Главная страница
Навигация по странице:

  • Заманауи сабақтарда Дәстүрлі сабақтарда

  • Sway

  • методы преподавания. Доклад. азастан республикасыны білім жне ылым министрлігі санджар жандосов атындаЫ аскеле Ксіптіктехникалы колледжі


    Скачать 487.23 Kb.
    Названиеазастан республикасыны білім жне ылым министрлігі санджар жандосов атындаЫ аскеле Ксіптіктехникалы колледжі
    Анкорметоды преподавания
    Дата20.12.2021
    Размер487.23 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаДоклад.docx
    ТипДокументы
    #310105

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

    «САНДЖАР ЖАНДОСОВ АТЫНДАҒЫ ҚАСКЕЛЕҢ КӘСІПТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»МКҚК


    ЗАМАНАУИ КӘСІПТІК БІЛІМ – ҚҰЗІРЕТТІ МАМАНДАР

    жас мамандарға арналған облястық ғылыми –әдістемелік

    конференциясы
    «Тиімді әдіс – сапалы сабақ кепілі»
    Орындаған: информатика пәнінің оқытушысы

    Рахымжанқызы Айгерім

    Алғы сөз

    Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Өмір бойы оқу, үйрену, білім алу – әр қазақстандықтың өмірлік кредосына айналуы қажет», - деген сөзі ұстаздарға тікелей қатысты. Өзгелерге білгеніңді немесе білу керектіні үйрету үшін, алдымен, соны қалай үйретуді білу шарт. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8 — бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті — оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» — деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі — оқытудың әдіс — тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. 

    Бұл педагогикалық жобамда осыны басты назарда ұстап, соңғы жылдары педагогикамызға қосылып жатқан жаңа әдіс-тәсілдердің біршамасының басын қосып беруді мақсат тұттым.

    Мұғалім творчествосы – ұшы-қиыры жоқ ізденіс, өнер, қиял, тапқырлық, үйрену, даму. Үйретуші сөз арқылы емес, әрекет арқылы үйретуді басты назарда ұстағаны жөн. Және сол әрекетті үйренуші атқарғаны дұрыс. Сол кезде ғана берген білім сапалы, алған білім өмірлік болары анық.

    «Ең жақсы өткен сабақтың қай жерден, қалай аяқталатынын күні бұрын білмейсің. Бұл сабақты шәкірт пен ұстаздың бірлескен ізденісі деуге болады. Сабақтың барлық жағдайын алдын ала жоспарлап қою шәкірттің еркіндігіне шідер салумен бірдей.

    Шәкіртке «екі» қою арқылы тәрбиелеуге болмайды. «Екілік» - өзіңе қойған бағаң. Өзіне талап қоюға ерінген мұғалім балаға талап қойғыш болады. Бала әділетсіз жазалаудан, үздіксіз ескерту жасай беруден не істерін білмей, өзіне-өзі сенімсіз болып, жүйке ауруына ұшырайды.

    Мұғалім мен бала арасындағы түсініспеушілік әр адамның туғаннан жаратылысы бөлек, адамның туғаннан өзіне ғана тән табиғаты бар екенін мойындамаудан шығады. Баланың мінезін өзгертемін деуге болмайды, мінезінің жақсы жақтарын байқап, дамытуға ғана болады.

    Барлық жерде мұғалімге қойылатын талап: баланы тәрбиеле! Бірақ тәрбиенің не екенін дұрыстап түсіндірген ешкім жоқ. Тәрбиелеу дегенді – тәртіпті қылу деп ойлаймыз. Оқушылары тым-тырыс отыратын мұғалімнің сабағынан, қажетті жерде шулата білген сабақ қызық.

    Баланың қайғысы мұғалімнің жақсы оқитын және жаман оқитын бала деп бөлуінен басталады. Осыдан кейін баланың рухани дүниесі тек бағамен өлшенеді. Мұғалім сыныпқа баға қою үшін емес, балаларды шабыттандыру, ең болмағанда, ынталандыру үшін кіру керек. Балаларға сабақ үйретудің қолайлы әдісін тауып, әріптестеріммен бөлісуді жөн көрдім.
    Негізгі бөлім

    Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік. Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты роль атқарған болса, қазір оқушының белсенділік көрсететін кезі туды. Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы». Бұл технология Кеңес өкіметі кезінде 1973жылдан, Қазақстанда 1997 жылдан бері таныла бастады. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау, яғни, RWCT жобасы 29 мемлекетте қолданылады.Технологияның негізін қалаушылар американдық ғалымдар Чарльз Темпл, Джон Дьюи, Мередит. «Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы» RWCT Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түпкір – түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Кезінде жоба ретінде ұсынылып, көпшіліктің қолдауын тапқан бұл технологияда Ж.Пиаже, Л.С.Выготский, Эльконин-Давыдовтардың, басқа да ғалымдардың еңбектерінің ең құнды жерлері көрініс тауып, идеялар тоғысып, біріктірілген іспетті.

    Бірнеше жылдан бері білім беру саласында жұмыс істеп келемін. Сонда байқағаным, оқушылар өз ойларын толық жеткізуде қиналатындықтары. Мен енді тіл дамыту жұмысына көп көңіл бөле бастадым. Осы жерде маған көмекке сын тұрғысынан ойлау (СТО) жобасының иерархиялық моделі Блум токсаномиясы келді. Бұл иерархиялық модель барлығымызға таныс. Таксономия – олардың иерархиясын (белгілі бір құрылымдағы бірізділігін, реттілігін) құрастыру мақсатында берілген нысандарды нақты бір өлшемдер мен қағидалар бойынша жіктеу. Осыған орай оқушыларға берілетін тапсырманы да неге бірізді құрылымда жасамасқа?! Критериалды бағалау үрдісіне сүйенсек әр оқушы өзін өзі бағалай білу және тапсырма орындау барысында өзінің қаншалықты деңгейге жеткеніне нақты көз жеткізе алады. Бірақ, өкінішке орай берілген уақыт тапшылығы кейде баланың толық сабақтың мақсатына жетуіне кедергі жасап жатады. Сол себепті менің ұсынып отырған идеям әр сабақта тек информатика пәнінде ғана емес, барлық сабақтарда әрбір балаға жұмыс дәптері (қосымша 1) таратылса.

    Жоба мақсаты: оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін бағалау критерийлері негізінде білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығына білім алушылардың оқу нәтижесі туралы нақты ақпарат алу.

    Зерттеудің өзектілігі мектепте білім алушылардың дағдыларды бойға сіңіруі және өзін-өзі бағалау тәжірибесі жинақталуы қажет. Білім алушылардың өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру кезінде негізгі назарды өзін-өзі реттеуіне, өз бетінше білім алуына ынталандыруға аудару керек. Білім алушылардың өзін-өзі бағалауы оқу үдерісінде өзінің күшті және әлсіз тұстарына өзі талдау жасай алуына мүмкіндік береді. Білім алушыларды не білетініне, қандай дағдыларды меңгергеніне объективті қарауына, өз кемшіліктерін және нәтижесінде неге қол жеткізгісі келетінін анықтауға үйрету маңызды

    Сын тұрғысынан ойлау деңгейіндегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.

    Блум таксономиясы ойлау жобасының әдіс-тәсілдері оқушыларды тынымсыз ізденімпаздыққа баулиды. Баланың еркін де терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. Оқушының ізденісі жеміссіз болмақ емес. Дәстүрлі білім беру кезіндегі оқушыны сын тұрғысынан ойлайтын оқушымен салыстырғанда нәтижесі жақсы болды.
    Жоба іске асу үшін үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт:

    • оқушыларға онлайн – сервистермен (LearningsApp.org, mentimetr.com, kahoot, wordwall.net және т.б. ) тапсырма берілуі керек;

    • оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;

    • әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;

    • үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;

    • кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау;

    • оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;

    • сын тұрғысынан ойлауды бағалау.


    Ал оқушылардан осыған байланысты:

      • сенімділікпен жұмыс жасау;

      • бар ынтасымен оқуға берілу;

      • пікірлерді тыңдау, құрметтеу;

      • өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.


    Тек сонда ғана олар:

      • мен осы мәселе туралы не ойлаймын?

      • осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы осы мәселе туралы білетініме сәйкес пе?

      • осы ақпаратты үйрене отырып мен бірдеңе жасай аламын ба?

      • маған бұл жаңа ойлар, идеялар қаншалықты әсер етті? деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.


    Зерттеу барысы:

    Дәстүрлі сабақ пен онлайн – сервистерді (жұмыс дәптерін)қолдана отырып заманауи сабақты салыстырайық:


    Заманауи сабақтарда

    Дәстүрлі сабақтарда

    Оқушылар жекелей, жұппен, топпен жұмысты жақсы ұйымдастырады.

    Оқушы бірден жұмысқа кірісіп кетпейді.

    Өз беттерімен жұмыс істеу қабілеттері, белсенділіктері басым.

    Белсенділік орташа, мұғалімнің көмегін керек етеді.

    Шығармашылық қабілеттері артады, топтағы әр оқушының жауапкершілігі басым.

    Шығармашылығы бірқалыпты, ынта-ықыластарын білдіре қоймайды.


    Ал, енді сабақ жоспарымен қоса жасалатын жұмыс дәптеріне (қосымша 1) назар аударсақ.

    Барлығымызға таныс Блум таксономиясы баспалдағына 1-сурет сүйене отырып әр тапсырманы онлайн – сервистерде қарастырсақ.


    1. сурет. Блум таксономиясының баспалдақтары.


    Осы сервистерді жұмыс дәптеріндегі Блумның әрбір баспалдағымен байланыстырып тапсырма дайындалады. Әрбір тапсырманың тұсына 0-100% ға дейінгі шкала, тапсырмаға критерий көрсетіліп, соның нәтижесінде бала өз деңгейін анықтайды. Тапсырма белгілі бір уақыт аралығына беріледі. Демек, мұғалім тапсырманы беру күнімен қабылдау күнімен таныстырып отырады. Мұның өзі оқушыны іздемпаздыққа, еңбекқорлық пен жауапкершілікке тәрбиелейді. Мұғалім үшін өзіне чек парағы (қосымша 2) беріледі. Чек парағы оқушының қай деңгейде тоқтағанын және оған қандай көмек керектігін анықтауға көмек береді. Осы чек парағы арқылы қорытынды шығарып бағалау нақтырақ болады. Бұдан басқа, өзін-өзі бағалау кезінде мұғалім білім алушыларға дәлелдер келтіру, өзін-өзі бағалау нәтижелерін талқылау, дескрипторларды қолдану, үздік жұмыс үлгілерін көрсету және т.б. арқылы да көмек беруіне болады.

    ҚМЖ жасау барысында осы онлайн – сервистерді ескеріп, сілтемесін көрсеткен жөн (2-сурет, қосымша 3).


    2-сурет. Қысқа мерзімді жоспар
    Білім берудің маңызды шарты оқу үрдісінде оқушылардың қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлықтарын дамыту болып табылады. Осыған орай, қолданыста жүрген онлайн – сервистердің бірқатарына тоқталып өтсем:

    • Sway-бұл интерактивті есептерді, жеке әңгімелерді, презентацияларды және т. б. құруды және бөлісуді жеңілдететін жаңа Microsoft Office қосымшасы;

    • Thinglink-статикалық суреттерді интерактивті нысандарға айналдыруға мүмкіндік беретін сервис, мұнда суреттегі әрбір объект үшін Веб-бетке, презентацияға, бейнеге және т. б. сілтемені таңдауға және орнатуға болады.

    • Padlet- те кез-келген уақытта қарау  үшін қол жетімді болатын виртуалды тақта материалдарына жүктеу арқылы құжат сақтау жүйесі ретінде пайдалануға ыңғайлы;

    • Сонымен қатар, flippity, genially, wizer.me, tinytap, live worksheets, LearningsApp.org, mentimetr.com, kahoot, wordwall.net және т.б.


    Зерттеу нәтижесі:

    Жұмыс дәптерінің көмегімен кері байланысты күшейте түсеміз.



    Зерттеуге дейін оқушылардың кері байланыс деңгейі орташа, сабаққа қызығушылығы көз қуантарлықтай болмады.

    Зерттеу нәтижесі бойынша диаграммаға назар аударайық:


    Жыл басындағы көрсеткіштер бойынша жүргізілген жұмыстар қосымшада, және жұмыс дәптерін жүргізгеннен кейінгі көрсеткіш қосымшаға тіркелген.
    Қорытынды. Блум таксономиясын қолданумен жүргізілген сабақтың жоғары деңгейде өтуінің алғы шарты оның қағидаларында, яғни, стратегияларында. Стратегия дегеніміз – әдістемелік ұстаным. Мұғалім мен оқушы кез келген стратегияның әдіс-тәсілін, қыр-сырын жетік түсіне білуі қажет. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болмақ. Стратегиялар оқушыларды шығармашылықпен әрекет етуге, ізденімпаздыққа баулиды, еркін, терең, жан-жақты ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады, стратегияның 80-нен аса түрі бар. Жұмыстың ыңғайына қарай стратегияларды өзгертіп те жіберуге болады. Осы технологияларды пайдалана отырып, сабақ құрылымын жоспарлауға шығармашылықпен қарау, әдістемелік лабораторияны жинақтау секілді мүмкіндіктерге қол жеткіздім.


    написать администратору сайта