Главная страница
Навигация по странице:

  • Стандартты сары су көмегімен науқастың қан тобын анықтағанда ешқандай қан тобымен агглютинация болған жоқ..науқаста қанның қай тобы

  • Есеп №2. азастан Республикасыны денсаулы сатау министрлігі Семей аласыны Д. Калматаев атындаы мемлекеттік жоары медицина колледжі шж кмк ситуациялы есептер


    Скачать 18.33 Kb.
    Названиеазастан Республикасыны денсаулы сатау министрлігі Семей аласыны Д. Калматаев атындаы мемлекеттік жоары медицина колледжі шж кмк ситуациялы есептер
    Дата10.06.2021
    Размер18.33 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЕсеп №2.docx
    ТипДокументы
    #216500

    Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі

    «Семей қаласының Д. Калматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК

    Ситуациялық есептер:

    1. Қан тобын анти-А және анти-В цолоиклондарымен анықтаған кезде анти-В цоликлонымен агглютинация пайда болды. Науқаста қанның қай тобы?

    2-қан тобы. Өйткені, анти-А және анти-В цолоиклондарымен анықтаған кезде анти-В цоликлонымен агглютинация пайда болды.

    1. Стандартты сары су көмегімен науқастың қан тобын анықтағанда ешқандай қан тобымен агглютинация болған жоқ..науқаста қанның қай тобы

    1-қан тобы. Себебі, Стандартты сары су көмегімен науқастың қан тобын анықтағанда ешқандай қан тобымен агглютинация болған жоқ

    1. Науқасқа қан құю барысында бас ауруы, дене қызуы, ыстықтау сезімі пайда болды. Науқаста асқынудың қай түрі? Бұл асқынудың алдын алу шарасы?

    Гемотрансфузиялық шок. Себебі, қан құю барысында бас ауруы, дене қызуы, ыстықтау сезімі пайда болды.

    Алдын алу. Бірнеше ережелерді қатаң ұстану керек:

    Трансфузияға дейін:

    1. Дайындық барысында консервирленген қан және оның компоненттері мен қан препараттарын сақтау және құю ережелерін қатаң сақтау қажеттігін естен шығармау керек

    2. Бір реттік жүйе, яғни системаны қолдану.

    3. Трансфузиондық және акушерлік анамнезді мұқият жинау:

    • Арасындағы интервал;

    • Шараны көтере алуы (переносимость);

    • Трансфузиондықерітіндінің түрі;

    • Реакцияның трансфузиядан соң қанша уақытта пайда болды, оның мінездемесі (дене қызуының 0,5—2,0 °С-қа көтерілуі, бұошық еттердің ауыруы, тұншығу, ісіну, терідегі бөртпелер);

    • Посттрансфузиондық гемолитикалық асқыну жағдайы (тері мен шырышты беткейлердің сарғыштануы, зәр түсінің қараюы, бел, іш, кеуде аймағындағы ауырсынулар);

    • Жүктілік және босану саны, ерте түсік, ұрықтың антенатальды өлімі, жаңа туған нәрестедегі гемолитикалық аурулар;

    4) Дәрігердің және лабораториялық зерттеу нәтижелерімен анықталатын қанның тобы және оның резус-факторы;

    5) Донор қаны мен оның компоненттерін қолданудың көрсеткіштерін анықтау;

    6) Донор мен науқастың қан топтарын бақылау анализдері, сәйкестікке сынама (проба) өткізу

    Трансфузия барысында:

    1. Трансфузия тамшылату әдісімен 500 мл/сағ жылдамдығымен өткізілуі тиіс;

    2. биологиялық сыгама (проба);

    3. Гемотрансфузия кезінде посттрансфузионды реакциялар мен асқынулар пайда болуы мүмкін болғандықтан, медициналық қызметкерлер науқас жағдайын бақылауда ұстауы тиіс.

    Трансфузиядан соң:

    1. Қан құюдан кейін 24 сағат көлемінде науқас бақылауда болуы керек:

    • Процесстен соң 2 сағат өте науқастың қызуы мен АҚҚ-ы тексеріледі

    • Сағат сайын: алғашқы зәрдің көлемі мен түсін тексеру

    1. Гемотрансфузионды ортаның қалған қалдығының флаконы (10 мл-ден кем емес) мен қаптамасын 48 сағат, ал ұан құюға дейін алынған науқас қанының пробиркасын 7 сағат көлемінде тоңазытқышта +2—6 °С- та сақтайды. Әр трансфузия жазылады:

    • Гемотрансфузионды ортаны құюды тіркеу журналы

    • Протокол түріндегі ауру немесе босану тарихы


    написать администратору сайта