БЖБ. 2 т №1 БЖБ 7кл. аза тілі мен дебиет пні 7сынып оушысы
Скачать 33.87 Kb.
|
Қазақ тілі мен әдебиет пәні 7сынып оқушысы: _____________________________________________________ «Қазақстанның ежелгі қалалары» ІІ тоқсан №1 БЖБ Оқылым 1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, зат есім+етістік сөз тіркестерін теріп, сөйлем құрастыру Ұлы Жібек жолы Байырғы заманда жердің түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда жүргізген. Алғашында ол қажетті заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары, азық-түлік және басқа да тауарлармен алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда-саттық басталып, базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды. Ұлы Жібек жолының Қазақстан жерінен өткен жолы Сауран қаласы болды. Қазақстан жеріндегі орта ғасырдағы ірі қалалардың бірі. Жібек жолындағы тағы бір тарихи қала – Иасы, кейіннен Түркістан атанған. Түркістан ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Қожа Ахмет Иассауидің кесене ғимараты – бүкіл Орта Азиядағы сәулет өнерінің керемет үлгісі болып табылады. Жібек жолындағы даңқты қалалардың бірі Отырар еді. Бүкіл Шығысқа аты әйгілі қала ең алғаш Фараб деп аталды. Әл Фараби атанған ұлы ғалым Әбу Насыр Ибн Мұхаммед шыққан қала.
2-тапсырма . Мәтін бойынша кестедегі ақпараттың дұрыстығын тексер
Жазылым. 3-тапсырма . Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырып жаз Өте ерте кездері Қытайдан бастап Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты пайда болған. Тек ХІХ ғасырда ғана бұл жолдың атауын неміс географы Фердинанд фон Рихтгофен қолданысқа енгізген екен. «Ұлы Жібек жолы» - адамзат өркениетінің тарихи ескерткіштердің бірі. Жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты Қытайдан шығарылатын жібек мата себеп болды. Бұл жол Еуропа мен Азияның - Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырған көпір жолы болған. Бұл жолдың басым бөлігі Орта Азия мен Қазақстан жерінің үстімен өтті. Жол Қытайдан басталып, Қазақстанның ежелгі қалалары - Түркістан, Қашғар, Жетісу, Сырдарияны жағалап, Арал маңынан әрі қарай Батыс елдеріне өткен. Жібек мата, былғары, темір, фарфордан жасалған тұрмыстық бұйымдар мен қару-жарақтар, киім-кешек, шабдолы, өрік сияқты жемістер керуен арқылы сауда үшін тасымалданған. Қазіргі күні Қазақстан мен Қытай елдерінің арасында ынтымақтастығын бекіту үшін конференциялар, жобалар ұйымдастырылып жатыр. Оның басты мақсаты - Қазақстан мен Қытай арасындағы Ұлы Жібек жолының қайта жаңғырту. 4-тапсырма. Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдау. Байырғы заманда жердің түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда жүргізген. Қазіргі кезде тұмар өз міндетін жоғалтпай, ұлттық сыйлықтық, сувенир, сәндік қатарына енді. Қазақ тілі мен әдебиет пәні «Қазақстанның ежелгі қалалары» ІІ тоқсан №1 БЖБ
7сынып Қазақ тілі мен әдебиет пәні Қазақстанның ежелгі қалалары ІІ тоқсан №1 БЖБ ІІ-нұсқа Сынып:-------- Аты-жөні:------------------------------------------------------- Оқылым. 1-тапсырма . Мәтіннен сөз тіркестерін теріп жазу Бойтұмар тарихы Қазақ халқының күнделікті өмірінде тұмардың орны бөлек. Халық тұжырымында "көз тию" яғни "кінәрат" деген түсінік кең тараған және оған халық сеніп келген. Тұмардың қасиеті өзге жанның сұқ көзінен сақтап, сәбиді тілден, түрлі пәлекеттерден сақтайды және жақсы атқа да, жас балаға да, сүтті сиырға да көз тиеді деген ұғымнан туса керек. Бұл ырым қазірде бізбен бітесе жалғасып келеді. Тұмар негізінен теріден не матадан істеліп, арасына Құран сүресінен аяттар жазылған. Кейде зергерлер әшекейлеп темірден, күмістен құты жасаған. Исламға дейін тұмардың ішіне тұз, пияз, аюдың, иттің жүнін салған. Тілден, көзден әр түрлі пәлекеттерден сақтайтын тұмарлардың түрі көп болып, бірі ауру адамға тағылса, бірі әйелдерге, қыздарға, жас балаларға тағылған. Қазіргі кезде тұмар өз міндетін жоғалтпай, ұлттық сыйлықтық, сувенир, сәндік қатарына енді.
(2) Жазылымү 2-тапсырма. Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдау. Бойтұмар тарихы Қазақ халқының күнделікті өмірінде тұмардың орны бөлек. Кейіннен ақшаға сауда-саттық басталып, базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды. ( 2) 3-тапсырма Мәтінді мұқият оқып, берілген сөздерді қолдана , сөйлем құрастыру Ұлы Жібек жолы Байырғы заманда жердің түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда жүргізген. Алғашында ол қажетті заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары, азық-түлік және басқа да тауарлармен алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда-саттық басталып, базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды. Ұлы Жібек жолының Қазақстан жерінен өткен жолы Сауран қаласы болды. Қазақстан жеріндегі орта ғасырдағы ірі қалалардың бірі. Жібек жолындағы тағы бір тарихи қала – Иасы, кейіннен Түркістан атанған. Түркістан ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Қожа Ахмет Иассауидің кесене ғимараты – бүкіл Орта Азиядағы сәулет өнерінің керемет үлгісі болып табылады. Жібек жолындағы даңқты қалалардың бірі Отырар еді. Бүкіл Шығысқа аты әйгілі қала ең алғаш Фараб деп аталды. Әл Фараби атанған ұлы ғалым Әбу Насыр Ибн Мұхаммед шыққан қала.
(2) 4-тапсырма . Мәтін бойынша кестедегі ақпараттың дұрыстығын тексер
(1)
|