасы ары бар. Неге менің қошқар болғым келеді, Құдай үшін құрбандыққа шалынар?!. Неге сендім? Нені ойладым? Не дедім? Дәлел қылып дүниенің дерегін. Бұ дүниеде неге іздедім өзімді, О дүниеде айтам оның себебін… Байқай білген адамға осы төрт шумақ өлеңнің өзінде-ақ Алмастың жан табиғатынан, адами болмысынан сыр шертетін біраз сілтемелер жатыр. Өлілер мен тірілерден сыр тартып, Өмір бойы өзімді іздеп келемін... Бұл автордың сауалдар мен жауаптардың ортасында ғұмыр кешіп жүрген ойлы ақын екендігін аңғартатын штрих. Аллаға тән болса дедім мінезім, Адамға тән болса дедім ақылым. Ал осы бір жолдарда ақынның абсолюттік ақиқатқа, бәлкім жарасым-гармонияға талпынатын жаратылыс иесі екендігін білдіретін бояулар қабаты жатыр. Неге менің қошқар болғым келеді, Құдай үшін құрбандыққа шалынар?!. Мына жолдар болса адамзат игілігі үшін қандай құрбандыққа болсын даяр нартәуекелшіл жігіттің болмыс-бітімін аңғартып тұрғандай. «Тәураттағы» атақты құрбандыққа шалынар адамзат баласын алмастырған қошқар хикаясы мен батырлар галереясы қиялыңызда астаса, өріле сілемденіп әлдебір қияндарға барып қайтатыныңызды сезбей қаласыз. Бұ дүниеде неге іздедім өзімді, О дүниеде айтам оның себебін… Ақын осы соңғы екі жолда өлеңнің қайырмасы секілді сауалдардың басын тағы да ашық қалдырып отыр. Сіз ақын бейнесінің арт жағындағы ашық кеңістікті, бәлкім қалай тыныстап жатқаны қазірге біздің санамызға беймәлім мәңгілікті аңғарасыз. Бәлкім бұл мына жалған дүниеде адам өзін-өзі түгел танып біле алмайды дегенге тұспал болар?! Әлде, әлдебір жаратылыс жұмбағын шешкен адамның жанындағы тірі пенделерге жанашырлықпен қарағандағы сыры жұмбақ жылы жымиысы ма? Қалай ойласаңыз да өз құзырыңызда. Өйткені, ақын сізді өз жан-дүниесінде жүріп өткен рухани құбылыстар көш-легін тамашалауға үндеулі. Сіз – қонақсыз. Ақынның ашқан рухани жаңалығын қабылдау да, қабылдамау да өз еркіңізде. Ең бастысы, түсінуге тырыссаңыз болғаны. Жалпы, біз танитын Алмас ақын өз қатарының алды болып саналады. Оның ендігі қазақ поэзиясында өз бет-бейнесін, қолтаңбасын қалыптастырып үлгерген санаулы жас ақындарымыздың бірі екендігіне еш күмән жоқ. Бізді, әсіресе, оның өлеңге деген адалдығы қатты сүйсінтеді. Ия, былай қарағанда Алмаста бұрқасын, астаң-кестең болып қайнап жатқан ештеңе жоқ секілді сезіледі. Бірақ, бұл бір қарағанда ғана солай... Алғашқыда бұлай болып түйілуіне, шамасы, Алмастың сөздік қоры негізінен қарапайым сөздерден тұратындығы себепші болса керек. Бірақ, сол сөздер бір-бірімен жарыса, жараса, иін тіресіп жұптаса қалғанда атан түйе көтере алмас алып ойлардың өзін ұршықша иіріп жіберетіні бар. Ішіңнен «япыр-ай, мынадай пәлсафалық ойларды бұлай да тұп-тұнық, ап-анық етіп айтуға болады екен ғой!» деп тамсанып қаласың. Не десеңіз де, Алмас ауыр ойдың өзін ойнақыландырып, еш күңгірттендірмей жеткізе біледі. Бұл жағынан алғанда, суретшінің тілімен айтар болсақ, жас ақынның палитрасында нұрлы бояулар салмағы басымырақ. Осы ыңғайдан қарағанда да Алмас өлеңдері негізінен заманауи ащылау шындыққа, зар мен налаға бейімдеу болып келетін өз қатарластарының шығармаларынан бөлектеніп тұрады. Өлеңдерінен өз мұраты мен мақсатының түбі бір салтанат құратындығына сенімділікті, асып-саспайтын талғампаз тектілікті аңғарамыз. Айттық қой, Алмас Темірбайдың өлеңдеріне зіл батпан ойдың өзін жеп-жеңіл қылып айтар ойнақылық тән. Бұл жағынан алғанда, оны ең алдымен сопылық ілімнің, бәлкім парадоксті ойлаудың классигі саналатын өзіміздің әйгілі Қожанасыр әпендінің шәкірті ме деп қаласың. Әсілі бұл, әпенділікті айтамыз, Алмастың жолдан тапқан дүниесі емес, түпкі тамыры өзінің төл табиғаты, адами бітім-болмысы. Содан болар, ақын нені айтса да, қалай айтса да, сенуге, бас шұлғуға даяр тұрасыз. Мысалы, ол «Дүние-жарық» атты лирикалық өлеңінің соңын былай деп түйіндейді: Мен – сары белмін, сен меніњ саѓымымсыњ, Мен – ќызыл отпын, сен меніњ жалынымсыњ. Жо-жоќ, мен ќап-ќарањѓы д‰ниемін, Сен меніњ аппаќ жарыѓымсыњ… Осы аппақ жарық Алмастың көптеген өлеңдеріне тән. Әсіресе, махаббат лирикасында бұл түстің орыны ерекше екендігі анық сезіліп тұрады. Маған Алмастың көлемді, үлкен дүниелерінің ішінен «Сыңар кебіс» поэма-гротескісі ерекше ұнады. Бұл енді нағыз трагикомедия, басқаша айту мүмкін емес. Әдетте тақырыптың үлкен-кішісі болмайды деп жатамыз. Тағдырымыз көзге көрініп тұратын Күн мен Айдың ғана амандығына тәуелді еместігі, керісінше, көзімізге көрінбейтін вирустар мен бактериялар секілді микроорганизмдерге де дәл сондай дәрежеде бел омыртқасынан байлаулы екендігі мәлім. Кейде бұл шындықты ұмытып кетіп жататынымыз бар. Шіркін, қолдан келсе, ұмытпағанға не жетсін! Міне, «Сыңар кебіс» поэмасы іріден ұсақты, ұсақтан іріні тани білетін осындай аңғарымпаз ой-сананың дүниеге әкелген туындысы. Бірақ, сіз Алмасты өз автопортретін тек нұрлы бояулармен салуға талпынады екен, өзін-өзі дәріптейді екен десеңіз, өте қатты қателесесіз. Алмастың нарцисизмі, (ал бұл Алмаста бар), бейкүнә, өзін-өзі қызықтаудан, дәлірек айтсақ, ақжарма аңқылдақтықтан туындайтын нарцисизм. Бәлкім, жоғарыда айтқандай, өзіне-өзі бек сенімділіктен туындайтын салауатты, Пушкин рухындағы нарцисизм болуы да мүмкін. Және бұл Алмасқа жарасатын, алабөтен аллергияңызды тудырмайтын нарцисизм. Ол келесі «Әуре» атты өлеңінде: Алға жылжып ақырын Жүргенімді жақтырмады жақыным. Үлкен дауға ұрынатын түрі бар Кіп-кішкентай ақылым – дейді. Жұрттың бәрі Леонардоның қартайған кездегі парасат пен пайым, қайғы-қасірет пен ой-арман ұйысқан басы секілді пайғамбарларға ғана лайық-ау деп топшылар бастың иесі емес. Қайсыбір автопортреттен махаббат жауынының қуанышына малшынып, дүниеге риза көзбенен қараған Рембрандтың төбе көрсетіп қалуы да мүмкін. Ендігі бір картинасында Рембрандтың мұңая көз тастайтыны және бар. Ал мұнда, кітаптың өн бойында біз періштесі мен сайтаны итжығыс түсулі Алмастың аласапыран болып жатқан рухани әлемін байқаймыз. Өйткені, ол: Айтылған жоқ айтарым, Қалың елдің қабағынан байқадым. …Кісіліктің кілтін тығып тастапты Менің бала сайтаным… – деп ашығын айтады. Ал «Галюцинация-1» деп аталатын өлеңдегі мына жолдарға қалай қарайсыз: Алды қандай, білмеймін, арты мұңды, Әзәзіл әурелеген тағдырымды. Барам ба бақсы болып, арқам қозып, Қалам ба жақсы көріп… әлгі Жынды?! Баяғыда Паганинидің скрипкада ойнау өнерінің құпиясын түсіне алмағандардың ақырында атақты өнерпаз осылай ойнау үшін Ібілістің өзімен одақ жасасып, мәмілеге келген екен деп өсек таратқаны туралы әңгіме естігеніміз бар-ды. Ал қазақ өнеріне келер болсақ, мұндай «Жын-сайтанмен әңгімелеседі екен, Ақан серінің өнері жын-сайтанның өнері болып шықты ғой» деген әңгімені кезінде Ақанның шығармашылық табиғатын түсіне алмаған замандастары да айтқан көрінеді. Бірақ, біз бүгін Ібіліс пен Жынның Паганини мен Ақан серіні иектемегенін, керісінше, көкірек көзі соқыр, тоғышарлық ой-санадағы олардың замандастарын көбірек айналдырғанын жақсы білеміз. Алмастың айтып отырғаны да өнер мен өлеңнің қозғаушысы һәм қорғаушысы іспетті рух табиғатының тылсым стихиялары емес, осы замандастарының мойнына мініп, ойына еніп алған тоғышарлықтың, арсыздық пен нәпсіқұмарлықтың жын-сайтандары. Өйткені, ол: Отыз омыртқам үзіліп, Қырық қабырғам қақыра! Ібілістің іліміне қызығып, Кір тигізсем, Тіл тигізсем Ақын деген атыма!!! – деп дұға қайыратын ақын («Дұға» өлеңі). Біз де Алмас ақынға дұғаң қабыл болсын дей отырып, мына жыр-жинағына оқырман жүрегіне төте жолды бастар сәт-сапар тілейміз. Болашақта ақын автопортретінің жаңа жыр-бояулармен толығып, кемелдене түсетініне де бек сенімді екендігімізді қоса айтқымыз келеді. Әмірхан БАЛҚЫБЕК, Ақын-сыншы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, республикалық «Кентавр» газетінің бас редакторының орынбасары. 28 шілде 2006 жыл. АЛАҢ ДА АЛАҢ КҮН КЕШТІМ... Бірінші бөлім АВТОПОРТРЕТ Неге сендім? Нені ойладым? Не дедім? Дәлел қылып дүниенің дерегін. Өлілер мен тірілерден сыр тартып, Өмір бойы өзімді іздеп келемін. Өзіңді-өзің танып-білу хақ ілім, Хақ ілімнің аты – иман, заты – дін. Аллаға тән болса дедім мінезім, Адамға тән болса дедім ақылым. Адам да бір – екі аяқты жануар, Жануардан айырмасы ары бар. Неге менің қошқар болғым келеді, Құдай үшін құрбандыққа шалынар?!. Неге сендім? Нені ойладым? Не дедім? Дәлел қылып дүниенің дерегін. Бұ дүниеде неге іздедім өзімді, О дүниеде айтам оның себебін… ӘУРЕ Жан шырылын жан ұқпай, Жанталасам ауға түскен балықтай. Жүк көтердім жүрегіммен мықшыңдап Ауырлығы табыттай. Алға жылжып ақырын Жүргенімді жақтырмады жақыным. Үлкен дауға ұрынатын түрі бар Кіп-кішкентай ақылым. Сүймеген соң сүйгенім, Жүрегіме алтын ине түйредім. От пен суға түскен орта ғасырдың Ойшылындай күйредім. Жә, несіне қамығам, Патша-көңіл түскен жоқ қой тағынан. Пенделіктен қол үзетін жол іздеп, Періштеме жағынам. Айтылған жоқ айтарым, Қалың елдің қабағынан байқадым. …Кісіліктің кілтін тығып тастапты Менің бала сайтаным… 18 мамыр 2004 жыл. ГАЛЮЦИНАЦИЯ - 1 Өлтіріп өзімді-өзім тастар едім, Өмірім болса, шіркін, басқа менің. Желкемнен жалғыз көзді Жын қарап тұр, Жебей гөр жеті түнде Аспан-елім!.. Желкемнен жалғыз көзді Жын қарайды, (Әлемге әкелердей бұл да қайғы). Өзімді-өзім алдап, сөйлеп тұрмын… Сөзімді өз құлағым тыңдамайды. Жо-жо-жоқ! Жан емеспін арақ ішкен, Ақын ем ауыр ойдан қабағы іскен. Жатырын жын жайласа біздің елдің, Ақылым алыспақ-дүр қара күшпен. Құранды аттап, нанды алған нансоғарлар – Құдайды аттап, кешегі комсомолдар… Қыспаққа қияметте түсер жаны, Ұшпаққа ұшақпенен барса да олар?! Жын жайлап қаласын да, даласын да, Тұр ма ойнап порно-дүние санасында?! Қыз-ұлы өзі-өзімен әуре болған, Қызығы – екі аяқтың арасында… Олар – көп, мен – жалғызбын, айлам қанша, Сақтармын сабырымды пайғамбарша. Уақытты уысымнан шығармайын, Бір уыс топыраққа айналғанша. Алды қандай, білмеймін, арты мұңды, Әзәзіл әурелеген тағдырымды. Барам ба бақсы болып, арқам қозып, Қалам ба жақсы көріп… әлгі Жынды?!. Жын кетті, Жалғыз көзін қысып кетті, Қаламым қолымдағы түсіп кетті. …Бір күні Жынға еріп кетер ме екем, Табаным о, кәпір-ай, қышып кетті!.. 3 қыркүйек 2005 жыл. ГЕГЕМОНИЯ Кешқұрым. Қозады қайта қолқамды қысқан ескі мұң. …………………………………………………….. Туған соң мұсылманның баласынан, Сезем де бір сұмдықты, аласұрам. Қанталап Күннің көзі көрінеді Шайтанның қос мүйізі арасынан. Бұл шайтан – кәрі шайтан, өлмейтұғын, Ешкімге, ештеңеге көнбейтұғын. Ауруы кешке қозып, есі кетіп, Адамның қанын аңсап, шөлдейтұғын. Кәрі қу арам ойын жасырмаған, (Жерігі жеп-ішкенмен басылмаған). Қанына құмар дейді жас қыздардың Он екі де бір гүлі ашылмаған. Дәу шайтан Күнбатысты мекендеген, Көршілес көк пен жермен – екі елменен. «Тіліне аялзаттың ерер болса, Түбіне адамзаттың жетем…» деген. Амал жоқ сіз бен бізде, анығында, Албасты адастырған хан ұлын да. Әйелдің алпыс екі айласы бар Еркектің алпыс екі тамырында. Демеңіз: « Мынау неткен тамаша аңыз», Аңызға баласаңыз – адасамыз. …Имандай шын сенерсіз осы өлеңге Кешқұрым Күнбатысқа қарасаңыз… 21 тамыз 2004 жыл. АШУ ...Елге кетем! Ен далада қой бағам, Елсіз жерде емін-еркін ойланам. Жыным келді жындыхана – заманға Аурулары аруақпен ойнаған. Ішкен асы ішімдіксіз тарамас, Тәбеті – сау, қарыны – тоқ, араны – аш. Атқа мінер арсыздардың жанында Атқосшы боп жүргендігім жарамас! Далам менің – данагөйім, арысым, Аманат қып берген маған намысын. Қара өлеңді қор қылмаймын, қорламан, Қара су мен қара нанның қамы үшін! Деп ойлап ем: «дүниені ізгі етем», Сорлылықтың сорақысы бізде екен. Еркекшораң ер болам еркінсіп, Қыздан бетер қылымсиды қызтекең! Ит – тірлік-ай, ала көзді ақшиттың, Мен – өлігін көрсетпейтін жақсы итпін! Апырмай,ә, ақыл тісім шыққалы Ақылсызға азуымды ақситтым! Жендет-жалған, жан қинауға шеберсің, Қолшоқпарың қолыңда ғой, не дерсің?!. «Дүние – кезек» деген мәтел шын болса, Сен де менің алдыма бір келерсің!.. Кетем елге... Жетер жаза басқаным, Керегі жоқ туған жерден басқаның. ...Төбесіне көтереді Тауларым, Маңдайымнан сүйіп менің Аспаным!... 2003 жыл. КӨКШЕТАУ! Көкшетау! Өте пәк, өте кербез, өте керім, Мекке мен Мәдинадай мекен едің. Кеудемді Оқжетпес қып тіп-тік ұстап, Басымды Жұмбақтас қып көтеремін! Маңдайын Бурабайдың мұнар басып, Желкесін жөке-бұлттар тұрар қасып. Басына оқ жетпейтін Оқжетпестің Өлеңім түн қойнынан шығар қашып. Сүйсініп жақпар-жақпар жартасыңа, Сыйынар Будда келіп әр тасыңа. Көкшетау – көк пен жердің кереметі, Түспеген дүние жүзі картасына. Көрмеген қысы-жазы түсің қашып, Көркіңе Ұрым – ынтық, Мысыр – ғашық. Жатаған тау болсаң да, өр Көкшетау, Жатырсың күллі таудың мысын басып. Көкшетау! Көрмесем бір күн жылап көрісерім, Шөлдесем қара суды бөлісерім. Анамның анасының мекені едің, Әкемнің әкесінің қонысы едің. Қайран жұрт қайдан ұқсын дала жанын, Қалаға қамап қойып балаларын. Талыңнан бесік жасап аталарым, Тасыңнан бейіт соққан бабаларым. Көңілдің кірін жусам көл басында-ай, (Көліңнің тұнықтығы – көз жасымдай!). Жеңілдер бойым бір сәт – қауырсындай, Ауырлар ойым бір сәт – қорғасындай. Көзіме Көкшетау боп көрін, бақыт, Тірімде тілегімді орындатып. …Мен сенің топырағыңды, жер астынан, Сүйемін, сүйем мәңгі өліп жатып! …Көк-ше-та-ау! 11 маусым 2005 жыл. ЕСКІ Ж¦РТ Омбыныњ бергі бетінде, Кµкшеніњ арѓы шетінде. Бар еді біздіњ ескі ауыл Жар еді жесір-жетімге. ¤лтірер жан жоќ о,мені, (Кµзіне ілмес кµнені). Келдім б‰гін еске т‰сіп ескі ж±рт, Келмей-аќ ќойѓан жµн еді. Ќ±рѓыр-ай, ќ±рѓыр, кім білген, Ќ±былады деп к‰н м‰лдем. Ќ±рдымѓа кеткен к‰нді ойлап ќырдыњ басында Ќ±лпытас ќ±сап т±рмын мен. Шертеді шењгел бір к‰йді, Шау тартќан шалѓын м‰лгиді. Жусаѓан жуас жылќыдай Жусан шµп басын ш±лѓиды. Аяќ астында жаншылып, Арманда кетті-ай ќанша ‰міт. Жолаушы кµзін ш±ќиды Жолда µскен жалѓыз тал шыбыќ. «Орны бар нєрсе оњалар», Оњалар, сонсоњ, жоѓалар... Орнына киіз ‰йлердіњ Орнапты кірпіш молалар. Омбыныњ бергі бетінде, Кµкшеніњ арѓы шетінде. ...Бар еді біздіњ ескі ауыл |