Алмас Темірбай - Автопортрет. Алматы. ш иян баспасы. Бл кітапа аынны 19962006 жылдары жазылан, республикалы газетжурналдарда жарияланып, Аллажар, Жма жрт
Скачать 0.65 Mb.
|
КӨКШЕТАУЛЫҚТАРДЫҢ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАРҒА ТІЛЕГІ (Гротеск) Күрек тісі қайралған, Бас бармағы шайналған. Азаматың азайып, Азғын елге айналған. «Саня» туып Сайраннан, «Аня» туып Айманнан. Жауға қимас жолбикең Дауға басы байланған. Байтал шауып бәйгі алған, Тұлпар өліп, тай қалған. Шалған қарағай басын, Шортан шоршып қайраңнан. Қызыр қонар қыр қалмай, Сайтан жайлар сай қалған. Суы буға айналған, Буы уға айналған. Аралыңнан Сыр қашып, Түбіне сор байланған. Дарияңды құм басып, Қарияңды қайғы алған. Достың аузы аңқиып, Дұшпан көңлі жайланған. Жұрттың ұрты салпиып, Қырттың мұрты майланған. Қара құрттай қаптаған, Қара қағаз майданнан. Игі жақсың итініп, Итжеккенге айдалған. Торта орнына май қалған, Сорпа орнына шай қалған. Шыққан үйден шығының, Асып түсер пайдаңнан. Кедейлермен алысқан, Кесір шығып байлардан. Үйдей пәле жабысқан, Үй алсаң да қай маңнан. Жамандығың еленіп, Жақсылығың жай қалған. Ағасы алып келінін, Жеңешесін қайны алған... Күн тумасын, осынау Сөзім шынға айналған!.. …Күн тумасын! 7 қазан 2005 жыл. ЖҰПАРШӨП Серік Томановқа. Жебе құсап Жарып өткен жүрек тұсын көбенің, Төсін тесіп тірлік дейтін төбенің, Арам шөптер арасында күн кешкен Сортаң жердің соры қалың шөбі едің… Таңғажайып таңың атпай алдыңнан, Тарлық көріп жүрсең дағы тағдырдан. Қам көңілін Кәріқыздың* жұбаттың, Қамқор болып Қаңбаққа* да қаңғырған. Қоға* саған «құрдасым» деп жағынды, Сора* саған «сырласым» деп шағынды. Қозықұйрық* жырларыңа қол соғып, Қошқармүйіз* талантыңа табынды. Беде* жүрді ойлағансып қамыңды, Көде* бөліп жеді «тандыр наныңды»… Бірақ, бәрі күн туғанда басыңа Кетті ұмытып бұ дүниеде барыңды… Тындырмадың дей алмаймын, аға, түк, Күннің бетін бері таман қаратып, Қара тастың бауырын да жылыттың, Тамырыңнан жан қуатын таратып. Сен өмірді сүрмек едің жаңаша, Табиғат та тұра алмады араша. Ақ кебінмен әлемді орап тастады-ау, Қанжығасы қан сасыған Қараша… Жалмауыз – жел жапырағыңды жұлқылап, Келгенімен көзіңді де құртып-ақ. …Өлеңдерің жүрекке жас үйірер, Өзегінен Өмір иісі бұрқырап… 16 ақпан 2004 жыл. ӨКІНІШТІ ӨЛЕҢ Мұхаммедқали Сүлейменұлына. Дүниенің мынау, қабағын бағып тұратын, Өмірдің құнын өремен өлшеп ұғатын. Жетісу жұртын түнімен жазған жырымен Оятушы еді таласып таңмен бір ақын. Тоңмойын тірлік қаратпай оң мен солына, Қарақшы ажал әкетті ұрлап оны да. Аяқталмаған өлеңі қалды арман боп, Өкініш болып қаламы қалды қолында. Өмірдің емес, өзгенің салған қайғысы, Жүдеткен шақта жұбатты қане, қай кісі?!. Дариға-ай уақыт, бір кезде жалғыз сол еді-ау, Ақын біткеннің ұлысы және “байғұсы”... Өмірді сүйсең, сол ақын құсап сүй, досым, Махаббат оты күйдірсе, солай күй, досым. Өлеңін оқы – өмірден және өзгеден, Өгейлік сезіп, таба алмай жүрсең үйлесім. Киелі сөздің ұғынған сауап-обалын, Мұқағалиды ойласам – көзге толар мұң. «Мұхамедқали» деп ат қойғанда әкесі, Сезді ме ұлы жыр-Пайғамбары боларын?!. Қырық бес жасқа сыйғызып бүкіл ғұмырын, Асығып кетті жұмаққа, бәлкім, күн бұрын. Еске алып оны, бір жырын жатқа айтсаңдар Ағайындар-ау, болайын мен-ақ құлдығың!.. Жалған өмірдің шындығын тауып айта алған, Қазаққа жырдың шекпенін жауып қайтарған. ...Өлген соң ғана құрметтеген, ей, АҒАЙЫН, Не дер едіңдер, тіріліп келсе ол қайтадан?.. МҰҢДАСУ Шықпай қойдың есімнен неге менің, Сарқып ішкен сөз майын кемеңгерім. Озмыштан оздың ерте соңын күтпей, Сен маған, сен қазаққа керек едің!.. «Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін, Алынбаған ақым бар сенде менің. Бұйрат құмдар – бұйығып шөлдегенім, Бура бұлттар – бусанып терлегенім...» Есімде дәл осылай дегендерің, Соны оқып соңынан ерген едім. Содан бері қол бұлғап биіктерің, Тұңғиыққа тартуда тереңдерің. Ез боп шықты ақыры, ер дегенім, Сенен басқа қалмады-ау сенген ерім. Ақылым бар алмаған сенде менің, Мұқағали, мені күт, мен келемін!.. АҒА, КЕШЕ КIМ ЕДIҢ?!. (экспромт) Сєкен серінің 65 жасќа толѓан тойында оќылѓан µлењ. Алпыс бес жыл б±рын, аѓа кім едіњ, Есіњде ме, мен де ептеп білемін. «Шоњай» атты стансада шыр еткен Кіп-кішкентай ит кµйлекті ±л едіњ. Сол кезде-аќ, сенім артќан Н±рмаќ шал Аманатын арќалар деп бір елдіњ. Ал алпыс жыл б±рын, аѓа кім едіњ, Ќазаќтыњ кµп баласыныњ бірі едіњ. Бала болып жµнді ойнап-к‰лмеген Сєби едіњ соѓыс езген ж‰регін. Майдандаѓы єкелер мен аѓалар Аман-есен оралса деп тіледіњ. Елу бес жыл б±рын, аѓа кім едіњ, Он жастаѓы ж±дырыќтай ±л едіњ. Ойын ќумай, µнер ќуып сол кезде Таудай еді талабыњ мен тілегіњ. Сейфолланыњ Сєкеніндей болсам деп Армандаумен µтуші еді к‰ндеріњ. Ал, елу жыл б±рын аѓа кім едіњ, Т‰біт иек бозбаланыњ д‰рі едіњ. Талай жерде талай ќызѓа сµз салып, Єжептєуір єнші атанып ж‰р едіњ. Ќыздар ‰шін, ќызыќ ‰шін ќырќысып, Ќызылтуды у-шу ќылѓан «жын» едіњ. Ќырыќ бес жыл б±рын, аѓа кім едіњ, Кµкжендеттей Кµкшетаудан т‰ледіњ. Алматыда оќып ж‰рдіњ, сол кезде Єуез±лы М±хтар еді тірегіњ. Содан кейін туѓан елге оралып М±ѓалім боп бала оќытып ж‰р едіњ. Талай т‰йе балуанныњ жамбасын, Жер иіскетіп шайлыќтырдыњ ж‰регін. «Сонар» атты шыѓып т±њѓыш кітабыњ, Орындалды кµптен к‰ткен тілегіњ. Сосын ... «Халыќ жауы» бола жаздадыњ, Ар жаѓына кете жаздап т‰рменіњ. ‡ндеместер µшірем деп ‰ніњді, Алматыѓа ќашайын деп ж‰р едіњ. Ал, ќырыќ жыл б±рын, аѓа кім едіњ, Алматыда жєне тыныш ж‰рмедіњ. Саясаты д±рыс емес, б±рыс деп Коммунистік партияѓа кірмедіњ. Ќазаѓымныњ ќайта тумас тектісі М‰сірептіњ Ѓабитіне іні едіњ. Федоровтыњ аты шулы романын Ќазаќшаѓа аударсам деп ж‰р едіњ. ¦стаз болдыњ аќын М±ќаѓалиѓа Біраќ, жаман «5» ќоюды білмедіњ. Сосын, сосын, аѓатай-ау, кім едіњ, Є, айтпаќшы Т±манбайѓа ќосылып, «Аќынбыз» деп µлењ жазып ж‰р едіњ. Оранбадыњ бєз біреудей тоќсынып, Біріне де ‰лде менен б‰лденіњ. Содан кейін, сосын аѓа кім едіњ, Сєкен ќандай екендігін білді еліњ. Жарыќ кµріп, «Жапандаѓы жалѓыз ‰й», «Аќан сері» романын да ‰лгердіњ. Жазушылыќ талантыњды ж±рт танып, Лауреаты болдыњ талай ж‰лденіњ. Сµйтіп ж‰ріп, бір-аќ к‰нде ‰йлендіњ, Отбасылыќ µмірге де ‰йрендіњ. ¦л-ќыз с‰йіп, Т±ма-аѓамныњ ќарынындай Сєл азыраќ ќарын шыѓып к‰йлендіњ. Бір кездері кµп еді ѓой шатаѓыњ, Сол секілді кµп б‰гінде атаѓыњ. ¦лы Ѓабит М‰сіреповтен бата алдыњ, Содан кейін «Сєкен сері» атандыњ. Жаќсы жайлы сµз сµйлеу де бір µнер, Мен айтпай-аќ, сен туралы біледі ел. Жазѓаныњнан жазатыныњ кµп болсын, Аќ алмастай жарќ-ж±рќ етіп ж‰ре бер. Бала емес, бєле екен демегін, Сіз демедім, µзімсініп сен дедім. Адасќанда жол сілтеген Темірќазыќ ж±лдыздай Жана берсін, жана берсін Сєкен аѓа ењбегіњ!!! 1999 жыл. ТУҒАН ТОПЫРАҚҚА ТАҒЗЫМ Жабал Ерғалиевке. Маңдайыма бақ бітірген жер едің, Таңдайыма ақ бітірген жер едің. Барсакелмес дегенге де барар ем, Сеніп кімге тастап кетем сені елім?!. Тексіз неме тіреп саған ат басын, Төріңе кеп төре құсап жатпасын. Топырағыңды таптағанша тексіздер, Тулақ қылып жүрегімді таптасын!.. – Деген оймен көңіл шаңын мұң қағып, Шаршағанда шалға айналам, бір ғаріп. Сондай сәтте таудай тұлғам дірілдеп, Кірпіктерім кетеді ылғи дымданып… Ағайындар!.. Ай мен күнің аманда, Көшпе елден, кетпе еріп жаманға. Туған жердің бұлты төнбес басыңа, Туған жердің тасы батпас табанға. Таусылса да тіршіліктің тынысы, Таусылмайды туған жердің ырысы. Не қылсаң да қолыңда ғой, Көкшетау, Өзің кескен кіндігімнің бір ұшы. Кіндігімнің жүрген ұшы қолыңда, Өмірінің жолы емес пе ол мына!.. Кіндігімнен бастау алған Ұлы Жол, Менің жалғыз тілегімді орында! О, Ұлы Жол… Дәм бұйыртып татарға, Апарғанда алыс-алыс сапарға, Туған жермен табыстыршы тезірек, Не болмаса мені ешқайда апарма!.. ЕР ҮСТІНДЕ ЕЛЕҢДЕП… Ерік Асқаровқа. Аға, көрдім түсімде ат бәйгесін, Арғымақ көп ішінде «шаппай берсін». Сандырақтап сөйлеп тұр сыншы сабаз; «Әнеу жүйрік жүр екен таппай иесін». Жеріне ойдың қарамас, беліне өрдің, Бәйге бітпей тарамас желігі елдің. Ақан сері атамды көрмесем де, Аламанның алдынан сені көрдім. Мыңы жетпей, мәреге бірі жеткен, Дүлдүлдер-ай, дүниені дүбірлі еткен. Тұмар мойын, моншақ көз тұлпарыңның Тұяғының сүйкімді үні неткен!.. Есеп емес жеңгенім, жеңбегенім, Атқа қонып, артыңнан ерген едім. «Дүбіріңнен адасып қалмайын» деп Ер үстінде елеңдеп мен келемін. Мен келемін жаныңа маңайламай, Сен келесің артыңа алаңдамай… Бізден бұрын бәйгені шаппай алған Ақандар-ай, армансыз Абайлар-ай!!! Біздің елден мен және сен ғанасың, (Сүйіншіге ат озса, немді аласың?!.) Құйғытайық қиналмай Құлагердей Арқаланып Арқаның кең даласын. Бәйгеде саған – үміт, маған – арман, Жығылармыз, жығылсақ, аға, нардан. …Болсақ, болды біз аман… Қамшылар мен Ұшқан сынып жан-жаққа Тағалардан!.. тамыз. 2002 жыл. ТАМЫРҰСТАР Нұртас Ахатұлына. Ескінің соңы, Жаңаның басы едім мен, Жұлдызы жанып, жұртына ыстық көрінген. Берешегімді бере алмай жүрмін еліме, Алашағымды ала алмай жүрмін өмірден. Жарықтан қашып, тығыла берді көзге үміт, Жалынайын ба, сөз емес сөзді сөз қылып?! Оңбай-ақ қойды аттаған алға адымым, Оң аяғымнан сол аяғымды оздырып. «Мықты ақынсың!» деп көкелерім-ай мақтаған, Айтатын сөзді айта алмай кейде сақтанам. «Мықты емеспін» деп мыңқылдап тұрам... күні ертең Нашар боп шықсам қалайша елге ақталам?!. Дәметкен жоқпын дәреже менен байлықтан, Құлқынның құлы құтқарар бізді қай жұттан?! Байлық дегенің – шошқаның майы секілді, Бір иіскеп көріп, жүрегім менің шайлыққан. Бақытты жырлап, ел-жұртты бері қараттық, Өлеңге қосып өтірік-өсек тараттық. ... Бақытты қайтем, қылымсып жүрген қыз құсап, Бәрібір, оны кетемін ертең талақ қып!.. 12 қаңтар 2005 жыл. БУЫРШЫН МҰЗҒА ТАЙҒАН КҮН... (Қайрат Рысқұлбековтың атынан) Шындық бар ғой, ол аз десең, Құдай бар, Арсыз соттың арқасында жын ойнар! Желтоқсанда Ай туады солынан... Желтоқсанда Айға қарап жылайды Ар... Айға қарап, Ар жылайды, жыласын, Жұмыр басты жұдырықтап ұрасың! Жер қозғалса, қозғалмайтын мінезім, Ел қозғалса, енді қалай шыдасын?! Темір тордың алдында, Теңдік сұрап тұрмас мәңгі жан мына! «Отыз жеті» ойран қылған қазақты, «Сексен алты» сергелдеңге салды ма?! Желтоқсан деген бұл айда, Желкілдеген туым жерге құлай ма?! Шындық бар ма?! Шыныңды айтшы, ей, Дүние, Ол жоқ болса, жоқ қой онда Құдай да! Ләззаттардың шашын жұлдың, Желтоқсан, Ерболдардың басын жұлдың, Желтоқсан! Құтырынған иттей көзі қанталап, Құл-құтанды басындырдың, Желтоқсан! Елім үшін... Еркек тоқты ─ құрбандық, Құрбан болар құным жоқ па бір малдық?! Өмір деген ─ өрмекшінің торына Шыбын жанды шырқыратып, шырмалдық. Батырлардың басы кетсе шабылып, Ақындардың жүректері жарылып! Елім менің, енді қайтіп күн көрер, Кремльге бағынып, Күн-көсемге табынып?! «Жаумен бірге құрысын ─ деп, ─ жауыздық!», Қар бетіне көздің жасын тамыздық. Мұздай суық ─ дүниенің үстіне, Оттай ыстық ─ қанымызды ағыздық... Темір есік тесігінен телмірем, Тергеушіні немене деп сендірем?! Бұ дүниеден таба алмаған Шындықты, О дүниеден іздейін бе енді мен?! Тергей берсін, тергей берсін, тергесін, Керегі жоқ, кешірім де бермесін! Ошағымның күлі көкке ұшса да, Отанымның оты мәңгі сөнбесін!!! Жылап тұрып, Жақсылыққа жорығам: «Алты Алашым адаспағай жолынан!». Жылдың соңы... Кімнің соры? Сақтай гөр! Желтоқсанда Ай туады солынан... Желтоқсанның жүз құбылып реңі, Жетім халық кімнен көмек тіледі?! Қара жер де қөтере алмас мазақты, Қара нар да көтере алмас азапты, Көтере алар ер жігіттің жүрегі?! Қайран да қайран, қайран күн, Басым қатып, Бас бармақты шайнар күн. Бұлт астына Ай кіріп, Бұқара жұртым қайғырып, Бұта шайнар Азуынан айрылып, Буыршын мұзға тайған күн... Буыршын мұзға тайған күн... ҚАЙЫРШЫНЫҢ ҚОҚЫС ЖИНАУШЫЛАРҒА АЙТҚАНЫ Қайран ауыл! Қайда әлгі... тәтті шақ, Жусан кешіп жүруші едім, ат тұсап. Қоғам мені тастады ма лақтырып, Қажеті жоқ зат құсап?! Қазақстан, Қайтем сені табалап, Кешір мені, ішіп қойдым тағы арақ. Арақ ішкен адам ─ тірі аруақ, Жүрер сосын... жұрттың үйін жағалап. О дүниеге асықтырған о, күндер, Көрмес енді көнтерідей бетімді ел. ...Е-ей, қоқыс жинаушылар, тоқтаңдар, Мен ─ қоқыспын! Мені де алып кетіңдер... ТЕМІРБАЙДЫҢ ТЕРМЕСІ (Публицистикалық толғау) Жырламасам – маған серт! Тыңдамасаң – саған серт! Автор. Ақарыстан тараған, Жанарыстан тараған, Бекарыстан тараған, Өзін қазақ санаған, Бір Құдайға қараған, Бармысыңдар дін аман, Барша халық, бар адам; Жаңа қазақ – қандасым, Шала қазақ – қандасым, Дара қазақ – қандасым, Бала қазақ – қандасым, Қара қазақ – қандасым, Жанның зарын тыңдашы, Жағалаған жар басын! 1). Жаңа қазақтарға айтқаны Мыңқ-мыңқ етіп, мыңқ етіп «Мың бір түнді» жыр қылман. Көрінгенге күлкі етіп, Көргенсізге сыр қылман. Жетім сөзді жылатып, Жесір ойды қаңғытып. Көптен көмек сұратып, Көрмеп едім жан күтіп. Сендерді ойлап қорланам, Сол – қасірет, сол – қайғы. Бұ дүниеде оңбаған О дүниеде оңбайды. Алақаны ұлтымның – Алтын тақтан қадірлі-ау. Жұдырығы жұртымның – Жұмыр жерден ауырлау. Тілеуіңді тілеуде ел, Күдер үзбе халқыңнан. Топ ішінен біреулер Топырақ шашар артыңнан. Өз-өзіңді алдадың, Өксіп, сорлап қалмағын. АҚШ-тікі – арманың, Батыстікі – «талғамың». Қырымдікі – таққаның, Ұрымдікі – ілгенің. Немістікі – жатқаның, Кәрістікі – мінгенің. Байлық қуған балпаңым, Өз-өзіңе бол – сыншы. Тым құрыса, жан-тәнің Қазақтікі болсыншы. Арқасындай ала аттың – Ағайынмен бірлігің. Кері кеткен сағаттың Тілі сынды тірлігің. Мұқтажы көп, мұңы көп, Құқай көрген не түрлі. Ұлттық Рухтың құны жоқ, Ұлттық теңге секілді… Құртам дейді бір күні Қара қытай – қандыауыз. Жұтам дейді бір күні «Жаһандану» – жалмауыз. «Жығылғанға – жұдырық», Құлағанға – қылдырық. Жігеріңді құм қылып, Жібердім бе жынды қып?!.. Жыла, мейлі, күл, мейлі, Түбі айналып соғарсың. Жоққа өкпе жүрмейді, Барға разы боларсың. Барға разы болғанда, Ар – таразы болмай ма?! Ар – таразы болғанда, Алла разы болмай ма?! Мең-зең болып миыңыз, Мысалымды қалды ұқпай. …Мына біздің күйіміз – Мұңлық пенен Зарлықтай… 2). Шала қазақтарға айтқаны Әй, обал-ай, обал-ай, «Қ»-ға тілің келмейді. Былдырлаған баладай «Ғ»-ға тілің келмейді. Аңғармайсың жайтты көп, Арты жаман, байқа, шын. «Қазақпын» деп айтқың кеп, «Казакпын» деп айтасың. Қазақ пенен казактың Көк пен жердей арасы. Қазақ кім, уау, казак кім, Көк пен жерге қарашы?! «Шоқ» дегенді «шок» дейсің – «Шок» алғандай шошимыз. «Тоқ» дегенді «ток» дейсің – «Тоқ» ұрғандай шошимыз. Бір-екеуді білмесең, Ондықты да білмессің. Кірекейді білмесең, Қонжықты да білмессің. Қасым ханды білмесең, «Қасқа жолын» білмессің. Есім ханды білмесең «Ескі жолын» білмессің. Тұмарың ғой тіл деген, Топ алдында қор қылмас. Қазақ тілін білмеген Қазақ халқын оңдырмас. Дүрлікпе құр дүрмекке, Бірі – өгей, бірі – жат. Өзге тілді құрметте, Өз тіліңді біліп ап!!! Өгейсітпе тіліңді, Өзге тілді білсең де. Өз тіліңді қыл үлгі, Өзбектермен жүрсең де. Бүтін сөзді бұзбағын! Айтқанымның бәрі шын. Ұннан арзан – ұжданың, Наннан арзан – намысың. Сумаң қаққан су жүрек, Сықпытыңнан қорқамын. Сылдыраған суы көп Сорпасысың сорпаның! Орысшаңнан шошынғам, Ой-санаңды жаулаған. Жол ортадан қосылған Жолбикеден аумаған. «Қайыршыға – жел қарсы», Қайықшыға – сел қарсы. «Орысшаға» – ел қарсы, «Қазақшаға» – сен қарсы! Белді бекер буғансың, Болмас іске – болыспа. Кімге тартып туғансың, Кіндік шешең орыс па?… Түннен жарық болсаң да, Күннен жарық емессің. Пілден алып болсаң да, Тілден алып емессің. Тілдің кірмес жері жоқ – Ұсталардың бізіндей. Тілдің тілмес жері жоқ – Ұстараның жүзіндей. Тілден асқан тәтті жоқ – Абысынның асындай. Тілден асқан ащы жоқ – Ананың көз жасындай. Сұрағым көп. Сұрасам – Құлағыңа ілмейсің. Сыпайылап сынасам, Сыйлағанды білмейсің. Алты Алаш оңбайды Ана тілін қорласа. Ел тәуелсіз болмайды, Тіл тәуелсіз болмаса!.. |