Главная страница

отчет рнтех. азастан Республикасыны білім жне ылым министрлігі Академик Е. А. Бкетов атындаы араанды университеті


Скачать 22.85 Kb.
Названиеазастан Республикасыны білім жне ылым министрлігі Академик Е. А. Бкетов атындаы араанды университеті
Дата05.10.2022
Размер22.85 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаотчет рнтех.docx
ТипДокументы
#715960

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Химия факультеті

Бейорганикалық және техникалық химия кафедрасы

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

"Химия мұғалімдерін дайындау" кафедрасында өткен

оқу-танымдық тәжірибе бойынша

Есебі

(21.09.2019 – 28.11.2019)


ХБ-11 тобының студенті:Оспанова Зарина

Тәжірбие жетекшісі: Байсеитова.Ж.Н

Пед.ғылымдарының магистрі, аға оқытушы

Қарағанды 2020

1.Кіріспе

1938 жылы КСРО Халық Комиссарлары Кеңесі мен ҚазКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің шешімімен Қарағандыда мұғалімдер институты ашылды. 1952 жылы КСРО Министрлер Кеңесінің өкімімен Педагогикалық институт болып қайта құрылды.

1972 жылы Қазақстан КП ОК және ҚазКСР Министрлер Кеңесінің "Қарағанды мемлекеттік университетін ұйымдастыру туралы" қаулысымен Қарағанды мемлекеттік университеті құрылды[1]. ҚарМУ университет ретінде құрылған кезде Қазақстанда бір ғана университет — ҚазМУ болды. ҚарМУ екінші университет болды.

1991 жылы ҚазКСР Министрлер Кеңесінің қаулысымен Қарағанды мемлекеттік университетіне Академик Е.А. Бөкетов есімі берілді.

ҚарМУ - қарқынды дамып келе жатқан университеттердің бірі. Біз күндізгі, сырттай, қысқартылған және қашықтықтан оқыту түрлері бойынша заң, экономикалық, гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми, педагогикалық және инженерлік бағыттағы 101 мамандық бойынша дайындықты жүзеге асырамыз. Қазіргі таңда 14 факультетте 20 мыңнан астам студент білім алуда. Қазіргі қоғамның қажеттіліктеріне сәйкес біз жоғары оқу орнынан кейінгі дайындықты жүзеге асырамыз. Бакалавриаттан кейін түлектер магистратурада, аспирантурада және докторантурада оқуын жалғастыра алады. Жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы университеттің негізгі игілігі болып табылады. Оқытушылар корпусының 41% - ның ғылыми дәрежесі мен атағы бар. Жыл сайын университет қызметкерлері ғылым кандидаты және докторы ғылыми дәрежесін алу үшін 30-дан астам жұмысты қорғайды. ҚарМУ-да кандидаттық және докторлық диссертацияларды қорғау бойынша диссертациялық кеңестер табысты жұмыс істейді. ҚарМУ мәртебесі белсенді халықаралық ынтымақтастықпен расталады. Біздің университетіміздің серіктестері әртүрлі қоғамдық және мемлекеттік институттар, республиканың, жақын және алыс шетелдердің жоғары оқу орындары болып табылады. Олардың тек бірнешеуін атап өтеміз: Орталық Азия менеджментті дамыту қоры (CAMAN) , ИНТАС, ТАСИС, білім беру және тілдерді меңгеру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі американдық Кеңес (АКСЕЛЬС), ДААД академиялық алмасу жөніндегі неміс қызметі, Британдық Кеңес, Францияның, Италияның, Түркияның, Кореяның Қазақстандағы елшіліктері, АҚШ Бейбітшілік Корпусы, им институты. Гете (Германия), Мериленд штаты, университет (АҚШ), экстерьерлік университет (Ұлыбритания), Ионсей университеті (Оңтүстік Корея), М. Ломоносов, Новосибирск мемлекеттік университеті, Қазан мемлекеттік университеті, ҚазҰУ. Әл-Фараби, КНЭН және т.б.

Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттік (БСҚА-IQAA) 2017-2018 жылдардағы Қазақстанның жоғары оқу орындарының қызметіне жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша Қарағанды мемлекеттік университеті Қазақстанның үздік Көп бейінді жоғары оқу орындарының Бас рейтингінде 3-орынды алады.

Тәжірибенің мақсаты-Студенттерді болашақ мамандығымен тереңірек таныстыру,мамандыққа кіріспе өткізу,кәсіби терминдермен анықтамалармен таныстыру,кәсіби-теориялық білімді жетілдірту,болашақ мұғалім бойындағы шығармашылық,іздемпаздылық қасиеттерді дамыту,тәжірбиесі бар мамандармен кездесу өткізу арқылы тәжірбие алмастыру.

Міндеттері- теориялық білімді жетілдіру және бекіту, зерттеу жұмысының нәтижелерін тәжірибеде қолдануға дайындау, студенттерді кәсіби қызмет негіздерімен таныстыру,мамандыққа кіріспе өткізу; қызметті қамтамасыз етудің Нормативтік-құқықтық базасын зерделеу;алынған мәліметтерді жинау, жүйелеу және жалпылау.

2.Негізгі бөлім

Берілген тапсырмалардың ең алғашқысы 2019 жылы қабылдаған Педагог мәртебесі туралы заңмен танысу болды.Заң бойынша бекітілген Педагог мәртебесі(4-бап), Педагог әдебі(6-бап),Педагогтің кәсіпті қызметті қаматамсыз етудегі құқықтары 7-бап, Педагогтің міндеттерімен жалпы айтқанда толық құқықтарымен таныстық.

Педагогтың қандай әлеуметтік кепілдіктерге ие,негізгі құқықтары,міндеттері,жүктелмеуге тиіс міндеттерге қатысты сұрақтарға жауап берілді

Тапсырманың екінші бөлігінде берілген сұрақтарды,заңмен танысуымызды негізге ала отырып,ситуациялық мысалдар құрастырылды.

Тапсырманың негізгі мақсат , міндеті заң бойынша өз құқықтарымызды білу,себебі қазіргі таңда көптеген мұғалімдер өз құқықтарын білмеуден өдерінің құқықтарының бұзылуына тап болуда.Біздің болашақта құқықтарымызбен таныс болуымыз заңнан ауытқымай,өз жұмысымызды сапалы атқаруға септігін тигізеді.

Екінші тапсырма Сауалнама толтыру.Сауалнамада педагогикалық мамандықты таңдауға итермелеген себептер,мұғалім болудағы басты басым себеп,мұғалімдер туралы қалыптасқан стереотиптер,өзімнің бойымдағы қасиеттер, өзімді қалай бағалайтыным және өз таңдауыма қаншалықты сенімді екенім туралы сұрақтарға жауап беру керек болды.

Келесі тапсырма «Мен мұғалім» деп аталды.Тапсырманы сипаты газетке немесе журналға әзіл,қалжын түрінде "Мен ең күшті, керемет мұғаліммін, жұмыс іздеймін"-деп бастап хабарландыру беру.

Соңғы екі тапсырманың мақсат,міндеті бойымыздағы шығармашылық қасиеттерді оның ішінде шығармашылық көзқарасты және креативті ойлауды дамыту.Бұл болашақта мұғалім ретінде әрбір маманың бойында болу керек қасиеттердің бірі.Тағы бір мақсаты анкета толтыру,жұмыс іздеуде азда болса тәжірбие жинауға септігін тигізеді.Қазіргі таңда кез келген жұмысқа орналасарда сауалнама толтырылу міндетті немесе жұмыс іздеген болсаңыз өзіңіздің резюмеңізді жұмыс беруші сайттарда,газеттерге хабарландыру беруге тура келеді.Сол кезде креативті түрде ерекше жазылған хабарландыру әрбір жұмыс берушінің көзіне бірден түсіп,жұмысқа алуға қызығушылығы оянуы мүмкін.

Келесі тапсырма "Писатели своободы" фильмін көріп,фильмге рецензия жазу.Фильм көру кезінде эмоциямызды,ұнаған тұстарын немесе ұнамаған жерлерін түсіндіру рецензияда қамтылу керек болатын.Қосымша басты кейіпкердің орнында болсақ қандай қадамдарға баратынымыз туралы жазу.

Тапсырманың мақсат,міндеті бізге болашақ мамандығымыз бойынша кіріспе ретінде көрсету,мамандық бойынша қызығушылығымызды ояту.Фильмдегі мұғалім секілді болашақта біздеде кейбір қиыншылықтардың болатынын және сондай кезде өз жұмысымызды жақсы көріп істеуді,қызығушылығымызды жоғалтпауды және кез келген батыл қадамдарға дайын болуымызды,жолымыздағы әртүрлі қиындықтардан шешім таба білуді бізге кеңес ретінде, болашаққа мотивация үшін фильм арқылы көрсетілді.

Мектептегі химия және химиялық лаборатория кабинеті.Тапсырма бойынша біз химия және лаборатория кабинетіне қойылатын талаптарды және реактивтерді сақтаудағы ережелерді жазуымыз тиіс.

Лабораториялық жұмысқа талдау жасау.Мектептегі химия оқулықтарын негізге ала отырып,8,9,10,11 сыныптардың химия оқулығынан бір лаборатория жұмысына талдау жасау.Нақтырақ айтсақ мақсатын,қолданылатын реактивтер олардың мөлшері және жұмыстың процессіне талдау.

Химиялық лабораторияда қолданылатын реактивтер.Тапсырма бойынша бізге үш кесте берілген болатын.Бірінші кестеде қышқылдар мен негіздерді күштілігі бойынша және әлсіздігі бойынша топқа бөліп формуласы мен атауын жазу керек.

Екінші кесте тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштарды формуласы мен атауын жазу.

Үшінші кесте органикалық еріткіштер мен бейорганикалық еріткіштерді жазу.

Соңғы жазылған үш тапсырманың мақсат міндеті химия мұғалімі бойынша кәсіби теорияны арттыру.Химия кабинетіне қойылатын талаптарды қазірден білу. Лабораториялық жұмыстармен танысутыру.

Глоссарий.Берілген терминдерге анықтама беру.

Мақсаты педагогикада қолданылатын терминдермен таныстыру.

Білім беру жүйесіне талдау жасау.Кез келген мемлекетті алып,білім беру, ол жердегі білім беру жүйесіне, оның құрылымына, сатыларына, ұйымдастыру формаларына, мектеп түрлеріне, олардың айырмашылықтарына, мұғалімдердің лауазымы, міндеттері, жалақылары, қосымша үстемелері, жұмысына толық, жан - жақты талдау жасау. 

Тапсырманың мақсат,міндеті басқа мемлекеттің білім беру жүйесімен танысу,ол елдің білім жүйесінен пайдалы ақпараттар алу.

Мерзімі

Атқарылған жұмыс

Есеп

7 қазанға дейін

Педагог Мәртебесі туралы заң

6 қазан күні жіберілді

2 қазанға дейін

Сауалнама

1 қазан күні жіберілді

9 қазанға дейін

Мен мұғалім

6 қазан күні жіберілді

14 қазанға дейін

Фильмге сын-пікір жазу

13 қазан күні жіберілді

12 қазан тапсырма жіберілді

Мектептегі химия және химия лаборатория кабинеті




24 қазанға дейін

Лабораториялық жұмысқа талдау

23 қазан жіберілді

21 қарашаға дейін

Білім беру жүйесіне талдау

18 қазан жіберілді

23 қарашаға дейін

Талдау жасау

23 қазан жіберілді

7 аптада тапсыру

Эссе “Ұстаз деген ұлы есім”

7 аптада тапсырылды

3.Қорытынды

Бастапқы да айтылған тәжірбиенің мақсат міндеттері мен үшін толығымен орындалды деуіме болады.

21.09-28.11 аралығында өткен оқу-танымдық тәжірбиесінен алған ақпараттар мен тәжірбиеміз мол.Атап айтқанда мамандығымызбен одан әрі жақын танысып,алдымыздағы мақсат міндеттермен,қойылатын талаптар анықталды.Заңмен бекітілген құқықтарымызды біліп,болашақ ұстаз бойындағы болу керек қасиеттерді анықтап,оларды дамытуда әртүрлі тапсырмалар орындалды.

Ұстаздық жолда еңбек етіп жүрген тәжірбиесі бар мамандармен онлайн кездесу өткізілгенінің арқасында болашақта көмегі тиетін кеңестер алдым.Одан бөлек кәсіби теориялық білімімді одан әрі шыңдап,мамандығым бойынша терминдермен танысып олардың толық анықтамасын білдім.Қосымша ақпарат ретінде шет елдердің білім жүйесімен танысып,таным көкжиегімді кеңейтім.

Мен осы тәжірибеден түсінгенім мұғалім болу үшін ең алдымен білімділік, шыдамдылық және еңбекқорлық қасиеттері болу қажет. Мен бұл тәжірибеден өту барысында “Ұстаз жолы ұлы жол”екенін түсіндім. Болашақта осы тәжірибеден үйренгенімді іс жүзінде жүзеге асыратыныма сенімдімін.


написать администратору сайта