Алмас Темірбай - Автопортрет. Алматы. ш иян баспасы. Бл кітапа аынны 19962006 жылдары жазылан, республикалы газетжурналдарда жарияланып, Аллажар, Жма жрт
Скачать 0.65 Mb.
|
ҚЫСҚЫ ТҮН. КӨҢІЛ-КҮЙ. АҢСАУ. Көк жөтел қысып, көксау науқастар жөтеліп, Көк мұзға тайып жығылған көбі халықтың. Көк жамбас болып, көп жатып қалған еті өліп, Көк соққан мінез, көк мылжың қыстан жалықтым. Көк долы желдің ашуы жұрттан білінер, Көк айыл аяз көгерткен бетті шымшылап. Көкжалдың суық көзіндей жерге үңілер Көкшетаудың көк аспанындағы мың шырақ. Көк серек емен, көк сауыр қайың, көк терек, Көктем туралы тәтті түс көрер қамығып. Көн етік емес, көк етік қызға өкпелеп, Көк түтін сорам... күйгелек күйден арылып. Кетсе де сол қыз көк аттыменен көлденең, Көк тиын ғұрлы қадірсіз жігіт мен емен. Көк кептер еді ол биікке самғап көрмеген, Көк тұйғын едім ұшсам Көк Тәңір жебеген... Күтпеген жерден сезімді тербеп күй бөлек, Кездесем қашан басқа бір қызбен көк белде?.. ...Көкпаршы – уақыт көксерке – жылды сүйрелеп, Көк дөнен – көңіл жетуге асық көктемге!.. 17 ақпан 2001 жыл. КӨЗСІЗ КӨБЕЛЕК ...Көз таныс қыз, жанары жаудыраған, Көз қиығың неліктен ауды маған. Көз жүгіртпес біреуге, көзге ілмеген, Көзқарасым сен жайлы өзгермеген. Көзайым-ау, көз жауын алғаныңмен, Көз алдаған болармын арманың – мен! Көз сенбейді ертең не боларына, Көз жасыңның қалармын обалына. Көзің жетпес кім табар көңіліңді, Көз жұмбайға салмашы өміріңді. Көзің сатып, сондықтан, әлек етпе Күлім көз қыз толмаған кәмелетке. Көз сүрінтіп, көз қысқан жігіттерге, Көз тоқтатпай, сен менен үміттенбе. Көзге шұқып, қайтем кей қылығыңды, Көзге бірі – күлкілі, бірі – мұңды. Көзі түссе қызықпас кісі кімге, Көз құртын салмаймын гүл мүсініңе. Көз тоятын бейнеңе етпе сыншы, Көзім тиіп, Құдай-ай, кетпесінші... Көздің майын өзіңе құйып бүгін, Көзіне шөп салмаймын сүйіктімнің. Көгергенін көз көріп көсегеңнің, Көз ақым болсын берген – осы өлеңім!.. P.S. Көзсіз, есер көбелек жайындағы, Кешегі әңгімеңде пайым бар-ды... Көзсіз мен де көбелек емес пе едім, Көзіме сен от болып елестедің! Кім білсін, неге екенін, емес тегін... АЌЫЛ МЕН СЕЗІМ СЕКІЛДІ… Мен – ойдыњ, сен – сезімніњ адамысыњ, Матырѓан Махаббатќа ќалам ±шын. Ып-ыстыќ сезіміњді нµсерлетіп, Жаным-ау, ж‰регімді жарамысыњ?! Мен кейде ќыстыг‰нгі ќайыњдаймын, Не ыстыќ, не суыќты айырмаймын. Сен мені ойламайсыњ, саѓынасыњ, Мен сені ойлай берем, саѓынбаймын… Сен єлі алыстасыњ, алыстасыњ, Ѓашыќтыќ ѓаламында – ѓарыштасыњ. Сені ойлап, сезімді ойлап, сенделемін ¦рѓандай ±р да жыќ жел ќамыс басын. Екеуміз екі жаќта ќаламыз ба, Айтамыз нендей арыз Алламызѓа?! Біріміз бірімізге жете алмаймыз, Бір ѓасыр жатќан сынды арамызда. Сен – ќыз боп, мен – жігіт боп ќала т±рсаќ, Ќайда єлгі… ж±лдыз жерге жауатын шаќ?! Кµлењкењ болсам даѓы, арманым жоќ, Екеуміз бір адам боп жаратылсаќ… Маќшарда Махаббатым маќ±лданар, Ойлауѓа осылай деп хаќым да бар. …Бір к‰ні кµњіліњнен Сезім кµшер, Мен ќ±сап жалѓызсырап Аќыл ќалар… 9 қыркүйек 2004 жыл. ҚЫЗ КӨҢІЛІ Сері жігіт бөлмеңе күле кірді, Әрі-бері аунатып жүрегіңді. Құрбы қыз жоқ қасыңда, қандай жақсы, Құдай берді десеңші тілегіңді... Тұзағыңа түсті ме қайран жігіт, Оңашада өзіңше сайран құрып, Бірден оны шақырдың вальс-биге, Алмақшы боп әп-сәтте айналдырып. «Оған осы қылығым ұнар, мүмкін, Қойыныма қонып та шығар бір түн...» – деген оймен биледің бойың балқып, Қайдағыны қоздырып құмар-құлқын. Жайнаң қағып жүргенде би де тынды, Албырт жігіт аңғармай ниетіңді, Қош айтысып, күлімдеп кетіп қалды... ... Ол , әрине, құрбыңды сүйетін-ді. ӨТКЕНГЕ ОРАЛУ Сол бір кеш, сол бір көше қалар есте, Көп жүрдік көше кезіп қара кеште. Солақай соққы тиген сонда маған, Ақын да өкпешіл бір бала емес пе?!. «Жоқ ісім ән-күйменен, өлеңмен де, Жоқ менде оқырман да, көрермен де. Сен өлсең берер атын бір көшенің, Артымда нем қалады мен өлгенде?..» – деп едің сен ертеңге болып алаң, Жақсы еді-ау жаманға оны жорымаған. Өлшеме көшеменен өнерімді, Көшең не? Керегі не оның маған?! Сен маған сол кештен соң жоламадың, Жолыңда жолығар ем, жоқ амалым... Осындай ойға батып, өткен күнге Осынау көшеменен ораламын. Көшеге келсем осы, тарқар шерім, Керемет келешекке артам сенім! ...Жалғыз-ақ көшесі бар жүрегімнің, Бүгінде ол атыңда қалқам, сенің... 20 ақпан 2002 жыл. СЕН Сен мектептен келе жатқан кезіңде, Оймақтай нұр ойнаушы еді көзіңде. Қарап саған қызығатын бір бала Қарашыѓы толы жұмбақ сезімге. Сен біреумен билегенде күлімдеп, «Бақыттымын, бақыттымын бүгін!» деп. Тілін тістеп тұрушы еді бір бала Бір бұрышта бірдеңе деп күбірлеп. Сен тұрмысқа шықпақшы боп жатқанда, Сөз таба алмай кінәларға, даттарға. Есіміңді жазған еді бір бала Есігіњніњ алдындаѓы ақ қарға. Сен ауылға жылап жалғыз келгенде, Ағыл-тегіл жасын төккен жеңгең де. Ѓайып болып кеткен еді сол жігіт Ѓашықтықтан ішќ±са боп шерменде. Сен күйеуден ажырасып келгенде… 25 наурыз 2004 жыл. * * * Қонақ үй. Бір бөлме. Сыртта – күз. Іште – біз. Тып-тыныш түндерде Әуреге түскенбіз. Қанша күн асықтық, Қал қалмай шыдарлық. Сенікі – ғашықтық. Менікі – құмарлық. Сегіз жыл өткен соң Сезімді іздедік. Оралмас көктем сол, Қалыпты-ау күз келіп. Қиындау түсті ме Қалжыңның реті. Әңгіме үстінде Ән салдық бір-екі. Күлгенше өтірік, Кішкене шыдайық… Отырмын өкініп, Жатырсың мұңайып. Түніңді ойлайсың Тәніңді жұптаған. Күніңді ойлайсың Күйеуге шықпаған. Көңілің шүбәлі, Кім бізді ұғады?! Сен бе едің кінәлі? Мен бе едім кінәлі? Кінәм бар не түрлі, Кеш, кетсе бір айып. Қос жанар секілді Қосылып жылайық… Қонақ үй. Бір бөлме. Екі ойлы екі жас. …Сұп-суық түн неге? Көрпеңнің шетін аш… 25 қазан 2004 жыл. КӨКТЕМ Өмір, неткен, көңілді еді кешкілік, Жадырайсың, жанарыңа кеш тұнып. Қу көңілің қутыңдайды, бақ жақтан Сылқ-сылқ күлген қыздар үні естіліп. Саябақ тұр жастық жайлы әндетіп, Кемпірімен барады бір шал кетіп. Қыздарға шал көзін сүзіп қарайды, Біз сүйетін еріндерден дәметіп... КҮНЄ Қорламашы көңілімді, қорлама, Жеткен шығар… жетпеп еді – сол ғана! Сен дуа оқыттың балгерге, Мен дұға оқыттым молдаға… Көңіліме көңіл айтып, жылама, Көз жасымыз кімге дәру, сірә да?! Ия, рас, сен баттың рахатқа, Ия, рас, мен баттым күнәға. Әдемі едің әйеліндей перінің, Жерге тастап, жеріді ме серігің?! Сен қанттай ерідің еріксіз, Мен тұздай ерідім, ерідім… Естен шықса есіңдегі есімім, Ештеңе етпес… керек емес кешірім. Сенделдік жұмаққа кіре алмай, Сен ашып, мен жауып есігін… Сезімді аңсап сынығындай алтынның, Отқа түстік... ойлаушы еді артын кім?! Қойныма қыз болып ендің де, Мойныма күнә боп артылдың! Балдай едің… Балқып тұрып жиі іштім, Уыңды да мен ішуге тиіспін. Мен сүйдім, (сүйдім деп өкінбен!) Сен сүйген жоқсың ғой… сүйістің! Өлімге ерте ілінсем де, өкінбен! Өліп қайта тірілсем де, өкінбен! Сен емес, өзім ғой от басқан, Мен емес, өгіз ғой өкірген… Кірлеп кеттім… Күнәмді өзім жуайын, Қылкөпірден құлатқанша Құдайым. …Қызығы алдамшы дүние-ай, Қызыңды ұрайын!!! Қызыңды … 22 қазан 2005 жыл. МІГІТ Сүймедім бе? Сүйдім. Сездің. Көрдің. Білдің. Ыстығыңа күйдім, Суығыңа тоңдым. Ал дедің бе – Алдым. Бер дедің бе – Бердім. Бар дедің бе – Бардым. Кел дедің бе – Келдім. Күлер кезде жылап, Жылар кезде күлдім. Бір болмадық бірақ, Бірге жүріп бір күн. Жаға алмаған ешкім, Шырағыңды жақтым. Жұмбағыңды шештім, Құпияңды таптым. Сүй деп едің – Сүйдім. Өп деп едің – Өптім. Тәтті ұйқымды қидым, Ашы терімді төктім... Ез қылдың-ау ерді, Кеткендей бір есең. Не қыл дейсің, енді ? Өлейін... өл десең!.. 20 қараша. 2003 жыл. ӨТІРІК ӨЛЕҢ Сізге – өтірік, маған – шын, нанасыз ба? Жалған айтсам жанымды аласыз ба?!. Сүйдім мен ең әдемі пері қызын Ондай жан жоқ Күн мен Жер арасында. Сүйдім мен, сүйді, әрине, ол да мені, «Кетпеші тастап орта жолда» - деді. Қылығы-ай, балдан тәтті, жаннан тәтті, Ол кезде он бесте ме, онда ма еді?!. Емес пе еркек рухын түсінгені, Еңсемді ел алдында түсірмеді. Қызы еді Ол перілердің патшасының Кенжесі – қырық қыздың ішіндегі. Арада алшақтық бар біраз, әттең, Өткіздік талай-талай түнді азаппен. Әкесі жатсынбапты, депті дейді: «Бұрын да құда болғам бұ қазақпен...» «Жан болса жердің үстін жерсінбеген», – Құстардан хабар айтты: «келсін» деген. Мен, сөйтіп, көңіл қостым перизатпен, Кезінде хор қыздарын менсінбеп ем. Біз сосын Махаббаттың бал айында, Ұжмақтың болдық сегіз сарайында. Ішім пысып кетті де, барып көрдім Тамұқты да, тамұқтың маңайын да. Жүрсе де, обалы не, жаны ашып, Кеттім мен, амал қанша, ажырасып. ...Мінекей, содан бері жүз жыл өтті, Перінің қызы маған әлі ғашық... 3 қараша. 2003 жыл. БАЯЃЫ БАЛЛАДА Ќысыќ кµзді ќыпшаќтыњ ќыпша белді ќызындай, Келіп едіњ алдыма ќ±лын м‰шењ б±зылмай. Аќ тµсектіњ ‰стіне ќара шашыњ тµгіліп, Аќ кµйлектіњ ішінен ап-п-паќ тєніњ кµрініп. Сеніњ жаныњ к‰бірлеп – ж‰регімніњ т±сында, Меніњ жаным дірілдеп – ерінімніњ ±шында. Бата алмадым Мен саѓан, жауды аяѓан батырдай, С±лулыќќа бас иіп, тізе б‰ккен аќындай. Бала к‰нгі достарым – б±лттар билеп аспанда, Ж‰рек бітіп г‰лдерге, ќ±лаќ бітіп тастарѓа. Періштеніњ ±шќаны – естілетін т‰н еді, Ќос ж‰ректіњ арасы – єрі кетсе, бір елі. О-о, сол т‰нгі сезімім – сезім емес анайы, Е-е, сол к‰нгі кµњілім – кµњіл емес жабайы. Сені с‰ю – бір к‰нє, с‰ймеу, сірє, – мыњ к‰нє, Кµрсеќызар кµњілдіњ кµнер болсам ырќына. Ќ±лќынымныњ ойнасы – ќу д‰ниені ±мытып, Ќ±лазыѓан ескі ‰йдей ќойынымды жылытып. Ќойынымды жылытып жалын шашќан деміњмен, Ќ±шаѓыма кіріп ап, ќ±шаќтап ењ белімнен. Аќ кµњіліњ елжіреп, мойыныма асылып, Аќ кµйлегіњ желбіреп, ќойыныма асыѓып. Алтын жамбы бетіне кµк найзадай шаншылып, Тєтті ‰нге т±ншыѓып, ащы терге малшынып. С‰йсем деп ем Мен Сені, с‰йе алмадым неліктен? Жењіп кеттіњ ќалайша жігіттікті желіккен?! Сезіндім Мен µзімді (сезім еді б±л ќандай?!), ¦лы ¦яттыњ алдында тыр-жалањаш т±рѓандай! Маужыратып мауќымды к‰ндей н±рлы кірпігіњ, Кірпігіњніњ астында µтті меніњ бір т‰нім… С‰йе алмасам Мен Сені, ќолѓа ќонбас кµк ќ±сым, Махаббатты тым биік баѓалаѓан деп т‰сін! Ќалт-ќ±лт еткен кєрі шал – Сені кµрсе – жасарар, Кемпір ањсап ќыз к‰нін, жанарына жас алар. Єдеміден де єдемі, аќылдыдан да аќылды, Ѓажабы едіњ Ќ±дайдыњ ѓашыќ еткен аќынды. Мен ањсаймын сол т‰нді, Сен де ањсайтын шыѓарсыњ, Тірі жанѓа кµрсетпей, т‰н ішінде жыларсыњ. …¤ткеніње кµз салып, кµрші Мені б‰гіннен, Ж‰регімен жер басып Саѓан ќарай ж‰гірген… 27 аќпан 2006 жыл. ЛАУРА КЕЛСЕ... Жиылса да дүние жүзі тәуіптері, Жазылмайтын ауруым қауіпті еді... Қызылорда қызымен сүйісіп ем, Бас айналды бақыттың иісінен. Босап кетті буыным, әлім құрып, «Жаным!» деді ол менің жанымды ұғып. Сол заматта сол кесел маған жұқты, Шыдай-шыдай шаршадым. Шамам бітті. Емделмесем болмайды, емделмесем, Ешқандай ем қонбайды сен келмесең. Қанша шыдар қу жаным ауыра берсе, «Лаура келсе тезірек, Лаура келсе!..» Мен сені сағынғанда – ауырамын, Сен мені сағынғанда – сауығамын... Дүниенің қалардай демі бітіп, Төрт көзім сегіз болды сені күтіп... 11 сәуір 2006 жыл. ЛАУРА ХАНЫМ Жаным, мені несіне ғашық қылдың?! Жетеміз деп арманға асықтырдың. Жұмақтың раушан гүліндей Жұпарыңды шашып тұрдың… Алтын балық торыма ілінгендей, Үш тілегім бар еді… ім-ім… нендей?! Есім ауып тұрдым мен. (Есіңде ме?) Есіміңді айтуға тілім келмей… Содан бері о,қанша айлар өтті, Ақылыңның түбіне айла жетті. Сенің сұлу сезімің бар еді ғой, Сол сезімің қайда кетті?! Кіп-кішкентай кінәмшіл көкем менің, Неге жалғыз күнәмді көтермедің?! Күліп жүріп қайғыға тап болғанша, Жылап жүріп бақытқа жетем дедім. Сол күндерді сағынам әлі күнге, Кетті өзгеріп ерніңнің дәмі мүлде. Сүймеймін деп өлтіріп таста мені, Сүйемін өліп жатып, бәрібір де! Сүйінсем, бір өзіңе сүйінейін, Күйінсем, мінезіме күйінейін. Мен сенің алдына кеп, Лаура ханым, Мойыным үзілгенше иілейін! Мен едім дүниедегі сенгіш адам, Тек өзімді алдауға келді шамам. …Ит етінен жек көріп кетсең дағы, Иттей адал боламын енді саған!!! 2 маусым 2006 жыл. СЕНІ САҒЫНҒАНДА... Жүрегін ұстап қолына жүгіріп алдан шығатын, айтайын деген сөзімді айтқызбай жатып ұғатын, қойып кеткен жерімде қозғалмай күтіп тұратын, оңаша қалсақ, отыз күн ойын, қырық күн тойын қылатын, әдемі киім киетін, әдемілікті сүйетін, елге сәлем салғанда еңкейтіп басын иетін, еңкейген сәтте бір құлаш бұрымы жерге тиетін, суығыма тоңатын, ыстығыма күйетін, маған тиген таяқтың бір ұшы соған тиетін, шынын айтып жылатқан, сырын айтып жұбатқан, көк Аспанның астында, қара Жердің бетінде, көп Еркектің ішінен Мені ғана ұнатқан, у мен балды тең ішкен, «Сізді ғана сүйем» деп, сертінде тұрып сеніскен, Құдай қосқан қосағым болмақшы болып келіскен, пешенеме бұйырып, пенде боп туған періштем, осы елге келіп жоғалды-ау, адасып шығып пейіштен... ...жалғыз жүрген жан еді, аққу құстай бөлініп, жүргені де әдемі, ақ жүрегі көрініп, күлгені де әдемі, мөлт-мөлт етіп моншағы, жылағаны әдемі, жылап тұрып, кешірім сұрағаны әдемі, бір періштем бар еді, бір пе-ріш-тем бар е-ді, бір пе-ріш-тем бар е-ді... Сол періштемді жоғалттым! Кім ұрлады?! Кім көрді?! ...................................................... Көрсеңіз оны, замандас, мына телефонға хабарлас: 8-701-534-2006. (09.09.2006 жыл). 48 КГ. АЛТЫНЫМ... Оң қолыменен аялап, Сол қолыменен «ұратын». Бәйгеге басын байлап ап, Ұнатты сені ұлы ақын. Ұлылық күттің сен одан, Жылылық күтті ол сенен. Дүниенің бәрін сол адам, Сенімен ғана өлшеген. Дүниедегі ең тәтті Тіліңнен сенің, айналдым. Дүниедегі ең қатты Діліңнен сенің, айналдым. Біздерге бекер күледі ел, Бір сүйіп көрсе кім егер... Қызыға білу ─ бір өнер, Қызғана білу ─ ұлы өнер. Қылығым неткен ерсі еді, Қылпылдап неге тұр ішім?! Қызғанбай жүрсем мен сені, Қыз деген атың құрысын! Күні ертең құның қашпасын, Қалмайын, қалқам, құр мақтап. Бақыттан бағаң асқасын, Барасың күнде қымбаттап. Раушан-көңлің солмаса, Сезімді екі етпейін. Өз басың қымбат болмаса, Көз жасың сенің ─ көк тиын... Көзіме көк мұз қататын, Көрмесем сені жарты күн. Қойныма басып жататын, Қырық сегіз келі алтыным!!! ...Білмеймін, өзім мыспын ба?! Бісміллә дейін, бісміллә... 3.09.2006 жыл. СЕРТ Жаным, б± д‰нияда екі-аќ г‰л болсын, Бірі – ќызыл, ал бірі – аќ г‰л болсын. Сен – ќызыл г‰л бол, айым, Ал мен – аќ г‰л болайын! Сен мені ±мытып, Кµзіме шµп салсањ, Барлыќ ќызыл г‰л солып ќалсын! Мен сені ±мытып, Кµзіње шµп салсам, Барлыќ аќ г‰л µліп ќалсын! …Ќаза г‰л боп, ќарѓыс атќыр, |