Главная страница
Навигация по странице:

  • КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

  • км.гр Курстық жұмыс 1. азастан Республикасы білім жне ылым министірлігі . Саынов атындаы араанды техникалы университеті


    Скачать 1.9 Mb.
    Названиеазастан Республикасы білім жне ылым министірлігі . Саынов атындаы араанды техникалы университеті
    Анкорtrgtgrgrtgtggt
    Дата23.04.2022
    Размер1.9 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлакм.гр Курстық жұмыс 1.docx
    ТипДокументы
    #491904

    Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі

    Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті

    Факультет «Ақпараттық технологиялар»

    Кафедра «Ақпараттық – есептеуіш жүйелер»

    Мамандық «Есептеу техникасы және бағдарламалалық қамтамасыз ету»
    КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

    Пән: Графикалық бейнелерді құру әдістері мен құралдары

    Тақырып:


    Орындаған: ВТ 21-1с тобы студенті

    Камиев Н.Б

    Тексерген: аға оқытушы

    Мухаметжанова Б.О


    2022

    Жоспар

    I Кіріспе

    II Негізгі бөлім



    1 AutoCAD графикалық жүйесі 3

    1.1 АЖЖ туралы жалпы мәліметтер 4

    1.2 АЖЖ-нің артықшылықтары 5

    1.3 Компьютерлік графика 6

    1.4AutoCAD жайлы негізгі мәліметтер 7

    2 AutoCAD-та сызбаның құрылу принципі 9

    2.1 AutoCAD примитивтері 9

    2.2 AutoCAD тышқанын қолдануға арналған терминдер 10

    2.3 AutoCAD жүйесін іске қосу 11

    3 AutoCAD та жұмыс 13

    III Қорытынды

    VI Пайдаланған әдебиеттер тізімі

    V Қосымша

    Кіріспе
    Қазіргі кезде геометриялық модельдеудің көптеген графикалық редакторлары мен бағдарламалары бар. Autodesk компаниясы – конструкторлар, дизайнерлер, архитекторлар үшін автоматты жобалау және бағдарламалық қамту жүйелерін өндірушілердің жетекшілерінің бірі болып табылады. Осы компания жасаған AutoCAD жүйесі әлемдегі автоматты жобалау жүйелерін бағдарламамен қамту платформасы болып табылады. AutoCAD бір жағынан, қуаты және икемділігімен сипатталады, ал екінші жағынан - ең жоғарғы өнімділікте асқан дәлдікпен жұмыс атқара алатындығымен сипатталады. Бұл толығымен кеңейтуге болатын, кез келген жағдайға бейімделе алатын жүйені барлық салаларда қолдануға болады. Оның көмегімен сәулет және құрылыс саласында, машинажасауда, геодезия және тағы басқа салаларда әртүрлі күрделілік дәрежесіндегі екіөлшемді және үшөлшемді жобалар жасалады. AutoCAD-та де-факто мәліметтерді сақтау форматы жобалық құжаттарды сақтаудың және тасымалдаудың халықаралық стандарты болып танылған. AutoCAD бағдарламасы жобалық құжаттарды құрауды, шығаруды қарапайым және тиімді етеді. Тіліктер мен жазық түрлерді жасаудың жаңа функцияларын қолдана отырып, сапалы құжаттар жиынын тез арада алуға болады. Сіздер жасайсыздар, зерттейсіздер, басқарасыздар немесе өзара қарымқатынасты жолға қоясыздар, ал AutoCAD сіздің уақытыңызды, бюджетіңізді үнемдейді, қателіктер жіберуді болдырмайды.

    AutoCAD нұсқасы – алға аттаудың тағы бір қадамы болды, екі өлшемді суреттеуде де, сол сияқты үш өлшемді модельдеуде. AutoCAD ең қолайлы «электронды кульман» болып шықты. Мұндай суреттеудің үлкен артықшылығы сызбалардың электронды архивін реттеуге мүмкіншілігі болып саналады. AutoCAD жүйесінде құрылған әр суретті жеңіл өзгертуге болады, бұдан сызбаларды тең құруға – сызба бойынша аналогтарды – прототип бойынша болады. AutoCAD жүйесі тек сызба үшін емес, сол сияқты үш өлшемді модельдерді жасауға болады, сондай-ақ Интернет торабымен байланысты қамтамасыз етеді. AutoCAD жүйесінің мүмкіндік спектрі өте кең, олар бұл бағдарламаны керекті де танымал етіп жасайды. Оны күрделі сызбалық жұмысты орындау кезінде қолдануға болады, сол сияқты кең және әр түрлі курстық жұмыстарды қолдануға болады. Берілген бағдарламаны білетін тәлімгер, ол өзі жұмыс істей алады, сондай-ақ одан да сапалы, дәл сызбаларды жасауға мүмкіндігі бар.

    Үлкен және көп көлемді жұмыстарды жасау мүмкіндігі сапалы басқа деңгейге шығаруға болады зерттеулік, онда есепті бөлімі Excel орындалса, ал сызбалық – AutoCAD. Курстық жұмыстарды орындаған кезде әр түрлі суреттерді, сызбаларды, сызуларды AutoCAD тан Word-қа және Excel-ге қойған ең қолайлы. AutoCAD – бұл әмбебап сызулық жүйе, ол механизм бөлшектерін жобалайды, ғимараттардың жобаларын құрастырады, аймақтық жоспарларымен жұмыс істейді, киім мен аяқ-кешекті құрылымдайды, дизайн жұмыстарын орындайды.

    1 AutoCAD графикалық жүйесі
    Инженерлік және компьютерлік графика инженерлік қызмет аясында сызба, кеңістіктік модельдер, көрнекі кескіндер, схемалар және тағы да басқа графикалық модельдерді қазіргі заманғы компьютерлік технологияларды қолдану арқылы салуды қарастырады.

    1.1 АЖЖ туралы жалпы мәліметтер
    Қазіргі заманғы техника деңгейі дербес компьютерде автоматты жобалау жүйелерінің (АЖЖ) негізін білуді қажет етеді. АЖЖ – дегеніміз есептеу техникасының базасында заман ағымына сай жобалық-конструкторлық құжаттарды жасау үрдісін автоматтандыра алатын жүйе. АЖЖ – мынадай қамту түрлері бар күрделі құрылым:

    - әдістемелік;

    - математикалық;

    - бағдарламалық;

    - техникалық;

    - лингвистикалық;

    - ақпараттық;

    - ұйымдастырушылық.

    Әдістемелік қамтамасыз ету (ӘҚ)– АЖЖ-нің қызмет жасау технологиясының, нақты нәтижелер алудағы технологиялық тәсілдерді таңдау және пайдаланушылармен қолдану әдістерінің түсініктемесі. Жобалау объектілерінде орын алатын үрдістер теориясын, жүйелерді талдау, синтездеу әдістерін, жобалаудың түрлі әдістемелерін қамтиды. Әдістемелек қамтамасыз етуге математикалық және лингвистикалық камтамасыз етулерін жатқызуға болады.

    Математикалық қамтамасыз ету (МҚ) – автоматтандырылған жобалау есептерін шешуде пайдаланатын математикалық әдістер, моделдер және алгоритмдер жинағы. Қажеттілігі және жүзеге асыру амалы бойынша екіге бөлінеді:

    - математикалық әдістер және соларға құрылған математикалық моделдер;

    - автоматтандырылған жобалау технологиясының қалыптастырылған түсініктемесі.

    Бағдарламалық қамтамасыз ету (БҚ) жалпыжүйелік және қолданбалы түрлеріне бөлінеді:

    - қолданбалы БҚ жобалық процедураларды тікелей орындау үшін математикалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Қолданбалы бағдарламалар пакеттері түрінде іске асырылады. Анықталған жобалау сатыларына қызмет жасайды немесе түрлі сатылар ішіндегі біртипті есептер тобын (құбырларды жобалау модулдері, схематехникалық моделдеу пакеттері, жобалаудың геометриялық шешімдері) шешу үшін қажет;

    - жалпыжүйелік БҚ техникалық қамтамасыз ету құрамдастарын және қолданбалы бағдарламалардың қызметін қамтамасыз етуді басқару үшін қажет. Жалпыжүйелік БҚ құрамдасының мысалы ретінде операциялық жүйені қарастыруға болады.

    Техникалық қамтамасыз ету (ТҚ) – бір бірімен байланысқан және өзара қимыл жасайтын техникалық құралдар жинағы (ЭЕМ, перифериялық құрылғылар, желілік жабдықтар, байланыс тізбектері, өлшеу құралдары).

    Лингвистикалық қамтамасыз ету (ЛҚ) – жобаланатын объект, жобалау үрдісі және құралдары жөнінде ақпарат беру үшін АЖЖ-де пайдаланатын тілдер жиынтығы. Сонымен қатар, жобалаушы және ЭЕМ арасындағы сұхбатты және АЖЖ техникалық құралдары арасындағы мәліметтер алмасуды іске асырады. Табиғи тілдің терминдерін, анықтамаларын, қалыптастыру ережелерін, нығыздау және ашу әдістерін қамтиды.

    Ақпараттық қамтамасыз ету (АҚ)– жобалауды орындау үшін қажет деректер жинағы. Стандартты жобалық процедуралар түсініктемесінен, типтік жобалық шешімдерден, жасақтаушы бұйымдардан және солардың моделдерінен, жобалау ережелерінен және нормаларынан тұрады. АЖЖ АҚ негізгі бөлігі – мәліметтер базасы.

    Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету (ҰҚ) – жобалау ұйымының құрамын, бөлімдері арасындағы байланысты, автоматтандыру объектісі мен жүйесінің құрылымын, жүйе қызметінің шарттарын, жобалау нәтижелерін көрсету пішімдерін және т.б. анықтайтын құжаттар жинағы. Ол құжаттарға штаттық кесте, қызметтік нұсқаулар, пайдалану ережелері, бұйрықтар, ұсыныстар және т.б. жатады.

    Жобалаудың дәстүрлі әдістерінде уақыттың 70% сызба-графикалық жұмыстарды орындауға, ал қалған 30% ғана творчестволық үрдіс қалады. АЖЖ қазіргі заманғы құралдары конструкторға негізгі уақытын құрау жұмыстарына арнауға мүмкіндік береді, ал сызбаны көркемдеу, қатты көшірмелерін жасау, архивтар ұйымдастыру және жүргізу секілді операцияларды ЭЕМ-ға жүктейді.

    1.2 АЖЖ-нің артықшылықтары
    АЖЖ-ның артықшылықтары техникалық ұсыныстан қатты көшірме (сызбалар) алғанға дейін кешенді жобалау мүмкіншілігінде, сол секілді сызбафайлдарын өндірісті технологиялық дайындауда қолдануында. Сонымен қатар, графикалық ақпаратқа тез жету, экранда барлық сызбаны, оның жекелеген бөліктерін, немесе екеуін бірге көрсете алу, конструкторлық сызбаларды жасауға, оларды асқан дәлдікпен редакциялауға және жоғары сапамен орындауға жол ашады. АЖЖ қолдану жобалаудың барлық кезеңдерін және өндірісті дайындауды тиімділейді. Бұл құжаттарды рәсімдеуді автоматтандыру, қатарлас жобалау технологиясын пайдалану, жобалау шешімдерін, деректерді және атқарымдарлы қайта пайдалану, макеттеуді математикалық моделдеумен ауыстыру арқасында іске асырылады. Екіөлшемді және үшөлшемді ортада АЖЖ-н пайдаланып жобалау түрлі салаларда қолдануын табады.
    1.3 Компьютерлік графика
    Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы.

    Компьютерлік графика :

    1) Екі өлшемді графика

    2) Үш өлшемді графика болып бөлінеді.

    Екі өлшемді графикаға: растрлық, векторлық және фракталдық.

    Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет.Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады.Өңдеу редакторлары: Adobe Photoshop, Corel PhotoPaint.

    Фракталды графиканың жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге емес,програмалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз .

    Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы. Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Векторлық кескіндер СorelDRAW, Adobe illustrator секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.

    Үш өлшемді графика: Үш өлшемді графика (3D Graphics) — көлемді объектілерді бейнелеуге арналған тәсілдер мен құралдардың жиынтығынан тұратын компьютерлік графиканың бөлімі.Үш өлшемді графикамен жұмыс істеуге арналған бағдарламалар: - 3D Studio MAX 5; - AutoCAD; - Компас;

    Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға бөлінеді:

    • Ғылыми графика. Алғашқы компьютерлер тек ғылыми және өндірістік есептерді шығару үшін қолданылды. Есептерден шыққан нәтижелерді дұрыс түсіну үшін оларды графикалық тұрғыда өңдеп, графиктер, мен диаграммалар, сызбалар тұрғызған. Машинадағы алғашқы графиктерді символдық режимде басып шығаратын. Кейін сызбалар мен графиктерді қағазға қаламұштың көмегімен сызатын арнайы құрылғылар – графиксалғыштар (плоттерлер) пайда болды.

    • Іскерлік графика – қандай да бір мекеме жұмысының көрсеткіштерін көрнекі түрде ұсыну үшін қолданылатын компьютерлік графиканың маңызды саласы. Іскерлік графиканың көмегімен жоспар көрсеткіштерін, есеп құжаттарын, статистикалық есептерді және т. б. объектілерді көрнекі түрде ұсынуға болады. Іскерлік графиканың программалық жабдықтары электронды кестелердің құрамында болады.

    • Конструкторлық графика - инженер - конструкторлардың, архитекторлардың, жаңа техниканы ойлап шығарушы өнертапқыштардың жұмысында қолданылады. Компьютерлік графиканың бұл түрі САПР – дың (систем автоматизации проектирования - жобалауды автоматтандыру жүйесі) міндетті элементі болып табылады. Конструкторлық графика құралдарын пайдалана отырып жазықтықтағы кескіндерді (проекциялар, сызбалар) ғана емес, кеңістіктегі үшөлшемді кескіндерді де жасауға болады.

    • Суреттеу графикасы (көркем графика) - деп компьютер экранында ерікті түрде сурет салу мен сызуды айтады. Суреттеу графикасының пакеттері жалпы мақсатта пайдаланылатын қолданбалы программалық жасақтамалардың қатарына енеді. Суреттеу графикасында қолданылатын қарапайым программалық жабдықтарды графикалық редакторлар деп атайды.

    • Жарнамалық графика – теледидар пайда болғаннан кейін танымал бола бастады. Қазір компьютердің көмегімен жарнамалық роликтер, мультфильмдер, компьютерлік ойындар, видеодәрістер мен видеопрезентациялар жасалады. Оларды жасау үшін қолданылатын графикалық пакеттер осы мақсатта қолданылатын компьютерлердің жады мен жұмыс істеу жылдамдығына үлкен талап қояды.



    1.4AutoCAD жайлы негізгі мәліметтер
    Әлемде АЖЖ – нің міндеттерін үздік орындай алатын жүйелер мен техникалық құралдар көптеп кездеседі. Олардың ішінен қажеттісін таңдау алға қойылған міндеттердің мақсаты мен күрделілігіне байланысты. Бұл жерде конструкторлық құжаттар жасауға арналған AutoCAD автоматты жобалау жүйесі сипатталады. Өзінің табиғаты бойынша бұл графикалық редактор пайдаланушыға сұхбаттық режимде қандай да бір конструкторлық міндеттерді, бірден экран мониторынан оның іс-әрекетінің нәтижесін көрсете отырып шешу мүмкіндігін береді. AutoCAD командалары адам қабылдауына оңай, әрі түсінікті, ал онымен сұхбаттасу әртүрлі менюлер (бас, экрандық, құлайтын, контекстік, графикалық), сұхбаттық терезелер, мәтіндік терезелер, инструменттер панельдері көмегімен іске асырылады. AutoCAD жүйесінде сызба даярлау үшін қажет базалық геометриялық объектілердің – кесінділердің, нүктелердің, шеңберлердің, доғалардың, көпбұрыштардың және тағы басқалардың кең ауқымы келтірілген. AutoCAD командалары және инструменттік құралдары кез келген жобалық жұмыстарды орындауда қолданылатын сызба мен модельдердің дәл, әрі толық кескіндерін алуға мүмкіндік береді. AutoCAD бекітілген стандарт бойынша өлшемдерді қоюдың тез, әрі оңай процедураларын қамтамасыз етеді. Тетікбөлшектің материалын көрсету үшін, жекелеген тетікбөлшектердің немесе функционалды элементтерінің шектерін көрсету үшін AutoCAD штрихтау және түске бояуды басқару сұхбаттық құралдары қарастырылған. Олар алдын-ала берілген штрихтау тәсілдерімен қатар, пайдаланушы ұсынған әдістерді де қолдануға мүмкіндік береді. Штрихтау шекарасы автоматты түрде орнатылады, сол арқылы таңдалған стильді көріп шығуға, сол секілді штрихтау сызықтарының қалыңдығын, көлбеулік бұрышын, штрихтар арасындағы қашықтықты анықтауға болады. AutoCAD қаріптердің кең таңдауын ұсына отырып, мәтіндік ақпаратты енгізудің және оны редакциялаудың әртүрлі тәсілдерін қарастырады. AutoCAD командаларының көмегімен үшөлшемді қатты денелі модельдер жасауға болады, сонымен қатар модельделінетін объектінің көлемін, инерция моментін, салмақ центрінің орнын және тағы да басқа физикалық шамаларын есептеуге болады. Сол секілді, дербес компьютерде жұмыс істеп үйренбейінше, информатика және сызу курстарын білмейінше, тіпті AutoCAD жүйесі секілді әмбебап инструментті де үздік меңгеру мүмкін емес.

    2 AutoCAD-та сызбаның құрылу принципі

    AutoCAD жүйесіндегі сызба (сурет) қабат бойынша құрылады, олар бірінің үстіне бірі салынады, оның элементтерін бір бүтінге қосады. Сурет қабатын мөлдір қағазының беттерімен салыстыруға болады. Мысалы, бізде мөлдір қағазының беттері бар: бірінші бетте бөлшек контурының көрінісі көрсетілген, екінші – оның өлшемдері, ал үшіншіде штриховка және т.б. Егер осы үш бетті бірінің үстіне бірін салсақ, онда бөлшек сызбасы толығымен өлшемдер мен штриховкамен жасалады. Мұнда, қабаттар сызбаны құруға қалайлы болу үшін құрылады. Әр қабатта өзінің қасиеттері бар, оларды өзгертуге болады. Қабат аты – қабат аты 31 белгілерден тұрады, оның ішінде әріптер, сандар және арнайы белгілер. Қабат аты пробелдерден тұруы мүмкін емес. Көрініс – қабат көрінетін немесе көрінбейтін болуы мүмкін. Экранда көрінетін және қағазға сызылатын примитивтер, олар тек көрінетін қабатқа жатады, бірақ көрінбейтін қабаттағы примитивтер суреттің бөлше болып саналады және регенерацияға қатысады. Барлық түрлі экрандарда мұздалған/мұздалмаған – қабаттың көрінуін өшірілуін және примитивтердің генерациясынан жойылуын білдіретін мұздалған деп аталады. Мұнда команданың орындалу жылдамдығы көтеріледі: Zoom(көрсету), Pan(Пан). Блокталған/блокталмаған – блокталған қабатта примитивтер көрінеді, бірақ оларды өңдеуге болады. Түсі – берілген қабаттың примитив түсін анықтайды. Сызық түрінің аты – сызық түрін көрсетеді, ол арқылы барлық кесінділер, шеңберлер, оған жататын доғалар сызылады. Ағымды түрлі экрандағы мұздалған/мұздалмаған – статусты өзгертеді, активті балқушы түрлі экрандарда мұздалған/мұздалмаған. Жаңа түрлі экрандағы мұздалған/мұздалмаған – статусты өзгертеді, жаңа пайда болған түрлі экрандардағы мұздалған/мұздалмаған.
    2.1 AutoCAD примитивтері
    АЖЖ міндеттеріне орай, AutoCAD объектілер кескіндерімен емес, объектілердің техникалық кескінін құрайтын геометриялық сипаттамаларымен жұмыс істейді. Мысалы, кесінді екі нүктемен сипатталады, шеңбер центрі және радиусы арқылы сипатталады, доға –центрі, радиусы және центрлік бұрышы арқылы сипатталады. Объектілерді бұлайша бейнелеу векторлық деп аталады. Ол кез келген күрделіліктегі техникалық кескінді жасау үшін жеткілікті. AutoCAD – тың графикалық объектілері графикалық примитивтер деп аталатын, типі бойынша алуан түрлі болып келетін элементтерден құралады. AutoCAD примитивтеріне бірқатар қасиет тән: қабатқа тиістілігі, сызық типі, сызық түсі, салмағы және т.б.

    AutoCAD графикалық редакторы пайдаланушыға примитвтердің белгілі бір жиынын ұсынады.

    Нүкте – әртүрлі графикалық белгілердің көмегімен кескінделетін қарапайым примитив.

    Кесінді – екі шеткі нүктесі арқылы берілетін түзу сызықтың бөлігі.

    Түзу – Түзуге тиісті екі нүкте арқылы берілетін, шексіз ұзын түзу сызық.

    Сәуле – берілген нүктеде басталып, шексіздікке кететін түзу сызық.

    Мультисызық (Мсызық) – параллель сызықтар жиынтығы, олардың әрбіреуінің өз түсіжәне типі болуы мүмкін.

    Шеңбер – центрінен бірдей қашықтықта орналасқан барлық нүктелер.

    Доға – центрі, радиусы және шеңбер бойындағы екі нүктемен анықталатын шеңбер бөлігі.

    Эллипс – үлкен және кіші осьтерін көрсету арқылы салынатын екінші ретті қисық сызық.

    Сплайн – берілген нүктелер жиыны арқылы өтетін тегіс қисық сызық.

    Полисызық – түзусызықты және доғалық сегменттер жиынынан тұратын біртұтас объект түріндегі сызық. Қалаңдығын полисызыққа түгел немесе оның жекелеген сегменттеріне жеке-жеке беруге болады.

    Тіктөртбұрыш – екі қарсы жатқан төбелерін көрсету арқылы беріледі. Сызық қалыңдығы ағымдағы полисызықтың қалыңдығына сәйкес келеді.

    Сақина – ішкі диаметрі, сыртқы диаметрі және центрі арқылы беріледі. Көпбұрыш – шеңберге іштей немесе сырттай сызылған дұрыс көпбұрыш болып салынады. Жақтарының саны – 3 тен 1024 –ке дейін.

    Блок – басқа примитивтерден құралатын, біртұтас объект болып табылатын құрама примитив.

    Өлшемдер – AutoCAD–та сызықтық, радиустық, бұрыштық өлшемдер аттары жоқ арнайы блоктар болып табылады.

    Мәтін – пайдаланушы ұсынатын белгілі бір мәтіндік стилімен сипатталатын жазулар. Бұлардан басқа, бірнеше кеңістіктік примитивтер бар, мысалы, үшөлшемді полисызық, үшөлшемді қыр және т.б.
    2.2 AutoCAD тышқанын қолдануға арналған терминдер
    AutoCAD жүйесінде тышқан көмегімен сызылады (сызбаға сызулық элементтерді енгізу). Тышқанның сол жақ нүктесі, Windows сияқты – нұсқаулар, таңдау баcтырмасы болып саналады. Онымен қолданыла отырып, меню пунктілерін, құралдар панельдерінің пиктограммасын таңдауға болады, сызбаның сызулық элементтерін құрған кезде нүктелерді белгілеуге (көрсетуге) болады.

    AutoCAD тышқанының екі жақ баcтырмасы Windows басқа көптеген нұсқауларында сияқты экранға контекст менюсын шығару үшін қызмет етеді.

    Курсор – экрандағы тышқан көрсетілуі. Курсор түрі оқиғаға байланысты өзгеруі мүмкін және крест, кішкентай тік төртбұрышты (прицел) немесе жебе пішінін қолдана алады.

    Прицел – курсор пішіні (формасы), кішкентай тік төртбұрышты болып келеді. Объекттілерді таңдау кезде экранның сызулық зонасында қолданылады.

    Қиылысу – курсор формасы, екі қиылысатын кесіндіні көрсетеді (тік және горизонталды).

    Көрсету – курсорды сызулық объектте әкеліп және тышқанның сол жақ баcтырмасымен түсіру.

    Басу – тең басып және тышқанның сол жақ баcтырмасын жіберу. Екі рет басу – тең екі басылым орындап, басылым арасындағы интервал ең қысқа болу керек.

    Созу – курсордың орнын ауыстыру, оның соңынан кей сызулық объект жүреді. Басу және созу – тышқанның сол жақ баcтырмасын басып, оны жібермей курсордың орнын ауыстыру, оның соңынан экран бойынша таңдалған объект жүреді.

    Таңдау – меню пунктінде, құралдар панелі пиктограммасында немесе диалог терезесіндегі басқару элементінде басу.

    Пиктограмма – құралдар панеліндегі кішкентай сызулық белгілер.
    2.3 AutoCAD жүйесін іске қосу
    AutoCAD 2021 бағдарламасын орнатқан кезде әдеттегідей жұмыс үстелінде (Desktop) AutoCAD 2021 жарлығы пайда болады, оның көмегімен AutoCAD 2021 іске қосылады. Бағдарламаны іске қосу үшін жарлықтың үстінен екі рет басу керек.

    Бағдарламаны операциялық жүйенің негізгі мәзірінен бастауға болады:

    Бастау (Пуск,Start) түймесін басып, Барлық бағдарламаларды таңдаңыз (Все программы,All Programs) ⇒ Autodesk ⇒ AutoCAD 2021 ⇒ AutoCAD 2021. Бағдарламаны іске қосу басталады, бағдарламаның жұмыс терезесі экранда пайда болады және сіз Бастау (Начало,Start) қойындысын (2.4.1-суретте) көресіз.

    2.3.1 сурет- AutoCAD 2021 бағдарламасының Бастау (Начало,Start) қойындысы
    Бастау (Start) қойындысы үш бөлімнен тұрады: Жұмысты бастау. (Get started), Құжатты қайта жіберу (Resent document) және Хабарландырулар (Notifications). Жұмысты бастау (Get Started) бөлімінде үлгіні таңдауға, файлдарды немесе байланыстырғышты ашуға, интернеттен үлгіні ашуға немесе үлгі сызбаларды көруге болады. Құжатты қайта жіберу (Resent document) бөлімі бұрын өңделген құжатты ашуға мүмкіндік береді. Хабарландырулар (Notifications) бөлімінде бағдарлама әзірлеушілерінің соңғы хабарландырулары көрсетіледі. Жаңа құжатпен жұмыс істеуді бастау үшін Шаблондар (Templates) жолын басып, ашылатын шаблондар тізімінен сызба жасалатын қажетті үлгіні таңдау керек (2.4.2 сурет)

    2.3.2 сурет-Сызба үлгісін таңдау
    AutoCAD 2021 бағдарламалық құралы терезесінің Бастау қойындысының ортасында сіз соңғы рет ашылған файлдарды көрсететін Resent Files файлдар тізімін көресіз. Осы файлдардың біреуінің атын шертсеңіз болғаны, сызба ашылады. Жаңадан жасалған құжатты ашу үшін AutoCAD 2021 бағдарламасының басталу (Start) қойындысының соңғы құжаттар (Resent document) бөлімінде көрсетілетін қажетті эскизін нұқыңыз. Қажетті шаблонды немесе сызбаны таңдағаннан кейін барлық диалогтық терезелер жойылып, AutoCAD 2021 терезесі экранда қалады.


    3 AutoCAD та жұмыс

    AutoCAD-ті іске қосқаннан кейін, соңғы нұсқаларда терезе әрдайым төмендегі суреттегідей пайда болады, ал біз жаңа бос сурет салу үшін сол жақта «Құруды бастау» белгісін шертеміз және жана бет ашылады. Менін жұмысым AutoCAD бағдарламасында 3d кескінінде үшөлшемді кеңістіктегі нысанды моделдеу.



    3.1 сурет – Нысан

    Ен алдымен аспаптар панельінен төртбұрыш тандап сызып аламыз. Объекттер қасиеттерідеген жерде төртбұрыштіге ені 80 см, ұзундығы 100 см, биіктігі 35см өлшемдерді береміз.

    3.2 сурет – Төртбұрыш

    Кейін конус яғни диаметрі 80, биіктігі 50 см болатын шеңбер ызамыз. Және оны 3.3 суреттегіндей төртбұрышпен біріктіребіз.

    3.3 сурет – Дөнгелек
    Осы дөңгелектің ішін 50 см квадрат болатын, биіктігі 15см қылып кесеміз

    3.4 сурет – Дөнгелектін ішін квадрат кылып кию

    Сол киган квадрадтын ішінен диаметрі 30 болатын шенбер сызып оны табанына деиин қиямыз.


    3.5, 3.6 сурет – Детальды кесу (тесу)

    Қорытынды
    Қазіргі таңда AutoCAD бағдарламалық графикалық жүйесі әлемдік нарықтың барлық талаптарын қанағаттандыруда. Сол себепті бағдарламаның қолдану сферасы кең. Аталмыш бағдарламалық қамсыздандыру еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұрын-соңды болмаған жобаларды жүзеге асыруға жағдай жасайды. Технология саласында жұмыс жасайтын болашақ мамандарды даярлау барысында жоғарғы оқу орындарында бағдарламаны игеру үшін арнайы дәрістер жүргізіледі. Бұл бағдарламаны жетік меңгерген және әртүрлі жобаларды жасауға қабілетті мамандарды даярлауға жағдай жасайды

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


    1. ttps://zaochnik-com.ru

    2. https://vyuchit.work

    3. https://ru.wikipedia.org/wiki/AutoCAD

    4. AutoCAD 2012 “Библия пользователя”, Эллен Финкельштейн,

    5. СП 2004

    6. AutoCAD 2012 “Энциклопедия”, Джеймс Лич, СП 2002

    7. AutoCAD 2012 “Практический курс”, А. Федоренков, К. Басов, М AutoCAD 2000 “Для начинающих”, А. Ярвуд, М 2000

    8. В.В.Степанкова., «Методическое пособие по черчению». - Г.Москва:

    9. В.В.Часова., «Техническое черчение в школе». - Г.Москва:

    10. В.И. Погорелов «AutoCAD 2010 Самое необходимое» Б.Х.В-

    11. В.С.Боголов« Черчение», 2000г.

    12. КОМПАС-3D V7: Руководство пользователя. Т. I. – ЗАО

    13. КОМПАС-3D V7: Руководство пользователя. Т. III. – ЗАО

    14. Л.Левковец., «AutoCAD-2009, Базовый курс».

    15. Б.Х.В-Петербург, 2010

    16. Мультимедийный самоучитель TeachPro

    17. Норенков И.П. Основы автоматизированного проектирования: Учебник для ВУЗов.

    18. Основы современных компьютерных технологий: Учебное пособие // Под Симонович С. В., Евсеев Г. А., Алексеев А.

    19. Самоучитель по AutoCAD 2013




    написать администратору сайта