Алмас Темірбай - Автопортрет. Алматы. ш иян баспасы. Бл кітапа аынны 19962006 жылдары жазылан, республикалы газетжурналдарда жарияланып, Аллажар, Жма жрт
Скачать 0.65 Mb.
|
ҚАРАША Әлдекімнің жеті атасын тілдеді, Әлдеқайдан әңгүдік, мас Жел келіп. Қайда қашып құтыларын білмеді, Қыз Қайың мен кәрі Терек сенделіп. Аспан жұқа жейдесімен қымтады, Дүненің дір-дір еткен денесін. Тереземнен телміріп тұр Түн тағы Көрмек болып жарық Күннің елесін. Түннің тұнжыр көзіндегі мөлдір мұң, Түйсігімді терең ойға батырып. Шақырайған шамды түгел сөндірдім, Түнді сосын алдым үйге шақырып. Бейбақ Түн-ай!.. Кіріп алып үйіме, Терезеге жалтақтайды ол неге? ...қалтыраған Қайың, Терек... дір-дір еткен Дүние... Бәрін қайтіп сыйғызам бір бөлмеге?!. 3 қараша 2001 жыл. МҰҢ Жылт еткенде аспандағы түнекте от, Жығылады ыңғайыма жыр ептеп. Бүлкілдейді Сөздің күре тамыры, Ақылымның ащы тері шүмектеп. Бәрі жақсы!.. өзіңді өзің алдасаң, Алдағанға көнген, бірақ, жан қашан?!. Сағындырып келуші еді шабытым, Келер емес, өзім іздеп бармасам… Миымдағы музыканың тылсымы Сыңсып барып, сырын ашпай тыншыды. Айрылдым мен әсерден де, әннен де, Соның бәрі – селсоқтықтың қырсығы. Ерекше бір үн бар еді сол әнде, Періштемнің мұңы ма екен?! Ол әлде... Ой сүйегін жаңғыртам деп әуремін, Одан басқа мен пақырда жоқ әуре. Табылмады сол тылсымның әуені, Неден бастау керек еді әуелі?! Бар білерім, шеке тұсым шыңылдап, Жалқы дыбыс жарып өтті әуені… Түйсігімнің басты бүгін мысын не?! (Өнбей қойды өлеңім де, ісім де). … Әзірейілдей аңдып әрбір сөзімді, Біреу отыр жүрегімнің ішінде… 17 ақпан 2004 жыл. * * * Бала жылап, байғұс қатын қыңқылдап, Қазынамнан қағылдым-ау шын қымбат. Жұмбақ ақын Жұматайдың заманы-ай, Отау үйде отыратын жыр тыңдап. Осы осал қылығымды қоя алмай, Өз үнінен өзі үріккен қояндай. Сырт-сырт еткен сағаттан да сескеніп, Қашанғы мен қашам үйден ой, Алла-ай!.. Жалғанар сәт жалғыз ойдың үзігі, Жанды қинар шыбынның да ызыңы. Бет-ауызын быт-шыт қылып кетер ем, Қарсы келсе қаланың бір бұзығы. Бол, бол деумен болдырды ма ет-жүрек, Бостан-босқа уақыт өтіп кетті деп. Босатып ап ішімді, еһ, боқтадым, Босап қалған шөлмектерді тепкілеп. Жан ұшырған алды-артын аңдамай, Жалқы тағдыр. Жалпы тірлік. Жалған-ай! Сая іздеп саған келдім, саябақ, Тағы келдім, таныдың ба, қал қалай?! Саябақтан сая іздеп ем бір түндік, Әй, алысқа бармады ғой бұл тірлік. ...Қарғалар-ай, қарқылыңды қойшы, енді Ойлануға мүмкіндік бер, мүмкіндік... 26 шілде 2003 жыл. ЖАС АҚЫННЫҢ ЖҮРЕГІ Сырты ғана бүтін, іші шұрқ-тесік, Жүрегімді итке тастайын ба кесіп?!. Бүгінгінің иті піскен асқа құмар, Жүрегімді шикі жемейтін де шығар. Мазалайды, бәрін алдын-ала сезіп, Кетер ме екем бір күн қу тірліктен безіп. Өзі тым-тым үркек және өте асау, Жылқы мінез халық екеніміз рас-ау. Сатқанымша елді, сатқанымша жерді, Сатам, сатсам жатқа жүрегімді шерлі. Кетті-ау кеміп құны, болса дағы тым қат, Бұдан гөрі қазір құстың еті қымбат. Айналайын халқым, жүрек керек кімге?.. Жанымды да алсаң, қосып берем бірге. Алар адам болса, берер едім тегін, Алың, ака, алың, келің, көке, келің… 31 наурыз 2004 жыл. КЕМТАЛАНТҚА Мен – басқамын, басқа адаммын, Басқаша өмір бастағанмын. Сайтан келіп азғырғанда (Сен дейсің бе?!) саспағанмын. Жалтарғанды бүріп ұстар, Жан дүниемде ұлы күш бар. Асқақтатқан намысымды Аспантекті құбылыстар. Қырық істің қыбын тапқам, Сыртқы әлемнің сырын баққам. Баяғының бақсысындай Жын-перінің жынын қаққам. Іздейтінің ілік неге? Ізет керек жігітке де. Еркекпін деп елді алдаған, Шалбар киген шірік неме. Жынданасың, қорланасың, Жыққың келіп жол бағасың. Мені ешқашан түсінбейсің Мен секілді болмағасын… Қабағымның түйілгені – Иманыңды үйіреді. Кеудең түгіл, көлеңкең де Көрсе мені, иіледі. Жақын жүрсем – алалайсың, Жырақ жүрсем – табалайсың. Жауласар ем, енеңді ұрып, Жау болуға… жарамайсың. «Құртамын!» деп құр алдайсың, Бір сөзіңде тұра алмайсың. Мендейлерге – сендер қарсы, Сендейлерге – Құдай қарсы!.. Қолдаса да сені «албастың», (Қолыңды әкел!) … жеңе алмассың. Мен екінің бірі емеспін, Мен – Алмаспын!.. 25 тамыз 2004 жыл. ТУДЫМ НЕСІН АЌЫН БОП… Ќайтармаќ боп бетімді Жалѓыз сен бе таќќан мін?! Жеке батыр секілді Жайбараќат жатќанмын. ¤йдµйт, меніњ ќ±тымды ап, ¤р бетімнен ќаќќан кім? Жартас ќ±сап шытынап Жарылуѓа шаќ ќалдым. ¤ркµкірек болсам мен Оќжетпеске тартќанмын! «Ќиялисыњ» дедіњ бе, М‰мкін, рас, ол даѓы. Ой-арманым, тегінде, Ойлаѓандай болмады. Кµкшетаудай µмірім К‰ні б‰гін оњбады. Айнакµлдей кµњілім Арнасына толмады. Сезімімді кµр меніњ Сексен кµлді кµр даѓы! Жаќсы ма, єлде, жаман ба, Айта алмаймын аныѓын. Ањ-тањ болар анам да Мінезіме єлі к‰н. ¤зімді-µзім сынадым, ¤зімді-µзім таныдым. Тастай екен шыдамым, Таудай екен сабырым. Ж±рт ж±мбаѓын т‰сінбес Ж±мбаќтастай – ќалыбым! Кµбелектей ќ±мартып, Ебелектей елірдіњ. Мінезіме мін артып, Не т‰сіндіњ, не білдіњ?! Досым десењ досыњмын, Тењім десењ тењіњмін. Тат баспайтын асылмын, Тот жемейтін темірмін. Кµзіндегі отымын Кµз тањбалы елімніњ! Жеке ж‰ріп жол тапќам Келгендіктен – кµп мінім. Ќара сµзге – шорќаќпын, ¤лењ сµзге – ептімін. Тілегім – пєк, жырым – аќ, Тиер елге септігім. Кµкшетауда ж‰ріп-аќ Алатауѓа жетті ‰нім. Туѓан жерім тєрізді Тумысымнан тектімін! …Кірпиязсыњ єсте сен, Демеймісіњ шарт сынам. Бєстес десењ – бєстесем, Анттас десењ – анттасам. Тудым несін аќын боп Туѓан жерге тартпасам?!. 27 қыркүйек 2004 жыл. СӨЗ Айдаса да қиянға, абақтыға жапса да, мейлі, Айтуға да ауыз бармас ауыр айып тақса да, мейлі, Арты қуыс арамзалар арыма кір жақса да, мейлі. Таңым кештеу атса да, кешім ерте батса да, мейлі, Доссымағым жаусымаққа достығымды сатса да, мейлі, Ит-ағасын арқаланып итақайлар қапса да, мейлі, Алдаспанмен шапса да, алтыатармен атса да, мейлі, Қараң қалып Жарық дүние қарашығым ақса да, мейлі, Мәжісудің денесіндей мәйітімді жақса да, мейлі, Көреген жұрт көңілімнің құпиясын тапса да, мейлі, Жағасы – алтын, жеңі – күміс зерлі шапан жапса да, мейлі, Жүрек тұсқа жалтырауық темір-терсек тақса да, мейлі… ……………………………………………………….................... Жырым жатқа жылы ұшырап, жақын тартып жатса да, мейлі, Әкем қайта бала тілеп, анам қайта тапса да, мейлі… Алла тұрар тап алдымда, Алаш тұрар артымда, Қалам осы қарапайым қара қазақ қалпымда, Қалам осы қалпымда !.. 16 қараша. 2003жыл. * * * Уа, ойларым – сарбаздарым, Сап түзеңдер барлығың, Айттым-бітті, екі айтылмас жарлығым. Дау да алмайды, жау да алмайды сендерді, Жүз жігітке татисыңдар әрбірің. Бірің – Батысқа, Бірің – Шығысқа барып кел, Менменсіген анау ақын немені Менің алдыма алып кел. Айдың арғы жағына, Күннің бергі жағына барып қайтыңдар, Ата-бабам ақыл айтса, алып қайтыңдар. Менің тұңғыш махаббатым сол жақта, Менен сәлем айтыңдар. Жалғыздығым – менің сақшым, мергенім, Білем, білем, бір төбе ғой – еңбегің. Біреу-міреу мазамды алып жүрмесін, Бүгін түнде қасымда бол сен менің. Нені ұмыттық? Ескермедік нені біз? Сезім қайда? Кетті қайда серіміз? Таң атқанша мұрсат бердім, барыңдар, Тап осы ара жолығатын жеріміз. Барыңдар!.. 31 мамыр 2004 жыл. * * * Көзім алды көк түтін, Көкірекке жоқ күтім. Күрсінумен күн өтті, Өкінумен өтті түн. Елаң - алаң ертеңім, Құйрық- жалы келте күн. Кешегім һәм бүгінім – Екі түрлі ертегім. Тілі – шұбар, ісі – кер, Тірлікті кім түсінер?!. Кісімсиді өзінше Кісікиік кісілер. Сөзге кімді сендірем, Жыр жазбаймын енді мен. Құс біткенге қызығып, Құс жолына телмірем... ‡РЕЙ Ой ќ±рттары ойып жеді миымды, Ќалды орнында ќарайѓан бір ‰йінді. Кµрсе ќазір, Ќорќар еді Ќорќыт та Кµрден ќашќан Кµр±ѓлыдай к‰йімді… Мен жењемін, Не ол мені жењеді, Екеумізде бір-аќ жол бар, себебі. Мен Біреуді ќуып келе жатырмын, Жєне мені Біреу ќуып келеді. Єрі ќаштым, бері ќаштым, Болмады, ¤мірімді µрмекшідей торлады. Тоз-тоз болды µкшем менен µкпем де, Тозып бітті топыраќ та жолдаѓы. Жолдан шыѓып, жолсызбенен жортамын, Б± жаќта да ќ±рулы екен тор ќалыњ. Ќорќамын мен, ќорќамын мен Біреуден Кім екенін айтуѓа да ќорќамын. Артќы аяѓын аш ќаќпанѓа алдырѓан, Арлан ќ±сап ќуѓыншысын дал ќылѓан. Шыдар едім, ќашар едім жеткізбей, Шыќпаса екен ќазулы кµр алдымнан… 5 сәуір 2004 жыл. ЖИЫРМА БЕС ДЕГЕН ЖАСЫМДА Бергі жаѓы д‰ниеніњ, арѓы жаѓы… Даѓарадай басыњды дал ќылады. «Келесі µмір б±дан да жаќсы» деген Келсе дейсіњ жындыныњ сандыраѓы. Арѓы жаѓы д‰ниеніњ… ‡міт к‰шті Жер соќтырып жењеді к‰дікті ішкі. Жаѓалап ем д‰ние – дарияны Ќармаѓымды бірдење іліп т‰сті. Сауысќандай саќ ќарап жан-жаѓыма, Сенгім келмей, сенемін алдаѓыѓа. Алтын уаќыт т±р меніњ уысымда, Алтын балыќ т‰скендей ќармаѓыма. «Алтын уаќыт, тілімді аласыњ ба?!», Т±рмын толќып д‰ниеніњ жаѓасында. …Не тілейін, япырм-ай, не тілейін, Бєрі-бєрі бар менде. Нанасыњ ба?!. 1 маусым 2004 жыл. КЕТУ КЕРЕК!.. Кетем! Кетем!.. Болыңдаршы қош, аман... Төріңнен де тәуір ғой өз босағам. Он адамды опыр-топыр отырғыз, Орыныма ойда-жоқта босаған!.. Кетем енді, Жетер енді төзгенім, Бар менің де өз мінезім, өз «мен»ім ! Құрметтеп жатсаңдар да өздерің, «Құры! кет!» деп тұрған жоқ па көздерің!?. Әділ Тәңір берер бұйрық – әмірін, Қалаулы боп қалатынын әлі кім?!. ...Қалмау керек! Қалсам, қалар көңілім, Кету керек! Кетсем, кетпес қадірім!.. АЛУАН ДА АЛУАН МҰҢ КЕШТІМ... Екінші бөлім ЕСІМДЕ ҚАЛҒАНЫ …Темір жол вокзалы. Есіме түспей тұр ар жағы... Алқызыл Алматы таңдары, Езілген ерніңнің бал-дәмі, Томпиған төсіңнің салмағы, Осы-ақ па ойымда қалғаны?!. Темір жол вокзалы: Жолсерік қыздардың жанжалы, Есірген қырғыздың шалдары, Есімде қалмапты ар жағы… Есімді жия алмай әлі мен, Ойланам – ойымда түк те жоқ! Поездің соңында қалып ең, Қарайған қап-қара нүкте боп. Керкеткен шайтанның ісі ме, Кеттім бе, білмеймін, асығып?! Күнәлі көзімнің ішіне Күнәсіз жасымды жасырып. Тақымын талай түн суытпай, Желдеген жылқыдай жігіттік; Ұмытқың келгенді ұмытпай, Ұмытқың келместі ұмыттық! Аяулым, Алыстай бересің, Кәдімгі қап-қара нүкте боп. Көзімді жұмғанда… елесің, Көзімді ашқанда… түк те жоқ!!! Тү-у, әлгі Темір жол вокзалы, Есімде қалмапты-ау ар жағы… 10. 12. 2005 жыл. МЫСЫҚ-ТІРЛІК Ала мысық – алғыс емес пе?! Қара мысық – қарғыс емес пе?! Бұ жолмен өткенде бір күні Білемін, аларсың мені еске... Жолыңмен қатар жүрсе біреу сенің, Жабығып, аш мысықтай жүдеуші едім. Басынса дұшпандарым – өзіңді ойлап, Басымнан сыйпаса деп тілеуші едім. Сен үшін қара мысық – жаман қауіп, Құтылшы бар пәлені маған жауып. Апарып таста мені айдалаға, Қайтадан сені іздеп алам тауып. Сен ғана емессің ғой есі кеткен, Бұ жолмен өткен бәрі өшіретпен. ...Мен – қара мысықпын, Сенің жолыңды кесіп өткен. Қарашы, Біз қайта жолықтық... Не себеп? Санашы, Жолыңды қидым мен неше рет?! Сен оны жаманға жорыма, Бұрылып қарашы жолыңа! Қаштың ба үйіңе жүгіріп?! Қалмашы бір жерде жығылып... Алдадым, алдадым, мен – ала мысықпын, Ал сіздің үйдегі мысық кім?!. 5 маусым .2006 жыл. САЛЫНБАЙ ҚАЛҒАН КАРТИНА Бояу жұққан білегіне жалаңаш, Сурет салып суретші отыр... шала мас. Сұр кенепке сіңіп жатыр, сіңуде Темекі мен тердің иісі аралас. Шал суретші шабыттанған шақ қандай, Жарқ етіп бір жалқы жұлдыз аққандай! Қасын салды қап-қара ғып қиылған, Қылқаламның қылын қоса жаққандай. Салды мұрнын, салды ақша маңдайын, Күншығыстан күліп атқан таңдайын. Ернін салды, ерінінің түр-түсі – Қызыл шарап тамып кеткен балдайын. Қайта салды өшіріп көз қиығын, Шашын салды жапқан жалаң иығын. «Сілекейін шұбыртайын көргеннің Қайтем салып – деп ойлады – киімін». Образын ойына сап пісірді, Елестетіп мінсіз, құлын мүсінді. Көзі түсіп кетіп қыздың көзіне Өзі ойынан өзі қатты қысылды. Тоқмейілсіп, темекісін тұрды атып, Қызықтады қыз бейнесін ұнатып. ...Сілекейі тамып кетіп суретке, Абайсызда алды қызды «жылатып»... 25 желтоқсан 2002 жыл. ПЕРІШТЕ Мен саған бір періште жібердім; (Сайтаны мен сайқалы көп қой бұл елдің). Қуанғанда Күлкіңді қолдасын деп, Қиналғанда Рухыңды қорғасын деп. …Бірақ та, ол қайтып келді өзіме. Қайтып келген себебі не, себебі: Саған оның жоқ екен-ау керегі; Қолыңа су құюға жарамайды екен; Періштеге періште қарамайды екен. …Қайырлы түн, періштем! 3 қыркүйек 2005 жыл. ӘДЕМІ ӘЙЕЛ Әдемі әйел Жаңа жылды жалғыз өзі қарсы алды, Келмей қойып көптен күткен аңсары. Көңілдегі көзайымын көрсетпей, Алдағы жыл алдар екен қанша әлі… Қашан, қашан қымбаттысы келеді?.. Үш жыл күткен үміті еді ол, себебі. Қырсыққандай құр кетті ме, «жаңа жыл Жаңа бақыт сыйласа ғой…» – дегені. Өзіне-өзі өткен жылы әперген, Патефонның үні естіліп пәтерден. Ескі үстелдің үстіндегі үш тал гүл Жатты солып… ((кеше өзі әкелген)). Көне сурет күлім қаққан төрдегі, Көре тұра, оған көңіл бөлмеді. Кенет, үш тал гүлді жұлды бір-бірлеп, «Сүйеді, жоқ, сүймейді – деп – ол мені…» Жаңа жылды тағы жалғыз қарсы алды, Биыл дағы былтырғыдай… шаршады!!! …Бір мас еркек көше кезіп түнімен Сол әдемі әйел жайлы ән салды... * * * Келдің – кеттің... Келіп тағы кетесің ... Сен не дейсің, мен не деймін, көкешім?!. Өмірімді желге ұшырып қаңбақтай, Көңілімді ала құйын етесің. Ақындық па айыпкері бәрінің?! Кім деп мені келіп еді танығың?! Не қыл дейсің, маңдайыма өлеңмен Тағдырымды жазып қойса, Тәңірім ! Ақын болғам, ақын болам, боламын, Мейлі, маған келмесе егер жолағың. Жақсы болсам – өзіме-өз сауабым, Жаман болсам – өзіме-өз обалым!!! Секілдіміз екеуміз де жынды адам, Өзгені ұқпай өзін ғана тыңдаған. Сүймеймін деп бұлданасың несіне, Мен бұлдансам, сүйгеннен соң бұлданам... Жә, қоя қой, Жаным, айтқан тілімді ал, Қылығың-ай, бірі – шекер, бірі – бал. ...Күллі әлемге ие болам деуші едім, Бір әйелге әлім жетпес түрім бар... 13 қазан 2002 жыл. АЌЫЛДОСТЫЊ АРМАНЫ Аппаќ т‰ске ќ±мар ем, Айыптымын тек сол ‰шін, сірє, мен. ¤йткені, сен µте-мµте аппаќ ењ, Ќызыќтырѓан, ќызѓандырѓан мына єлем. С‰йе алмайтын кезде кенет жолыќтыњ, С‰йгім келіп, с‰йгім келіп… соны ±ќтым. Кіршіксіз, пєк єлеміње єдемі, Кір шалдырып алам ба деп ќорыќтым. Кµне сурет секілденіп ірењім, Аруаќтай аунап т‰сіп ж‰регім. Тіледім мен аппаќ µмір µзіње, Ал µзіме аќ µлімді тіледім. Айналайын, ауыр алма кµњілге, Себебі бар, мен ќызыќсам µлімге. Бір т‰п, бєлкім, бір-аќ уыс маќта боп, Келемін мен, келем ќайта µмірге. Айхай, шіркін, аќ маќта боп кµктесем, (Ќазіргідей кетпес еді кµпке есем). Аќ маќта боп, аќ мата боп содан соњ Сµрелерде жатып ќалсам – µтпесем. Аќ матаны кµргенде сен бір ой кеп, «Мен іздеген мата м±нда т±р ѓой» деп. Т‰німенен кµзіњ талып, мєз болып Тігіп алсањ єп-єдемі бір кµйлек. ¤кінбеймін, маѓан ќазір келсе µлім, ¤лсем де мен, µлмес мендік µр сенім. Аќ кµйлегіњ бола алмасам бір киер, Аќ тµсегіњ болар едім мен сеніњ. Сен ќартайып, жетіп к‰ніњ – аќырѓыњ, Аќ ажалды келгенде µзіњ шаќырѓыњ. Аќтыќ деміњ ‰зілгенде… мен сеніњ Аќ кебініњ болуѓа да баќ±лмын… 31.05.2004 жыл. ОРАМАЛ Сен және мен. Автобус. Артқы орындық. Жұрт килігіп араға… Қақ бөліндік. Біреулердің көзінен күдіктеніп, Бірімізге біріміз жат көріндік. Қарай алмай жүзіме қымсынасың, Көрігіне көзімнің кім шыдасын?! «Бір минуттық үнсіздік жариялап» Қынжыласың немесе қырсығасың. Өзгермепсің. Бәрі де баяғыдай, Сені көріп, өзімді аядым-ай. Өлім бөлсе бір сәрі, өмір бөлген Бүгінгінің Қозы мен Баянын-ай! Кеткім келді көліктен түсіп жылдам, (Тіршілік-ай тышқан мен мысық қылған). Солып қапты-ау ерінің, солып қапты Қып-қызыл боп шиедей пісіп тұрған… Ұмытшақтық бәрін де ұмыттырды, Қырық түрлі қызықты қырық түнгі. Күнәсі көп жүрегім жылап тұрды, Кінәсі жоқ жанарым күліп тұрды. Не қыл дейсің сен енді?!. Жоқ амалым, Жоламадым жаныңа, жоламадым. …Жоламадым, әдейі жоламадым, Бар болған соң басыңда орамалың… 18.10.04 жыл. ҚЫЗ КҮНДЕЛІГІНЕН Сен мені танымай қалдың ба, танымай қалдың ба, шынымен?!. Қоңыр күз келердің алдында кірдім ғой түсіңе түнімен. Сол бір түс о, қандай тәтті еді, біздерге бір-ақ берілген. Сәтті еді сезімнің сәттері сүйген кез сыйқырлы еріннен. Елжіреп, еске алып бейнеңді есер жел есікті қаққанда, Құмардан құр қалған кеудемді ай нұры аймалап жатқанда, Жеңілтек жан деме желіккен, сағынам, сағынам несіне?!. Тұрмын ғой тағы да келіп мен ал енді түстім бе есіңе?.. Тағы да сені іздеп келемін шыдамай, Жаңа жыл алдында. Жаныма жар болам деп едің, Құдай-ай, ұмытып қалдың ба!?. Ұмытсаң, ұмытқан шығарсың, көнем бе, өлем бе... білмеймін. Кешірші, халімді ұғарсың, мен енді түсіңе кірмеймін... КЄРІ ЌЫЗДЫҢ КӨҢІЛІ Сен кеткелі шарап болды серігім, ¤згеден де, µзімнен де жерідім. «Тєтті ѓой» деп шарапты алдап ішкізіп, «Тєп-тєтті - деп к‰луші едіњ – ерініњ». Сен с‰юді, сен ішуді ‰йреттіњ, ‡йреттіњ де, жан д‰ниемді к‰йреттіњ. Сен секілді мен біреуді ішкізіп, Сен секілді мен біреуді с‰ймеппін. ¤тті-кетті. ¤ткен к‰ндер ескірді, Еркелеу ем, ептеп-ептеп ес кірді. Сен секілді шарап ішіп ‰йреніп, Сен секілді жылатќам жоќ ешкімді. Сорлымын ба?!. Сонша несін езілем, Енді саѓан кезікпеймін, кезігем. Мен кей кезде, жо-жоќ, к‰нде µзімді Босап ќалѓан бµтелкедей сезінем… Шала мас боп, шаршап-талып жатар ма ем, Шарап пенен ерінімнен татар ма ењ. …Сені ойласам іше бергім келеді Сеніњ ерніњ тиген ескі бокалмен… 20 сәуір 2004 жыл. АДАСУ Есігіңді ұрғылап, тепкіледім, Қаным шауып басыма кетті менің. Тепкіледім есікті дымым құрып, Тепкіледі кеудемді ет-жүрегім. Күтем деп ең. Осы ма күткендігің?! Еркелікке жатпайды-ау тіптен мұның. Дір-дір етіп буыным, сыр алдырды Күте-күте шыдамым біткендігін. Түсін мені, қалқатай, түсін мені, Аңғартады осынау ісің нені?! Кет десең де өзің біл, бір көрінші Жалғыз сөзді айтайын ішімдегі. Қалжыңың ба, құрғыр-ай, қалжағың ба, Болмай-ақ, болмасаң жан-жарым да. Естіледі дауысы іштен кімнің, Не боп жатыр есіктің ар жағында?!. Қызып-суып жүректе шала жатты, (Қызыл шарап бойдағы тарамапты). Қызғаныштың сайтаны түк көрсетпей, Қып-қызыл боп көз алдым бара жатты. Еңсемді езіп салмағы табыт-түннің, Терезеңді быт-шыт қып шағып кірдім. …Кемпір отыр кемсеңдеп. Сонда бірақ Сенің үйің емесін анық білдім… 20. 03. 04 жыл. МАЗАСЫЗ МИНУТТАР Алло… Алло… Тыңдап тұрмын… Иә, мен… Менмін деймін… Бұл кім екен? Кім деймін?... Сөйлесеңші, сонша неткен ұяң ең, Не дерімді, не етерімді білмеймін… Құлың болып кетсем, мейлі, кетейін, Сорымбысың, бағымбысың? Кімсің, кім?! Не тілейсің, айтшы, кәне, не етейін? Сонша неге солқ-солқ етіп күрсіндің? Тым құрыса тыныштық бер жаныма, Ой, құдай-ай, ойының ба, шының ба?! Жазалауың басталды ма тағы да, Мазалауың аз болғандай бұрын да… Құдай үшін… бір естіртші үніңді, Ең бірінші және, бәлкім, ақырғы. Мейлі, тіпті, айтпай-ақ қой шыныңды, Мейлі, тіпті, айтпай-ақ қой атыңды. Сүйесің бе? Сүйсең соны білдіріп, Жаз да жібер поштаменен хатыңды. Қоймашы тек, қойма мені жынды ғып, Төле десең, берем қаламақыңды… ((Періште ме, пері ме, әлде, пенде ме?! Бітпейтұғын болдың-ау сен бір уайым)). …Телефонның трубкасын кеудеңе Қоя тұршы… Жүрегіңді тыңдайын!.. ОН ‡ШІНШІ ХАТ Хат жазып ќойып ем таѓы бір, Ќалтамда єлі ж‰р. Ешкімге кµрсеткен жоќпын мен, Ешќайда бармайды ол, бєрібір. Сен оны к‰тпеші, к‰тпеші, Хатпенен, бєрі де бітті, осы. Жаныња батарын, білем мен, Ењ соњѓы сµйлемніњ н‰ктесі. Мен сені, сен оны жылатып, Сен мені, мен оны ж±батып. ¤згертпес д‰ниені мына хат, ¤ндірмес сірє, т‰к. Жырттым да тастадым, ¤кініп µмірге ќас ќаѓым. …Жіберіп ќайтемін б±л хатты, Ж‰регін ауыртып басќаныњ… 19 шілде 2004 жыл. |