Главная страница
Навигация по странице:

  • Қызым-ау, білесің бе, ол да күнә! Дүние неткен қап-қара-ай, Қап-қара түнек қаптады-ай. Сертінде тұрмас сұм ажал

  • 22 желтоқсан 2004 жыл. БУЫРШЫН МҰЗҒА ТАЙҒАН КҮН... (Қайрат Рысқұлбековтың атынан)

  • ӨМІРБАЙ ЖЫНДЫНЫҢ ӨЛЕҢІ

  • Алмас Темірбай - Автопортрет. Алматы. ш иян баспасы. Бл кітапа аынны 19962006 жылдары жазылан, республикалы газетжурналдарда жарияланып, Аллажар, Жма жрт


    Скачать 0.65 Mb.
    НазваниеАлматы. ш иян баспасы. Бл кітапа аынны 19962006 жылдары жазылан, республикалы газетжурналдарда жарияланып, Аллажар, Жма жрт
    АнкорАлмас Темірбай - Автопортрет
    Дата10.11.2021
    Размер0.65 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаАлмас Темірбай - Автопортрет.doc
    ТипДокументы
    #268671
    страница13 из 14
    1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

    VІ-бөлім
    Ойбай-ай, ойбай, ойбай, ой, қарағым,

    Неге сен алды-артыңды ойламадың?!

    Қуарды жапырақтай жаным менің,

    Суалды көзден – жасым, бойдан – қаным!
    Өмірден өлім артық болғаны ма?

    Төріңнен көрің артық болғаны ма?

    Өзіңді өзің неге өлтірдің-ай,

    Қызым-ау, білесің бе, ол да күнә!?
    Дүние неткен қап-қара-ай,

    Қап-қара түнек қаптады-ай.

    Сертінде тұрмас сұм ажал

    Сені де іздеп тапқаны-ай.
    Аппағым едің мақтадай,

    Адамдар кеткен таптап-ай.

    Ақыретке орандың

    Ақ сүтімді ақтамай…
    Анасы осылайша зар жылайды,

    Ал, қызы орынына барды жайлы.

    Қайысқан қара жердің қабырғасы,

    О, неткен ауыр қаза, зарлы қайғы!
    Ең ауыр осы болар, сірә, қайғы,

    Жүре алмай қол созым жер тұралайды.

    Шаршаған қыршын кеткен қызын ойлап,

    Шал байғұс өзін-өзі кінәлайды.
    Ауылдың молдасы ғой бұл Құрекең,

    ((Е, бәсе, салты – бөлек, ғұрпы – бөтен)).

    Молаға қонған молдаторғай құсап,

    Монтиып отырғаны біртүрлі екен.
    Дегенмен, зәру емес ар-ұятқа,

    Дәурені жүріп тұр ғой жамиғатқа.

    Тиісті сыбағасын алғаннан соң,

    Кірісті шарт жүгініп шариғатқа.
    – Бісміллә, уа, ағайын, сөздің басы,

    Құлқынын қу сайтанның қоздырмашы.

    Қойыңдар, қойыңдаршы, жыламаңдар,

    Өлікке ауыр тиер көздің жасы.
    Құдаймен кім бар, кәне, таласа алар,

    Ажалдан Алла ғана арашалар.

    Өлтіру өзіңді-өзің – ауыр күнә,

    Бұл өлім жанға талай жара салар.
    Сөзімді, еу, жамиғат, ұғасың ба,

    Кешірсін кінәсын да, күнәсын да.

    Зираттың сырт жағына жерлеген жөн,

    Құдайдың заңы осы, расында.
    Ақтық күн – Ақырзаман басталарда,

    Айырып ақ-қараны тастар Алла.

    Сондықтан, жерлеген жөн жерге бөлек,

    Мына өлім мысал болсын басқаларға.
    Мына өлім кәріге – сын, балаға – сын,

    Әр адам алып жүрсін қара басын.

    Құдайдың заңы осы, керек десең,

    Бұ қыздың шығармаймын жаназасын!..
    Молданың, байқап тұрсаң, сөзі – мығым,

    Қағады қайта-қайта көзі күлім.

    Аузына ауылдастың билік бермес,

    Ауылдың би-шешені өзі бүгін.
    Дүйім жұрт мына сөзге дуылдасты,

    Ит қуған үйрек-қаздай шуылдасты.

    – Жарайды, жаназасын шығарам, – деп,

    Бір кезде молда елдің шуын басты.
    Сөзімен екіойлы қылып көпті,

    Молдекең кәрі-жасты күдікті етті.

    Шытынап шыныдайын жүрген екен,

    Шыдамы шал байғұстың сынып кетті.
    Қу тірлік осыншама сорлы етер ме,

    Тағдырдың тасын өрге өрлетерде?!

    Басқаның мінегені аз болғандай,

    Мін тақты Толғанайға молдекең де.
    Адамға кінә артып, айқасамыз,

    Шайтанға күнә артып, шайқасамыз.

    Пенде мен пері түгіл, періштенің

    Бойында бес міні бар, байқасаңыз.
    Тұрғам жоқ Толғанайды періште деп,

    Жайғасар жайнаң қағып, пейішке кеп.

    Айтар ем, аруларға Толғанайдай,

    «Өміріңмен өліспей, беріспе» деп.
    Түндігі мына үйдің түрілмейді,

    Ошағы бықсып жанса, кім үрлейді?!

    Арулап жерлесең де алтынға орап,

    Ару қыз енді ешқашан тірілмейді.
    Бір жаққа Күннен де әрі, Айдан да әрі,

    Кетті ұшып кеудесінен қайран жаны.

    Ерсі екен естір құлақ, көрер көзге

    Арудың аруаққа айналғаны.
    Ажалға қарсы тұрар қасқайып кім,

    Бетін бір тастасақ қой жасқап иттің!?

    Ешқашан ерімейтін енді қайтіп,

    Мұз қалды жүрегінде жас мәйіттің.

    Мұз қалды жас өліктің жүрегінде,

    Сыз қалды тірілердің түр-өңінде.

    Немене ол?! Айтшы, кәне, біліп тұрсаң,

    Өкпе ме, өкініш пе бұл өмірге???
    Өмірдің қорлығын-ай, қорлығын-ай,

    Жұрт оны тірісінде бөлді былай.

    Бөлініп, бөлектеніп өлген соң да,

    Бейіті жалғыз қалған сорлы қыз-ай!
    Ел-жұрттың еске түсіп өткендері,

    Құлазып, өлімді ойлап кеткен көбі.

    Алыстан қарауытар қалың қабір,

    Күткендей біреулерді көптен бері.
    У жұтып, улап-шулап бала-шаға,

    Боздайды боз тайлақтай нағашы аға:

    «Келіп ең қарашада бұ дүниеге,

    Кеттің бе о дүниеге қарашада?!».
    Бетке алып бейіт жақты, ауыл жақты,

    Ашулы ақ бұрқасын дабыл қақты.

    Ақтығын Толғанайдың білдіргендей,

    Аппақ қар мола үстіне жауып жатты.
    Бір жолға тоғысқандай барлық үміт,

    Әнеки, арты жылап, алды күліп

    Жұрт кетті. Жетімсіреп жалғыз зират,

    Ішіне жұмбақ сырды қалды бүгіп.
    Бөлініп жұрттан тағы сорлы, жазған,

    Өзіне-өзі ме еді орды қазған?!

    Із қалды ел мен зират арасында,

    Хатындай Толғанайдың соңғы жазған.
    Із қалды ел мен зират арасында,

    Дәл беріп бұ дүниенің бағасын да.

    Хатындай Толғанайдың соңғы жазған,

    Бұл ізде ақиқат бар, нанасың ба?!.
    Булығып, бірнеше рет бастырылып,

    Көзіне жанұшырған жас тығылып.

    Кемпірдің түн ұйқысы төрт бөлінді,

    Түнімен ит қыңсылап, қасқыр ұлып.
    Бетке алып бейіт жақты, ауыл жақты,

    Ашулы ақ бұрқасын дабыл қақты.

    Ақтығын Толғанайдың білдіргендей,

    Аппақ қар мола үстіне жауып жатты.
    Аппақ қар жауды тағы жерге, міне,

    Ақырып алты ай қыстың келгені ме?!

    …Кемпір-шал тағдырына көнді амалсыз,

    «Е, Құдай, шүкір – дейді – бергеніңе!».
    VІІ-бөлім
    Еу, сыншыл оқырманым сөз ұғынар,

    Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар.

    Тоз-тоз боп кетесің ғой, бүйте берсең,

    Тозығын таста дағы, озығын ал.
    Сөзімді түйсігіңе түйесің бе,

    Тимеші кебістің де иесіне.

    Күнәсіз Толғанайдың кебін киіп,

    Кебістің ұрынарсың киесіне.
    Қазақтың ырымы көп, тиымы көп,

    Сенгеннің киімі – көк, бүйірі – тоқ.

    Ырыстың басы – ырым, соңы – бата,

    Бір Құдай берем десе, қиыны жоқ.
    Және де алғысы бар, қарғысы бар,

    Кім білсін, бәрі орынды, заңды шығар.

    Әлемді ұстап тұрар, күні туса…

    Әз Тәуке ханның «Жеті жарғысы» бар.
    Құтылмас жақсы – өсектен, жаман – даудан,

    (Қайтпаған әжем – шайдан, бабам – жаудан).

    Халықтың жауы емеспін, оллә-біллә,

    Аулақпын ата салтын жамандаудан.
    Алайда, кейбіреуін терістеймін,

    Терістеу үшін, бірақ, не істеймін?!

    «Күнәсін кебістінің Құдай білер,

    Көтермес қыз күнәсін кебіс» деймін.
    Толғанай, көп сөз етсек, кешір, жаным,

    Жер дауын шешкен ел ек, жесір дауын.

    Жақсы ма, жаман ба, әлде, мына дәстүр,

    Білмедім, бұ кебісте не сыр барын.
    Көтерсе, қыз күнәсін, жер көтерер,

    Топырақ шаша алмайсың елге түгел.

    «Қыз ие болмаса егер кебісіне,

    Ие болмас етегіне?…» дер ме екен ел?!.
    Айырар қолындағы алтынынан,

    Кебістің алды – үміт, арты – күмән.

    «Кебісі ұрланған қыз бақытты» дер,

    Орыстың, керісінше, салты бұған.
    Қазақы салт-дәстүр мен орыс заңын,

    Көргенбіз кейбір тойда тоғысқанын.

    Кебісі кесапат қой Толғанайдың,

    Кебісі керемет қой Золушканың.
    Мына салт сіңсе жұрттың санасына,

    Қалармыз талай жанның табасына.

    Бұл елдің бұра тартпа салты ешқашан

    Қазақтың жайылмасын арасына.
    Кебісте мағына бар сонда қандай,

    Қырсықтан қыздар жүрсе қорғана алмай.

    Неғұрлым арлы болса ару қыздар,

    Соғұрлым сорлы болар Толғанайдай.
    Көрмеген жұрт жүзіне тік қарап та,

    Лайықсыз «арсыз» деген, тіптен, атқа.

    Қайтеміз кінәлап қыз-келіншекті,

    Жігіттер судан – таза, сүттен – ақ па?!
    Жігіттер жігіт емес, бәле шығар,

    (Бауырым, бар ма кінәң? Кәне, есіңе ал?!).

    Қалдырып қанша қызды жаман атқа,

    Және де жақсы қыздан дәмесі бар.
    Біреулер ғұмыр кешер үмітпенен,

    Біреулер ғұмыр кешер күдікпенен.

    Үмітті қылып қойған қызды бекер,

    Күдікті қылмыскер ғой жігіт деген.
    Айырған екі жасты бал-құшақтан,

    Адамды антты аттап, арды сатқан.

    Бейопа тіршілікте тірі өлік қып,

    Бейкүнә махаббаттың қарғысы атқан.
    Түсінсін дәл өзіңдей жаныңды кім,

    Кінә артып, кірлетпесін арыңды күн.

    Жігітті ескерткен бе жолдастары,

    «Арсыз» деп алып жатқан қалыңдығың.
    Адыра қалып айтқан тілегің де,

    Ауырар той үстінде жүрегің де.

    Қара бет қылған талай қалыңдықты,

    Осындай салт бар еді бұл өңірде…
    Әйтеуір, не десек те, не десек те,

    Бұл дәстүр жетпеу керек келешекке.

    Дұрысты бұрыс қылып бұрып алар,

    Құмар ғой, шіркін, біздің ел өсекке.
    Қазақтың мына салты құрығанша,

    Ұлы – хан бола алмайды, қызы – ханша.

    Қыз құны – елу түйе, не жүз жылқы,

    Ал қыздың кебісінің құны қанша?!
    Тосындау елге менің көзқарасым,

    Толғанда сөзге – мұңым, көзге – жасым.

    Өз елім өгейсітпес мені бекер,

    Өзекке тепкен жандай өз баласын.
    Ұшырап ұятсыздық кеселіне,

    Жата алмай жарының ақ төсегіне.

    Өлтірген Толғанайды ұят пе екен,

    Жоқ, әлде, ел-жұртының өсегі ме?!.
    Табалап, тілін безеп жатса қасың,

    Қалайша намысыңды таптатасың?!

    Басқаша болар ма еді қыз тағдыры,

    Әкесі берсе егерде ақ батасын.
    Әсілі, әсіреқызыл пенде екенбіз,

    Құр босқа өзімізді терлетерміз.

    Ұрыны ұстай алсақ бүгін-ертең,

    «Ат-шапан айып төле» дер ме екенбіз.
    Сонымен ашылмады сұмдық сыры,

    Халқымыз қорлық дейді ұрлық түбі.

    Жабылып ұстамақ боп ұрыны біз,

    Жатырмыз бәлен сағат жыр ғып мұны.
    Оқырман, шаршадың ба маған еріп,

    Тоқтадық, біраз жерге жаңа келіп.

    Ұрыны ұстап берер жан табылса,

    Үстіне қасқыр ішік жабар едік…

    Эпилог
    Сол ауыл, біз білетін баяғы ауыл,

    Аман-сау апа-жеңге, аға-бауыр.

    Қолқабай үйленген жоқ, әлі ішіп жүр,

    Жаннаның әлдекімнен аяғы ауыр…
    Біреуім екеу болған көктем еді,

    Бүр жарған ақ қайыңы, көк терегі.

    Куәсі Толғанайдың ажалының –

    Мәжнүн тал ғана биыл көктемеді.
    Маңдайынан май тамған мамыр айы.

    Жер төсіне жабысқан мал ұдайы.

    Көкпеңбек боп, сиырдың тілінде тұр –

    Бағасы удай базардың сары майы.
    Бұл ауылда азайып кәрі қалған,

    Не күтіп тұр, белгісіз, тағы да алдан.

    Төрт-бес қыздың тағы да соры қайнап,

    Үш-төрт қыздың, әйтеуір, бағы жанған.
    Өсегі сап тиылған ол маңайдың,

    Өйткені, әр кәлләда толған уайым.

    Төрт айдан бері, міне, төсек тартып,

    Әкесі жатып қалды Толғанайдың.
    Е-е, оның екіталай оңалмағы,

    Тағдырдың табылмайды жоғалғаны.

    Үйінің төбесіне ұя салған,

    Қарлығаш неге биыл оралмады?!
    Қанатының астына алып тауын,

    Қарашы, ей, бүркіт-бұлттың қалықтауын!

    Күрке тауық секілді күжірейіп,

    Молдекең жүр қуалап тауықтарын.
    Ел-жұрттың естен шығып өткендері,

    Ұмытып Толғанайды кеткен көбі.

    Алыстан қарауытар қалың қабір,

    Күткендей біреулерді көптен бері.
    Ай, шіркін, тең келеді анаға кім,

    Аялар айтқызбай-ақ бала жанын.

    Анасы Толғанайдың мұңға батып,

    Аһ ұрар суретіне қарап әр күн.
    Өсекке ермесе егер бұл елдегі,

    Оңынан Айы туып жүрер ме еді.

    Ермектің екі аяғы үсіп қалған,

    Обалы Толғанайдың жібермеді.
    Үйіне кеш келеді, ерте кетіп,

    Ел – анау, күйбең-күйбең еңбек етіп.

    Ермектің үйінде бір келіншек жүр,

    Шаруасын үйреншікті дөңгелетіп.
    Бір әйел үй алдында жүр-ді, шыны,

    (Білмеймін, танымаймын бұл кісіні).

    …Сүйретіп Толғанайдың ақ кебісін

    Ойнайды Қолқабайды сұр күшігі...

    22 желтоқсан 2004 жыл.

    БУЫРШЫН МҰЗҒА ТАЙҒАН КҮН...
    (Қайрат Рысқұлбековтың атынан)

    Шындық бар ғой,

    ол аз десең, Құдай бар,

    Арсыз соттың арқасында жын ойнар!

    Желтоқсанда Ай туады солынан...

    Желтоқсанда Айға қарап жылайды Ар...
    Айға қарап,

    Ар жылайды, жыласын,

    Жұмыр басты жұдырықтап ұрасың!

    Жер қозғалса, қозғалмайтын мінезім,

    Ел қозғалса, енді қалай шыдасын?!
    Темір тордың алдында,

    Теңдік сұрап тұрмас мәңгі жан мына!

    «Отыз жеті» ойран қылған қазақты,

    «Сексен алты» сергелдеңге салды ма?!
    Желтоқсан деген бұл айда,

    Желкілдеген туым жерге құлай ма?!

    Шындық бар ма?!

    Шыныңды айтшы, ей, Дүние,

    Ол жоқ болса, жоқ қой онда Құдай да!
    Ләззаттардың шашын жұлдың, Желтоқсан,

    Ерболдардың басын жұлдың, Желтоқсан!

    Құтырынған иттей көзі қанталап,

    Құл-құтанды басындырдың, Желтоқсан!
    Елім үшін...

    Еркек тоқты ─ құрбандық,

    Құрбан болар құным жоқ па бір малдық?!

    Өмір деген ─ өрмекшінің торына

    Шыбын жанды шырқыратып, шырмалдық.
    Батырлардың басы кетсе шабылып,

    Ақындардың жүректері жарылып!

    Елім менің, енді қайтіп күн көрер,

    Кремльге бағынып,

    Күн-көсемге табынып?!
    «Жаумен бірге құрысын ─ деп, ─ жауыздық!»,

    Қар бетіне көздің жасын тамыздық.

    Мұздай суық ─ дүниенің үстіне,

    Оттай ыстық ─ қанымызды ағыздық...
    Темір есік тесігінен телмірем,

    Тергеушіні немене деп сендірем?!

    Бұ дүниеден таба алмаған Шындықты,

    О дүниеден іздейін бе енді мен?!
    Тергей берсін, тергей берсін, тергесін,

    Керегі жоқ, кешірім де бермесін!

    Ошағымның күлі көкке ұшса да,

    Отанымның оты мәңгі сөнбесін!!!
    Жылап тұрып,

    Жақсылыққа жорығам:

    «Алты Алашым адаспағай жолынан!».

    Жылдың соңы...

    Кімнің соры?

    Сақтай гөр!

    Желтоқсанда Ай туады солынан...
    Желтоқсанның жүз құбылып реңі,

    Жетім халық кімнен көмек тіледі?!

    Қара жер де қөтере алмас мазақты,

    Қара нар да көтере алмас азапты,

    Көтере алар ер жігіттің жүрегі?!
    Қайран да қайран, қайран күн,

    Басым қатып,

    Бас бармақты шайнар күн.

    Бұлт астына Ай кіріп,

    Бұқара жұртым қайғырып,

    Бұта шайнар Азуынан айрылып,

    Буыршын мұзға тайған күн...
    Буыршын мұзға тайған күн...

    АЛЛАМЕН ІШТЕЙ ТІЛДЕСТІМ...

    Төртінші бөлім
    ӨМІРБАЙ ЖЫНДЫНЫҢ ӨЛЕҢІ
    Атыңнан айналайын, Ақырзаман,

    Соңынан сұм жалғанның тақымдаған.

    Құм құйшы көмейіне кәпірлердің,

    Көтерем көк ешкідей бақылдаған.
    Көпсініп өмір дейтін сыйды мына,

    Құдайдың құлақ аспас бұйрығына.

    Ұятты жерлеріне ұятсыздың

    От қойып, шала байла құйрығына.
    Тас жүректі тас қылып қатырарсың,

    Су жүректі суатқа батырарсың.

    Бұ дүниеде тозаққа түскендерді

    О дүниеде жұмаққа шақырарсың.
    Былғанды, былғанды ғой Ар әлемі,

    Былғанбаған кім қалды?! Қара, мені...

    Топан суды қаптатып, жуып көрші,

    Дүниенің кірледі жаға-жеңі...
    Көлдетіп ғұсыл судай таза жасын,

    Көк Аспан Қара Жерді азаласын.

    Сен – үлкен молдасысың бұл ғаламның,

    Шығарар Көк пен Жердің жаназасын!
    Соңғы рет солқ еткізіп құлақ түбін,

    Мөлдіреп жанарымда мият-күнім...

    Мен сені көретұғын сияқтымын,

    Содан соң өлетұғын сияқтымын!
    Қонақтай жетіп келші шақырмаған,

    Мен сені аңсадым ғой, Ақырзаман!

    Өшірсең, өзің өшір, жүрегімді

    Тозақтың отындай боп лапылдаған!
    Көзіме бір көрінші, Ақырзаман...
    24 сәуір 2006 жыл.
    АЗҒЫРУ

    – Біле білсең, бұ дүние тіріге азап,

    Маған сенсең – құл басың бүгін азат.

    Бақыт іздеп жүрсің бе?.. Мен айтайын –

    Бақыт деген – ләззат қой, ұлы ләззат.
    Бақыт деген – сұлудың құшағында,

    Есің кетіп, ақ тәнін құша алдың ба?!

    Бақыт деген – ішінде бөтелкенің,

    Іш құмарың қанбаса, іш тағы да…
    Қайғырма, қуан, отыр төрде күліп,

    Ар-ұят жоқ бүгінде. Өлген. Ұмыт.

    Бақыт деген – ойын-той. Бір тойлап қал,

    Қандай қызық көрмексің көрге кіріп?!.
    Сенбе түк қасиет жоқ тұмарына,

    Сенбе бір шындығы жоқ Құранына.

    – деп маған сырын айтып, «шынын» айтып

    Сайтан кеп сыбырлады құлағыма.
    Қуып шықтым,

    қасыма қайта келді,

    Сандырағын қайталап айта берді.

    ...Онсыз дағы бас қатып отырғанда

    Енді маған жетпегені сайтан еді?!.
    …Лә илләһә илаллаһ

    Мұхаммәдун уә Расулаллаһ!

    АЛЛАЖАР
    Хақ Алла хақиқатын түсінгелі,

    Ібіліс іштен тынды, ішімдегі.

    Әмірі әмбеге аян Әл-Илаһым

    Бар қылған барша мүмин үшін мені.
    Төрт елі қақпағын ап құлағының,

    Сөзіме қол сілтемей, ұғады кім?!

    Мәриям ұлы Исаға үммет болмай,

    Мұратын Мұхаммедтің мұра қылдым.
    Жуытпай жүрекке – жын, тілге – малғұн,

    Білімнің бірегейін діннен алдым.

    Қабылдың кіндігінен тарасам да,

    Абылдың тірлігімен жүрген жанмын.
    Кәпір-ай, өткізетін күнін малша,

    Дініме кірмес пе еді, тілімді алса?!.

    Шошаңдап шошқа құсап... жүре тұрсын

    Сайтанның сайқалдығын ұғынғанша.
    Әзірше «Ақындық» деп аталатын,

    Мақшарда мәлім болар Махаббатым.

    Қанатын қаққан шақта қарлығаш – жыр,

    Алланың аттандырам атап атын.
    Ұшпаққа шығарар ма жыр жанымды,

    Қыспаққа түсірер ме жыр жанымды?!
    Қолыма қалам алсам, ұғады ішім

    Үстінде қылкөпірдің тұрғанымды!..
    Бір күні бақиға да бет түзермін,

    Ажалдың ісін екі еткізер кім?!.

    Алланың аманаты – Ақындықты

    Арулап, арыма орап жеткізермін!..
    Алла жазса...

    _______________________________

    Хақиқат --- ақиқат, шындық.

    Әл –Илаһым – Алла, Құдай.

    Мәриям ұлы Иса – Иса пайғамбар.

    Малғұн – сайтан, азғырушы.

    Кәпір – дінсіз деген мағынада.


    ЛӘ ИЛЛАҺА ИЛ АЛЛАҺ
    Жүз жиырма төрт мың адамның

    Сенер ме едің сөзіне;

    Олар саған он сегіз мың ғаламның

    Кереметін көрсетсе егер көзіңе.
    Сенбеу, сірә, мүмкін бе,

    Айтқанына о-сын-ша-ма-а халықтың?!

    Бір Аллаға шәк келтіріп… бір түнде

    Отыз ұлы опат болған Дәуіттің.
    Ұлықтай гөр Ұлы Алланың есімін,

    Өткенді емес, ертеңіңді шын ойла.

    Өтінгенмен қылар ма екен кешірім,

    Өткен күнді өзгерте алмас Құдай да.
    Күдікті ойдан күдеріңді үзгенде,

    Ібіліске қарсы қандай айлаң бар?!

    … «Алла – хақ» деп айтпап па еді Сіздерге

    Жүз жиырма төрт мың пайғамбар…
    18 қазан 2004 жыл.
    «АЛЛА» ДЕГЕН…
    Қайырымды, мейірлі, кешірімді,

    «Алла» деген ардақтап есіміңді.

    Атымды азан шақырып атам қойған,

    Әжем тербеп «тәубе» деп бесігімді.
    Қонағына дәм-тұзын жайылатын,

    «Я, Аллаһу акбар» деп қайыратын.

    Атам қазақ «Жаратқан жар болшы» – деп,

    Жіберетін жапанға жайып атын.
    Бәлекеттің бәрінен қағатұғын,

    Саған арнап құрбандық шалатұғын.

    Алдыменен «Алла» деп ойлап барып,

    Аруағын есіне алатұғын.
    Атам қазақ қуанса, торықса да,

    Әлденеден шошынып қорықса да.

    «Уа астафир Алла» деп айтатұғын,

    Әзірейіл алдынан жолықса да.
    «Алла аман жеткіз – деп – ақ таңыма»,

    Сенен саулық сұрайтын жатқанында.

    «Кешіре гөр, Құдай-ай!» деп тілейтін,

    Атам қазақ күнәға батқанында.
    Перғауынға, пұтқа да, адамға да,

    Осынау он сегіз мың ғаламға да.

    Бас ұрмаған басқаға бабам қазақ,

    «Тәңірім» деп табынған саған ғана.
    Түрлі қатер төбеден төнгенде де,

    Тозағына тірліктің көнгенде де,

    «Лә илләһи илаллаһ» дейтін атам,

    Жанарынан жарық күн сөнгенде де.
    Сонау сәби кезімнен біліп өскен,

    Біліп өскен, санама сіңіп өскен,

    «Алла» деген аяулы атыңды бір,

    Шығарамын қалайша бүгін естен?!..
    Ардақ тұтып атыңды «Алла» деген,

    Өнерімді өзіңе арнап өлем.

    Сен туралы жырларым – нағыз өлең,

    Ал қалғаны бір күндік, жалған өлең...

    1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


    написать администратору сайта