№
| Тест тапсырмасының қойылуы
| Жауаптардың нұсқасы
| Дұрыс жауап
тың нөмірі
|
«Жалпы сұрақтар» бөлімі
|
| «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң қандай қатынастарды реттейді?
| Қазақстан Республикасының мәслихаттары, әкімдері мен өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауды әзiрлеу мен өткiзу кезiнде туындайтын қатынастарды
| Президент сайлауын дайындау және өткізу кезінде туындайтын қатынастарды
| Парламент Сенаты мен Мәжілісі депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу кезінде туындайтын қатынастарды
| жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс
| 4
|
| Азаматты сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркін білдіруін шектеуге ешкімнің құқығы жоқ - бұл ...
| сайлау құқығы принципі
| азамат құқығы
| конституциялық құқық
| сайлаушының құқығы
| 1
|
| Жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығы...
| Республика азаматтарының он сегіз жасқа толған кезде сайлауға қатысу құқығы
| Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлану құқығы
| Қазақстан Республикасы азаматтарының басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органының сайланбалы мүшесі болуға құқығы
| Қазақстан Республикасы азаматтарының мәслихат депутаты болып сайлану құқығы
| 1
|
| Сайлаушылар Республика Президентін сайлауға тең дәрежеде қатысады және олардың әрқайсысында сәйкесінше бір бюллетеньде бір дауыс бар – бұл ...
| тікелей сайлау құқығы
| жанама сайлау құқығы
| тең сайлау құқығы
| жасырын дауыс беру
| 3
|
| Қазақстан Республикасының Президенті қанша мерзімге сайланады?
| Қазақстан Республикасының Президенті жеті жыл мерзімге сайланады
| Қазақстан Республикасының Президенті бес жыл мерзімге сайланады
| Қазақстан Республикасының Президенті төрт жыл мерзімге сайланады
| Қазақстан Республикасының Президенті алты жыл мерзімге сайланады
| 1
|
| Бір адам Қазақстан Республикасының Президенті болып қатарынан қанша рет сайлана алады?
| бір рет
| үш рет
| екі рет
| үш реттен артық
| 1
|
| Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасындағы өкілді органның депутаты болуға құқығы бар ма?
| Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының құрметті депутаты болуға құқығы бар, бірақ басқа ақы төленетін лауазымдарды атқаруға және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ.
| тұрақты емес негізде Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты болуға құқығы бар
| өкілді органның депутаты болуға, сондай-ақ басқа да ақы төленетін лауазымдарды атқаруға және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ
| дұрыс жауап жоқ
| 3
|
| Қандай жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті қызметінен мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін?
| Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені қарау нәтижесінде
| Республика Конституциялық Сотының тиiстi шешiмiнiң нәтижесiнде Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының бастамашыл тобының шешiмi бойынша
| Қазақстан Республикасының Конституциясында белгiленген тәртiппен ауруына байланысты өз мiндеттерiн ұдайы орындай алмауымен
| жоғарыда аталған барлық жағдайларда
| 3
|
| Қазақстан Республикасының Президенті ол …
| мемлекет басшысы, оның ең жоғары лауазымды тұлғасы
| мемлекеттің жетекші саясаткері
| Қазақстан Республикасы атқарушы жүйесінің бірінші басшысы
| жоғарыда аталған барлық жауаптар дұрыс
| 1
|
| Қазақстан Республикасының Президенті қандай сайлауларды тағайындайды?
| тек қана Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына жанама сайлау
| Қазақстан Республикасы Парламентінің және оның палаталарына кезекті және кезектен тыс сайлау
| тек қана Қазақстан Республикасы Парламентіне тікелей сайлау
| Қазақстан Республикасы Парламентінің жалпыхалықтық сайлауы
| 2
|
| Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне қай сәттен бастап кіріседі?
| Қазақстан Республикасындағы сайлаудың қорытындылары шығарылған кезден бастап
| Қазақстан Республикасының халқы мен Парламенті депутаттарының алдында сөз сөйлеген сәттен бастап
| Қазақстан халқына ант берген сәттен бастап
| берілген нұсқалардың ішінде дұрыс жауап жоқ
| 3
|
| Қазақстан Республикасының Президенті - бұл
| мемлекет басшысы, мемлекеттің сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын және халықаралық аренада Қазақстанның атынан өкілдік ететін оның ең жоғары лауазымды тұлғасы
| мемлекет басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін оның ең жоғары лауазымды тұлғасы
| мемлекет басшысы, оның Қазақстан Республикасы мемлекеттік билігінің барлық тармақтарын басқаратын ең жоғары лауазымды тұлғасы
| мемлекет басшысы, мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын және Қазақстан Республикасының Үкіметін басқаратын оның ең жоғары лауазымды тұлғасы
| 2
|
| Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына қатысты өкілеттіктері
| Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын және екі мүшесін бес жыл мерзімге лауазымға тағайындайды
| Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы ережені бекітеді
| Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының тағайындалған республикалық референдумды, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, мәслихаттар депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауды әзiрлеу барысы туралы және референдум нәтижелерi туралы ақпаратты тыңдайды. және сайлау
| жоғарыдағы жауаптардың барлығы дұрыс
| 4
|
| Қазақстан Республикасының Президенті қызметінен мерзімінен бұрын босатылған немесе шеттетілген, сондай-ақ ол қайтыс болған жағдайда қалған мерзімге оның өкілеттіктері ......... ауысады
| Премьер-Министрге
| Парламент Төрағасына
| Парламент Мәжілісінің Төрағасына
| Парламент Сенатының Төрағасына
| 4
|
| Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы мүшелерінің өкілеттік мерзімі…
| 1 жыл
| 3 жыл
| 5 жыл
| 6 жыл
| 3
|
| Қазақстан азаматтарының сайлауға қатысуы _______…
| міндетті
| 18 жастан 60 жасқа дейінгі азаматқа міндетті
| ерікті
| табиғи заң
| 3
|
| Қазақстан азаматтары неше жастан бастап белсенді сайлау құқығына ие?
| 16 жас
| 18 жас
| 21 жас
| 25 жас
| 2
|
| Қазақстан Республикасы Президентінің ____________ болуға, өзге де _____________ іс жүргізуге және ___________ қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ.
| өкілді органның депутаты, ақылы лауазымдар, ғылыми
| Үкімет басшысы, сайланбалы қызмет, кәсіпкер
| өкілді органның басшысы, сайланбалы лауазымдар, коммерциялық
| өкілді органның депутаты, ақылы лауазымдар, кәсіпкерлік
| 4
|
| Республика Президентiн, сайлауда ________ дауыс берiледi әрi сайлаушылардың _____________________ жасау мүмкiндiгiне жол берiлмейдi.
| жасырын, еркiн бiлдiруiне қандай да болсын бақылау
| ашық, қысым
| тікелей, құқықтарды бұзу
| барлық жауаптар дұрыс
| 1
|
| Қай күн «тыныштық күні» деп аталады?
| сайлауды тағайындаған күн
| сайлау күнінен бір күн бұрын
| дауыс беру күні
| дауыс беру күнінен кейінгі күн
| 2
|
| Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындайды
| Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі
| Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі
| Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты
| Қазақстан Республикасының Орталық
сайлау комиссиясы
| 2
|
| Кезектен тыс президенттік сайлау қай мерзімде өтеді?
| конституциялық заңда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде
| қарашаның соңғы жексенбісінде
| желтоқсанның екінші жексенбісі
| желтоқсанның бірінші жексенбісі
| 1
|
| Президент сайлауы мерзімі бойынша қандай сайлаумен сәйкес келмейді?
| барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары сайлауымен
| кент және ауылдық округ әкімдері сайлауымен
| Парламент Сенатының жаңа құрамының сайлауымен
| Парламенттің жаңа құрамының сайлауымен
| 4
|
| Дұрыс тұжырымдарды таңдаңыз:
Олардың сайлауға, сайлануға, өзге де сайлау әрекеттерін жасауға құқығы жоқ:
1) сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар;
2) студенттер мен зейнеткерлер;
3) сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталғандар;
4) жұмыссыз азаматтар.
| 2, 4
| барлығы
| 1, 3
| 2, 3
| 3
|
| Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Президентін сайлауға жалпыға бірдей, _________ және _________ сайлау құқығы негізінде _______ дауыс беру арқылы қатысады.
| тең, тікелей, ашық
| тең, тікелей, құпия
| тең, жанама, құпия
| дұрыс жауап жоқ
| 2
|
«Сайлау комиссияларының өкілеттіктері, комиссия мүшелерінің мәртебесі» бөлімі
|
| Төмендегі әрекеттердің қайсысы аумақтық сайлау комиссиясының өкілеттіктеріне жатпайды?
| «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңын бұзған сайлау комиссияларының қызметін тоқтату туралы сотқа жүгіну.
| кабиналар мен сайлау жәшіктерін дайындауды қамтамасыз ету
| сайлау учаскелерінің бірыңғай нөмірленуін белгілеу
| учаскелік сайлау комиссияларына сайлау бюллетеньдерін беру
| 1
|
| Сайлау комиссияларының құрамын қандай орган құрады?
| жергілікті атқарушы органдардың ұсынысы бойынша мәслихат
| Мәслихаттың ұсынысы бойынша Орталық сайлау комиссиясы
| саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің ұсынысы бойынша мәслихат
| саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстары негізінде мәслихат
| 4
|