Главная страница
Навигация по странице:

  • Дидактикалық ойындар Дидактикалық ойын

  • Балабақшада дидактикалық ойындарды қолдану ерекшеліктері

  • Мектеп жасына дейінгі балалардың дидактикалық ойындары

  • Дидактикалық ойынның бала өміріндегі маңызы

  • Қорытынды

  • Пайдаланылған әдебиеттер

  • реферат тіл дамыту. РЕФЕРАТ тіл дамыту дидактик материалдар. азастан республикасыны білім жне ылым министірі Павлодар мемлекеттік педагогикалы университетіні Колледжі


    Скачать 32.25 Kb.
    Названиеазастан республикасыны білім жне ылым министірі Павлодар мемлекеттік педагогикалы университетіні Колледжі
    Анкорреферат тіл дамыту
    Дата21.04.2023
    Размер32.25 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаРЕФЕРАТ тіл дамыту дидактик материалдар.docx
    ТипДокументы
    #1079341

    Қазақстан республикасының білім және ғылым министірі
    Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің Колледжі

    Бақылау жұмысы

    Тақырыбы : «Дидактикалық материалдар және оларды қолдану»

    Оқытушы : Кабдылмажитова

    Мадина Садвоқасқызы

    (аты жөні)

    _________________________________

    (қолы) (күні)
    Оқушы: Смаилканова

    Фатима Муратовна

    (аты жөні)

    Мамандығы: «Мектепке дейінгі балаларды

    оқыту және тәрбиелеу»
    Тобы : ЗМДТжО - 11
    2018

    Жоспар:
    Кіріспе


    1. Дидактикалық ойындар

    2. Балабақшада дидактикалық ойындарды қолдану ерекшеліктері

    3. Мектеп жасына дейінгі балалардың дидактикалық ойындары

    4. Дидактикалық ойынның бала өміріндегі маңызы



    Қорытынды

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

    Кіріспе
    Танымдық іс-әрекет адам өміріндегі үрдістен қалыптасады. Бала дайын ақыл-оймен, танып-білуге дайын қабілетпен тумайды. Ол осы материалды тез қабылдайды, егер оның бұл материалға деген таным көмегінен туатын немесе қолданушылық қызығушылығынан туғанда ғана жеңіл салыстырмалы түрде тез меңгереді.
    Мектепке дейінгі білім берудің басындағы басты мәселе болып олардың оқуға деген мотивациялық дайындығының жетіспеуі, осыдан оқуға деген тұрақты қызығушылығының жоқтығынан көрінеді.

    Мектеп жасына дейінгі балалардың дидактикалық ойындары Ойын - бала өміріндегі тәрбиенің шешуші шарты. Бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы құбылыстар мен заттарды ойын арқылы түсініп ұғынады.



    Дидактика - термині гректің «дидактос», яғни үйрететін деген сөзден шыққан. Дидактикалық құралдар оқу міндеттеріне сай арнайы әзірленеді. К. Д. Ушинский мектеп жасына дейінгі балалардың ерекшеліктерін ескерсе, былай деп жазады: «Бала табиғатты көрнекілікті аса қажетсінеді. Балаға өзіне белгісіз бес сөзді жалаң үйрете бастасаңыз, көп уақытты зая кетіріп, босқа қиналасыз. Ал енді жиырма сөзді суреттермен байланыстыра үйретсеңіз, бала оны лезде қағып алады. Сіз балаға қарапайым ғана ойыңызды қанша түсіндірсеңіз де, оңай ұға қоймайды. Дәл сол ойды күрделі суреттер көрсете баяндасаңыз, ол сізді тез түсінеді».

    Дидактикалық ойын – оның аты айтып тұрғандай, баланың ақыл - ойын дамытып, таным түсініктерді ажыратудағы әдістердің бірі. Ойын арқылы оқыту – мектеп жасына дейінгі кезеңнің, негізгі ерекшелігі. Білімді меңгеру және оны бекіту үшін, дағды мен әдет қалыптастыруда балаға қайталау және жаттығу қажет. Егер баланың ойлауы образды, эмоциялық әсерде болса, ол соғұрлым жақсы нәтиже береді, сондай - ақ білім қызғылықты әрекетпен байланысты болса, баланың іс - әрекетімен іштей қабысып жатса, ондай білімді бала дұрыс меңгереді

    Дидактикалық ойындар
    Дидактикалық ойын – оның аты айтып тұрғандай, баланың ақыл - ойын дамытып, таным түсініктерді ажыратудағы әдістердің бірі. Ойын арқылы оқыту – мектеп жасына дейінгі кезеңнің, негізгі ерекшелігі. Білімді меңгеру және оны бекіту үшін, дағды мен әдет қалыптастыруда балаға қайталау және жаттығу қажет. Ол арқылы бала:

    • Ойын-тәрбие құралы,ақыл-ойды,

    • Сөздік қорды байытады.

    • Ойнап өскен бала-ойлап өседі.

    Дидактикалық ойын түрлері:
    1) Заттық дидактикалық ойында.Бұл ойын әртүрлі ойыншықтармен ж/е әртүрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.
    2) Үстел үсті ойындары: Лото, домино, қарлы кесек т.б.
    3) Сөздік дидактикалық ойындар, яғни ауызша ойналатын ойындар
    Дидактикалық ойындардың түрлері
    1. Ойын-саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, қарапайым жұмбақ арқылы беріледі;
    2. Ойын-тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет,сөздік тапсырмалар құрайды. 
    3. Ойын-болжамдар. Бұл ойындар «не болар еді...?», «Мен не істер едім, егер....» деген сұрақтарға негізделеді.
    4. Ойын-жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі-логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.

    Балабақшада дидактикалық ойындарды қолдану ерекшеліктері
    Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы бекітіліп, Елбасымыздың «Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атта жолдауын жүзеге асыру мақсатында балаларды мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеуді қамтамасыз ету үшін «Балапан» бағдарламасы құрылды. Бұл талаптардың жүзеге асырылу бағытындағы жұмысты үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы – мектепке дейінгі ұйымдарда баланың білімге деген құштарлығын арттырудан, ұлтымызға тән қасиеттер бойына сіңген шәкірт тєрбиелеуден бастағанның маңызы өте зор.

    Мектепке дейінгі ұйымдар нақты бағдарламалар бойынша жұмыс істейді. Бағдарламаларда білім мазмұны айқындалады. Оларды оқып үйренудің бірізділігі, сағат саны көрсетілген. Сонымен бағдaрламаларда, біріншіден, оқу пәніндегі білім мазмұны белгіленсе, екіншіден, іс-әрекеттің белгілі мөлшері анықталады. Мектепке дейінгі ұйымдарда жеке пәндік педагогикалық технологиялар, дамыта отырып оқыту технологиясы, денсаулықты жақсартатын технологиялар,  авторлық мектептердің педагогикалық технологиялары кеңінен қолданылады.

    Жоғарыда көрсетілген педагогикалық технологияда көрсетілген – білім беру жүйесіне енгізген жаңалық; айырмашылығы оқыту мен тәрбиелеу әдістерімен құралдарының интеграциясы, тәрбиешінің шеберлігі және шығармашылығы, ол педагог әдіскер, технолог ролдерінде болады, ал тәрбиеленуші оқу тәрбие процесінің субъектісі белсенді қатысушысы болады. Кез-келген ұйымдардың педагогикалық ұжымдары балалармен жұмыс жасау үшін ата-аналардыњ сұраныстарын қанағаттандыратын және тәрбиеленушілердің кәсіби жағдайларына байланысты кез-келген бағдарламаны таңдауға мүмкіндігі бар.

    Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындалады, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайды. Мектеп жасына дейінгі балалар көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданатын байқауға болады. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш жігерін жұмсап, сезімін білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді.

    Дидактикалық ойын балаға білім берудегі әсер етудегі ең негізгі бір түрі, өйткені ойын балалардың негізгі іс әрекеті. Дидактикалық  ойындар арқылы сезімталдық және ақыл-ой қабілеттерін, байқағыштықты тәрбиелеу, ауызша талдау жасау, өз ойын жүйелі жеткізе білу, әңгімелеу,  заттарды салыстыру, заттарды негізгі ұқсас белгілеріне сай жинақтау, жіктеу, пікір және ой қорытындысын жасауға дағдыландыру. Ойынды жүргізу балалардың өздеріне жүктеледі.

    Дидактикалық ойындар балалар үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты, маңызы бар ірекет. Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану оқу іс – әрекеттің әсерлілігін, тартымдылығын, белсенділігін арттырып, баланың ынтасын күшейтеді. Ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым, әрі қысқа болуы керек. Және ойынның мазмұны, ережесі балаларға дұрыс түсіндіріліп, балалардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдай білуге баулу керек. Оның үстіне дидактикалық материалдармен көрнекіліктерге жеке көңіл бөліну керек. Балалардың таным қабілетін, логикалық ой-өрісін кеңейтіп, оқу іс – әрекетке деген ынтасын арттыруда дидактикалық ойындарды пайдалану оң нәтижесін береді.

    Дидактикалық ойындарды қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыратын мінез-құлық ережелері меннормаларын бекітетін құрал ретінде пайдалану, оларға байқағыштықты, зейінді дамытатын ойындар, заттардың белгілерімен таныстыруға арналған жұмбақ–ойындар, есте сақтауды дамытуға арналған ойындар, топтау іскерлігін дамыту,  логикалық ойындар және т.б.

    Сондықтан, дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді, баланы ойнай білуге баулып, ақыл-ой қызметін қалыптастырады, әрі адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Балалардың ізденімпаздығын арттырып, сөздік қорларын молайтады, оқуға, бірдеңені танып – білуге деген қызығушылықтарын арттырады. Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіре отырып тіл байлықтарын дамытады.
    Мектеп жасына дейінгі балалардың дидактикалық ойындары
    Дидактикалық ойын – оның аты айтып тұрғандай, баланың ақыл - ойын дамытып, таным түсініктерді ажыратудағы әдістердің бірі. Ойын арқылы оқыту – мектеп жасына дейінгі кезеңнің, негізгі ерекшелігі. Білімді меңгеру және оны бекіту үшін, дағды мен әдет қалыптастыруда балаға қайталау және жаттығу қажет. Егер баланың ойлауы образды, эмоциялық әсерде болса, ол соғұрлым жақсы нәтиже береді, сондай - ақ білім қызғылықты әрекетпен байланысты болса, баланың іс - әрекетімен іштей қабысып жатса, ондай білімді бала дұрыс меңгереді. Бала әрбір затты ұстап, дәмін татып, сан рет байқап көреді. Балабақшада бала психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар (Ж. Аймауытұлы, М. Жұмабаев,
    Ш. Құдайбердіұлы, С. Торайғыров, Т. Тәжібаев т. б) өз еңбектерінде айтып кеткен. Педагогикалық үрдісті жетілдіруде ойынның алар орны жөнінде қазақстандық ғалым Н. Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинкт күнделікті негізгі іс - әрекет және өмірі деп дәлелдеген. Н. Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатқа пайдалану – болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеу және өмірдің талаптарына сай бейімдеу деп түсіндірген.
    Баланың тәрбиесіндегі мектепке дейінгі мекемелердің, әсіресе дидактикалық ойындар арқылы баланың математикалық қабілеттерін оятудың әсерін Ресей ғалымдары Т. В. Лодкина, А. И. Захаров, В. С. Мухина, А. М. Леушина, Е. И. Щербакова, Е. О. Смирновалар атап көрсеткен. Дидактикалық ойындардың ықпалын баланың сезініп, түйсінуі және сөз түрінде бейнелеуінің маңызын А. В. Запорожец, А. Д. Кошелева және т. б. белгілеген. Бір нәрсе жасауға тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте - бірте қалыптастырады.
    Дидактикалық ойын баланың қоршаған дүние туралы түсінігін кеңейтіп және оны бекітіп нақтылай түседі.
    Бала бақылау, оқыған кітап, естіген ертегі арқылы айналасын таниды. Олардың түсінігі алғашқы кезде айқын болмайды. Тәрбиеші баланың түсінігін дидактикалық ойындар арқылы нақтылап, дамытып саналы түрде түсінуін өрістетеді. Мысалы, бір заттың түсін атаңдар? Бояудың қандай түрін білесіңдер? Үй жануарларының үшеуін атаңдар. Бала дидактикалық ойын арқылы әр затқа байланысты жаңа білімді меңгеріп, түсінігін тиянақтайды.
    Әрбір дидактикалық ойын ойлай білуге баулып, сөздік қорын өсіреді, ақыл - ой қызметін қалыптастырады.
    Дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеудің құралы болып табылады. Дидактикалық ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді жеңіл келеді. Сондықтан дидактикалық ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескертуге ерекше назар аударған жөн.
    Дидактикалық ойын – балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын - айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ол балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймай, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. Педагогикада дидактикалық ойындарға былай анықтама беріледі: дидактикалық ойындар дегеніміз – балаларға белгілі – бір білім беріп, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатын көздейтін іс - әрекет.
    Дидактикалық ойындардың мақсаты:
    1. Бағдарламада анықталған білім, білік және дағдылар жайында түсінік беру;
    2. Бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды қалыптастыру;
    3. Бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды тиянақтау және бекіту;
    4. Бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды қайталау және пысықтау;
    5. Бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды тексеру.
    Дидактикалық ойынның міндеті:
    1. Баланың қызығушылығын туғызу;
    2. Баланың белсенділігін арттыру.
    Балабақшадағы тәрбиелеу - оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс - әрекет кезіндегі тілдік қарым - қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
    Дидактикалық ойынның бала өміріндегі маңызы
    Әлем бала өміріне біртіндеп кіреді. Бала ең алдымен оны үйде, балабақшада не қоршап тұрғанын ұғынады. Біртіндеп өмірден алған тәжірибесі көбейеді. Мектеп жасына дейінгі балалар өзінің айналасындағы қоршаған ортамен танысуға өте құштар. Бұл баланың бірнеше сұрақтар қоюына әкеліп соғады. Яғни, балаға әлем аздап ғана сырын ашса, онда баланың білуге деген құштарлығы арта түседі. Ойын–баланың бірінші әрекеті, сондықтан да оның мән–мағынасы ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?», - деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз болады. Оларды біркелкі жұмыс тез жалықтырады. Сондықтан олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару үшін ойын түрінде жүргізу қажет. Өйткені ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде алған білімді ойынмен тиянақтау білімнің беріктігіне негіз қалайды. 
    Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындалады, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайды. Мектеп жасына дейінгі балалар көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданатын байқауға болады. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш жігерін жұмсап, сезімін білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді. 
    Сондықтан да ойшыл ұлы адамдар балаларды ойын арқылы оқыту керек деген ойға келді. Ойын арқылы оқыту, бұл ой көптеген оқытушылар мен тәрбиешілерді қызықтырды. Грузин педагогы Ш.А.Амонашвили ойын арқылы балаларға өте қиын әлемдік танымды түсіндіре білді. Ш.А.Амонашвили өз оқушыларымен ойын ойнағанда өзін балалармен бірдей қоя отырып, олардың көңіліне, ойына, санасына пайдалы ұғымды беріп, өз ісіне сенімді болып, қиындықтарды жеңе білуге үйретті–баланың көздерінде білімге деген құштарлықты байқады. Ойын арқылы оқытудың арқасында дидактикалық ойын пайда болды. Берілген ойындарды қолдану іс-әрекеттің әсерлігін арттырып, балалардың логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамытады. Бұл ойындарды тәрбиешінің шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау кезінде іс-әрекеттің мазмұнына сай пайдалануға болады. Сондықтан, бұндай ойындар ойнау балалардың ойлау, қабылдау, еліктеу қабілеті және заттардың түрін, түсін, көлемін ажырата білуін дамыта түсу үшін өте қажет. 
    Дидактикалық ойындарда міндетті түрде екі бала қатысатын ойындар түрін пайдаланған тиімді. Ойын арқылы оқыту үшін дидактикалық ойындар құрылған. Балаларға тапсырмалар ойын түрінде беріледі, бұл дидактикалық ойындардың негізгі ерекшеліктері. Балалар ойнау арқылы белгілі бір білім, білік, дағдыларды және ойын әрекеттерін меңгереді. Әр дидактикалық ойынның танымдылық және тәрбиелік мазмұны болады. 
    Ұсынылып отырған құралда балалардың математика пәніне қызығушылығын арттыру мақсатында дидактикалық ойындар; қазақ ақын–жазушыларының санға байланысты санамақтар, жаңылтпаштар; сергіту сәттері; іс-әрекеттің конспектісі берілген, не үшін ойынды ұйымдастыру керек және тәрбиешінің алға қойған мақсатына қалай жету деген сұрақтардың негізінде құрастырылған. Ойындардың тиімділігі көп жағдайда тәрбиешінің көңіл–күйіне де байланысты болады. Әр ойынды өткізген кезде тәрбиешіге шығармашылық қажет. 
    Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде балалармен өткізілетін математиканың алғашқы ұғымдарын қалыптастыру іс-әрекетте ойынның мынадай түрлерін пайдалануға болады: 
    1) дидактикалық ойындар–логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамыту. 
    2) санға байланысты санамақ, жаңылтпаштар, жұмбақтар–балалардың сандарды танып білуін, тілдерін жаттықтыру, есте сақтауын, ойлау қабілеттерін дамыту. 
    3) математикалық сергіту сәттері–кеңістікті бағдарлау, қимыл қозғалысты дамыту. Құралда дидактикалық ойындар мазмұны, ойынды ұйымдастырудың әдіс–тәсілдері көрсетілген. Олар балалардың зейінін, есте сақтауын, байқағыштығын, көзбен мөлшерлеуін, тапқырлығын дамытуға, математикалық білімдерін, икемділіктері мен дағдыларын, заттарды түсі, өлшемі, пішіні бойынша топтастыруға, салыстыруға, ажыратуға, кеңістік пен уақытты бағдарлауға үйрету. Балалардың логикалық ойлау, қабылдау, есте сақтау қабілеттерін, зейінін, қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған. Жоғарыда айтылған мақсаттарды шешуде нәтижесі ұтымды болу үшін балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыруда дидактикалық ойындардың жинағын ұсынамын.

    Қорытынды

    Дидактикалық ойындарды бала бақшада қолдану. Мектепке дейінгі балаларға тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу, тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, құрастыра сөйлеуге, сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлген жөн. Сәбилердің дүниетанымын кеңейтіп, ойын өрістетіп, тіл байлығын жетілдіруде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше. Балабақшада балаларды дұрыс сөйлей білу мәдениетіне айнала қоршаған ортамен, сондай-ақ көркем әдебиетпен теңестіру арқылы жүзеге асыруға болады.
    Әсіресе танымдық процестерін дамытуға бағытталған дидактикалық ойындар ықпалы жоғары екендігі ерекшеленді. Мұндай ойындар кезінде балалардың эмоционалдық көңіл-күйі, қарым-қатынасы жақсарып, танымдық белсенділігі артып, іс-әрекетке жағымды қатынасы қалыптасып, танымдық процестерін дамып, мотивтерінің қалыптасуына ықпалын тигізеді.
    Қорытындылай келе, Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеттері байқалады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, психикалық түйсіктері қалыптасады.   Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» -деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алды. 

    Пайдаланылған әдебиеттер:
    1. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі «Балапан» бағдарламасы /http://adilet.zan.kz
    2. Маженова Р.Б. Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары. Қарағанды. 2007.
    3. Пидкасистый П.И.,  Хайдаров Ж.С. Технология игры в обучении и развитии. – М., 1997.


    написать администратору сайта