Алмас Темірбай - Автопортрет. Алматы. ш иян баспасы. Бл кітапа аынны 19962006 жылдары жазылан, республикалы газетжурналдарда жарияланып, Аллажар, Жма жрт
Скачать 0.65 Mb.
|
Төрт арыстың баласы Төрт қорлыққа өш келсін. Төрт күнәдан бол аулақ, Төрт періштең дос болсын. Бесінші саған айтарым, Бесенеден белгілі Бес саусақ бірдей болмаған. Бес елі маңдай соры бар, Беті ашылған оңбаған. Бес-он тиын пайда үшін Бес күндік өмірін қорлаған. Бес парыз барын ұмытпа, Бес қатерден қорғаған. Алтыншы саған айтарым, Алма мойын, құба үйрек Алдыңнан шықсын жапанда. Алты малта ас болмай, Алты айшылық сапарда. Алты Алаштың баласы-ай, Алтауы ала атанба. Алтауы ала атансаң, Алқымнан алар хақ Алла. Жетінші саған айтарым, Жеті қат жердің үстінде, Жеті қат көктің астында. Жеті атасын білмеген Жетесіз жанмен бас құрма. Жесір әйелге күш қылма, Жетім балаға қас қылма. Жетімдік көрген жалғыздың Жемейді малын қасқыр да… 4 шілде 2005 жыл. БЄЛДУ-БЄЛДУ… Ана тілдіњ ертењі – Аналардыњ ќолында. Аналардыњ ертењі – Мыналардыњ ќолында. Мыналардыњ ертењі – Мырќымбайдыњ ќолында. Мырќымбайдыњ ертењі – Жыртыњбайдыњ ќолында. Жыртыњбайдыњ ертењі – Хатшы ќыздыњ ќолында. Хатшы ќыздыњ ертењі – Басшымыздыњ ќолында. Басшымыздыњ ертењі – Єкімдердіњ ќолында. Єкімдердіњ ертењі – Кєпірлердіњ ќолында… Бєрін айт та, бірін айт, Єлгі ана тілімді айт. Ана тілдіњ ертењі – Бєлду-бєлду ертегі… 7 қыркүйек 2004 жыл. * * * Құдайдың бағында жүр атам бүгін, Ұмайдың жанында жүр апам бүгін. Ең соңғы таң секілді атар таңым, Ең соңғы күн секілді батар күнім… Жансебіл күн батады, таң атады, Жаратқан жаңа таңын жаратады. Ауырып оянады ауыл тағы, Қағынып оянады қала тағы. Біреу кеп есігімнен енетіндей, Жебрейіл періште іздеп келетіндей. Алладан хабар жетсе... не істеймін деп, Алаңдап жатам ылғи неге түнде, ей?! Осындай, осындай бір ойға батып... Сіңбейді сіңір құсап бойға да түк. Қанішер демей гөрші, содан кейін, Үш литр қанымды ішіп қойды-ау Уақыт... Бір бейітте – атам мен апам бүгін... Олардың мен жалғап ем сапар-жырын. ...Ең соңғы таң болмағай атар таңым, Ең соңғы күн болмағай батар күнім… 22 мамыр 2004 жыл. СЕЗІК Аң да, құс та, адам да, Ғаршы менен ғалам да. Бәрі таныс... көргендеймін барлығын Баяғы бір заманда. Басқаша еді, бірақ та, Тау да, көл де, бұлақ та. Неге өзімді ұқсатуға құмармын Өшіп қалып қайта жанған шыраққа?!. Өзге едім ғой мен деген, Өзгеше еді ел менен. Өмірімде алғаш қарап айнаға Өз көзіме өзім біраз сенбегем. Періштелер ән салып, Пері-жындар тамсанып. Алыс жолдан азып-тозып келгенде Аруақтар тұрмап па еді қарсы алып... Бұлдыр-бұлдыр елесі, Бұл да өмір ме... келесі?! Көз алдымнан кетпей қойды о, тоба, Нұх пайғамбар кемесі... БАЯНСЫЗ Жыр жазѓанмен… жыртыќ кµњіл жамалмас, Ізгі ‰міт іздегенін таба алмас. Жылу жоќ жылтыраѓан м±з ќ±сап, Ќарашыќта ќатып мєњгі ќалар жас. Аќылыммен жарты єлемді жайнаттым, Ашуыммен жарты єлемді жайраттым. ‡ш жыл б±рын, ‰ш жыл б±рын… шабытым ¦шќыр еді шабысынан бєйгі аттыњ. Тірлігімде тіккен туым жыѓылмай, Шалќаќтаушы ем Шыњѓыс ханныњ ±лындай. Адастырып кетті, міне, аќыры Ой-арманым ор ќоянныњ жымындай. Ренжімењіз, ренжімеші… с‰йт, к‰нім, Тірлігімнен т‰ршікпесін т‰йткіліњ. ¤згелерге ќиянатым тиген жоќ, ¤з-µзіме д±шпан болды иттігім. Бєрі-бєрі… кµрген т‰стей баянсыз, Бєлкім, мені м‰сіркерсіз, аярсыз. Кµкірегімніњ ж±дырыќтай алтынын Кµзіњіздіњ жасыменен шаярсыз. Жыр жазѓанмен… жыртыќ кµњіл жамалмас, Ізгі ‰міт іздегенін таба алмас. Кµр-кеудемді ќ±шќаныњнан не ќайыр, ¤лген сезім о д‰ниеден оралмас… 23 қыркүйек 2004 жыл. * * * Дүние – драма қос бөлімге бөлінген, Бір бөлiмi қызықты бір бөлімнен. Бiреуiнде – төрің жақын көріңнен, Бiреуiнде – көрің жақын төріңнен. Төрде талай күліп-ойнап көргенбіз, Кiрiп әлі көрмесек те көрге біз. Төр дегенім – тiршiлiктiң сахнасы, Көр дегенім – демалатын бөлмеміз. Тағдыр – театр, өмір – пьеса тәрiздi, Актермін мен аңдап басар әр iздi. Пьеса қанша созылғаны сөз емес, Оны қалай ойнағаным – маңызды. Мәңгiлiкпен жалғастырып жолымды, Өмiрiммен таң қалдырам өлiмдi. Рөлiндемiн – мен біртуар ақынның, Ойнай алмас ешкім менің рөлiмдi!.. Меніменен бір мұңайып, бір күлер, Ойыныма отыр қарап бүкіл ел. Сайтаным ба, періштем бе... не деп тұр, Сахнаның сыртындағы суфлер?!. ӨМІР ОЙЫНЫ Мыстанды да мысы басқан күштімен Тіресіп ем, текетірес түстім мен. Түрін көрсең, түңілетін Пілдердің Ат емеспін аттап өтер үстінен!.. Жақсы жүріс жасамасам кеш, күнім, Ферзі де емес, Король де емес – ешкімім. Қараларға қарсы шыққан қашан да, Түсі де аппақ, іші де аппақ Пешкімін!.. Тұтқиылдан тұқыртатын аз ба сын? Қате қадам қабірімді қазбасын. Тағдыр жолым бірде қара, бірде ақ, Пешкі болу пешенеме жазғасын. Өзгеше ме ойлау, ойнау мәнерің? Күш сынасар кім бар екен, кәне, кім?!. Қара пешкі, қалт-құлт етпей, кетші әрі, Құдай емес, маған сенің Королің!.. Қанағат бар, қабілет бар бойда сан, Бола қоймас бойым – босаң, ой – масаң. ...Мат қойып ем, « шах қойдың» деп алдайсың, Әй, әккі Өмір, әділ ойна, ойнасаң!.. БҰЙЫМТАЙ Ажал!.. Алыстамысың сен қазір, жақындамысың? Алты құрлықтың тұрмысың бақылап ісін? Жолықпақ болып сенімен барам ба іздеп, Жоқ, өзің шақырамысың? Жақсы ма, әлде, жаман ба өлім дегенің? Біртүрлі кейде көңілім өмірге менің. Көргім кеп сені құмартып тауып алар ем, Құдайға шүкір, көзіме көрінбегенің… Сөзіме сөзім үйлеспей, ісіме ісім, Сыймай-ақ қойды сұмдық бір ішіме күшім. Әйелім сені әңгүдік, тасжүрек дейді, Сен бізді түсінемісің?! Ау, Ажал, сені жұрт өте ақылды дейді, Алла Тағала секілді рақымды дейді. Өмірімді сәл-пәл ұзартшы, қажеті болса Өзгертіп, тіпті, тастайын атымды, мейлі. Мен сені ойлап – сағынам қараша ауылды, Балшықтан «адам» жасаған бала шағымды… Бір күні мені асығыс алып кетпеші, Біреуге сыйлап кетейін қаламсабымды… 25 тамыз 2004 жыл. МЕНІҢ ҚҰНЫМ Істей берсін дүр Уақыт өз дегенін, Қарауылда қашанда көздегенім. Жаза алмасам жарытып жарты ауыз жыр, Қай атамның құны бар сөзде менің!?. Біздің халді сұрама, ой, бауырым, Еңсемді езе береді ой – ауыр мұң. Алқа топтың алдына шықсам деп ем, Алматыға жібермей қойды ауылым. Бала болсам деп едім баласызға, Пана болсам деп едім панасызға. Тыныс болсам деп едім інісізге, Жаға болсам деп едім ағасызға. Әзірге бұл ойларым арман, сірә, Орындалар сол арман... Нанасыз ба? Өтсе, өтсін тұсаулы тай – жастығым Ауылдың төрт көшесі арасында. Адамзаттың құлақ сап тілегіне, Дарытпасам шуақ-нұр жүрегіне. Жұбатпасам жылаған жанды жырмен Менің қанша құным бар бұл өмірде?!. ЗАРЫҒУ Көк Тәңір-ай, Көк аспаныңа еліктір, Көңілдің құсын желіктір. Көзіне қара қан қатқан Қыранды көргім келіп тұр! Асқарда ұя басатын, Аспаннан әрі асатын. Өшіге қалса – өңінен Өлімнің оғын шашатын. Тегеуріні – қасқыр қақпандай, Топшысы – қатқан қақ талдай. Қазбауыр бұлттай қанаты, Төбені тұтас жапқандай. Қияғы – шолақ жебедей, Тұяғы – болат шегедей. Аңқиып қалмай, аң көрсе Жұлқынар жынды немедей Қыранды көрер бар ма күн? Арманым, айхай, арманым. Қор болған қайран өмір-ай, Қарқылын тыңдап қарғаның. Қиқулап салсақ қан бүлік, Құмарды алсақ қандырып. Қырқадан қоян ілдіріп, Төскейден түлкі алдырып. Он түсіп аттан, он мініп, Құсымды қолға қондырып. Кештетіп қайтсам үйіме, Алдымнан жатса жол күліп... Туар ма мұндай мүмкіндік, Тумас па мұндай мүмкіндік?! Болмаса маған қыранның Ғұмырын берші бір күндік... Көк Тәңір!.. КЕК Мен – кісініњ кейпіндегі б‰ркітпін, Т‰лететін т‰йсігімді т‰ртіп Т‰н. Кµлбей ±шып, зєре-ќ±тын ќашырып, Кµлењкеммен кµкжалдарды ‰ркіттім. Ќоњданѓам жоќ ќоњ етін жеп ќоянныњ, Тіршілікте µлексеге тояр кім?! Томаѓалы басымды ±рып т±ѓырѓа, Тоят тілеп, т‰нде шошып ояндым. Ќарќ-ќарќ етіп ќарѓа ±шќанда басымнан, ¤кінгенмін, µстіп талай басылѓам. Кім айтады т±ќымы деп ќыранныњ, К‰дер ‰здім к‰йкентай мен лашыннан. Алпыс екі айласы бар ќ±мар ањ, Сєтін салса, кете алмассыњ сірє, аман. Т‰лкі-заман ќ±тырып ќал, ќ±тырып, Ќан сорпањды ќансонарда шыѓарам! Сегіз найзам тас тµбеден шаншылып, Сегізкµзден бу б±рќырап, ќан шыѓып. Жаны шыќпай, дір-дір етіп д±шпаным Жатса деп ем астымда бір жаншылып. Мен – келегей ќара б±лттай с±сты едім, Т±лып болды-ау т‰йіліп кеп т‰скенім. …¦шыр мені ‰стінен бір д‰ниеніњ Ќ±дай дейтін ќ±діретті ќ±сбегім!!! 25 сәуір 2004 жыл. МҰЗБАЛАҚ Мінезі бөлек назарын жұрттың аударған, Мірдің оғындай тіл менен көзден сау қалған. Мұзбалақ-жырдың мұз қатты балақбауына, Төмендеу ұшып төбелер менен таулардан. Қақаған қыста көк тері шығып, ақ тері Мұзбалақ-жырдың мәңгі естен кетпес сәттері. Шарықтап ұшса екпіні неткен күшті еді, Қалықтап ұшса қарқыны неткен қатты еді! Қансонар күні оралсам кештеу үйіме, Қанжығамдағы олжама болар кім ие?! Күншілік жерден көзіме оттай басылдың, Алдымнан қашқан алтайы қызыл дүние. Қалықтап ұшса қанаты талмас қыран-жыр, «Үйіріңменен үш тоғыз» дейін бұған-дүр. … Төңірегімді бір шолып, төмен құлдилап, Шырқау биікке шығатын шағым шығар бұл!.. 12 қаңтар 2005 жыл. *** Назы – құт, наласы – жұт нәзіктігім, Алдыңда (Алла – куә) жазықтымын. Барымды берсем дағы бір сен үшін, Халімды ұғар ма екен халық бүгін. Ей, шіркін, өлең дейтін есіл өнер, Иеңді кешіре гөр, кешіре гөр!.. Ойларым ортекедей ойнақ салмай, Есектей есінесе есім егер… Ел үшін үзілердей емешегім Болса егер, өзіме түк демес едім. Отбасын, ошақ қасын сөз қылдық-ау, Отанның ойлар кезде келешегін!.. Қонар ма Құдай қолдап, құлға бақыт, Болар ма айлар – ақық, жылдар – жақұт?!. О, Алла, жүрер екем енді қанша, Мұқағали секілді мұңға батып… СҰРАҚ «Не бар екен аспанның ар жағында?» Ой қинайды оңаша қалғанымда. Көрер ме екем көзімнің тірісінде, Шіркін, сол ғой үмітім, арманым да. Тегенедей тұр аспан төңкеріліп, Жұлдыздармен жиегі көмкеріліп. Жыртық көрпе жамылған бала құсап, Бүркенемін бұлттарды көрпе қылып. Не бар екен, япырмай, о жақтарда, Жұмақ бар ма? Жұрт бар ма? Тозақ бар ма? Әр нәрседен ой іздеп әуреленген Мен секілді қияли қазақ бар ма?.. Тозақ бар ма, шынымен, жұмақ бар ма? Тыңдайтұғын сөзімді құлақ бар ма? Асыққанмен барлығын білгім келіп, Асықпайды сабырлы, бірақ та, Алла… Құстардан да сұрап ем, үндемеді, Кім біледі, жауабын кім береді?!. Қағып-қағып қанатын екі-үш рет Көк көгершін көрсетті бірдеңені… Кісі сенер бір жауап таппадым мен, Ғалымдардың еңбегін ақтарып ем. Асты-үстін аспанның білмесем де, «Астрология» кітабын жатқа білем. Күн батқанда ойладым, таң атқанда, Молдадан да сұрадым, монахтан да. Тым құрыса, осы бір сұрағымды Кім бар бізде қоятын Жаратқанға?!. «Осы бала осынша жынды ма еді» - дегендей Ай мырс етіп, Күн күледі. …Нені ымдап көрсетті сол көгершін, Құстың тілін Құдай-ау, кім біледі?.. – ??? 11 ақпан 2004 жыл. ҚҰНАН – ЖЫР Баратады баба жолдың үстінде Қаба жалды қара құнан… Басы жоқ… Есенғали РАУШАНОВ. Жаңа ғана бас білген Құнан-Жырдың Жалындамын. Тфә, елге ұнап жүрмін. Жұрт аспаған биіктен секіртем деп, Бір басылмай қойды ғой бірақ, «жыным»… Жел ойнатып қылқұйрық құлағынан, Сіздер өткен жер екен – мына бір маң. Үрікті ме, бірдеңе біліп тұр ма, Бұра тартты-ау оң жаққа құла құнан. Бұра тартып барады түз далаға, Түз далада адасқан біз ғана ма?! Алдымда не артымда қарасын жоқ, Келесіздер қай жерде, сіздер, аға?.. Көз салыңыз дұрыс па, көке, бетім, Баба жолды келеді төте еткім. Жөн сұрап ем, біреулер қол сілтеді, Мен де сілтеп қолымды, жеке кеттім… Құнан-Жырым сыйса егер маңдайға кең, Төрт аяғын басқызам қалай да тең! Танисыз ғой, бір сынап көріңізші, Алыс жолға мінуге жарай ма екен?! Анда-санда көрсетіп қарасын құр, Бақ пен Сорым жолымда таласып жүр. Түспегенмін бұл сынға жүлде үшін, Көрсем деп ем құламның шамасын бір. Құла құнан, жазған-ай, бағы жанғыр, Оқыс мінез танытты-ау тағы да бір. Тепкісі кеп тұрады қақ маңдайдан Жабы көрсе ши аяқ, жалы жалбыр. Таңдандырып келесіз тәмам елді, Бұрып қалай басы жоқ Қарагерді?.. Қарш-қарш шайнап, ауыздық үзді құнан, Оны қайтіп тежеймін, аға-ау, енді?.. ТУҒАН КҮНДЕ ТУҒАН ОЙ Алданбасты алдаймын деп алданған, Жалғанбасты жалғаймын деп жалғанған Жанды ойлаймын... тәнді қойшы, тәйірі-ай, Уақытша үй секілді жалға алған. Өз ойы мен өзегіне құл пенде, Өлім жоқта өмір құнын білген бе?! Құдай деген Жалғыздықтың атасын Еске аламын жалғыз қалған түндерде. Иек артып иман жүзді фәниге, Ие болып кірген едім тән – үйге. Жиырма төрт жас аз ба, көп пе, білмеймін, Жиырма үштен көбіректеу, әрине... Жыртқан-жұлған жүйкесінің жағасын, Ессіз ақыл енді білді шамасын. ...Уа, Тәңір-ай, ұзағынан сүйіндір Туған күн мен өлген күннің арасын !.. 22 қаңтар 2003 жыл. ДҮНИЕДЕ ЖАЛҒЫЗ ӨЗІМ ҚАЛҒАНДАЙ… Таңым қашан атады?! Мезі қылды мына түннің шатағы. Жатқанымда төсегіме жантайып, Жалғыздығым қабырғама батады. Шортан құсап шоршып түсем төсектен, Қарс айрылған қайықтай боп қос өкпем. «Махаббатсыз дүние бос…», мен, міне, Дүниені тұрмын ойлап бос өткен. Жанға медет жалған-дүние бес күнгі, Бес күнімнің қызығын-ай бес түрлі. Жыламаймын! – деп жыладым соңғы рет, Жылатпаймын дедім және ешкімді. Өзіңменен таңым бірге атпай ма?! Өзіңменен күнім бірге батпай ма?! Маған сенің жалғыздығың батады, Саған менің жалғыздығым батпай ма?!. 8 қаңтар 2005 жыл. ЖАЛЃЫЗСЫЊ ДЕП ЖАЗЃЫРЃАН ЖОЛДАСЫМА ЖАУАП Қадалған қақ маңдайға ќорѓасын оќ – Тіл-кµзден Тєњір µзі ќорѓасын дөп. Жалѓыздыќ – жалѓыз досым Ќ±дай ќосќан, Жалѓанда одан артыќ жолдасым жоќ. Жалѓыздыќ – жалѓыз досым екен меніњ, Таќпањдар жалѓыздыќќа бекерге мін. Жынынан айырылѓан Қойлыбайдай Жынданып, ол болмаса, кетер ме едім?!. Жалѓызсыњ! Жалѓызсыњ… деп кінєлаѓан, Жігітпен жаѓаласу – к‰нє маѓан. «Біреудіњ жалѓыз ±лы» дей алмассыњ, Бесеуміз – бір єкеден, бір анадан. Мен неден жасымаќпын, жасќанбаќпын?! (Иншалла, кетпейінші аспандап тым). «Бес саусаќ бірдей емес» десењ егер, Бес саусаќ ішіндегі – бас бармаќпын! Тау б±зып, тас жаратын жасымызда, Таусоѓар да жоламас ќасымызѓа. Ашылѓан алаќанбыз – досымызѓа, Ж±мылѓан ж±дырыќпыз – ќасымызѓа! 30 тамыз 2004 жыл. *** Нурлан Калыбековтен. Аспан – 7, Жер – 7, Денем – 7, Үшеуіміз – 21. Жарыққа келген күнім – 21 Жарықтан кетер ғасыр – 21. 21+21+21 63 –пайғамбар жас. Ұзақ жаса! Ұзақ жаса! О, қайран бас, қайран бас! МЕНІҢ ҮЙІМ Алланы қайтіп алдайын?! Аллаға шүкір… жағдайым. Толғанам, ойлап өлімді Тоқсаннан асқан шалдайын. Қаңтардың қысқа күніндей, Өтуде өмір білінбей. Ит қорлық көрдік пәтерде Ит ала қаздың ініндей. Жан бағып жалғыз бөлмеде, «Өнеге» болдық өңгеге. Үй деген бізге сөз бе екен, Үйренем ертең көрге де. Уақытша ғана үй-жайым, Удан да ащы уайым. Солақай жанға бәрібір, Солымнан тусаң, ту, Айым. Қиялшыл едім о бастан, Қияға жұмбақ жол ашқан. Кереге еді – кең дала, Шаңырақ еді – көк аспан. Дүние жинап қиналман, Не қайыр дүние жиғаннан?! Ипотекалық кредитсіз Үй салып алам Иманнан. Қайрат-күш бойға құйса Аллам, Қалмаса қажып ми-санам. …Жеті қат көктің үстіне Жеті бөлмелі үй салам!.. 3 қараша 2004 жыл. |