Главная страница
Навигация по странице:

  • Адам денесіндегі рецепторлар

  • Бөлім: Ағза қызметтерін зерттеу Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

  • Күні: 07.02.2022 Сынып

  • Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары Терінің сезімталдығын зерттеу Сабақтың мақсаты

  • Бағалау критерийлері

  • Негізгі сөздер мен тіркестер: Рецепторлар, терморецептор, механорецептор, ноцицептор, тері рецепторлары. Құндылықтарды

  • Сабақ барысы Сабақтың кезеңі/ уақыт Педагогтің әрекеті

  • Үй тапсырмасын тексеру (2 мин)

  • Жаңа тақырыпты ашу (3 мин)

  • Жаңа тақырыпты түсіндіру (5 мин)

  • Зертханалық жұмыс №6 «Адам денесіндегі рецепторлар» (15 мин)

  • Зертханалық жұмыс №6 Тақрыбы

  • Жаңа сабақты бекіту(Үй тапсырмасы) (2 мин)

  • (Дұрыс) Ми ауруды сезбейді. Ауруды тек ми қабығындағы рецепторлар сезеді. Сондықтан кейде басымыз ауруы мүмкін.(Дұрыс)

  • (Дұрыс) Тері бетінде әрқашан микробтар болады және тері мүйізді жасушалардың үнемі қабыршақтануы жағдайында ағза ішіне ене алады. (Бұрыс)

  • Рефлексия (2 мин)

  • «Ойлаудың алты қалпағы» Ақ қалпақ

  • Жасыл қалпақ

  • Адам денесіндегі рецепторлар ҚМЖ. азастан Республикасыны Білім жне ылым министрлігі Назарбаев зияткерлік мектебі (білім беру йымыны атауы)


    Скачать 56.39 Kb.
    Названиеазастан Республикасыны Білім жне ылым министрлігі Назарбаев зияткерлік мектебі (білім беру йымыны атауы)
    Дата12.09.2022
    Размер56.39 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАдам денесіндегі рецепторлар ҚМЖ.docx
    ТипДокументы
    #673924

    Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
    Назарбаев зияткерлік мектебі
    (білім беру ұйымының атауы)
    Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
    Адам денесіндегі рецепторлар
    (сабақтың тақырыбы)

    Бөлім:

    Ағза қызметтерін зерттеу

    Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

    Шахметова А.Т.

    Күні:

    07.02.2022

    Сынып: 8«В»

    Қатысушылар саны: 10

    Қатыспағандар саны: 0

    Сабақтың тақырыбы

    Адам денесіндегі рецепторлар

    Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

    Терінің сезімталдығын зерттеу

    Сабақтың мақсаты

    • Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, әр сезім мүшелерінің рецепторларын біледі.

    • Тері рецепторларын анықтайды, оларды жүйелейді.

    • Барлық рецепторларды салыстырады, әр рецептордың өзіне тән ерекшелігін табады.

    • Әрбір рецепторлардың қызметін талдайды.

    • Тері рецепторларының физиологиялық ерекшеліктеріне баға береді.

    Бағалау критерийлері:

    • Тері рецепторларын біледі, ажыратады. Оларды бір-бірімен салыстырады, қызметтерін талдайды.

    • Тері рецепторларын тітіркендіргіштеріне қарай жүйелейді.

    • Денеде болатын басқа рецепторларды анықтайды, қызметін нақтылайды.

    • Тері анализаторының физиологиялық ерекшеліктеріне баға береді, қорытынды шығарады.

    Тілдік мақсаттар

    Oқушыларды пікіртaлас, диaлoгтерге тарту (мысалы, белгілі әдістерді үйрете отырып, талқылау немесе талдау, сұрақ қоюда оқушыларды өз білімін нәтижелі пайдaлануға ынталaндыру, сондайақ оқушылар диалогке қатысу, қатыса алуы үшін қажет бай сөздік қормен қамтамасыз ету.

    Негізгі сөздер мен тіркестер:

    Рецепторлар, терморецептор, механорецептор, ноцицептор, тері рецепторлары.

    Құндылықтарды

    дарыту

    Топтық, жеке жұмыс жасау арқылы өз ойын еркін білдіруге, алынған ақпаратты практика жүзінде қолдануды дамыту.

    АКТ қолдану дағдылары

    Интерактивті тақта, ғаламтор желісін және Microsoft Office PowerPoint презентациясын пайдалану.

    Бастапқы білім

    • Адамның тері құрылысы және тері қызметтері

    • Температура реттеудегі терінің рөлі

    • Тері сезімталдығы

    Сабақ барысы

    Сабақтың кезеңі/ уақыт

    Педагогтің әрекеті

    Оқушының әрекеті

    Ресурстар

    Ұйымдастыру

    (1 мин)

    Амандасады, оқушыларды түгендейді, назарларын сабаққа аударады:

    - Саламатсыздарма, оқушылар

    Амандасады, сабаққа назар аударады, интербелсенді тақта мен компьютерді іске қосады.




    Үй тапсырмасын тексеру

    (2 мин)

    «Жұбыңды тап» әдісі арқылы өткен тақырыпқа шолу жасап, оқушыларды жұпқа бөледі. Оқушылардың кеудесіне өткен тақырыпқа қатысты сөз тңркестері мен анықтамалар бар парақты жабыстырады.

    • Оқушылар, кеуделеріңе жабыстырылған сөздер мен мәтінге байланысты өз жұптарыңызды табу сұралады. Сабақ барысында осы жұптарыңызбен жұмыс жасайтын боласыздар.

    Кеуделеріндегі мәтінге қарай отырып өз жұптарын табады.

    Парақтағы жазулар:

    1. Меланин

    2. Жылу балансын сақтау

    3. Тері

    4. Гиподерма

    5. Витилиго

    а) қоршаған ортаның қолайсыз температуралық әсерінен қорғайды

    б) бұл тері жамылғысында түсінің жоғалуын тудыратын ауру

    с) сыртқы қабат – эпидермис, ортаңғы – нағыз тері, ішкі – теріасты шелмай қабатынан тұрады

    д) теріні күн сәулесінің зиянды әсерінен қорғайды

    е) ағзаны сусыздандырудан қорғайды

    Дұрыс жауабы:

    1. д

    2. а

    3. с

    4. е

    5. б

    Сөз тіркестері мен олардың анықтамалары жазылған парақтар, скотч

    Жаңа тақырыпты ашу

    (3 мин)


    «Қара жәшік» әдісі арқылы жаңа сабаққа қызығушылық оятып, тақырыбын ашады.

    • Енді әр жұптан бір оқушы кезектесіп тақтаға шығады және берілген жәшікке қолын сұғып, ішінде не жасырынып тұрғанын қолмен сипап-сезу арқылы табу керек. Қалған оқушылар жасырынған заттың не екенін көреді, бірақ оны табуға көмектеспейді.

    • Не себепті біз затты көрмей-ақ қолмен сипап- сезу арқылы оның не нәрсе екенін оңай таба аламыз? Қалай ойлайсыздар?

    Әр жұптан бір оқушыдан кезектесіп тақтаға шығады. Жәшікке қолдарын салып, ішінлегі жасырын затты ұстап көру арқылы табады. Қалған оқушылар үнсіз отырады. Ойын аяқталғаннан кейін мұғалімнің сұрағына жауап беу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды.

    Екі жанында кішкене кеңістігі бар жәшік, алма, мұз кесегі, шприц, бірнеше кәмпиттер, ойыншық

    Жаңа тақырыпты түсіндіру

    (5 мин)

    Презентация арқылы жаңа тақырыпты түсіндіреді. Сабақ түсіндіру барысында кері байланыс орнату мақсатында оқушыларға сұрақтар қояды:

    • Сонымен, оқушылар, адам терісінде кездесетін қандай рецепторлар белгілі?

    • Олардың атқаратын қызметтері қандай?

    • Рецепторлар көп шоғырланған дене мүшелерін атап көріңіздер.

    Мұғалімді назар салып тыңдайды, дәптерге керекті мәліметтерді жазады және сұрақтарға жауцап береді.

    Интербелсенді тақта, презентация

    Зертханалық жұмыс №6

    «Адам денесіндегі рецепторлар»

    (15 мин)

    Зертханалық жұмыстың орындалу барысын түсіндіреді, жұмыс барысында оқушылардың әрекетін қадағалайды және жұмыс соңында бекіту сұрақтарын береді.

    • Не себепті адам денесінің әр түрлі мүшелері ауру және тағы басқа сезімдерді әр түрлі деңгейде сезеді?

    • Адам денесіндегі рецепторлар ең көп шоғырланған аймақтар?

    • Қалай ойлайсыздар, бізге салқынды, жылуды және ауруды сезетін рецепторлар не үшін қажет?

    Зерханалық жұмысты орындайды, дәптерге кесте толтырады, сұрақтарға жауап береді.

    Зертханалық жұмыс №6

    Тақрыбы: «Адам денесіндегі рецепторлар»

    Мақсаты: Терінің сезімталдығын зерттеу

    Қажетті құрал-жабдықтар: 2 дана қарандаш, дәптер, кесте

    Орындалу барысы:

    1. Өз жұптарыңызға қарама-қарсы бағытта отырыңыз

    2. Бір оқушы көзін жұмады, ал екінші оқушы алдымен 2 қарындаштың ұштарын бір-біріне жақындатып, жұбының алақан сыртына жанастырады, кейін 2 қарындаштың ұштарын бір-бірінен алшақ қойып тигізеді.

    3. Осы әрекетті кейін жұбының алақанының ішкі бетіне жасайды.

    4. Кейін мұрын ұшына және бетіне қайталайды.

    5. Ал көзі жұмулы болған оқушы берілген кестеге сезім нәтижелерін түсіреді.

    6. Енді оқушылар керісінше ауысып, осы әрекеттерді қайталайды.

    7. Бірінші оқушы да нәтижелерін кестеге түсіреді.

    8. Қорытынды ретінде мұғалім берген сұрақтарға жауап береді.

    2 дана қарындаш немес циркуль, дәптер

    Жаңа сабақты бекіту(Үй тапсырмасы)

    (2 мин)

    Оқушыларға дұрыс және бұрыс мәліметтер берілген парақша таратады.

    • Оқушылар, осы мәліметтердің қайссысы жалған? Егер жалған болған жағдайда не себепті және оның дұрыс нұсқасын үйден ізденіп, дәптерге жазып келіңіздер.

    1. Папиллярлық сызықтар саусақ терісінің сезімталдығын 100 есе арттырады және тегіс заттарды ұстауға, оларды құлатып алмауды қамтамасыз етеді. (Дұрыс)__Ми_ауруды_сезбейді._Ауруды_тек_ми_қабығындағы_рецепторлар_сезеді._Сондықтан_кейде_басымыз_ауруы_мүмкін.(Дұрыс)'>(Дұрыс)

    2. Ми ауруды сезбейді. Ауруды тек ми қабығындағы рецепторлар сезеді. Сондықтан кейде басымыз ауруы мүмкін.(Дұрыс)

    3. Ауырсыну, жанасу, қысым немесе температураны сезінген кезде, бұл сезінулер тікелей миға сигнал жібереді. Сондықтан біз басымыз ауырғады жақсы сеземіз.(Бұрыс)

    4. Біздің теріміз гормондардың нысаны ғана болып табылады және гормондарды синтездей алмайды, Сондықтан тері адам ағзасының эндокриндік жүйесінің процестеріне белсенді қатыса алмайды. (Бұрыс)

    5. Бідің теріміз иәс сезуге де қатыса алады. Тері мен басқа да мүшелерде иіс сезетін рецепторлар болады. Теріде олар белгілі бір хош иісті қосылыстарға жауап береді, бұл өз кезегінде регенерация процестеріне әсер етеді. (Дұрыс)

    6. Тері бетінде әрқашан микробтар болады және тері мүйізді жасушалардың үнемі қабыршақтануы жағдайында ағза ішіне ене алады. (Бұрыс)

    7. Тері - біздің ағзамыздағы ең ауыр орган. Онда шамамен 250 мың шаш бар. Бұл орган үнемі өледі және қайта жаңарып отырады. (Дұрыс)

    Берілген мәліметтердің қайссысы дұрыс, қайссысы бұрыс екендігін үйде анықтап, бұрыс мәліметтердің қатесін түзеп, дұрыс жауабын дәптерге жазып келеді.

    Дәптер, ғаламтормен жүмыс, парақша

    Рефлексия

    (2 мин)

    «Ойлаудың алты қалпағы» әдісі арқылы оқушылармен кері байланыс жасайды, сабақты қорытындылайды.



    Әр жұп 5 түрлі қалпақтардың біреуін таңдап, таңдалған қалпақ түсіне қарай берілген сұраққа жауап береді. Өз ойларын айтады.

    «Ойлаудың алты қалпағы»

    Ақ қалпақ – сабақ бойынша фактілер мен жаңа ұғымдар араласқан ойлар айтады

    Қызыл қалпақ – сезім, болжам және ішкі түйсікті білдіреді.

    Жасыл қалпақ – сабақ бойынша сын-пікір, келесі сабаққа ұсыныс

    Сары қалпақ – бүгінгі тақырыптың өмірмен байланыстылығы, қажеттілігі

    Көк қалпақ – барлық қалпақтардың ой-пікірін тыңдап, қорытынды ой айту

    Қағаздан жасалған ақ, қызыл, жасыл, сары, көк қалпақтар, қағаз себет


    написать администратору сайта