Алмас Темірбай - Автопортрет. Алматы. ш иян баспасы. Бл кітапа аынны 19962006 жылдары жазылан, республикалы газетжурналдарда жарияланып, Аллажар, Жма жрт
Скачать 0.65 Mb.
|
Жоќ ќазір жердіњ бетінде... ҚАЗАҚ Мен баяғыда... Он бірінші ғасырдың аяғында... туыппын, Атағын атан көтермес атамның жолын қуыппын. Қасарысқан қас жауға қарсы шауып қасқырдай, Қасқалдақтай қанымен қылышымды жуыппын! Бесті асауға бел артып, бес қаруды асынып, Бес-алты күндік жерлерге бір күнде жетіп асығып. Жаһаннамға жөнелткем жанын жауыз жауымның, Аттандаған дауысымды алты қырдан асырып! Ерлігіме сүйсінген жасап ойын-тойды жұрт, Туғалы құрық тимеген ту биені сойдырып, Бабалар бата беріпті: «Аруағыңды асыр – деп – Ойпаң жерді қыр қылып, қырат жерді ой қылып!» Бәрі әлі есімде… бөрідей түн қатқаным, Тәттілігін сезімнің тұңғыш рет татқаным. Ауыл итін шулатып, алып қашып аулаққа, Бұраң белді бауырыма ап, Бұрымын иіскеп жатқаным… Сол кез кірді түсіме: тілімді құр тістедім, Бұрынғы өмір өң еді, бүгінгі өмір түс…дедім. Айтпадым не, айттым не, айналдым ғой аңызға… Қазір кіммін, қандаймын?! Оһ, ол кезде күшті едім!!! Мен баяғыда, он бірінші ғасырдың аяғында… Ай, өткінші өмір-ай!.. P.S. Бәлкім, бұл түс: Арыстандары адамның айналуға жақын деп заманның зәрлі шаянына Абылай хан атамның Алашқа айтқан аяны ма?! …Ақырзаман таяды ма?.. АРУАЌ Он ѓасыр б±рын д‰ниеге мынау келгенмін, Оњтайын тауып, ойран сап жауды жењгенмін. Бас уєзір жатќан он алты ќанат ордаѓа Басымды имей, баса кµктеп те енгенмін. ‡ш ќырлы оќты заулатып б±хар садаќтан, Ќылыштыњ ж‰зін ќып-ќызыл ќанѓа жалатќам. Дµнен ќымыздыњ ќуаты желік бітіріп, Д±шпанныњ бетін ќ±была жаќќа ќаратќам. Айѓырдыњ тоќпаќ жалындай – т‰кті ж‰регім, Атанныњ шоќпар санындай – мыќты білегім. Ќырыќ жыл ќырѓын келсе де сынбас, сµгілмес Ќазаќтыњ ќырыќ ќабырѓасыныњ бірі едім. Ќарыны жуан хандардыњ ішін жарѓанмын, ‡стінде т±рып есік пен тµрдей тарланныњ. Ќањѓыѓан оќтай ќарѓысы тиіп біреудіњ, Ит-ќ±сќа жем боп, ит µлген жерде ќалѓанмын. Бєріне кує – мына тау, µзен, мына ањѓар, Сенбейтіндеріњ с±рањдар, содан с±рањдар. …Кєнизєк еді ол кезде анау сары ќыз, Кµзіне оныњ кµрінбейінші… К‰нєм бар. ПЕШЕНЕ «Ажал – хаќ ѓылым» деймін, Ашќандай тыњ жањалыќ. Ішімнен к‰бірлеймін, Ішіме жын ќамалып. ¤згеден ќашамын деп, ¤зімнен ќашамын ба?! ¤лімнен ќашамын деп, ¤мірден ќашамын ба?! ¦мтылып жарыќќа бір, Ќашќанда ќайда барам?! Ќара жер – алып ќабір Басына Ай ќадаѓан. Ж‰зіме к‰лкі ќонып, Жиылар ішіме м±њ. Кешќ±рым жылќы болып Келеді кісінегім… Келеді кісінегім, Ќызыќ ќой, шынында, адам. Ќырттарды т‰сінемін, Ит ќ±сап ырылдаѓан. Ќ±с тілін ±ќпаѓасын, Ањ тілін білмегесін. Ауыртпас ќырттар басын, Айтады кімге несін?! Азабы сонша ауыр ма, Єйтеуір, д±рыс басы. …Ажалѓа жол салуда Ойымныњ ќ±мырсќасы… 27 шілде 2004 жыл. ЖҰМАҚ ЖҰРТ «Өлгенді сөзім тірілт – деп – өшкенді демім», Көктемге көшін түзетіп көшкен-ді елім. Ғұмыры жұмбақ ғұндардың ғұрпын ұстанып, Сақтардың салтын сақтаған көшпенділерім!.. Естері шығып, естісе ақырған үнін, Тастай сап тұра қашқан жау тақырға жүгін. Кіндігін кесіп қылышпен жас ұлдарының, Белі бір босап көрмеген қатындарының. Бабаларымның еске алсам баяғы күнін, Жүректі жарып, жапырақ жаяды жырым. Жердегі жеті тозаққа түскенде қазақ, Алладан басқа, апырай, аяды кімің?!. Тағдырдың тәлкек – төбеті алғанда беттен, Жабығар мінез жоқ еді-ау жалған әдетпен. Жерұйық іздеп, жер жүзін шарлап, шау тартқан Аспанға қарап Асан да арманда кеткен... Өз елін қорғап, шаппаған басқаның елін, Алмаған жері түгілі, аспанын тегін. Атпенен кіріп жұмаққа бара жататын... Атамыз біздің қалғыса жастанып ерін. Әлдекімдерден көрсең де әлі бір жәбір, Тілегің сенің болады, бәрібір, қабыл!.. Қайратың қашып, қайғырма, қаймана қазақ, Тағдырың ауыр болғанмен, Тәңірің – әділ!.. Бейнетке талай үйренген, сынаққа талай, Зейнетке бойың үйренсін, бірақ та, қалай?! ...Көшесі – түзу, көршісі – тату жұрт едік, Көшеміз енді, көшсек біз жұмаққа қарай!.. 3 наурыз 2003 жыл. НЕ ҚАЙЫР Алты Алашың алтыға, Үш жүздің үшке бөлінсе. Аждаһа төніп халқыңа, Ажалы көзге көрінсе… Ұлдарың келсе Ұрымға, Қыздарың кетсе Қырымға. Қаларсың жалғыз, шынында, Қолыңды тығып мұрынға. Көшпенді қазақ баласы, Көшіп жүр әлі қаңғырып. «Елім-айлаған» зары ащы Естілер бүгін күн жаңғырып. Есеп білетін көршіміз Есеңді жесе не істерсің?! Есек мінетін көршіміз Есеңгіретсе не істерсің?! Соншалық сені сорлы ғып, Сорлатты екен қандай күш?! Өрмекші-өмір тор құрып, Шырқырар шыбын жан байғұс. Дүниедегі ең ауыр, Тартамын ойдың азабын. Мен ойланғаннан не қайыр, Сен ойланбасаң, қазағым?!. Бұқардан қалған дүние Сенен де қалар бір күні. Мұқаңнан қалған дүние Менен де қалар бір күні… Көңілім қайтіп тынықпақ, Көкірек – күпті, ой – алаң. … Батысқа қарап ұйықтап, Шығысқа қарап оянам… 8 наурыз 2005 жыл. 2079 ЖЫЛҒЫ ӨЛЕҢ Ақынның жүз жылдық мерейтойы қарсаңында Көкшетаудың Северная көшесіндегі 35 үйге ескерткіш-тақта орнатылды. Электрондық газеттен. Бұл үйде ақын тұрған күні кеше, Жарасар жарықтықты «ұлы» десе. Күпісі Қара Өлеңнің тозған шақта Жыртыққа жамау болған жыры неше. Еліне, Елбасыға шағынбаған, «Үй бер» деп ұлықтарға жағынбаған. Әр таңның жарығынан үміт күтіп, Әйтеуір, тәубесінен жаңылмаған. Өткеннің бізге жетті хаты бүгін, Кезінде кім елеген ақын үнін!? Үй деген аты ғана демесеңіз, Болыпты жатақхана заты бұның. Қорлық-ай, қолы жетпей бір қосынға, Құйындай үйірілген мұң басында. Әкімі Көкшетаудың көзіне ілмей, Ақыны Алты Алаштың тұрды осында. Емес-ті елі – бөтен, тегі – бөтен, Ежелден бұл Көкшетау еді мекен. Құртыпты күллі ақшасын кітап алып, Кітаптан үй саламын деді ме екен... Өмірін қос ғасырмен алмастырған, Өлеңін қос ғасырға жалғастырған. Бұрынғы техногенез заманында Бұл үйде Темірбаев Алмас тұрған... 12.04.04 жыл. ДҰҒА Айым туып солымнан, Адасайын жолымнан! Жеті басты жалмауыз Жетелесін қолымнан! Қу жиылсын қасыма, У бұйырсын асыма! Бұлдырықтай оқ жаусын Жұдырықтай басыма! Маңдай терім құрысып, Самай терім тырысып! Жат жерінде жатайын Өзі-өзіммен ұрысып! Тақтан тайсын тақымым, Жатқа айналсын жақыным! Өмірем қап өлеңім, Адыра қал ақылым! Жүйкем жүндей бұрқыра, Шыбын жаным шырқыра! Итім өліп ішімде, Иісі шықсын сыртыма! Отыз омыртқам үзіліп, Қырық қабырғам қақыра! Ібілістің іліміне қызығып, Кір тигізсем, Тіл тигізсем Ақын деген атыма!!! 16 қазан 2002 жыл. МЕН …Мені мен менікінің айрылғанын Өлді деп ат қойыпты өңкей білмес. АБАЙ. Ұлы ақынмын!.. Керемет жанмын мына Мен, Тірімде оны түсінсін қайдан бұл әлем?!. Бір ғасыр бұрын туылсам, анау Пушкиннен Екі есе үлкен ескерткіш болып тұрар ем… Өзімнен асқан адам жоқ тірі, расында, Мың данышпанның миы бар мына басымда. Есенин деген еркелеу біреу болыпты Тәйірі-ай, сол да ақын ба менің қасымда?!. Бар әлем бүгін Батысқа бетін бұрғанда, Бұрған жоқ ешкім оларға бетін бұл маңда. Алты Алаш қайтсін, классиктерін Батыстың Мен сынды ұлы ақыны тірі… тұрғанда!.. Кеудесін ұрған кеудемсоқтарды бүгінде, Шаңыма көміп кетерім сөзсіз, түбінде… Ұрпақтарымның ұраны болып өлеңім, Дүние түгел сөйлейді ана тілімде!!! Ұл таппас мендей барлық ұлт-ұлыс жиылып, Ұлы боп туғам Қазаққа ғана бұйырып. …Осындай оймен отырам өлең жазам деп Жұрт «Тәңірі» дейтін ҰЛЫ АҚЫНҒА сыйынып… «АУДАРМАШЫ» Ақын емес, аудармашы боп алдым, Сөзін сөйлеп сауап пенен обалдың. Мені ақын деп ойлап жүр ғой бұ қазақ, Түсінбейді олар дым... Сол жақтағы періштем де – наразы, Оң жақтағы періштем де – наразы. Қайсы бұрыс, қайсы бұрыс екенін, Қайдан ұқсын Көкшетаудың қазағы?! Жоғарыға бірі даттап жазады, Жоғарыға бірі ақтап жазады. Өтті-кетті. Өткен өмір – өлі Рух, Көңілімнің көрін неге қазады?! О-о, менің күнәларым көп-ті аса, Миллион жылға соттар мені, соттаса! Мыңдаған жыл уақыттарын зая ғып, Кейінгі ұрпақ жоқтап сосын, жоқтаса... Не жазады олар сонда күнімен? Не жазады олар сонда түнімен? Пенделердің тіліне аударамын мен байғұс, Періштенің тілінен... ...Сөз киесі болса егерде, шынымен, Миллион жылға сотталамын түбі Мен... 19.04.2006 жыл. БІР Т‡ЙІР ТАС Тасты кµрсем еміренем неліктен? Тасты кµрсем тебіренем неліктен? Тасты кµрсем тебіреніп... неліктен Тас-талќан боп, айрыламын еріктен?! Бір т‰йір тас? Бір т‰йір тас! Бір т‰йір... Жетелейді жерге Ойларым кіл ќиыр. Астафралла-ай, т‰неремін неге ылѓи Асќар таудай аспанына б±лт ‰йір. Талабыма баќ б±йырар аћ, ќандай, Таба ќылма жаќын менен жатќа, Алла-ай. Ењсем неге ењкіш тарта береді Ж‰регімде зіл ќара тас жатќандай?! Тас лаќтырып ит ќуушы ем жасымда… (Бєрі соныњ єсері ме, расында). Есім кетіп, мењ-зењ болып т±рамын Ескерткіштіњ т±ѓырыныњ ќасында. Бірде – пенде, бірде – кісі, бірде – адам, Болмысыма жаным байѓ±с к‰нде алањ. «Тасж‰рексіњ» деп жылайды К‰н маѓан, «Тасбауырсыњ» деп к‰леді Т‰н маѓан. Ести-ести ескертпесін б±лардыњ, Есенинше мерт болатын шыѓармын. Ќ±дай білсін, не ќ±дірет екенін Ќ±лпытасќа (ќ±рып ќалѓыр!) ќ±мармын. Ќ±лпытастан т±рам кейде шошынып, Екі ±шты ой... Екі д‰ние... Ќос ‰міт... ...Алла Адамды жаратќанда балшыќтан Бір т‰йір тас кетті ме екен ќосылып?.. Бір т‰йір тас ... 5 қыркүйек 2004 жыл. ТАС МҮСІН ТҮБІНДЕГІ ОЙЛАР Тастан жасалған тұғыры, кірпік-қасы да, Тас төбемнен қарайды үнсіз тас тұлға. Тас мүсін құсап тұнжырап тағы отырмын, Тас тығып қойған тәрізді біреу басыма. Тас көше, тас үй төрт құбылам да. Тас қала. Тас лақтырып тұр көгершіндерге жас бала! Тұрғындарының жүрегін тас қып жіберген Түрлі тастардан салынған түрлі баспана. Тас маңдайыма десем де бағым кем бітті, Тәңірім маған таусылмас төзім беріпті. Темірбай атам атымды қойған «Алмас» деп, Тастай болсын деп ең асыл әрі ең мықты. Тас мүсін – мынау, айналса кенет кісіге, Тек сол жанымды алар ма еді түсіне?! Табаныма тас батып, тасырқап жүрген кезімде Тас тұяқ тұлпар кіріп жүр неге түсіме?.. Тас қайрақ құсап қайрасаң, қайра қара түн, Топшысы тастай қиыла қоймас қанатым. Түбінде мені ажалдан алып қалатын Тас жарып шыққан тас жарған гүлдей – талантым. Тосса да, бәлкім, бір жерде мені тас қабір, (Тілім – тасқа, бас жармаса дағы тас жарғыр!) Төлеген, Қасым, Мұқағали ағам тәрізді, Тассыз дүниеге кетеді жаным басқа бір. Тау-тасты түгел мекендеп, жеке асқарды, Тастүлектейін кезсем ғой, шіркін, аспанды... Тас керең қоғам түсінсін қайдан сырымды, Тас бауыр тірлік. Тас жүрек тағдыр. Тас – бәрі... қазан 2000 жыл БАС ТУРАЛЫ ӨЛЕҢ Басқарма, бастық, бас хатшы, басбух... «бас» – бәрі ! Басқосуларда қосыла қалса бастары, Бастайды сөзін бір-бірін мақтап лепіріп , Басқаны қайдам, ойлайтындары бас қамы. Бас инженер, бас дирижер бәрі – «бас!», (Басын қасиды бұларға қарап кәрі-жас!) Бассыздық билеп алған ба дейсің, әйтсе де, Басқасын қойып, Құдайдың өзін танымас. Басалқы айтқан адаммен болар жаны қас, Бейбастақ елдің баласы – кәрі, шалы – жас! Басына қонған бағына қожа болмаса, Басынан төмен төксең де алтын – жарымас. Басым қатады, сыздаған жүрек жылымай, «Бассыз салт атты» сияқты елдің түрін-ай! Басқа бір елдің тілімен теке тіресіп, Басына билік тимеген қайран тілім-ай! Бассыздық жайлап, бастады тағы бүлікті, Басбұзар жастар ұйыған елді ірітті. Баскетбол ойнап, бассейн кезген қыз-жігіт Бастаңғы деген қазақтың салтын ұмытты. Бас ақын – Абай шалды да кеше сібер ел, Бас-көзден ұрған!.. (Ар жағын өзің біле бер). Басы ауырса, бүгінгі құлқын құмарлар Басжазар үшін баласын сатып жіберер. Бас пайда ойлап, кейбіреу қырық құбылып, Баспана үшін бірімен-бірі қырылып. Басынан бір сөз асырмас бастықсымақтар Басынып алып, енесін елдің жүр ұрып. Басынғандарға еркіндік беріп неге тым, Басыңды шұлғып, соңынан болдың еретін. Бас жіпсіз өгіз секілді өңшең ағайын, Басынан ұрса, есі ауып қала беретін. Бас сауға сұрап, аз ба еді көрген азабы, Басынан шіріп балықтай ел де азады. Баспасөз неге Алланы кіші әріппен, Бас әріппенен адамның атын жазады?!. Баскесер ұлдар тумады тартып тегіне, Басасау қатын береді бұйрық еріне. Басынан бастау керек пе қайта өмірді, «Басыңа түссе баспақшыл» дейтін Еліме?!. Баса-көктеген жауынан қайтпай меселі, Басым түсетін көсемі менен шешені. Батыры түгіл, қатыны... қытай-қалмаққа Бас имей өткен бабаларым-ай кешегі!!! Басын қосам деп бірлікке жұртты шақырдым, Бірдеңе ұқса, бастарын біраз қатырдым. Бас ұрмаймын мен Құдайдан басқа ешкімге, Басымды кесіп ала алсаң, мә, ал!. Бақұлмын!.. 11 маусым 2002 жыл. ИТ ЖЫЛЫНА ИГІ ТІЛЕК Ит жылы да келіп қалды бұлғаңдатып құйрығын, Ит біле ме, итшілеткен ит-өмірдің бұйрығын?! Ит ырғын да, көл-көпір қып жарылқағай Жаңа жыл, Итке сүйек тастағандай ұнатады сыйды кім?! Ит талаған өңірімді жамар ма екен Ит жылы?! Ит жалаған көңілімді табар ма екен Ит жылы?! Ит пен ит боп қайтесіңдер, қайран менің қазағым, Ит мінезді дос-дұшпанның ұмыт болғай иттігі. Итшілеткен қазағымды қалсын артта ауыр күн, Ит терісін қаптамасын басымызға дауыл-мұң. Ит байласа тұрғысыз жер емес еді біздің жер, Иті тоқ та, адамы аш болмас, сірә, ауылдың. Ит жүгіртіп, құс салғандай қызық еді таңдарым, Ит арқасы қияндағы арманым-ай, арманым! Ит пен құсқа жем болмасын байтақ елдің байлығы, Ит тұмсығы өтпейтұғын оталмасын орманым. Итаршылап кетсең егер – кінә өзімнен дегейсің, Итке сүйек қарыз болсаң, жұртқа неңді төлейсің?! Ит көйлекті бізден бұрын тоздырған шал азаймай, Ит көйлекті бізден кейін тоздырар жан көбейсін! Ит тартыспен өткен өмір… (міне, нағыз басты азап!), Ит кемірген асықтай ғып мүжіп-мүжіп тастамақ. Ит ала қаз ініндей бір жатақхана ішінде, «Итке берсін күнімді!» деп, жасымасын жас қазақ. Ит жығыс боп түсе берсе тұрмысың мен тірлігің, Ит қорлықтан құтылмайсың, быт-шыт болып бірлігің. Ит пен мысық секілденіп өле-өлгенше өштесіп, Ит етінен жек көрмесін екі қазақ бір-бірін. Итің-итің ит-өмір-ай, иінді езген салмағы, Ит әуреге түсірмегей күндер бізді алдағы. Ит жылында дүниеге қайта келсін сәби боп, Ит жеккенде арпалысқан арыстардың аруағы!.. Ит асырап, баласынан безер болса қандасым, Иті түгіл, өзі жейтін алдында асы қалмасын. …Ит жылында, иншалла (жаман айтпай, жақсы жоқ), Ит-тіршілік бізден қалса… күшігіміз жалғасын!.. 28 желтоқсан 2005 жыл. НАСИХАТ Бірінші саған айтарым, Бір Құдайға сыйынып Бірлігін елдің тілегей. Бір уыс жемге таласқан, Бір көлден ұшқан шүрегей. Бірімін деген сыртанның, Бір қоян алса дүрегей. Біреу-ақ болсын сенерің, Бір болса дағы бірегей. Екінші саған айтарым, Екеуден-екеу қал демен, Екі ұшты оймен бал ашып. Екінің бірін бауыр қыл, Егіз қозыдай жарасып. Екі жеп биге шықпассың, Екі жүздімен таласып. Екі ұдай болма елменен, Екі дүниеде адасып… Үшінші саған айтарым, Үш ұйықтасаң түсіңе Үш жамандық кірмесін. Үшпаққа сені шығармас, Үш арсыз болса күндесің. Үш байлықтан құр қалып, Үрім-бұтағың жүрмесін. Үш жұртың сені қадірлеп, Үш жүзге ортақ ұл десін… Төртінші саған айтарым, Төрт құбылаң сай болып, Төрт түлігің көшке ерсін. Төрт көзі түгел жұртыңды Төрткүл дүние хош көрсін. |