Алмас Темірбай - Автопортрет. Алматы. ш иян баспасы. Бл кітапа аынны 19962006 жылдары жазылан, республикалы газетжурналдарда жарияланып, Аллажар, Жма жрт
Скачать 0.65 Mb.
|
Ќабірімді кµміп ќалсын! Ќабірімді кµміп ќалсын! 8 аќпан 2006 жыл. ҰЛ Дүниеге ұл келсе ғой, Ұл келсе ғой шырылдап, Жас ананың құшағында Құйттай дене қыбырлап, Пәк өмірге бақ тілесе Періштелер құлағына сыбырлап. Білінбесе, білінбесін Кімге тартқан екені. Боз маяның ботасындай Болса торсық шекелі. Тұла бойы дел-сал тартып Тұрса жарым некелі. Сүйіншісін сұрап бәрі, Жұрт мен үшін қуанса, Бесігінде бекіп бойы, Белін ерте буа алса. Баяғының батырындай Балам менің жат қолынан ту алса! Сол бір күні жұртқа жаям Құшағымды, дастарханды, дәмімді. Сол бір күні асқақтатам Абыройымды, көңілімді, әнімді. … Соның бәрі болар еді, Болар еді, әрине, Дүниеге ұл келсе ғой, Ұл келсе ғой кәдімгі… 9 сәуір 2004 жыл. БҰ ДҮНИЕНІҢ МАҢДАЙЫНА СЫЙМАҒАН... Ғажайыпқа ғашық болған көзге – ортақ, Бұ дүниеде бір бойжеткен бар еді. Суреттер ем, көңіл – батыр, сөз – қорқақ, Бір-ақ сөзбен айтсам; нағыз әдемі!.. Күні-түні қылушы едік соны жыр, Мектепте де, көшеде де, кеште де. Көрсек болды, көрсек болды оны бір, Керек емес еді бізге ештеңе. Үлпілдеген үкісіндей үміттің, Ұстатқызбай, үркіп бізден сан қашты. Ауылдағы алпыс-жетпіс жігіттің, Сол қыз еді – махаббаты алғашқы... Ажал, сірә, жамандардан қызғанып, Жақсыларды жер түбіне жинаған. Болған еді ол аяулы қыз анық, Бұ дүниенің маңдайына сыймаған. Өтуде қыс, көктем, жаз бен күзім құр, Күте-күте таңда, түсте, кеште де. Көрсем деймін көріктімнің жүзін бір, Керек емес маған басқа ештеңе. Көрмек болып көркем қыздың елесін, Қададым гүл құлпытастың түбіне. ...Ол туралы айтам енді о, несін, Бәлду-бәлду бәрі өтірік... Бүгін... е... е… Д‡НИЕ – ЖАРЫЌ Мен – омыртќамын, сен меніњ ж±лынымсыњ, Мен – аян-т‰спін, сен меніњ ырымымсыњ. Мен – аќ ќайыњ ќабыѓымын кєдімгі, Сен меніњ шєрбєт шырынымсыњ. Мен – шаттыќпын, сен меніњ к‰лкімсіњ, Мен – баќытпын, сен меніњ шырќымсыњ. Мен – ‰ш ішекті домбырамын, Сен меніњ ‰ш тал ‰кімсіњ. Мен – ќоњыр желмін, сен меніњ самалымсыњ, Мен – к‰рењ к‰нмін, сен меніњ ќабаѓымсыњ. Мен – раушан г‰лініњ тікенімін, Сен меніњ нєзік сабаѓымсыњ. Мен – сары белмін, сен меніњ саѓымымсыњ, Мен – ќызыл отпын, сен меніњ жалынымсыњ. Жо-жоќ, мен ќап-ќарањѓы д‰ниемін, Сен меніњ аппаќ жарыѓымсыњ… 16 маусым 2004 жыл. *** Күйін кешкен көлеңке мен жарықтың, Екеумізде кереғарлық бар ұқтым. Кінәміз сол – мен кешірім сұраудан, Ал сен мені кешіруден жалықтың. Өзгелерден ой-ақылым мол, білем, Соны шашып жүрем оңды-солды мен. Менен сенің ақылың аз болғанмен Бәрін жұмсай білесің өз орнымен. Сен Күн болсаң, мен Түнмін-ау, шамасы, Суымайтын, жуымайтын арасы. Ай болсаң ғой, ұғысар ек үн-түнсіз, Құдай сені Күн қылғанын қарашы!.. КЕШІРІМ – Кешірмеймін, кешпеймін, ешқашанда мұны мен, Уәде беріп келем деп қайда болдың түнімен? Қажеті жоқ, ақталма, айтпа маған өтірік, Екі сағат езуің кір сабындай көпіріп. Маған деген махаббат сенде өмірі болмаған, Кет, көрінбе көзіме, өтірікші, оңбаған!.. – Дедің дағы сен маған, нілдей бұздың көңілді, Тасыды да ашуың, бар ақылың төгілді. Сабыр етші сәл ғана, болса бойда сабырың – Тарылмауға тиісті алпыс екі тамырың. Әрі кетсе отыз күн өмірі бар өсекке, Сонша сеніп, несіне арттың маған бос өкпе. Қызғаныштан түнімен кірпік ілмей шықтың ба, Сонда махаббатыңнан қызғанышың мықты ма? Кері итерме қолымды адалдықпен ұсынған, Араздығын үш күннен асырмайды мұсылман. Қызы едің ғой сен де бір ұлағатты атаның, Білесің бе, қазақтың мынадай бір мақалын: «Атаңның да құнын кеш, келсе алдыңа айыпты», Олай болса, бізге де солай істеу лайықты. Сабыр! Сабыр!.. Айтайын болған жайдың дерегін, Сөздің құтын қашырмай ұғады деп сенемін: Кеше үш-төрт бойжеткен (біреу үшін қызықты, Біреу үшін қызықсыз) жырларыма қызықты. Шіркіндер-ай!.. Естуге өлеңімді болды зар, Жүрек қылын дөп басып, мың жасағыр, сол қыздар Болмаса да көрікті, екен бәрі ақылды, Ортаға алып « ағалап» үйлеріне шақырды. Соларға арнап жазғандай есі кетіп тыңдады, Жаным, саған арналған оқып едім жырларды. Қысқа сөздің нұсқасы, қайтемін бос мақтанып, Және ойлама тұр-ау деп, жалған айтып ақталып. Ең құрыса бірінің қалсам ертең есінде, Арман бар ма мен үшін, мұңаямын несіне?!. Жә, қоя қой, ақылдым, бұртимашы құр, тегі, Қуансайшы сен қайта, сыйлап жатса жұрт мені. Көкшетауда қыз көп қой, жетер ме екен қызға сан, Нең қалады, жаным-ау, бәрінен құр қызғансаң. Сабырыңды шақырып, хадистен бір әңгіме, Айтам, сонсоң өзің біл, кешірмесең мәңгіге. ...Бар мұсылман қауымның пайғамбары, шешені, Ғалейһіссалам Мұхаммед хазіреттің кешегі, Болыпты Хасан, Хұсейін дейтін екі ұрпағы, Тамыры терең еменнің секілді қос бұтағы. Сол кішкентай екі ұл күндердің күнінде, Араздасып қалыпты, өкпелеп бір-біріне. – Жан аға, ең алдымен сіз сұраңыз кешірім – деп хат жазып Хұсейін, күтіпті бір шешімін. – Кешіремін мен неге, қырсығуын қарашы – деп жауабын беріпті ашуланған ағасы. Сол мезетте інісі былай депті Хасанға; – Жасым кіші, сондықтан жолым кіші, рас, аға. Ең бірінші кешірім сұрағандар бірақ та, Кіреді екен бірінші күні ертең жұмаққа. Дұрыс түсін, ағатай, сыйлағаннан бұл ісім, Сізден бұрын ол жерге кірген күнім құрысын!.. Сондықтан да жұмаққа сіз кірерсіз алдымен, Осы сөзді атамнан естіп бірде қалдым мен... Міне, бұл бір біздерге мысал болар әңгіме, Енді өзің біл, кешсең де, кешпесең де мәңгіге. ...Сәуле болса санаңда сөз төркінін ұғарсың, Мүмкін, менен кешірім сен сұрайтын шығарсың!?. 14 ақпан 2001 жыл. БАЌЫТ ‡ШІН… Біздіњ ‰йдіњ шыны аяѓы сылдырлап, К‰лкім келіп к‰йге т‰сем бір ж±мбаќ. Бірдење деп жарым ж‰рер к‰њкілдеп, Бірдење деп ќызым ж‰рер былдырлап. Ќызыќќ±мар сезім ќалѓып, кµз ілсе, Ќыздар жайлы µлењ оќып µзімше. Ќызыл тілді жіберемін еркіне, Ќызѓаншаќтау єйелімніњ кµзінше. Жедел бастап, жылдам бітер ±рысы – Келіншектіњ к‰нделікті ж±мысы. Біздіњ ‰йдіњ сынса, сынар ыдысы, Біраќ, оныњ тµгілмейді ырысы. Шыны аяќ сылдырлады, сынбады, Д±рыс па, єлде, бєрі сынып, тынѓаны?! «Шыны сынса – баќыт ‰шін…» деуші еді, Б‰гін бізге баќыт мойнын б±рмады. Біздіњ ‰йдіњ шыны аяѓы сылдырлап, Б‰гін таѓы к‰йге т‰стім бір ж±мбаќ. …К‰ллі меніњ ќылыѓымды ќайталап, К‰лім ќаѓып ќызым ж‰рді былдырлап... 2 маусым 2004 жыл. АЛТЫНАЙ О, кішкентай былдыр-былдыр қызығым, Ұзартатын маңдайымның сызығын. Сен болмасаң үмітімді тұтатып, Ерітеді бауырымның мұзын кім?!. Жәудір көзің жазылмаған өлең бе, Сұлулығы мысал болар көп елге?! Меннен де зау биіктерге шығар деп, Көтергенмін, көтерермін төбеме. Кіндігіме кіндік қосқан бір түнде, Раббым Алла бізді айыру мүмкін бе?! Екі аяқты ешбір есті ұға алмас, Періштенің пәк үні бар күлкіңде. Саған ғана лайықты ақ маңдай, Ақ таңыммен жарасымын тапқандай. Беймәлімдеу былдыр-былдыр бал тілің Сазды тірлік қоңырауын қаққандай. (Жер Күнді емес, айналғандай Жерді Күн,) Айналшықтап жүрсің мені сен бүгін. Сен шыр етсең – суық жаулап алардай, Жер – ғаламның белдеуі мен ендігін. О, кішкентай былдыр-былдыр қызығым, Ұзартатын маңдайымның сызығын. Сен болмасаң үмітімді тұтатып, Ерітеді бауырымның мұзын кім?!. 15 қаңтар 2001жыл. АЙ Бісімилла, бісімилла… жата ғой, Қатты ұйқыға, тәтті ұйқыға бата ғой. Бүгін ғана толған Айдай толықсып, Ертең жаңа Таңым болып ата ғой. Сұрамайтын дүниені сұрайсың, Тілеуіңді берсе берер Құдай шын. Айға қарап, қолды жайып аспанға «Әке, маған әперші» деп жылайсың. Алқызыл боп атқан таң да ұнамай, Нарқызыл боп батқан күн де ұнамай. Анаңа емес, маған тартқан шығарсың, Аңғал көңлің Айға неге құмар-ай!?. «Әке, сені мен көтеріп тұрамын, Алып берші, ойнаймын…» деп жыладың. Ай дегенің – ата-баба арманы, Ал арманмен ойнамайды, шырағым!.. Арманның не екенін де білерсің, Жалғанның не екенін де білерсің. Иншалла, бой жеткен соң, ботам-ай, «Ай оңымнан туса екен» деп тілерсің… Аңғал бала-ай, алаңдамай жат, енді, Тәтті ұйқыға, сәтті ұйқыға бат, енді. Тілейін мен көре гөр деп түсіңде Айды саған алып берген әкеңді!.. ЫРЫМ Айжарқынға Жалғанға, жаным, сен келіп, Арманға тойдым пенделік. Бөпеме лайық ат таппай, Көшеде жүрмін сенделіп. Жазғы түн. Жап-жас тіршілік. Жанарға жатыр нұр сіңіп. Құбылаға қарап Ай отыр Құдайға қылып құлшылық. Қараймын Айға, жұлдызға, Күпірлік көңіл қылғызба. Атандым ақын, апыр-ай, Ат қоя алмай бір қызға. Топ-томпақ, титтей құлдығым, Толқып та тұрмын шын бүгін. Толқыған анаң мен құсап Тоғыз ай, тоғыз күн бұрын. Күрмеліп қызыл тіл мүлдем, Аспанға қарап тұрмын мен. ...Аспандап кетер-ай атың Күні ертең, күнім, кім білген?!. 5 маусым 2003 жыл. СЕНДЕР ҮШІН… «Быть или не быть!». Боталарым, шіркін-ай, балаларым, Бола алам ба, білмеймін, қара нарың. Басым қатып жүрсе де… сендер үшін Басқа әйелдің бетіне қарамадым… Қыздарым-ай екі мен жетідегі, Шешелерің Құдайдан не тіледі?! Боласыңдар әкенің Күн мен Айы, Болмайсыңдар ананың жетімегі. Үлкен қызым, мені ойлап алаңдама, Өкпелетпе өзіңді маған бола. Түсінгенмен ит пен құс, аң мен адам, Түсінбеді жанымды анаң ғана. Кіші қызым, бұл неткен кісі дерсің, Бұның бәрі сайтанның ісі дерсің. Бала болған кезіңде ұқпасаң да, Ана болған кезіңде түсінерсің. Ақын едім Ажалдан қорықпаған, Ақпандағы жұлдыздай сөніп барам… …Мың әйелдің тілеуі болсам дағы, Бір әйелдің күйеуі болып қалам… 12 шілде 2005 жыл. ҚОШ Ей, еркем-ай, Ет жүрегім езілді, Өз қолыңмен өлтірдің-ау сезімді. Алдама да сенбе маған, мен түгіл, Аллаға да сенбейтінің сезілді. Кінәміз бар, күнәміз бар қаншалық, Санай алмай сансырадық, шаршадық. Иса емеспін өлі адамды тірілткен, Сезіміңе берер ем-ау жан салып. Тірлік кештік тірі өліктей түнеріп, Түлен түртіп, тығырыққа тіреліп. Өмір кешіп бұ дүниеде не керек, Сезіміңді о дүниеге жіберіп !?. Артыңа енді қарамашы тоқтап бір, Алдыңда, әне, сыңар аяқ соқпақ тұр. ... Өп-өтірік жылап-сықтап қайтеміз, Марқұм болған Махаббатты жоқтап құр! Махаббатты жоқтап құр... ОЙНАСТЫҢ ОЙЫ Жаутаң-жаутаң қарайсың да, Жаныңа жат санайсың ба? Емексітіп, сүйгізбей бұлқынасың, Ерніңді аяйсың ба?!. Бұлданасың, бұлқынасың, Қарға аунаған түлкідей құлпырасың. Есің ауып, біресе, есеңгіреп, Бір жатып, бір тұрасың. Сенбе маған, сенбей-ақ қой, Келме маған, өзің біл, келмей-ақ қой. Ер жігіттің меселін қайтармашы, Ерніңді бермей-ақ қой... 25 қыркүйек 2003 жыл. ШОЛАҚ КӨЙЛЕК… Мың әйелдің мұңы бар бір басында, Қартайса ертең қалады кім қасында?! Бір төсекте жоғалды ақ моншағы, Бір төсекте жоғалды сырғасы да. Жас күніңде бәрі де жарасады, Тілемей ме тірі жан тамашаны?! Адам Ата – Хауа Ана... ия, солай, Адамзаттың барлығы адасады. Есі кеткен есепсіз сағаттарға, Шылымнан да жеріген, шараптан да. Күліп кіріп кей үйге күн батқанда, Жылап шықты кей күні таң атқанда… Дүниеге келіппін мен текке деп, Кеш өкінген, жалғанға ерте өкпелеп. Мойынында жұты бар әйелдерге Қойынында құты бар еркек керек! Жегідейін жанын ой жеген ұдай, Сенделеді таба алмай себебін-ай: «Сайқал қып жаратқанша, – деп жылайды, Сайтан қып жаратпадың неге, Құдай?!». Бұ жақты бір ойлап жүр, о жақты бір, Жұмақты-гүр ойлап жүр, тозақты-дүр. …Жас әйелдің күнәсін жасыра алмас, Шолақ көйлек секілді шолақ ғұмыр… 7 сәуір 2005 жыл. ЖАЗМЫШ Б‰гін т‰нде µзгермеді д‰ние… Айта алмаймын, айта алмаймын себебін, Айлаѓынан айырылѓан кемемін. Кµз жасымды ќара суѓа ж±тќызып, Кµлшік кешіп, кµшеменен келемін. О, ѓашыќтыќ! О, ѓажайып ѓашыќтыќ, Сандалѓанда саѓан ќарай асыќтыќ. Кµњілім мен аќылымныњ арасын Кµк пен жердей ќойдыњ неге ќашыќ ќып?! Кµњілімде кµкпењбек бір м±з ќалды, Зілдей, зєрлі, ызѓарлы. С‰йсінетін т‰к ќалмапты тірлікте, С‰йем, ќайтіп, с‰йкімі жоќ ќыздарды?!. Ж‰регімді ±стап барѓам ќолыма, Байќамады оны да. Шµптіњ басын сындырмаѓан туѓалы Шµпжелкеніњ шµп шыќќан ба соњына?! ¤нбес іске µршеленем несіне, ‡лгере алсам ‰міт-д‰ние кµшіне. Б‰гін т‰нде бєрін-бєрін ±мытам, Ертењ ќайтып салмањдаршы есіме!!! Б‰гін т‰нде µзгермеді д‰ние, Б‰гін т‰нде ќонѓан жоќпын ‰йіме… 27 тамыз 2004 жыл. * * * Айтылмай қалмасын қайран сөз, Айналып келер ме кемдi күн. Айыпқа бұйырма, айнамкөз, Айтайын сырымды мен бүгiн. Айрықша сезiммен ұнатып, Айналып-толғанып жүргенде, Аймалап жанымды бiр бақыт, Ай-жүзiң нұрланып күлгенде, Айрылып ақыл мен төзiмнен, Айкезбе адамдай мәңгiрiп. Айнамкөз, ойлап ем; «өзiңмен Ай-күнiм өтер деп мәңгiлiк». Айнадай көңiлiмдi бiр шағып, Ай-шайға қарамай кеттiң сен. Айыбым болар ма мұншалық, Айтулы арманым деп бiлсем!.. ...Айтпақшы, әлi күн есiмде, Айтылған баяғы байлам сөз. Айныдың сол серттен несiне, Айттырған қыз құсап, айнамкөз... 22 ақпан 2002 жыл. *** Бозбала бақыт, қайдасың, Бойжеткендермен бой жазған. Бойдақ ғұмырдың «пайдасын», Білмегем, қайтып, ой, жазған. Боз жусан иісі аралас, Бұрым иісі құмар қандырған. Боза ішкендей шала мас, Бұла қыз белін талдырған. Бұлаң да бұлаң боздақ күн, Боз ала таңы өмірдің. …Бүгінде қағар, қозғап кім, Боз қырауын күз-көңілдің?! Беймезгіл енді сағынам, Бойжеткендердің қылығын. Бірақ та, жасап қағынбан, Бозбалалықтың ырымын… МЕҢ Бір меңіңе Самархан мен Бұхараны берер ем… Қожа Хафиз. Мен де саған Шымкентімді берер ем, Әлібек дос бірге кетіп қалады. Жұматай Жақыпбаев. Бұхараны боданыңа, Самарханды садағаңа, Ол аз десең Алматыны берер ем, Үшеуі де менікі емес, әттеген… Есенғали Раушанов. Тағы басқа бір ақын ғашық болса, Бере салар Жер шарын меншігіңе… Серік Ақсұңқарұлы. Айсарыны берер ем алмайсың ғой, Алматысын ал деп тұр Есен-ағам… Арман Тілектесұлы. Өлеңіне ортақ болар бәрінің, Меңге мұнша сүйсінбеп ем әлі күн. Мен мұндалар маңдайдағы меңіңнен Мінсіз, адал мінезіңді таныдым. Керек болса, кетер сыйып бар әлем, Кең, ашық, ақ маңдайыңа қарап ем. Есенғали, Хафиз, Серік, Жұматай, Армандарды түсірді еске қара мең. Ісін істеп, қайтем, ессіз баланың, Мен де ештеңе бере алмаймын, қарағым. Ақындардың қылығына күлкім кеп, Қайта саған қарап ләззат аламын. «Мең жайлы жыр, енді осымен біт» – делік, Басқа ешкімнен бұндай қылық күтпелік. Бес ақынның өлеңіне, қоямын, Мен меңіңді ең соңғы бір нүкте ғып… 22 ақпан 2002 жыл. СЕНІМ. СИТУАЦИЯ. СЫҒАН ҚЫЗЫ І Адамнан араша тілеп, Дәметіп тамаша тілек. Болжатты болашақ жайлы Қазақтың қара шалы кеп. Үміті сөніп, көп, тегі, Өмірге болып өкпелі. Байқалар байғұс түрінен Шер-мұңнан шөгіп кеткені. «Жөн босқа күйінбегенің, Болады биыл дегенің...» – деді қыз, шалдың қағып ап Ең соңғы тиын-тебенін... ... Сыған қыз құртқан талайды, Жылан қыз жұтқан талайды. Тірідей жұта салардай Жұтып жұртқа қарайды... |