Главная страница
Навигация по странице:

  • Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мұғалжар ауданы, Қаз ССР 30 жылдығы атындағы НОМ

  • кітап мақала (1). аза тілі мен дебиеті пні малімі Малжар ауданы, аз сср 30 жылдыы атындаы ном


    Скачать 17.54 Kb.
    Названиеаза тілі мен дебиеті пні малімі Малжар ауданы, аз сср 30 жылдыы атындаы ном
    Дата09.10.2022
    Размер17.54 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлакітап мақала (1).docx
    ТипДокументы
    #723209

    БАЛАЛАРДЫ КІТАП ОҚУҒА БАУЛУ

    Мақала авторы: Сарсенгалиева Акмарал Сагинтаевна

    Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

    Мұғалжар ауданы, Қаз ССР 30 жылдығы атындағы НОМ

    Бүгіндегі жастарға оқу міндет,

    Тек қана оқуменен өнер білмек...

    Жалғыз ғана оқуменен теңелмейсің,

    Алты ауыз азғын болсаң қоян жүрек.

    Сұлтанмахмұт Торайғыров

    Оқушыларға сапалы білім беру, біліммен қоса тәрбие де беру кез келген ұстаздың басты міндеті. Өз мамандығына сүйіспеншілікпен қарайтын әр мұғалім тек ғана білім беріп қоймай, олардың ой өрісін дамыту үшін барын салады.

    Бала кітап оқу арқылы уақытын тиімді пайдаланып ғана қоймай, адамгершілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, шындық, адалдық, үлкендерді құрметтей білу сияқты асыл қасиеттерді бойына сіңіреді. Балалар кітапты көбірек оқу үшін олардың кітапқа махаббатын ашуымыз керек. Иә, қазіргі балалардың қызығушылығы компьютерлік ойындар мен смартфондарға байланған заманда оларды кітапқа қызықтыру оңай шаруа емес. Дегенмен, балаларға кітап әлемін сыйлауға қашан да бізге мүмкіндік бар. Бұл шаруаны бастау үшін ең алдымен ата-аналармен жұмыс жасағанымыз абзал. Балалар 1 жасқа толар толмастан бастап қазіргі ата-аналар қолына телефон ұстатады. Біз бұнын орнын кітап ұстатумен алмастырсақ болады. Бала кітапқа бола уана қоймасы түсінікті жағдай. Бірақ, біз баланы жұбатамыз деп смартфон ұстатқан сайын жағдайды күрделендіреміз. Сол себепті, біз тәрбиені бала кішкентай кезінен-ақ бастауымыз қажет.

    «Асыл арна» телеарнасының директоры, айтыскер-ақын Мұхаммеджан Тазабек «Балаңды тәрбиелеп әуре болма, балаң бәрібір өзіне ұқсайды, алдымен өзіңді тәрбиеле» деген сөзді жиі айтады. Шынымен, ата-анасының күнде телефонға телміргенін көрген бала да телефонға қызықпай қайда барады?! Алдымен біз өзімізбен жұмыс жасап, өзіміз газет-журналдарды оқысақ, бала да бізден үлгі алатын еді.

    Иә, кез келген кітапқа бала қызыға бермейді. Балаларға қандай материалдар қызық болатынын біз де ойластырып, оларға ұсынатын болсақ мақсатымызға біраз жақындаймыз. Мысалы, көбісі білетін «Айгөлек», «Балдырған», «Мөлдір бұлақ», «Ақ желкен» журналдарын алып, оқып отырса, баланың білімі мен танымы талабына сай болады. Бұл журналдардардың безендірілуі, ішіндегі қызықты ақпараттары баланың құлшынысын арттырады деп санаймын.

    Немістің ұлы ақыны Гете: «Көкірегі ашық адам оқи білуді үйренудің қаншалықты қиын екенін біледі, мен бұған сексен жыл өмірімді арнадым, бірақ әлі кітап оқуды толық үйрендім деп айта алмаймын» деген екен. Балаға кітап оқуды үйретудің алғы шарттары:

    1. Кітаптың құдіретін ұғындыру. Оны жыртпауға, тік отырып оқуға үйрету. Авторының кім, не жайында, қай жылы, қайдан шыққаны туралы білуі шарт.

    2. Кітапты түсінбей құр оқудан сақтандыру керек, талғап оқуға, оған көзқарасын білдіре алуға, қысқаша фабула жазуға үйрету. Фабула - баяндалатын оқиғалар желісінің қысқаша мазмұны.

    3. Оқыған кітабының ішінде түсінбеген сөзді не мақал - мәтелдерді, не дәйек сөздерді теріп жазып алуға арнайы дәптер аштыру керек.

    Кез келген баланың үлкен арманы, қиялы болады. Ұл балалар өскенде қымбат көлікпен жүргісі келеді, қыз бала бағалы киімдерді киіп, сұлу болып жүргісі келеді. Міне, осы балалардың арманы арқылы біз оларды кітап оқуға шақыра аламыз. Балаларға «Сен болашақта қымбат көлік жүргізгің келе ме? Ол үшін сен білімді болуың керек. Ал, білім ол – кітапта. Білімді болсаң, табысы жақсы жұмыс істейсің, табысын жоғары болса қымбат көлік алуға жағдайын болады» деп оларға мотивация беру арқылы кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттырамыз.

    Бала уақытының тағы біраз бөлігі мектепте өтеді. Ал, мектепте балалар кітап оқитын орын – кітапхана. Кітапхана арқылы көптеген іс-шаралар, сайыстар жүргізіп, жеңімпаздарға сыйлықтар ұсынсақ балалар кітап оқуды бастайды. Мысалы, әр аптада бір кітап оқу үшін, кітапхана бір аптаны «Балалық шаққа саяхат» деп атайды. Осы апта бойы балалар Бердібек Соқпақбаевтың осы бір кітабын оқиды. Апта аяқталғанда осы кітап желісі бойынша тест өткізіп, болмаса викторина сияқты сайыс ұйымдастырып, жеңімпаздарды сыйлықтармен қуантамыз. Балалар жалықпас үшін сайыстың құрылымын өзгертіп тұрса болады. Осы аптада тест болса келесі апта ауызша өткізілуі керек.

    Балаларды кітап оқуға шақырумен барлығымыз ұмтылуымыз қажет. Бұл тек кітапханашы мен мұғалімнің жұмысы емес. Ол ата-ананы, сынып жетекшіні де толғандыруы керек. Ұлы тұлғамыз Абайдың да осы дәрежеге жетуіне ансы Ұлжан мен әжесі Зеренің тигізген әсері мол. Абайға күн сайын анасы мен әжесінің ертегі, түрлі әңгімелер айтып беруі сияқты қазіргі әжелер мен аналар да балаларына кітап оқып берсе нұр үстіне нұр болар еді. Тіпті, уақытымыз жоқ деген күннің өзінде бала ұйықтар алдында 10-15 минут қысқа ертегі немесе әңгімені дауыстап оқып берсеңіз және бұл күнделікті қайталанса бала көргенін қайталайды ғой. Кейін оған да іні-қарындастарына кітап оқып беруді ұсыныңыз. Оқып болған соң бірге сол ертегіні талқылап, өз ойларын білдіретін болса оны тереңінен түсініп, есінде қалатын болады. Міне, осылайша барлығымыз жұмыла ат салысайық. Балалардың рухани байлығын, мәдениетін дамыту өз қолымызда.

    Сөзімді қортындылайтын болсам, танымал академик те, ғалым да, қаншама басшылар да мектептегі ұстаздан білім алып шығады. Алдымызда отырған кез келген оқушы болашақта еліміздің атын шығарар тұлға болуы мүмкін. Оқушыларымыздың болашақта биік белестерге шығуына біз де үлес қоса аламыз. Осы орайда, ұстаз ретінде біздің міндетіміз балаларды кітап оқуға, білімге деген талпыныстарын ояту.

    Әдебиеттер тізімі:

    1. М.Кесебаев «Жылдам оқу» кітабы;

    2. Ә.Исламбек «Оқырман әліпбиі» кітабы;

    3. С.Торайғыров шығармалар жинағы;


    написать администратору сайта