Главная страница

биол9кл. каз. I блім. Трт ммкін жауапты біреуін ана тадауды ажет ететін тест тапсырмалары сынылады. (р дрыс тест тапсырмасы шін 1 балл)


Скачать 75 Kb.
НазваниеI блім. Трт ммкін жауапты біреуін ана тадауды ажет ететін тест тапсырмалары сынылады. (р дрыс тест тапсырмасы шін 1 балл)
Дата20.02.2023
Размер75 Kb.
Формат файлаdoc
Имя файлабиол9кл. каз.doc
ТипДокументы
#945950

Биология пәнінен Республикалық пәндік олимпиаданың бірінші турының тапсырмалары. 2010 жыл.

9 сынып.

I бөлім. Төрт мүмкін жауаптың біреуін ғана таңдауды қажет ететін тест тапсырмалары ұсынылады. (әр дұрыс тест тапсырмасы үшін 1 балл).
1. Шартсыз рефлекстер – бұл:

а) шартсыз қоздырғыш пен шартты қоздырғыштың үйлесімінде пайда болатын рефлекстер;

б) ұрпаққа ата-анадан берілетін және өмір бойына сақталатын туа біткен рефлекстер;

в) аяқ астынан, қажеттіліксіз пайда болатын және жоғары нерв қызметінің дамуымен жоғалатын рефлекстер;

г) туа біткен механизмдермен байланысы жоқ және ол үшін қажетті шарттармен көрінетін ағза реакциялары.

2. Адамның қолы мен құстың қанаты құрылы бойынша ұқсас болып келеді. Бұл түсіндіріледі:

а ) құстар сүтқоректілерден пайда болған;

б) құстар мен сүтқоректілердің ата-бабасы бір;

в) сүтқоректілер тіршілік ету ортасына нашар бейімделген;

г) құстар мен сүтқоректілер ұшуға жақсы бейімделген.

3. Орамжапырақтың жемісі:

а ) құрғақ бір тұқымды;

б ) шырынды көп тұқымды;

в ) құрғақ көп тұқымды;

г ) шырынды бір тұқымды.

4. Өсімдіктің репродуктивті мүшесі:

а ) бүршектің тұқымды қабыршағы;

б ) жапырақ;

в ) тамыр;

г ) гүл.

5. Жұпаргүлдің гүл шоғыры:

а) шоқ; б) шатырша; в ) сіпсебас; г ) масақ.

6. ДНК үшін келесі үзінді дұрыс емес:

а) А – Т, Г – Ц;

б) Г – Т, Т – А;

в) Т – А, А –Т;

г) Г – Ц, Ц – Г.

7. Өсімдіктердің құрушы ткані:

а) қабық; б ) тығын; в) камбий; г ) ұлпа.

8. Өсімдіктерде суды ... өткізеді:

а) қабық қылшықтары; б) елек тәріздес трубкалар; в) тамырлар; г ) ағаш қылшықтары.

9. Лалагүл тұқымдастарына жатады:

а ) жолжелкен; б) інжіргүл; в ) салат; г ) жүгері .

10. Бастапқы лизосомалар ... пайда болады:

а ) цитозола; б ) ядро; в) Гольджи аппаратында; г) эндоплазматикалық торда.

11. Қос мекенділердің миы .... себебінен басқа мүшелерге қарағанда оттегімен жақсы қамтамасыз етіледі:

а ) ми тканіндегі ферменттердің арқасында қаннан оттегі белсенді сорылады;

б ) миға жүрек қарыншасынан бастау алатын қан тамырлары барады,

в ) миға баратын қан ерекше капиллярлық жүйеге тап болады,

г ) ми тамырларының қабырғалары қан айналымының жылдамдығын арттырады, бұл өз алдына оттегінің миға тиімді жетуіне көмектеседі.

12. Бақбақтың гүлшоғырының гүлі қандай:

а ) тілшік тәрізді;

б ) жалған тілшік тәрізді;

в ) трукалы;

г ) шұңқыр тәріздес.

13. Омыртқалы жануарлардың эфолюциясы үрдісінде қан айналым жүйесінің күрделенуінің дұрыс бірізділігі:

а) құрбақа – қоян – қолтырауын – акула;

б) акула – көлбақа – қолтырауын – қоян;

в) акула – қолтырауын – қоян – көлбақа;

г) қолтырауын– ит – акула – құрбақа.

  1. Дәнді өсіәмдіктердің өсуі ... меристемасының көмегімен қамтамасыз етіледі:

а) қабырғалы, б) ендірмелі,

в) үстіңгі, г) үстіңгі және ендірмелі.

15. Біржарнақтыларға ақарағанда, қос жарнақтыларға тән:

а) жағымсыз жағдайлардан сақтайтын жемістің болуы,

б) қарапайым гүлсерігі бар немесе гүлсерігі жоқ үш мүшелі типтердің болуы,

в) тұқымдардың тұқым ұрықтарынан екі есе тұқымдануы мен дамуы,

г) жемістер мен тұқымдардың түрлі таралу амалдары.

16. Өсімдіктердің жапырақтары мен сабағында дамитын бүршектер:

а) үстіңгі, б) қуыстық,

в) қабырғалы, г) бағыныңқы.

17. Ағаштардың көбісінің жел арқылы тозаңдануға қабілеттілігі ... көрінеді:

а) ірі, шырышты, бұдырлы тозаңды жасайды,

б) жапырақтардың пайда болуына дейін көктемде гүлдейді,

в) жапырақтары жарқын түсті және ірі бір гүлдерден тұрады,

г) гүлдерінде шірне және көп көлемде тозаң бар.

18. Инфузориянда қорытылмаған тамақтың қалдықтары ... арқылы шығады:

а) жұтқыншақ, б) ауыз қуысы,

в) порошица, г) жиыру вакуолінің каналы.

19. Ақ планарияда ауызы ... орналасқан:

а) дененің ортасында, құрсақ жағында,

б) дененің ортасында, арқа жағында,

в) дененің алдыңғы жағында,

г) денінің артқы жағында.

20. Саратан қоңыздың мальпигиев тамырлары қандай қызмет атқарады:

а) асты қорыту, б) ас қорыту өнімдерін сору,

в) ағзадан зиянды және қажет емес зат алмасу өнімдерін бөлу,

г) жыныс клеткаларын бөлу.

21. Бауырмен жорғалаушылардың жамбас сүйектері омыртқаның келесі бөлігімен ұласады:

а) сегізкөзбен, б) бел, в) құйрық, г) төс.

22. Сүтқоректілердің бас миы құрлымына тән ерекшелік:

а) негізгі 5 бөлімнің болуы: алдыңғы ми, аралық ми,

мишық, ортаңғы ми, сопақша ми,

б) өсімдері бар нерв жүйелерінің болуы,

в) ортаңғы мидың екі жартышарларының болуы,

г) үлкен жартышарлары қабатының болуы және сайлар мен ирелеңдердің болуы.

23. Алыстан көрмейтін адамның:

а) фокусы тордың арғы жағында, б) фокусы тордың бергі жағында,

в) хрусталиктің қисықтығы азаяды, г) екі дөңес линзалы көзілдірік.

24. Инсулин гормоны:

а) бүйрек безімен бөлінеді, б) қандағы глюкозаның синтезін реттейді,

в) глюкозаның пайдалануын күшейтеді, г) ағзада үнемі болады.

25. Адамның артқы миына қатысты:

а) орташа ми, б) мишық,

в) аралық ми, г) бас миының үлкен жарты шарлары.

  1. Аш ішектің орта реакциясы қандай:
    а) аз қышқылды;
    б) нейтралды;
    в) аз нейтралды; +
    г) сілтілік.

  2. Ас қорыту үрдісінде ақуыздар ... дейін тез ериді:
    а) глицерол;
    б) май қышқылдары;
    в) моносахаридтер;
    г) аминоқышқылдар. +

28. Ядрода қай үрдіс жүзеге асырылады:

а) судың келуі – пиноцитоз;

б) АТФ молекулаларының синтезі;

в) ДНК синтезі;

г) гликолиз ферменттерінің жинақталуы.

29. Липидтердің синтезі ... байланысты:

а) ядро; б) тегіс эндоплазматикалық тор;

в) лизосомалар; г) рибосомалар.

30. Қай клеткалардың органоидтарын энергетикалық станциялар деп атайды:

а) ядро; б) лизосомалар;

в) рибосомалар; г) митохондриялар.


II бөлім. I бөлім. Төрт мүмкін жауаптың біреуін ғана таңдауды қажет ететін тест тапсырмалары ұсынылады. Жинау қажет балдардың максималды саны– 10 (әр тест тапсырмасы үшін 2 балл).


  1. Қай қынаны мүк қабаттарының құрылымы бойынша анықтайды:
    I. қаспақты.
    +
    II. отарлық.
    III. шоқ түпті.
    +
    IV. бір клеткалы.
    V. жапырақты.
    +
    а) I, III, IV;
    б) I, III,V; +
    в) III, IV, V;
    г) II, IV, V.

  2. Тамырлар қандай қызметті атқаруы мүмкін:
    I. Қабырғалы тамырлардың пайда болуы.
    +
    II. Жапырақтарды жасау.
    III. Вегетативті көбею.
    +
    IV. су және минералды заттарды сіңіру.
    +
    V. Гормондардың, аминоқышқылдардың, алкалоидтардың синтезі.
    +
    а) II, III, IV;
    б) I, II, IV, V;
    в) I, III, IV, V; +
    г) I, II, III, IV.

  3. Бас тамырдың ұшын кесіп тастаса:
    I. тамыр өледі.
    II. өсімдік өледі.
    III. тамырдың ұзына бойы өсуі тоқтайды.
    +
    IV. өсімдік тірі қалады, бірақ әлсіз болады.
    V. Қабырғалы және бағыныңқы тамырлар өсе бастайды.
    +
    а) III, IV, V;
    б) III, V; +
    в) I, IV, V;
    г) II, IV, V.

  4. Өрмекші тәрізділердің естердің метаморфозбен дамуы неге тән:
    I. өрмекшілерге.
    II. кенелерге. +
    III. фалангтерге.
    IV. шабындық шабушыларға.
    V. сарышаяндарға.
    а) II; +
    б) II, III;
    в) I, IV;
    г) I, II, III, V.

  5. Еркін жүзетін жануарлар және кірпікшелермен қапталған личинкалары бар жануарлар ... болып табылады:
    I. маржандар. +
    II. губкалар. +
    III. асцидиялар. +
    IV. медузалар.
    V. мұртшааяқты шаяндар. +
    а) III, IV;
    б) I, II, III, V; +
    в) IV;
    г) I, II, III, IV, V.

III бөлім. Сіздерге пайымдаулар ретіндегі тест тапсырмалары беріледі, олардың әрқайсысын растау немесе олармен келіспеу қажет. Жауаптарда «иә» немесе «жоқ» жауап нұсқаларын көрсетіңіздер. (Жинау қажет балдардың максималды саны – 5 балл)

        1. Орман жаңғағының тұқымы өскенше дейін қауарған жеміссерікпен қорғалады. +

        2. Крахмалды дәндер – крахмалы жинақталған лейкопласттар. +

        3. Ұрықтанудан кейін ұрықтар тұқымға, ал түйін жеміске айналады.

        4. Туфелька инфузориясын Қарапайымдыларға жатқызады.

        5. Омыртқасыз жануарлардың барлығының ұрықтануы сырттай болады.



1

2

3

4

5

















написать администратору сайта