Главная страница

ҚМЖ 10.12. Мектеп Шаан жоббм


Скачать 34.53 Kb.
НазваниеМектеп Шаан жоббм
Дата11.01.2019
Размер34.53 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаҚМЖ 10.12.docx
ТипДокументы
#63288



Қазақ тілі


Сабақ тақырыбы:

Сәулет өнері туралы не білемін? Бастауыш

Мектеп: Шаған ЖОББМ

Күні :

10.12.18ж

Мұғалімнің есімі: Рыскалиева А С

СЫНЫП: 3 сынып

Қатысқандар саны:5

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.4.2.7 - сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату;


Оқу мақсаты:


Барлық оқушылар: Сөйлемнің тұрлаулы мүшесі бастауыш туралы біледі,ажыратады

Оқушылардың басым бөлігі : Сөйлемнің тұрлаулы мүшесі бастауыш туралы біледі , ажыратады,бастауыштың бір сызықпен сызылатын біледі

Кейбір оқушылар: Сөйлемнің тұрлаулы мүшесі бастауыш туралы біледі , ажыратады,бастауыштың бір сызықпен сызылатын біледі,мысалдармен дәлелдейді

Жетістік критерийлері

Сөйлем ішінен сұрақ қойып бастауышты ажыратады

Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық, достық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылым

Бастапқы білім

Сөйлем мүшелері.Бастауыш

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар



Сабақтың басы


Қызығушылықты ояту.

(Ұ) Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Психологиялық тұрақтылық. «Ақ тілек. Әсем күлкі»

Үй тапсырмасын тексеру



Сабақтың

ортасы


(Ұ) «Мақал – сөздің мәйегі». Мақалды жалғастыру. Мақалдың мағынасына талдау жасау. 1. Өнерлі өрге ... (Өнерлі өрге жүзер).

2. Ақыл көпке жеткізер, ... көкке жеткізер (Ақыл көпке жеткізер, Өнер көкке жеткізер).

3. Ілім – іштегі нұр , ... – сыртқа салынған түр. (Ілім – іштегі нұр, Өнер – сыртқа салынған түр).
Оқылым.Хормен (Электронды оқулықтан оқытамын)

Төсегіне күнжатты,

Жердің бетін түн жапты

Маужырады шұң-құздар,

Көзін ашты жұлдыздар

Жылқы жусап далада,

Қой ұйықтады қорада

(Өлеңнен бастауыштарды табады,тексереді)
Топтық жұмыс

Топтың ережесін есімізге түсірейік. Т – талқылаймыз

О – ортақ шешімге келеміз

П – пікірлесеміз

Т – тыңдаймыз

А – ақылдасамыз

(Топ мүшелеріне мәтін беріледі.Мәтінді оқып,әрбір сөйлемнен бастауышты табады,тапқан бастауыштарын кестеге салады, әр топ жұмыстарының дұрыс,бұрысын электронды оқулықпен тексереді)

Біздің ауылға біраз үй көшіп келді.Оларды жұрт қуанып қарсы алды.Күн сайын әр үй қонаққа шақырып,ерулік берді.Домбыра тартылды,ән айтылды.Жұрт бір-бірімен әзілдесіп,көңілді отырды.Монғолиядан көшіп келген туыстарды біз осылайша қарсы алдық.



Кім?

Не?

Сергіту сәті.

Жазылым Көп нүктенің орнына керекті бастауыш мүшені қойып көшіріп жазу. ... үйді тазалады. ... ашылды. Үйдің ... тазарды.Сабақ оқыдық.содан соң ... далаға шықтық.

Керекті сөздер:ауасы, Терезе ,Тоғжан, екеуміз
«Бастауышты табайық» дидактикалық ойын.

.... ұшып кетті. .... жауды. .... көрінді. ... оқыды.

... ойнады. ... келе жатыр. ... күліп отыр. ... жазды.
Жұптық жұмыс

«Ребус шешіп көр» (элек.оқулықтан ребус көрсетіп жұпта шешуін табады)
Үй тапсырмасы. Ребустың шешуінде болған «Ара» сөзіне бес жолды өлең құрастыру.





Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Рефлексия Оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі үшін «Қол белгісі» стратегиясы қолданылады. -Мен бастауыш туралы түсіндім және түсіндіре аламын (қолдың бас бармағын жоғары көтереді). -Мен бастауыш туралы толық түсінбей отырмын (қолдың бас бармағын бір жанына қарай бұрады). -Мен бастауыш туралы түсінгеніме сенімді емеспін (қолды бұлғау).

Денсау - лық және қауіпсіздік техника-

сының сақталуы

Тапсырмаларды орындау барысында қиындық туындаған оқушыға жеке қолдау көрсетіледі.

Оқушылардың жұмыстары мен жауаптары арқылы бағалау

Сергіту сәттерін өткізу


Әдебиеттік оқу


Сабақ тақырыбы:

Әлемнің кереметтері

Мектеп: Шаған ЖОББМ

Күні :

10.12.18ж

Мұғалімнің есімі: Рыскалиева АС

СЫНЫП: 3 сынып

Қатысқандар саны:5

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып сын тұрғысынан бағалап оқу;



Оқу мақсаты:


Барлық оқушылар: шығарманы түсініп оқи алады

Оқушылардың басым бөлігі: шығармадан қажетті ақпаратты таба алады; көркем шығарманы сурет нұсқасымен салыстыра алады.

Кейбір оқушылар: шығармадан қажетті ақпаратты ақпаратты тауып, салыстырады; көркем шығарманы сурет нұсқасымен салыстырып, қорытынды жасайды.

Жетістік критерийлері

-мәтінді түсініп оқиды;

-мәтіннен қажетті ақпаратты тауып оқиды;


Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық, достық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылым

Бастапқы білім

Сәулетті біздің Алматы

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар



Сабақтың басы


Қызығушылықты ояту.

Күлім қағып қолымды, 1, 2, 3 деп соғайын.

Қарап тұрған көршіме Қолымды мен бұлғайын. Жылы-жылы жүзбенен Маңдайынан сипайын. Жылы-жылы сөзбенен Жүрегімді сыйлайын.

Ыстық алақаныммен Қолыңды бір қысайын.

Ойсергек:

«Шынжыр» әдісі арқылы оқушылардан үй тапсырмасын сұрау



Сабақтың

ортасы


Ой қозғау” әдiсi арқылы сұрақ-жауап жүргіземін

-Балалар,әлемнің жеті кереметі дегенді естулерің бар ма?

-Қазақстанның қандай керметтері бар деп ойлайсыңдар?

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру

Көрсетілім

«Сана аллеясы» стратегиясына сүйене отырып, өз білімдерін «Әлемнің жеті кереметі» және «Қазақстанның кереметтері» видеосымен танысу арқылы толықтырады.

(Сұрақ-жауап жүргіземін)
Топтық жұмыс

«Әлемнің 7 және 37 кереметі» атты кітаптан алынған «Вавилонның аспалы бағы» мәтінін «Бағытталған оқу» әдісі бойынша іштей саналы түрде түсініп оқиды.

3-тапсырма (шығармашылық жұмыс)

«Суреттеуші» әдісі бойынша мәтінге сүйене отырып (судың сылдыры, тас төсейді, қамыс жаяды) көркем-бейнелі сөздерді қолданып, бақты сипаттап жазады.

Айтылым 4-тапсырма.Мәтінге сүйеніп аспалы бақтың алғашқы нұсқасын сипаттайды

5-тапсырма «Нұсқаумен оқу» әдісі бойынша берілген жалқы атаулардан сөздік құрастырады және дәптерге жазады. Үлгі: Вавилон-ежелгі мемлекет. Мидия-тарихи аймақ. Ефрат- Батыс Азиядағы ең ірі өзендердің бірі Амитис-Мидия ханының қызы Навуходоносор-ежелгі дәуірде билік жүргізген Вавилон патшасы Семирамида- Вавилонның патша сарайындағы алып құрылыс

Үйге тапсырма. 6-тапсырма

Интербелсенді тақта, оқулық.

Көрсетілім

Оқулық

Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

Кері байланыс бутерброды

1) бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіру;

2) Жағдаяттық мәлімдеме – Маған ұнады ......, себебі ..... Енді/келесі жолы .....





Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?



Денсау - лық және қауіпсіздік техника-

сының сақталуы

Тапсырмаларды орындау барысында қиындық туындаған оқушыға жеке қолдау көрсетіледі.

Оқушылардың жұмыстары мен жауаптары арқылы бағалау

Сергіту сәттерін өткізу


написать администратору сайта