1-нұсқа қазақ тілі 23.12. аза тілі 1нса
Скачать 47.35 Kb.
|
Қазақ тілі 1-нұсқа 1. Aшық дауысты дыбыстар қатары A) і, е, о, ө B) ә, е, о, ы C) ә, е, о, ө D) ұ, е, о, ө 2. Cинонимдік қатар A) жігерлі, жуас B) байыпты, ұстамды C) қарулы, әлсіз D) бағалы, күшті 3. Ырықсыз етіс A) айтқызды B) киінді C) ойнады D) жиналды 4. Жалғау арқылы байланысқан сөз тіркестері A) өнегелі өмір, ашық аспан B) оқу үшін келді, күн сайын келді C) мектеп – кеме, білім – теңіз D) көл беті, қарындаш ұштау 5. Шылау арқылы байланысқан сөз тіркестер қатары A) балам үшін ұялдым, аталы сөз B) балалық шақ, досымен бірге бардым C) даланы кезу, өмірдің қызығы D) күн сайын жаттықты, асу арқылы өтті 6. Бірыңғай ашық дауыстылар қатысқан қатар A) әсемпаз, құлыншақ B) өнерпаз, ботақан C) ғарышкер, сағыныш D) талапкер, талпыныс 7. Шылау қатысқан сөйлем A) Асқар (мен) Арман тату жолдас. B) Арман ағашты балта (мен) жарды. C) Асқар қорадағы шөпті арба (мен) тасыды. D) Арман анасы (мен) көп сырласатын. 8. Cалыстырмалы шырай A) аса қызыл B) тым қызыл C) өте қызыл D) қызылырақ 9. Берілген сөйлемнің түрі Жаугершілікте ата-анасы басқа жаққа ауып кетті де, бала менің қолымда қалды (Қ.Жұмаділов). A) кезектес салалас B) себеп-салдар салалас C) ыңғайлас салалас D) қарсылықты салалас 10. Берілген сөйлемдегі үтірдің қойылу себебі Жылқы – қазақтың кәделі, бағалы қазынасы. A) бірыңғай мүше B) автор сөзі C) қыстырма сөз D) қаратпа сөз 11. Шылау қатысқан сөйлем A) Асқар (мен) Арман тату жолдас. B) Арман ағашты балта (мен) жарды. C) Асқар қорадағы шөпті арба (мен) тасыды. D) Арман анасы (мен) көп сырласатын. 12. Шылау қатысқан сөйлем A) Тілдің қасиеті (де), қадірі (де) осында жатыр. B) Көз жасыңды көпшіліктің алдында көрсетуші бол(ма). C) Ботагөздің ерекшелігі – сұлулығында емес, білімін(де) D) «Күл(ме) досқа, келер басқа», - деген осы шығар. 13. Cілтеу есімдігі қатысқан сөйлем A) Бірақ ол келгенде қуанышын қайда қоярын білмей тыпыршыды. B) Ол да мұның келе жатқанын жылы қабылдағандай. C) – Жердегі сияқты жасырынбақ ойнасақ қайтеді? – деді Сартай. D) Сол тау мен тас халқының тарихын алдына жайып берген жоқ па? 14. Tұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем A) Абай – ақын, ұстаз. B) Нияз аға кіріп келді. C) Кішкентайы жүгіріп жүр. D) Ананың анасы да –Ана! 15. Tөл сөзге қатысты тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлем A) Абай былай дейді: баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік. B) Алмажан, сен жақсы салдың еске! – дейді Жанат. C) – Қалада не хабар бар? – деп сұрады әкесі Ақжаннан. D) «Сонан қалмақ Сарыарқаға басқан жоқ» – дейді жыр. 16. Tөлеу сөзі бар сөйлем A) Көппен көрген ұлы той екендігін әжем айтып отырушы еді. B) Ракета тағы бір атылып, айнала жап-жарық боп кетті. C) Ақыл – адам көркі, ақылың сабыр серігі, - дейді М.Әуезов. D) Кім айыпты екеніне әлі көзім жете қойған жоқ. 17. Cөйлем ішіндегі синонимдер қатары A) Марқаның жағасы ерте кеуіп, жайқалып шыға келді. B) Қабыландар – жылдам әрі тез жүгіруге бейімделген жыртқыш аң. C) Көктемгі ауаның сарай ашар жағымды саумал иісі бар. D) Тауда тұрғанда көктегі аспан да біз үшін аласа көрінді. 18. Өзгелік етіс қатысқан сөйлем A) Қонақ бөлмеге жиһаз алдырды. B) Аң терісінен шаңғы жасалған. C) Тіс дәрігеріне уақтылы көрінді. D) Құрал-саймандарды жинауға кірісті. 19. Tыныс белгісі дұрыс қойылған нұсқа A) Қалтай атты доғарып жатып: – Үндеме кейін білерсің, – деді. B) Қалтай атты доғарып жатып: – Үндеме, кейін білерсің, – деді. C) Қалтай атты доғарып жатып: Үндеме, кейін білерсің, – деді. D) Қалтай атты доғарып жатып: – Үндеме, кейін білерсің – деді. 20. Aлғашында Альфред Нобель салалар тізімін жасағанда, оған математиканы да кіргізген екен, бірақ кейін оның орнына бейбітшілік саласын қосады. Құрмалас сөйлемнің түрі A) Қимыл сын бағыныңқылы сабақтас B) Аралас құрмалас C) Шартты бағыныңқылы сабақтыс D) Қарсылықты салалас &&& Жаһандану дәуірінде ұлттық сананы қалай қалыптастырамыз? 1. Қазір барлық мемлекеттер жаһандану жағдайына бейімделіп күн кешуде. Бұл дегеніміз – батыстық өркениетті меңгеру жолында ұлттың төл тарихы мен мәдениетін жоғалту қаупі бар деген сөз. Батыстың білімі, ғылымы, технологиясы біздерге қажет-ақ, бірақ шамадан тыс еліктеу дәстүрлі тәрбиелік, адамгершілік құндылықтардан айырады. Сондықтан жаһандануды әрбір ұлт немесе мемлекет өз болмысына қарай бейімдеп сіңіре алса қауіпсіз болары анық. 2. Елбасы жаһандану жайлы былай дейді: «Жаһанданудың екі түрі бар. Бірі – неолиберализм. Бұл бағытта шикізат пен жоғарғы технологиялық өнімдердің бағасының теңдігі сақталмауы арқылы, мемлекеттердің бай және кедей болып екіге жарылуы жүзеге асады. Бұндай жаһандану адамзаттың үстем бөлігінің кедейшілік пен қараңғылықтан шығуына жол бермейді. Жаһанданудың екінші түрі – мемлекеттер, халықтар, діндер арасындағы ашық пікір алмасу мен тең қатынас арқылы әркімнің өз даму жолын таңдауына, әлемдік нарық жағдайында өз үлесін әділ алып отыруына, қай елде тұратынына қарамастан адамдардың теңдігі сақталуына қол жеткізеді». 3. Бүгінгі қазақ ұлты – «Рухани жаңғыру» аясында «Мәңгілік ел» ұлттық идеясымен қаруланған тәуелсіз ел. Қоғамдағы жастардың таным-түсінігі мүлде басқаша. Олар өздері қалаған ісімен айналысып, еркін әрекет ете алады. Тіпті ұлттың құрамы ала-құла, яғни отбасының құрамы ала-құла болған соң, тілі де біркелкі емес. Кез келген мемлекеттің дамып, гүлденуіне көзі ашық, көкірегі ояу білімді ұрпақ болуы шарт. Білімді ұрпақ дегеніміз – инновациялық терең білім алған, технологиялар әлемінде қабілетті, тарихы мен мәдениетін ұғынған, тілі мен дінін сақтаған рухани таза ұлттың ұрпағы. 4. Рухы мен мәдениеті биік, білімі терең ұлт жаһандану деген алып мұхитта өз келбетін жоғалтпайды. Ондай ұлттың да, мемлекеттің де болашағы жарқын болатыны сөзсіз. Ж.Н.Кожахметова, ҚР ҚДМ ҚКК Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының ғылыми хатшысы 21. Елбасы пікірі бойынша жаһанданудың теріс жағы A) Мемлекеттер бай не кедей болып қалады B) Әлемдік нарықта өз үлесін алады C) Адамдардың теңдігі сақталады D) Халықтар ашық пікір алмаса алады 22. Мәтіннен тыс ақпарат A) Жаһанданудың қауіп-қатері B) «Мәңгілік ел» – ұлттық идея C) Жаһанданудың негізгі түрлері D) Жаһанданудың өнерге әсері 23. Мәтіннің стилі A) дәріс B) роман C) мақала D) ақпар E) қаулы 24. Жаһанданудың түрлері туралы айтылатын азатжол A) 1 B) 3 C) 4 D) 2 25. Жаһандануда өз келбетін жоғалтпайтын ұлт A) адамгершілігі жоғары B) дінін сақтаған C) рухы биік D) қабілетті 26. Iлгерінді ықпалды сөз(-дер) A) добы B) адамнан C) сабы D) жазға E) күрегі F) тастан 27. Cинонимдік қатар(-лар) A) жағымсыз, жұғымды, жағымды B) қадірсіз, еріксіз, сөзсіз C) мұнтаздай, кішкентай, мұздай D) қарымды, күшті, қарулы E) тәрбие, тәлім, тағылым F) сүйсіну, сүйінші, сүйікті 28. Cалт етістіктер қатары A) шұлық тоқыды B) етпетіңнен жат C) айтқанға көн D) жайлауға келді E) қымызды сапыр F) жүзіңді жасыр 29. Aнтонимдер қатары A) жоғары-төмен, алыс-беріс B) ажар-көрік, келбет-пішін C) өң-түр, сабырлы-ұстамды D) күн-түн, суық-ыстық E) тез-жылдам, дәм-тағам F) жуан-жіңішке, ұзын-қысқа 30. Tыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді сөйлем(-дер) A) Тортай, сен түбі сол ақ боз атқа мінесің, дедім мен шын көңілмен. B) Одан да Жердегі сияқты жасырынбақ ойнасақ қайтеді? деді Сартай. C) «Мүмкін, менің сөзім ой салар», – деді ол ішінен. D) Мені көріп бұрылды да: – Жүр, ойнайсың ба? – деп дауыстай сөйледі. E) «Ерлік аспаннан түспейді», – дейді Б.Момышұлы. F) Жолдастары Сендердің ұсыныстарың қандай?– деп сұрады. 31. Oмоним бола алатын сөз қатысқан сөйлем(-дер) A) Байтас егінін арықтан суарды. B) Құттықтау сөз Анарға берілді. C) Анардың дәрумендік қасиеті айтылды. D) Жастайынан домбыраның құлағында ойнады. E) Жиналғандар түс мезгілі болғанын білмей қалды. F) Ажардың ақ құба жүзі қызыл өрттей алаулады. 32. Eсімшелі сөйлем(-дер) A) Көрмес көз алдындағыны да көрмес. B) Сая бүгінгі іс-шараны толық көргелі келді. C) Аян мамандығын ерекше жақсы көреді. D) Аят ән жазуды, ән салуды жақсы көретін. E) Шындықты айту – әр адамның борышы. F) Аян бүгін барлық шындықты айтпақ. 33. Eліктеуіш сөзден болған пысықтауыш A) Анасы баласының басынан аялай сипады B) Тілеукен түні бойы елеңдеп ұйықтай алмады. C) Мен ауылға сағынышпен беттеп келемін. D) Кішкентай бала топ-топ басып келеді. E) Қырман басында электр жарығы жарқырайды. F) Бұл сөзге Алтай аға кеңк-кеңк күлді. 34. Зат есімнен жасалған туынды етістік(-тер) A) қамшылама B) екеулеме C) төмендеме D) арқандама E) ойлама F) ақтама 35. Kөсемше тұлғалы пысықтауыш қатысқан сөйлем(-дер) A) Айнала жұрт оның айтқан сөзіне қатты сүйсінді. B) Қырман басынан электр жарығы жымыңдайды. C) Шешесі баласының бетінен мейірлене сипады. D) Күні бүгінге дейін елдің жаз жайлауы – Қарақұм. E) – Қандай іс? – деп, Абай да жігітке қадала қарап тұр. F) Сол күні Тілеуқабыл түні бойы ұйықтай алмады.
|