Алмас Темірбай - Автопортрет. Алматы. ш иян баспасы. Бл кітапа аынны 19962006 жылдары жазылан, республикалы газетжурналдарда жарияланып, Аллажар, Жма жрт
Скачать 0.65 Mb.
|
ЖАЛҒЫЗ ӨЛЕҢ Алла – жалғыз .Одан басқа Тәңір жоқ. Құран аятынан. Өмірде ақындардың бәрі жалғыз. Мұқағали. Жалғыздықтың өзін бүтін бермеді. Жұмекен. Жалғыздық та бір күні Жалғыздықтан жалығар. Алмат Исаділ. Мен кей сәтте он сегіз мың ғаламның, Жалғыздығын сырттай үнсіз бағамын. Жалпы алғанда, жалғыз емес жалғыздық, Ол – әлемде он сегіз мың. Санадым. Он сегіз мың! Санап көрдім мен кеше, Жалғыздық та жалқы емес, ендеше, Алла – жалпы жалғыздықтың иесі, «Жалғызбын» дер пенде Аллаға сенбесе!.. Жалғыздықтың формуласын, амалын, Табамын деп жер-көкке көп қарадым. Жалғыздығы секілді емес ғаламның, Жалғыздығы мүлдем бөлек адамның. Жік-жік болған жалғыздықтар не түрлі, Жүрек-жердің тыныштығын кетірді. Жалғыздық бар әр адамның жанында Сол адамның мінез-құлқы секілді. Мына менің жалғыздығым, мысалы; Дәл өзімдей құдайшыл һәм құсалы. Тағдыр оны талай мәрте тұсады, Сәл босанса ол ана-а-ау жаққа ұшады. Жолдастыққа жалғыздық та жарайды, Ол да, әрине, адалдықты қалайды. Біле білсең, «мыңмен жалғыз алысқан» Жалғыздық қой Абай қылған Абайды. Мен бәс тігем, осы ұғым хақында, Мүмкін, мұным ақиқатқа жақындар. Таныса өз жалғыздығын жалғанда Жалғыз емес – басқа түгіл, ақындар!.. МОЛДАНЫҢ МОНОЛОГЫ Амал не, ақыл-есі шамалылар, Мысалын мына өмірдің шала ұғар. Ит құрлы болмады, әттең, бәзбіреулер Иттің де жақсысы бар, жаманы бар. Балаңның жасы жетіп балиғатқа, Баулысаң, болар жақсы, шариғатқа. Ғұмыры үш-ақ айлық көктемнің де, Таба алсаң, тағылым көп табиғатта. Демеймін діннен басқа алма білім, Азайтар білімдінің Алла жүгін. Пенденің жауы – нәпсі, досы – иман, Өзің біл, екеуінің таңда бірін. Пенденің шүберекке ауды ниеті, Ашылып тән түгілі, ардың беті. Алайда, абұйырды жабу ғана Киімнің әуелдегі бар міндеті. Тірліктің бәрі – өткінші, бәрі – бекер, Түбінде тірліктің де мәні кетер. Құдайға деген ғана махаббатың Құлатпай қылкөпірден алып өтер. Келеді, келеді бір Ақырзаман, Қалмайды еркек те аман, қатын да аман. Қам жаса, қарап қалма қара жерге, Қонақтай жетіп келсе шақырмаған. Адамның айуан тектес үштен бірі, Өздері-ақ дәлелдеп жүр іспен мұны. …Молданың айтқаны рас екен дерсің, Жолдарың о дүниеге түскен күні… SOS!!! Асыққан – сайтанның ісі… Қазақ мәтелі. Кинодағы, кітаптағы сайтандар, Бүгін біздің арамызда!.. Байқаңдар!.. Сарымасын санамызға, байқаңдар!.. Сайтанға еріп хош айтысқан жұмақпен Адам Ата ұрпағына айтам зар. Көйлек киген, шалбар киген сайтандар, Көз алдыңда көлбең-көлбең қайқаңдар. Көріп соны көңіл қайтіп жай табар?!. Тіпті, маған сезіледі сайтан боп Үйір бұзған айғырлар мен байталдар… Сол сайтандар – жан-тәніңді жүдетер, Киіміңді, бұйымыңды күл етер, Не далада аш-жалаңаш түнетер, Айтқандарын орындатып, пендені Сүлейменнің құмырасындағы жын етер!.. Сырты сұлу сайтандардың бірімен. Ойда-жоқта ұшырастым бүгін мен, Түнделетіп түнгі барға кіріп ем, Ләззат іздеп ләйліп отыр бір еркек (Лағынеттің) кіндігінің түбінен!.. Солар қайғы – қасіретті ғасырлық, Қылығы мен күлкісіне жасырып, Біреулердің мойнына асылып, Біреулердің етегіне жармасып, Бара жатыр Болашаққа асығып!.. Адамзатқа, ғаламзатқа айтам зар; «Тозақта» да, «жұмақта» да сайтан бар. О жақта да, бұ жақта да сайтан бар. Адам Ата – Хауа Ананың ұрпағы, Асықпаңдар, абайлаңдар, байқаңдар!!! 11 маусым 2001 жыл МОНАСТЫРЬҒА БАРАР ЕМ… Қазақта монастырь жоқ, Болса мен барар едiм... Мұқағали. Монастырьға мен дағы бармас па едiм, Момынсыған монахқа бар ма сенiм?!. Кешiп жүрмiн күйiңдi, кешiп жүрмiн, Кимесем де кебiңдi аға, сенiң. Безiп кеткiм келедi айдалаға, Тидi адамның табаны Айға да ана. Зымыраған заманда зымырандай Тыныштықты табамын қайдан, аға?!. Жүйкемнiң бiр тамыры қиылғандай, Неге шаға бередi миым, Алла-ай. Өмiрдегi жалғыздық ештеңе емес, Көңiлдегi жалғыздық қиын қандай?!. Тауып берем тап бүгiн емге ненi, Күңiренедi, қу көңiл, шерленедi, Жұрт өлтiрген жанымның тыныштығын Жүрегiмнiң түбiне жерлегелi... Қырық рет күнiне құбыла ма, Тiршiлiктiң таппадым сырын, аға. Монастырьға барар ем... Алланы ойлап Қайта-қайта қараймын құбылаға... Аппақпысың, бәрiбiр, қарасың ба, Жалған күлiп жүзiңе қарасын ба?!. Дамыл таппай өмiрiм өтiп жатыр, Дауыстар мен дыбыстар арасында. Жүйке – жұқа, болған соң, жұмыс – қалың, Тыныш, еркін келеді тыныстағың. Әттең, қолдан келмейдi-ау, жүйелер ем Дүниенiң даңғаза дыбыстарын!... Күйiп-пiскен күндерiм, жылдарым-ай, Күйiмдi бұл күпiрлiк қылма, Құдай. Мезi болып мына өмiр базарынан, Мұражайға кеткiм кеп тұрғанын-ай!.. МҰСЫЛМАН Мешін сынды санасы жоқ, миы бар, Исі кәпір Исламды нағылсын?! Хас Құдайға жас жүрегім сыйынар, Тас құдайға тас жүректер табынсын!.. Мезі болып мезгілдердің сөзінен, Жаутаңдадым, жауап таппай бір ойға; «Мен кіммін?» деп сұрағым кеп өзінен, Жолға шықтым жолықпақ боп Құдайға... Тіл ұшында тірілді бір өлі үміт, Бастапқы ойым басқаша еді, басында; Рахаттанып, рахымына шомылып, Мәңгі-бақи қалғым келді қасында... Шақырғанын шалып қалды құлағым, Бұрын қайдан естіп едім бұл үнді?.. ...Мен Құдайға жақындап ем бір адым, Құдай маған құшақ жая жүгірді... МАЗМҰНЫ АЛАҢ ДА АЛАҢ КҮН КЕШТІМ... Бірінші бөлім.......................................................... АВТОПОРТРЕТ........................................................................... ӘУРЕ............................................................................................. ГАЛЮЦИНАЦИЯ – 1................................................................. ГЕГЕМОНИЯ.............................................................................. АШУ............................................................................................ КӨКШЕТАУ!.............................................................................. ЕСКІ Ж¦РТ.................................................................................. ҚАЗАҚ........................................................................................... АРУАЌ.......................................................................................... ПЕШЕНЕ..................................................................................... ЖҰМАҚ ЖҰРТ.......................................................................... НЕ ҚАЙЫР................................................................................ 2079 ЖЫЛҒЫ ӨЛЕҢ.................................................................. ДҰҒА........................................................................................... МЕН............................................................................................ «АУДАРМАШЫ»...................................................................... БІР Т‡ЙІР ТАС.......................................................................... ТАС МҮСІН ТҮБІНДЕГІ ОЙЛАР............................................ БАС ТУРАЛЫ ӨЛЕҢ................................................................ ИТ ЖЫЛЫНА ИГІ ТІЛЕК........................................................ НАСИХАТ.................................................................................. БЄЛДУ-БЄЛДУ….................................................................... «Құдайдың бағында жүр атам бүгін...».................................. СЕЗІК.......................................................................................... БАЯНСЫЗ.................................................................................. «Дүние – драма, қос бөлімге бөлінген...»................................. ӨМІР ОЙЫНЫ............................................................................ БҰЙЫМТАЙ.............................................................................. МЕНІҢ ҚҰНЫМ....................................................................... ЗАРЫҒУ..................................................................................... КЕК ............................................................................................ МҰЗБАЛАҚ................................................................................ «Назы – құт, наласы – жұт нәзіктігім...»................................ СҰРАҚ........................................................................................ ҚҰНАН – ЖЫР......................................................................... ТУҒАН КҮНДЕ ТУҒАН ОЙ....................................................... ДҮНИЕДЕ ЖАЛҒЫЗ ӨЗІМ ҚАЛҒАНДАЙ….......................... ЖАЛЃЫЗСЫЊ ДЕП ЖАЗЃЫРЃАН ЖОЛДАСЫМА ЖАУАП....... «Аспан – 7, Жер – 7, Денем – 7...»................................................... МЕНІҢ ҮЙІМ.................................................................................... ҚАРАША........................................................................................... МҰҢ..................................................................................................... «Бала жылап, байғұс қатын қыңқылдап...»...................................... ЖАС АҚЫННЫҢ ЖҮРЕГІ................................................................... КЕМТАЛАНТҚА................................................................................. ТУДЫМ НЕСІН АЌЫН БОП…........................................................ СӨЗ...................................................................................................... «Уа, ойларым – сарбаздарым...»..................................................... «Көзім алды көк түтін...».................................................................... ‡РЕЙ..................................................................................................... ЖИЫРМА БЕС ДЕГЕН ЖАСЫМДА.............................................. КЕТУ КЕРЕК!...................................................................................... АЛУАН ДА АЛУАН МҰҢ КЕШТІМ... Екінші бөлім.............................................................. ЕСІМДЕ ҚАЛҒАНЫ......................................................................... МЫСЫҚ-ТІРЛІК.............................................................................. САЛЫНБАЙ ҚАЛҒАН КАРТИНА................................................ ПЕРІШТЕ......................................................................................... ӘДЕМІ ӘЙЕЛ.................................................................................. «Келдің – кеттің...»........................................................................ АЌЫЛДОСТЫЊ АРМАНЫ......................................................... ОРАМАЛ.......................................................................................... ҚЫЗ КҮНДЕЛІГІНЕН.................................................................... КЄРІ ЌЫЗДЫҢ КӨҢІЛІ................................................................ АДАСУ............................................................................................. МАЗАСЫЗ МИНУТТАР................................................................ ОН ‡ШІНШІ ХАТ......................................................................... ҚЫСҚЫ ТҮН. КӨҢІЛ-КҮЙ. АҢСАУ.......................................... КӨЗСІЗ КӨБЕЛЕК.......................................................................... АЌЫЛ МЕН СЕЗІМ СЕКІЛДІ…................................................... ҚЫЗ КӨҢІЛІ................................................................................... ӨТКЕНГЕ ОРАЛУ......................................................................... СЕН................................................................................................. «Қонақ үй. Бір бөлме...»............................................................... КӨКТЕМ........................................................................................ КҮНЄ............................................................................................. МІГІТ............................................................................................. ӨТІРІК ӨЛЕҢ................................................................................ БАЯЃЫ БАЛЛАДА...................................................................... ЛАУРА КЕЛСЕ............................................................................... ЛАУРА ХАНЫМ.......................................................................... СЕРТ................................................................................................ СЕНІ САҒЫНҒАНДА.................................................................... 48 КГ: АЛТЫНЫМ....................................................................... ҰЛ.................................................................................................. БҰ ДҮНИЕНІҢ МАҢДАЙЫНА СЫЙМАҒАН........................ Д‡НИЕ – ЖАРЫЌ....................................................................... «Күйін кешкен көлеңке мен жарықтың...»................................. КЕШІРІМ......................................................................................... БАЌЫТ ‡ШІН…............................................................................ АЛТЫНАЙ..................................................................................... АЙ................................................................................................... ЫРЫМ............................................................................................ СЕНДЕР ҮШІН….......................................................................... ҚОШ................................................................................................. ОЙНАСТЫҢ ОЙЫ........................................................................ ШОЛАҚ КӨЙЛЕК…..................................................................... ЖАЗМЫШ...................................................................................... «Айтылмай қалмасын қайран сөз...»........................................... «Бозбала бақыт, қайдасың...»...................................................... МЕҢ............................................................................................... СЕНІМ. СИТУАЦИЯ. СЫҒАН ҚЫЗЫ....................................... «Жанымда, жаныма ыстық ақ маңдай қыз...»........................... ҚЫЗҒАНЫШ................................................................................. «Міне, түн келді жайып құшағын...»......................................... ЖАУАП ХАТ............................................................................. АРУ............................................................................................... ЫРЫМШЫЛ ЫНДЫН............................................................... АКРОӨЛЕҢ.................................................................................... «Түнгі дыбыстар...».................................................................... ҚЫРСЫҚ..................................................................................... ЖЕК КӨР МЕНІ................................................................................. ПЕРІШТЕ.............................................................................................. КӨРШІ АУЫЛДЫҢ ҚЫЗЫНА.......................................................... КЕРЕУЕТ........................................................................................ НОСТАЛЬГИЯ.................................................................................. МОНО ЛИРА...................................................................................... ТҮРКІСТАНДА БІР ҚЫЗ БАР…....................................................... СОҢҒЫ КЕЗДЕСУ............................................................................ АҒАЙЫН КЕТІП, МЕН ҚАЛЫП... Үшінші бөлім............................................................ АЙ ТУАРДАҒЫ ЖЫР........................................................................ БІР АДАМ.......................................................................................... ҚАЗАҚЫ НАМЫС............................................................................. ЖАҢА ҚАЗАҚ. ТОЗҒАН АУЫЛ. ХРОНИКА. 2000 ЖЫЛ............. ЖЕТІ ЖЕТІМ....................................................................................... БОС УАҚЫТ ЖАЙЛЫ БІР ШАЛДЫҢ ПӘЛСАФАСЫ................. ШАРАП ПЕН ШАЙЫР..................................................................... ТЫРНАҚШАЛАРЫ ҚОЙЫЛМАҒАН ЖЫР................................... ТЕРМЕ................................................................................................. АТА ЗАҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖЕТІНШІ БАБЫ.................................... КӨК БӨРIНIҢ ҚАЙҒЫСЫ НЕМЕСЕ ҚАЗАҚ РУХЫ..................... «Жазамын өлең, жазамын, жазамын өлең...».................................. ҚОҢЫР ӨЛЕҢ................................................................................... АВТОБУСТА..................................................................................... ҚОШТАСУ ХАТЫ............................................................................. АҚПАН.............................................................................................. ИТ ӘУРЕ............................................................................................ ЖАМАН-ЖАҚСЫ............................................................................ ПІР ТҰТПА, МЕНІ ПІР ТҰТПА................................................... «Көк көңілі шалқып бір...».............................................................. БАЛА ШЫБЫҚ................................................................................ ҚҰДАЙБЕРГЕН ТУРАЛЫ ХИКАЯ (Баллада)............................. АДАМ (Баллада)............................................................................... СЄДУАЌАС СЕЙФОЛЛАҰЛЫНЫЊ АРУАЃЫНА..................... САТТАРДЫЊ СОЊЃЫ СЄТТЕРІ (Новелла)................................. БІРЖАН САЛДЫҢ МОНОЛОГЫ................................................. ҚАМЫСҚАЛА – АҚМЕШІТ – ПЕРОВСК – АҚМЕШІТ – ҚЫЗЫЛОРДА (Хроника).................................................................... КӨКШЕТАУЛЫҚТАРДЫҢ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАРҒА ТІЛЕГІ (Гротеск)................................................................................................ ЖҰПАРШӨП......................................................................................... ӨКІНІШТІ ӨЛЕҢ.................................................................................. МҰҢДАСУ............................................................................................. АҒА, КЕШЕ КIМ ЕДIҢ?!..................................................................... ТУҒАН ТОПЫРАҚҚА ТАҒЗЫМ......................................................... ЕР ҮСТІНДЕ ЕЛЕҢДЕП….................................................................. ТАМЫРҰСТАР.................................................................................... БУЫРШЫН МҰЗҒА ТАЙҒАН КҮН................................................... ҚАЙЫРШЫНЫҢ ҚОҚЫС ЖИНАУШЫЛАРҒА АЙТҚАНЫ.......... ТЕМІРБАЙДЫҢ ТЕРМЕСІ (Публицистикалық толғау)................... ЖОРЫҚ ЖЫРЛАРЫ (Толғау)............................................................. КЕНЕСАРЫНЫҢ КЕЛМЕСКЕ КЕТЕРДЕГІ ЖЫРЫ (Зар-толғау).... СЫҢАР КЕБІС (Поэма - гротеск).......................................................... АЛЛАМЕН ІШТЕЙ ТІЛДЕСТІМ... Төртінші бөлім........................................................... ӨМІРБАЙ ЖЫНДЫНЫҢ ӨЛЕҢІ.................................................... АЗҒЫРУ.............................................................................................. АЛЛАЖАР........................................................................................... ЛӘ ИЛЛАҺА ИЛ АЛЛАҺ................................................................. «АЛЛА» ДЕГЕН….......................................................................... ЖАЛҒЫЗ ӨЛЕҢ................................................................................. МОЛДАНЫҢ МОНОЛОГЫ............................................................ SOS!!!................................................................................................. МОНАСТЫРЬҒА БАРАР ЕМ…...................................................... МҰСЫЛМАН................................................................................... Ғұмыр-баян........................................................................................ |