Алмас Темірбай - Автопортрет. Алматы. ш иян баспасы. Бл кітапа аынны 19962006 жылдары жазылан, республикалы газетжурналдарда жарияланып, Аллажар, Жма жрт
Скачать 0.65 Mb.
|
АВТОБУСТА Бөкселерге, алқымдарға қарайды, Өкшелерге, балтырларға қарайды. Қарайды ол, қара түнге, біресе Жаутаң қағып жалқын нұрға қарайды. Етіктерге, бөріктерге қарайды, Көшелерге, көліктерге қарайды. Қыз баланы қызықтыра түседі Сайқал қала сайтан қылған талайды. Кішкентай қыз, кіп-кішкентай, кішкене, Төртте ме екен, жо-жоқ, әлде, үште ме?!. Білесіз бе, осыншалық зейінін Еліктіріп, есін алған күш неде?.. Түнгі жарық түйсігіне құйып нұр, Ұмсынады сыртқа қарай ұйып бір. ...Аңқау бала аң-таң болып арбалып Терезені сүйіп тұр… ҚОШТАСУ ХАТЫ Сол жақтан хабар жеткелі Маған түк әсер етпеді... Қиялға құлмын бүгінде. Бәрібір, күнің, түнің де. Пенденің тілін ұмытып Үн қаттым жырдың тілінде. Қиялға құл боп кеткелі Маған түк әсер етпеді... Саумын ба, әлде маспын ба, Тоқпын ба, әлде ашпын ба, Бармын ба жердің үстінде, Жоқпын ба аспан астында? Өмір ғой мынау өтпелі Маған түк әсер етпеді... Бір күлмей күндей жанарым, Түнермей түндей қабағым. Мен бүгін басқа әлемге Бала боп кетіп барамын... Ойлама «жынды» деп мені Маған түк әсер етпеді… Бөлмейтін ұлт пен тегіңе, Шын шайырлардың еліне, Көшірді мезгіл мені де, Кірген шығармын сенімге. Дүниеге кім кеп-кетпеді Маған түк әсер етпеді… Аман болыңдар, ағасы!.. Іздесең былай табасың; Мәңгілік менің мекенім – Қағаз бен қалам арасы… наурыз 2001 жыл. АҚПАН Тоса-тоса таусылып бар шыдамы, Алты ай жаздың алғашқы жаршылары. Жер жамбастап, жантайып жатқан төрде Ақпан шалдың арқасын қамшылады. Үсті-үстіне ақ жаңбыр ұрып, тегі, Шал бойынан шығармақ сілікпені. Сай-саланың мұрнынан суы ақты, Суық тиген тоғайдың шығып тері. Жон арқасын сипалап, иық тұсын, Ыңырсыды Ақпан шал жиып күшін: «Көрешегің көзіңе көрінгенде Ей, Өмір-ай, сен неткен сүйіктісің!..» Арқа басы ойылып, үлбіреді, Ажал айдап тұр ма екен, кім біледі. «Құтырушы ең ел-жұртты қалшылдатып, Өзің сол керек!» – деп Күн күледі. Күн сөзіне Ақпан шал болып кекті, Бүк түсіп, теріскейге беріп бетті. Сырын ашпай, сазарып жатты дағы, Үш күннен соң үн-түнсіз өліп кетті… ИТ ӘУРЕ Кім білсін, құрғыр қандай күй тіледі, Үйкүшік иесіне сүйкімді еді. Ит әуреге түсіріп, түніменен Тереземнің түбінен ит үреді. Атырармын ақ таңды амалдап бір, Не жақсылық табамын жамандап құр. Үндемес ем, үрсінші, үрсін, мейлі, Айға қарап ұлиды-ей, арам қатқыр!.. Қорлық көріп қайдағы құрылыстан, Балкон ба екен көрері – бұның дұшпан?! Түсе ме еске атақты «аталары» Адамзаттан ғарышқа бұрын ұшқан?! Түсе ме еске ұялас «бауырлары», Енесінің елестеп сауыр нәрі?! Аңсай ма әлде, иттер де, адам түгіл, Азат күнін алаңсыз ауылдағы?! Ит үреді, ол оның ісі емес пе, Кіжінбес ем күйініп, кісі емеске!?. ...Ит көйлекті менімен бір тоздырып, Иттік қылған екі-үш дос түседі еске... қазан 2002 жыл. ЖАМАН-ЖАҚСЫ Тілгенімен табанымды тас батып, Жүргенімен бәдік ойдан бас қатып. Ғалам түгіл, адам түгіл, заманнан Көргенім жоқ жақсылықтан басқа түк. «Жаман-жақсы...» деп жұрт екі бөледі, Бұрын былай бөлмейтіндер көп еді! Жамандайсың «анау нашар адам» деп, Жамандықты жаман ғана көреді. «Жақсылық бір көрінбеді көзіме» – дейсің-ау сен, алмаған соң сезіне. ... Жақсылықтың түрі емес пе ең жақсы, Жамандықты ойламаудың өзі де!.. ПІР ТҰТПА, МЕНІ ПІР ТҰТПА... Бір тартып қойып мұрынды, Мен құсап сермеп қолыңды. Оқыдың жатқа жырымды, ...Артықтау көрдім соныңды. Айтар сөз саған таба алмай, Төмендеп бара жаттым мен. Жолыққан жаяу адамдай Арғымақ мінген аттымен. Сөзім кім менің, өзім кім? Ұқсайшы соны, әй, қарақ. Өлеңіңді оқы өзіңнің, Қайтесің, мені қайталап. Сен үшін жыры басқаның, Болмайды жамау жыртыққа. Арманы менен асқақ ұл, Пір тұтпа, мені, пір тұтпа!.. Аспандап кетті, рас, атым, Өткінші дүние – ол дағы. Пір тұтпа, мені жас ақын, Өзіңдей көрсең болғаны... Мықтысың мендей өзің-дүр, Еншіңе бердім бір үміт; Жолында жырдың сөзім бір, Түзей сал, тұрса бүлініп, Сүйей сал, жатса сүрініп... * * * Көк көңілі шалқып бір, Жатыр жоны балқып қыр. Көкірегінен наурыздың Көктем исі аңқып тұр. Көңілдері шала мас, Өңірлері жалаңаш. Талма түстің уағында Талықсыйды тал-ағаш. БАЛА ШЫБЫҚ Қарағай, қайың, қарағай, қайың, қарағай, Жарыса өскен жан-жағын жолдың жағалай. Тоғайға келсем тоғаяр тоят көңілім Нәп-нәзік гүлдің нәріне тойған арадай. Қалтылдақ талдың түр-түсі неткен, әдемі ! Жапырақтардың күлкісі неткен, әдемі ! Жас бала қылып жасартар жанды, шіркін-ай, Өсіріп көңіл өсімдіктердің әлемі. Жапыраққа да, топыраққа да үңілем, Жүгірмек желдің соңынан тұра жүгірем. Одыраңдаған орыстың қызын еске сап Ор қоян тұра қашады талдың түбінен. Қаракөз кештің қабағын мұнар басқанда, Түр-түсі суып, түтігіп кетер тастар да. Ордадай құтты орманын ойлап кәрі емен Амандық тілеп алақан жаяр аспанға. Қарағай, қайың, қарағай, қайың, қарағай, Жарыса өскен жан-жағын жолдың жағалай. Аңқиып аузы аспанға қарар Бір Шыбық Ауылда өскен аңқылдақ, аңқау баладай. Асқақтау оймен аспанға қарай ұмсынып, Күледі мәз боп, қояды сонсоң күрсініп. ...Тірі өліктер тірлікті сенен үйренсін Төмпешіктердің төбесін тескен Бір Шыбық !.. ҚҰДАЙБЕРГЕН ТУРАЛЫ ХИКАЯ (Баллада) ... Е, ол кезде бейшара шал не білді... Көптен құрсақ көтермеген келіні. Құдай беріп, тапқанда бір немере Ат қойып ед «Құдайберген» деп ұлы. Әзәзілдің азғыруын қарашы, Ескі есімді менсінбеді-ау, шамасы. «Құдайым» деп еркелетті жалғызын «Құдайсынып» сол сәбидің анасы. Бейшара шал Құдай атқан бұл істі, Түзетем деп талай рет тырысты. Жазатайым жүрек кетті жарылып, Келінінен күнде естіп ұрысты. Сөйтіп, сол ұл «құдаймын» деп ойлады, Балалармен «құдай» болып ойнады. Есейсе де ессіз неме қыздармен «Құдаймын» деп танысуын қоймады. Біздің қазақ солай ырым етеді, Сол ырымы талай қырын кетеді. Қазақ деген Құдайы бар халыққа, Белгілі ғой кімнің құдай екені!?. Сол бір бала «құдаймын» деп жүр әлі, Оның сырын кім қалайша ұғады?!. ... Өмірде бір қателескен сол шалдың Көрде жатып шуылдайды құлағы... АДАМ (Баллада) «Дұрыс емес, дұрыс емес бұның» деп, Әлдекімге әлденеше күбірлеп. Жалаң аяқ, жалаң бас қыз жүретін Қашан көрсең, қара көзі күлімдеп. Туған үйі, туысы жоқ паналар, Жүрегінде жан-Алласы ғана бар. «Жынды қыз» деп мазақ қылып жұрт оны, Қуалайтын қар лақтырып балалар. Күні-түні көшесі жоқ кезбейтін, Сақылдаған сары аязды сезбейтін. «Жынды адаммын – мен» демейтін ол өзін, Бейшараға теңемейтін өз кейпін. Кейбір кемпір қарғап-сілеп, тілдейтін, Кейбір қыздар «кетші, аулақ жүр» дейтін. Кейбір жігіт қағып-соғып өтетін, Кісі ғой деп көзіне де ілмейтін. Сондай сәтте өз-өзінен қысылып, Жан анасын жиі еске түсіріп. Әр адамнан күтетін бір мейірім, Тым құрыса, адамға тән кісілік. Дала кезіп, қала кезіп күні-түн, Тағдырынан күтті ме екен бір үкім?! Көптен оны көрмей жүрмін көшеден, Адамдардан үзді ме, әлде, үмітін?!. Жұрттан гөрі кісілігі мол, ізгі, Жиі-жиі еске аламын сол қызды. «Жынды адам» деп айтушы едік біз оны, ҚАНДАЙ АДАМ деді екен ол бізді?!. СЄДУАЌАС СЕЙФОЛЛАҰЛЫНЫЊ АРУАЃЫНА «Мен келем тау ішінде т‰нделетіп», Барады баяны жоќ к‰ндер µтіп. Єлдебір ‰н келеді ќ±лаѓыма, Сєкенніњ єніменен бірге жетіп. Орманы, µзен-кµлі, тауы да єлі, Ќан ж±тќан ќалыњ елдей ќамыѓады. «Арќаныњ кербез с±лу Кµкшетауы» Аќынын кербез с±лу саѓынады. Келмеске кім кетпеген, бєрі кетті, Сєкенді Сєкен етсе, Тєњірі етті; ¦лыќпан хєкім сынды ±лаѓатты, Єзірет Єлі сынды єділетті. ¤мірі – Кµкшетаудыњ тау-тасындай, Кµњілі – кµкке ±мтылѓан жартасындай. Таѓдыры – тањбасы кµп ќызыл ала Саяси д‰ние ж‰зі картасындай. ¤лењі єрі ойлы, єрі с±лу, Ер еді т‰рі – кµркем, жаны – с±лу. Сєкенніњ с±лулыѓын бµліп берсе, Адамныњ болар еді бєрі с±лу. Жабысып жаман-жєутік балаѓына, Жалѓанныњ жаутањдатќан жанарына. Сєкенніњ жалѓыз ѓана «жазыѓы» бар – Сєбидей сеніп µткен заманына. Ќу жалѓан ж‰зді арбаѓан, мыњды алдаѓан, Ќ±мары сонда даѓы бір ќанбаѓан. Ќаны бар мойыныњда Сєкендердіњ, Буынсыз жерге пышаќ ±рѓан заман! Жаќсыѓа ќ±штар жанѓа бар ма кінє, Жасаѓан жаќсылыќќа – Алла кує. Жаќсыныњ басын ќосќан Сєкен еді Орынбор, Аќмешіт пен Алматыда. Жем ќылып жендеті мен б‰ргесіне, Осынша ќинады екен ќ±р несіне?! Ќорлыќ-ай, µз ќолымен µзі орнатќан Ќор болды µкіметтіњ т‰рмесіне. Ашќызып ащы шындыќ ауызды еппен, Жан ба еді жар астынан жау іздеткен. Аќќуды атќан мерген, ештење емес, Аќынды атќан жендет жауыз неткен!.. Аяулы Аян еді – бар ќызыѓы, Кµњілін кµтеретін жан ќызуы. Жабыѓып Кµкшетауда к‰тті єкесін, Жамылып жас топыраќ жалѓыз ±лы. Одаќтыњ басы сыймай ноќтасына, Опат боп кетті µзі де, отбасы да. Киелі топыраѓын ќадір т±тќан Кµкшеніњ б±йырмады-ау кµк тасы да. Ќ±лпытас Ќара ¤лењнен ќойса оларѓа, Ќ±дайсыз пенделерге ой салар ма?!. Таѓдыры кµз алдыма келген кезде, Жањѓырды аќын рухы ой-санамда. Хаќ Алла ќабыл етсе тілегімді, Халыќќа мінгізем жыр–к‰рењімді. …Ал, кєне, аќын рухы батањды бер, Алаќан ќылып жайдым ж‰регімді!.. 1 қыркүйек 2004 жыл. САТТАРДЫЊ СОЊЃЫ СЄТТЕРІ (Новелла) С. Ерубаев рухына. ¤кімет, ¤ркениет ќ±тќармады, Ќ±тылар ќу ажалдан т‰к ќалмады. Керемет, ењ керемет д‰ниені К‰нєсіз к‰ндерінен к‰тті алдаѓы. Сырќаттыњ сыры мєлім тµсектегі, Ќинайды елдіњ пыш-пыш µсектері. ¤кіртіп µзін-µзі сыбап алды, ¤кінтіп кей к‰нініњ бос µткені. Кµњілдіњ кµк дµненін к‰нде мініп, К‰тетін тањнен – иман, т‰ннен – ‰міт. Баќытын іздеуші еді бір кездері Баќытсыз балалармен бірге ж‰ріп. Толтырмас, толтыра алмас кеміњді жат, Болмады Т‰ркістандай Ленинград. Келді ж±рт кµњіл с±рап, Келді аѓайын, Келмеді Сталин мен Ленин, біраќ… Осынша ќинады екен несін м±ны, Ойлары, он сегізі, есіл к‰ні. Жегідей жейтін жанын ‰щ-аќ нєрсе: Ќазаќстан. Ашаршылыќ. Мешін жылы. Ешкім де оны ессіз демес, тегі, Кµкрегі сєулелі жан емес пе еді?! Кµмусіз, жаназасыз ќалѓандардыњ Кµзіне аруаѓы елестеді. Елестеп еміс-еміс µткен к‰ні, Әруаќтар єурелеп ж‰р кµптен м±ны. Шыѓады Мєді ќ±сап жерден бірі, Т‰седі Иса ќ±сап кµктен бірі. Жанкешті жандарды ойлап ауылдаѓы, Дерт ќозды µкпе менен бауырдаѓы. Халыќтыњ ќайѓысы ѓой ќ±салы еткен, Єйтпесе, не еркектіњ ауырѓаны?!. Бєріне µзін-µзі кінєлайды, Кім білген, осы болар, сірє, ќайѓы. Ж‰регі зар ењіреп жылаѓанмен, Жанары, о, ќ±дірет, жыламайды. Талай-талай т‰с кµрген… Т‰сінде бір Ќаптаѓан ќалыњ зират ішінде ж‰р. Т‰ркістанда кетіпті шошќа ќаптап, Шошќа емес, Шоќынды кісілер – б±л! Ќысќанда аруаѓы кесел де ‰деп, Білмейді не дегенін есењгіреп. Тілдейді т‰німенен біреулерді, Шымкентше айтар болсаќ: «шешењді…» деп. «Мєњгілік µмір» жайлы сыр бастадым, М±нымен тынбас тірлік, тынбас жаным. Бітпейтін тіршіліктіњ белгісіндей Бітпейді – деді ол – «Меніњ ќ±рдастарым»… ¤кімет, ¤ркениет ќ±тќармады, Ќ±тылар ќу ажалдан т‰к ќалмады. Меніњше, мєртебелі баќытын ол Мєњгілік µмірінен к‰тті алдаѓы… «Келсейші, кєне, ажал, келсењ...» – деді, Иегі сєл-пєл ѓана кемсеңдеді. …Ж±маќќа жаны ±шып бара жатты, Біраќ та µлгеніне ел сенбеді… 30 шілде 2004 жыл. БІРЖАН САЛДЫҢ МОНОЛОГЫ Бұл күнде арық қойдан құным төмен, Үш жүзді сайран қылған Біржан едім. Біржан сал. Біржан ем бір күн дария, бір күн айдын, Көп екен көрсетері бұл Құдайдың. Бір елдің бір шоқ үкі үміті едім, Жүрегін жарып шыққан Тұрлыбайдың. От тиген орман құсап селдіредім, Нем қалды, ей, дүние-ай, енді менің?! Үш жүз жыл жасайтұғын қарға емеспін, Үш жүз-ай, есіңде ме, мен кім едім?!. Үш сайлы бөркіңдегі үкің едім, Ұстаған төбесінде бүкіл елім. Алпыстан асқанымда азап шегіп, Намыстан аһыладым, үһіледім. Атағым алты алашты дүрілдеткен, Жебе жетпес жерлерге үнім жеткен. «Гауһартас», «Жамбас сипар», «Ақ тентегім» Дізесін шал-шауқанның дірілдеткен. Сезімім серіге тән нені шектер, Жер таппай тайқитын я шегіншектер. Көргенде кербұғыдай мінезімді Керілген кермаралдай келіншектер. Қыз құшып, қымыз ішіп, сауық құрдым, Өзіме өзім кейде қауіп қылдым. Босатып бойжеткеннің көңлін әнмен, Босбелбеу бозбаланы жауықтырдым. Кезімде үйір жиған бір көк дөнен, Алдымнан көлденеңдеп жұрт өтпеген. Бұл күні кәрібоздың күйін кештім Бұтынан бұзау өтсе мыңқ етпеген. Пайғамбар жасынан сәл асқанымда, Пайда боп бір қара бұлт аспанымда. Сен неге безіп кеттің бұлбұл-дәурен Кеудеме ұя салған жас шағымда?!. Пыш-пыштап жат түгілі, жақындарым, Талайды тарлан-сөзбен тақымдадым. Бағады-ай менің жатқан-тұрғанымды, Баға алмай жүріп жалғыз қатындарын... Азнабай айдап салып Поштабайын, Жазған-ай, күлкі болды досқа жайым. Шалдығым, кәрілігім кесір қылды-ау, Шалшыққа аунатар ем шошқадайын. Биті де балақтағы басқа мініп, Иті де жалақтады қосқа кіріп. Жолықса қылп-қылп еткен қырықта, уай, Жонынан алмас па едім таспа тіліп?! Көкей қыз, жалғыз әпкем, Гүлжиһаным, Түсіме түнеп жүрсің ылғи, жаным. Күбідей түбі тесік көңілімнің Түбіне, ей, іркіт-іркіт мұң жинадым. Сендерді ойлай қалсам Ақан, Абай, Жүрегім орынында жата ма жай?! Алпыс пұт алтын артқан атан құсап Жол шеккен Қазақ дейтін сахараға-ай... Бол аман боққоңыздай туыстарым, Толды ма боқ дүниеге уыстарың!? Жадымнан кетер емес, меніменен Жансыз қалған денедей суысқаның. Қондың-ау қайда барып, құрғыр, арман, Болдым-ау болмашыға шын жыларман. Көш-дүние, кеткенің бе бір жеткізбей, Көшпелі алтын құсап жылжып алдан?!. Теміртас, Асыл, Ақық құлындарым, Бәлеге әкең құсап ұрынбағын. ...Шыңғыртып, шырқыратып бір ән салшы-ай, Шыққанша шанақтағы шыбын жаным!.. 23 маусым 2004 жыл. ҚАМЫСҚАЛА – АҚМЕШІТ – ПЕРОВСК – АҚМЕШІТ – ҚЫЗЫЛОРДА (Хроника) Бір қала бар дарияның жағасында, Жаңғырған жалған-дүние санасында. Шындықтың шым-шытырық ізі жатыр, Бесік пен бейітінің арасында… Өміршең өлке бар ма Сыр еліндей?! Өмірді Сырға барып сүре білгей! Сияқты Сырдария – тамырыңдай, Секілді Қызылорда – жүрегіңдей. Дауасы жалғыз ғана, кеселі – мың, Азабын елмен бірге кешеді құм. Генерал Перовскийден сақта, Құдай, Келмегей кері айналып кешегі күн! Ақмешіт Отаны едің Алты Алаштың, Ұлт үшін, ұрпақ үшін жанталастың. Бұ жерде Міржақып пен Мағжан жүрген, Куәсі – сан қырғынның, сан таластың. Үш жүздің, алты арыстың басын қосқан, Табылып «асыл – тастан, ақыл – жастан». Ахмет пенен Бейімбет газет құрып, Сәкен менен Смағұл театр ашқан. Аруақты арыстардың астанасы, Баянды болашақтың бастамасы. Ұлылар үміт күткен ұрпағынан, Сор кешіп, соғылса да тасқа басы. Бәрінің мүддесі – бір, мұраты – мың, Болжаған бұ дүниенің кім ақырын?! Ақтардан қорлық көрсе бір ақының, Қызылға құрбан болған бір ақының! Артына бір алаңдап, алдына бір, От пен оқ ортасында қалды ауыл. Жиырмасыншы ғасырда, қазақ үшін, Жиырмасыншы жылдардың тағдыры ауыр! Тозбайтын Тоныкөктің таңбасындай, Жететін жәдігер көп сан ғасырға-ай! Жалт етіп, көзді арбаған, айһай, дүние, Қорқыттың қобызының айнасындай! Жырау мен абыздың да мекенісің, Шындық пен аңыздың да мекенісің. Қобыз бен домбырадан артық не бар? Солардың отаны сен екенің шын! Сыр айтар: «Әнші болсаң, қырға бар!» деп, Қыр айтар: «Жыршы болсаң, Сырға бар!» деп. Бауырын балбал тастың жырларымен Балқытқан Балқыбазар, Тұрмағамбет. Асқары ақындықтың – Асқарың бар, Асатын Асқарыңнан басқа кім бар?! Есениндей болсам деп Есенғали… Есенғали болмақшы жас дарындар! Қос мұңлық – Үлкен Арал, Кіші Арал, Кіріп жүр Жер-Ананың түсіне олар. Адамды адам ұқпас бұ заманда, Аралды Арал ғана түсіне алар! Көліңнің ащылығы не себепті? Шөбіңнің ащылығы не себепті? Қазақтың қан мен тері тамған жер ең, «Е, шүкір, осы күнге» – десек етті! Дарияның жағасында бір қала бар, Сырласын іздеген жан Сырға барар! …Адамнан «балшық» жасап жатса Тағдыр, Балшықтан «адам» жасап жүр балалар!.. 4.10.2005 жыл. |