Главная страница

Тесты КАЗ Президент 2022. азастан Республикасы Президентіні кезектен тыс сайлауы бойынша орытынды тест тапсырмалары


Скачать 84.24 Kb.
Названиеазастан Республикасы Президентіні кезектен тыс сайлауы бойынша орытынды тест тапсырмалары
Дата24.01.2023
Размер84.24 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаТесты КАЗ Президент 2022.docx
ТипДокументы
#903236
страница6 из 8
1   2   3   4   5   6   7   8
1   2   3   4   5   6   7   8

сайлау комиссиясының шығып кеткен мүшелерімен телефон арқылы байланысуға және сайлаушының дауыс бермегеніне көз жеткізіп, сайлаушының өтініші негізінде бюллетень беру

4



Сайлаушы бюллетеньді бүлдіріп, басқасын беруді сұрайды. УСК мүшесінің әрекеттері?

сайлаушылар тізіміне тиісті жазба жасай отырып, бүлінгеннің орнына бюллетень беру

сайлаушыдан бюллетеньді ауыстыру туралы жазбаша өтініш жазуды сұрау

басқа бюллетень беруден бас тарту және сайлаушыға бүлінген бюллетеньді жәшікке салуды ұсыну

мәселе заңды түрде реттелмеген

1



Учаскелік сайлау комиссиясы сайлаушының дауыс беру күні келіп түскен ол туралы мәліметтердің қате немесе дәл еместігі туралы жазбаша өтінішін қандай мерзімдерде қарайды?

дауыс беру күні ішінде

растайтын құжаттар болған кезде дереу

дауыс беру күні мұндай өтініштер қаралмайды

дауыс беру күні және тек сот шешімі бойынша

2



Сайлау жәшiктерiнде сайлау бюллетеньдерiнiң бар екенiн немесе жоқ екенiн, жәшiктердiң бүтiндiгiн тексеру, дауыс беруге арналған жәшiктерге пломба салу немесе мөр басу ..... жүргізіледі

заңға сәйкес дауыс беру күні, дауыс беру басталған уақытқа дейін 3 сағат бұрын

дауыс беру басталардан отыз минут бұрын

дауыс беру күнінің алдындағы күні сағат 18-ден кешіктірмей

дауыс беру күні, дауыс беру уақыты тура келгенге дейін

2



Сайлаушы елді мекеннен кете алмау себебінен, дауыс беру құқығын беретін бұрын алған есептен шығару куәлігін алып сайлау күні өз сайлау учаскесіне, дауыс беруге келді. УСК қандай әрекеттер жасайды?

УСК төрағасы есептен шығару куәлігін алып, сайлаушының деректерін қосымша тізімге енгізеді

УСК мүшесі сайлаушыға бюллетень беруден бас тартады және есептен шығару куәлігін алып қояды

УСК мүшесі сайлаушының жазбаша өтініші негізінде есептен шығару куәлігін алып қояды және оған сайлау бюллетенін береді

УСК мүшесі тізімдегі оған есептен шығару куәлігін беру туралы белгі негізінде сайлаушыға бюллетень беруден бас тартады

3



Сайлаушы сайлау күні өз сайлау учаскесіне дауыс беруге келді. Тізімде оған есептен шығару куәлігінің берілгені туралы белгі бар. Алайда сайлаушы есептен шығару куәлігін көрсетпейді. УСК қандай әрекеттер жасайды?

сайлау бюллетені берілмейді

сайлау бюллетені сайлаушының есептен шығару куәлігін жоғалтқаны туралы жазбаша өтініші негізінде беріледі

сайлау бюллетені УСК шешімінің негізінде беріледі

сайлау бюллетені жоғары тұрған АСК-мен келісілгеннен кейін беріледі

1



Егер сайлаушы жасырын дауыс беру кабинасында сайлау бюллетенін қалдырған жағдайда учаскелік сайлау комиссиясы қандай әрекеттер жасайды?

дауыс беруге арналған жәшікке салады

бюллетень пайдаланылмаған деп есептеледі

жеке конвертке буып-түйеді

бюллетень жарамсыз деп танылады және жәшіктерді ашқан кезде жарамсыз бюллетеньдер бумасына салынады

2



Сайлау бюллетеньдері учаскелік сайлау комиссияларына қандай мерзімде жеткізіледі?

сайлауға дейін үш күннен кешіктірмей

сайлауға дейін бір күннен кешіктірмей

сайлауға кемінде бес күн қалғанда

сайлауға кемінде үш күн қалғанда және оған кемінде бір күн қалғанда

4



Ішкі істер органдарының қызметкерлері дауыс беруге арналған үй-жайда бола ала ма?

иә, ішкі істер органдарының қызметкерлері дауыс беруге арналған үй-жайлардың тәртібін қамтамасыз етеді

жоқ, ішкі істер органдарының қызметкерлері дауыс беруге арналған үй-жайда комиссия төрағасының шақыруымен ғана болуы тиіс

жоқ, дауыс беру күні дауыс беруге арналған үй-жайда сайлау процесіне қатысы жоқ бөгде адамдардың болуына тыйым салынады

иә, ішкі істер органдары қызметкерлерінің кез келген үй-жайда кедергісіз болуға құқығы бар

2



Дауыс беру күні дауыс беруге арналған сайлау учаскесі ашылған кезден бастап және дауыс беру нәтижелері анықталғанға дейін сайлау учаскесінде бір мезгілде әрбір кандидаттан қанша сенім білдірілген адам қатысуға құқылы

мұндай шектеулер жоқ

күн бойы үштен көп емес

бір мезгілде әрбір кандидаттан бір-бір сенім білдірілген адамнан

күні бойы біреуі

3



Дауыс беру күнін қоспағанда, учаскелік сайлау комиссияларының жұмыс кестесін кім анықтайды?


тиісті аумақтық сайлау комиссияларының

тиісті жергілікті атқарушы органдар


Орталық сайлау комиссиясымен келісім бойынша тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

1



Дауыс беруге арналған үй-жайда сайлаушылар бюллетеньді қайда толтырады?

дауыс беруге арналған үй-жайдағы кез келген үстел басында


учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері отыратын үстел басында

дауыс беруге арналған кабинада

сайлаушы бюллетеньді тұрғылықты жері бойынша толтырады

3



Дауыс беру қалай жүзеге асырылады?

әрбір сайлаушы жеке өзі дауыс береді

әрбір сайлаушы жеке өзі, сондай-ақ өзінің отбасы мүшесі үшін дауыс береді

әрбір сайлаушы жеке өзі, сондай-ақ басқа сайлаушылар үшін дауыс береді

дұрыс жауап жоқ

1



Дауыс беруге үш күн қалғанда келіп түскен сайлау комиссиясының өтініші бойынша құқық қорғау органдары мән-жайды тексеріп, шешім қабылдауы қанша уақытты алады?

өтінішті алған күннен бастап үш күн ішінде

дауыс беруге дейін үш күннен кешіктірмей

дереу

барлық жауаптар дұрыс

3



Сайлау күнi дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте қоғамдық пiкiрге сауал тыйым салынады ма?

жоқ, тыйым салынбайды

иә, тыйым салынған

жоқ, егер сауал сайлаушылардың дауыс беруіне кедергі жасамаса

жоқ, учаскелік сайлау комиссиясы төрағасының келісімімен

2



Өз бетімен мұны істей алмайтын сайлаушыға бюллетень алуға және толтыруға кім көмектесе алады?

өзі сенетін адам

сайлау комиссиясының мүшесі

байқаушы

дауыс беруге арналған үй-жайдағы кез келген адам

1



Сайлау бюллетенін толтырған кезде сайлаушы қандай белгі қоюы керек?

крест

нүкте

крест немесе нүкте

кез келген белгі

4

«Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруді ұйымдастыру» бөлімі



Сайлаушы шалғай аумақта орналасқан саяжайда болуына байланысты сайлау учаскесінен тыс жерде дауыс беру туралы өтініш берді. УСК қалай әрекет етуі керек?

өтінішті қабылдайды және сайлаушының орналасқан жері бойынша дауыс беруді ұйымдастырады

сайлау комиссиясының алқалық шешімін қабылдайды

өтінішті қабылдаудан бас тарту

шешім қабылдау үшін жоғары тұрған АСК-ға өтініш жіберу

3



Сайлаушы учаскелік сайлау комиссиясына осы сайлау учаскесінің шегінен тыс мекен-жайда тұратын науқас отбасы мүшесінің күтіміне байланысты оған үйде дауыс беруді ұйымдастыру туралы жазбаша өтінішпен жүгінді. УСК әрекеттері?

бұл жер басқа учаскенің аумағы болғандықтан сайлаушының өтінішін қабылдаудан бас тарту

өтінішті қабылдайды және сайлаушының тұрғылықты жері бойынша дауыс беруді ұйымдастырады

сайлаушыны сайлау күні тіркелген жері бойынша сайлау учаскесінде дауыс беруге шақырады

мәселе заңмен реттелмеген

2



Дауыс беру үй-жайынан тыс жерде дауыс беру мүмкіндігін беру туралы жазбаша өтініштер УСК-ға мерзімінде берілуі мүмкін ...

сайлау жарияланған сәттен бастап дауыс беру күні сағат 12-ге дейін

дауыс беру күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 12:00-ден кешіктірмей

учаскелік сайлау комиссияларының тізімдерін алған кезден бастап сайлау күні жиырма сағатқа дейін

сайлаушылар тізімдері танысу үшін берілген күннен бастап сайлау күні сағат 12-ге дейін

4



Дауыс беру күні туған күнін атап өтуіне байланысты сайлаушы дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруге өтініш берді. Ол арызда көрсеткен себепті негізсіз деп тану туралы шешім қабылдануға тиіс

жоғары тұрған АСК отырысында алқалы түрде

УСК отырысында алқалы түрде

өтінішті қабылдаған УСК мүшесінің өзі

УСК төрағасының немесе оның орынбасарының жеке өзі

2



Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруді ұйымдастыру туралы өтінішпен телефон арқылы жүгінген сайлаушыға учаскелік сайлау комиссиясы бас тартты. УСК-ның әрекеті заңды ма?

жоқ, комиссия сайлаушылардың ауызша және жазбаша өтініштерін қабылдауға міндетті

иә, заңды, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс дауыс беру тек жазбаша өтініш негізінде жүзеге асырылады

комиссия дауыс беруді ұйымдастыру кезінде жазбаша растау шартымен ауызша өтінішті қабылдауға міндетті

мәселені комиссия алқалы түрде шешуі керек

2



Дауыс беруді дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс өткізу үшін сайлаушының мекенжайына келген учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері осы мекенжайда тіркелген басқа тұлғаларға дауыс беру мүмкіндігін бере ала ма?

иә, олар сәйкес өтініш жазған жағдайда мүмкін

жоқ, белгіленген негіздер бойынша күндізгі сағат 12-ге дейін өтініш жазылуы тиіс

бас тартады және олармен бірге дауыс беру үшін сайлау учаскесіне баруды ұсынады

иә, егер өтініш беруші қарт адам болса, олар мүмкін

2



Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушы бюллетеньді алғаны туралы қайда қол қояды?

сайлаушылар тізімінен үзінді көшірмеде

сайлау жәшігіне қоса тіркелетін тізімде

сайлау бюллетенінің артқы жағында

сайлаушының өтінішінде

4



Сайлау комиссиясының қанша мүшесі дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруді ұйымдастыру үшін барады?

сайлау комиссиясының екі мүшесі

комиссияның бір мүшесі және бір байқаушы немесе сенім білдірілген адам

сайлау комиссиясының екі мүшесі, байқаушылар немесе сенім білдірілген адамдар

көліктің сыйымдылығына байланысты

1

«Дауыстарды санау, дауыс беру қорытындыларын анықтау» бөлімі



Кеңесші дауыс құқығы бар саяси партияның өкілі УСК төрағасына оны сайлау учаскесінде дауыстарды санауға қатысуға рұқсат беру туралы өтінішпен жүгінді. УСК төрағасының әрекеті?

рұқсат беру, УСК-ның кеңесшi дауыс құқығы бар мүшесi сайлау комиссиясының кез келген iс-әрекетiне қатысуға құқылы

рұқсат бермеу, УСК кеңесші дауыс құқығы бар мүшелерінің дауыстарды санауға қатысуға құқығы жоқ

сайлау күні сайлау учаскесінде кеңесші дауыс құқығы бар УСК мүшелері болмайды

жоғары АСК-мен келісім бойынша рұқсат етіледі

2





написать администратору сайта