Главная страница

«Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары 2022-20. азастан тарихы пнінен мемлекеттік емтихан сратары 20222023 оу жылы


Скачать 19.08 Kb.
Названиеазастан тарихы пнінен мемлекеттік емтихан сратары 20222023 оу жылы
Дата07.12.2022
Размер19.08 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла«Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары 2022-20.docx
ТипДокументы
#832678

«Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары

2022-2023 оқу жылы


  1. Жас ұрпаққа тәрбие мен білім беруде Қазақстан тарихы пәнінің маңызы мен орны, мақсаты мен міндеттері.

  2. Қазақстан тас дәуірінде. Қазақстан тарихының ежелгі дәуірінің шаруашылығы және әлеуметтік құрылымы.

  3. Қола дәуіріндегі Қазақстан: қоғамдық қатынастың, еңбек құралдарының, шаруашылықтың эволюциясы (мал және егін шаруашылықтарын жетілдіру, тау-кен ісі, қолөнер, тігіншілік және кәсіпшілік, қоныстары мен үй салу үлгілері)

  4. Сақтардың тайпалық одақтары: шаруашылығы, қоғамдық құрылысы және мәдениеті.

  5. Үйсін тайпалық одағы: саяси тарихи, шаруашылығы, мәдениеті.

  6. Қаңлы тайпалық одағы: саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті

  7. Ғұндардың тайпалық одағы. «Ұлы қоныс аудару»

  8. Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы және саяси тарихы.

  9. Батыс Түрік қағанаты(«он оқ бұдұн»): құрылуы, аумағы,этникалық құрамы

  10. Көне түркі жазба ескерткіштері (Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған т.б.)

  11. Көне түркі мемлекеттерінің Шығыс және Батыс елдерімен саяси қарым-қатынасы. 751ж. Талас шайқасы және оның Орталық Азияның этномәдени өміріне әсері.

  12. Түркеш қағанаты: саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.

  13. Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы: құрылуы, көрші мемлекеттермен қарым-қатынастары.

  14. Оғыз және Қимақ мемлекеттері: саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.

  15. Қарахан мемлекеті: саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті

  16. Түркілер өркениеті және Ұлы жібек жолы.

  17. Қыпшақ хандығы: саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы

  18. Найман, Керей және Жалайыр ұлыстары: саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениеті

  19. Шыңғыс хан мемлекетінің құрылуы және Шыңғысханның Қазақстан аумағына жаулаушылығы.

  20. Алтын Орда: саяси тарихы, әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдениеті.

  21. Ақ Орда: аумағы, саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.

  22. Моғолстан мемлекеті: саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы

  23. Әбілқайыр хандығы және Ноғай ордасы: саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы

  24. Әмір Темір. XIVғ. соңындағы Әмір Темір империясы және оның Моғолстан, Ақ Орда және Алтын Орда мемлекеттеріне жорықтары.

  25. Қазақ хандығының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі. Қазақ жүздері

  26. Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы. Керей, Жәнібек, Бұрындық хандар

  27. XVIғ. Бас кезіндегі Қазақ хандығының нығаюы. Қасым хан және оның ішкі-сыртқы саясаты.

  28. XVI-XVIIғ.ғ. Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті.

  29. XVI-XVIIғ.ғ. Қазақ халқының әлеуметтік-саяси құрылымы. Мемлекеттік басқару мүшесі

  30. XVIғ. Хақназар, Тәуекел хандар кезіндегі қазақ хандығының саяси жағдайы.

  31. XVIIғ. Есім, Жәңгір хандар кезіндегі Қазақ хандығының саяси жағдайы

  32. Қазақ хандығының Тәуке хан тұсындағы саяси жағдайы. «Жеті жарғы» заңдар жинағы

  33. Қазақ жеріне жоңғар мемлекетінің шапқыншылығы. («Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама жылдары»). Қазақ халқының азаттық жолындағы күресі.

  34. Ресей империясының сыртқы саясатындағы Қазақстан. Қазақ жүздерінің Ресей бодандығын қабылдауының алғы шарттары.

  35. Абылай хан: қызметі және тарихта алатын орны

  36. Әбілқайыр хан: жеке тұлға, саясаткер

  37. XVIIIғ. Ресей империясының Қазақ жеріндегі отаршылық саясаты.

  38. XVIIIғ. Қазақ халқының мәдениеті. Бұхар жырау, Үмбетей, Ақтамберді және басқа да жыраулардың шығармашылығы.

  39. 1822-1824 ж.ж. реформалар. Хандық биліктің жойылуы және әкімшілік-аумақтық жүйесінің құрылуы

  40. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.Игельстром реформасы.

  41. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының басшылығындағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі.

  42. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

  43. Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлының көтерілісі.

  44. Қазақ билері. Олардың XVII-XVIIIғ.ғ. Қазақ қоғамындағы рөлі.

  45. 1869-1870 жылдардағы Торғай, Орал облыстарындағы және 1870ж. Маңғыстау қазақтарының көтерілістері

  46. XIXғ. Басындағы Қазақстанның оңтүстік бөлігіндегі жағдай. Қоқан және Хиуа хандықтарының Қазақстанның оңтүстігін жаулап алуы және оның зардаптары

  47. XIX ғ. 60-90 жылдарындағы Ресей империясының Қазақ жерінде жүргізген әкімшілік-аумақтық реформасы және оның зардаптары

  48. Ш.Уәлиханов және оның Қазақстанның тарихы, географиясы, экономикасы мен мәдениетіне қатысты ғылыми мұрасы.

  49. XIX ғ. Ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақ жеріне қоныс аударуы.

  50. Абай Құнанбаев – ұлы ақын және ағартушы.

  51. Ы.Алтынсарин – педагог, ағартушы және Қазақстандағы оқу-ағарту ісінің негізін қалаушы.

  52. Қазақтардың Ресейдің I-II мемлекеттік думаларының жұмысына қатысуы және жер мәселесін көтеруі.

  53. Ресей империясының қоныс аудару саясаты. Столыпиннің аграрлық реформасы және оның зардаптары.

  54. Ұлт азаттық идеясын қалыптастырудағы «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің рөлі.

  55. ХХ ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуы. Тауар-ақша қатынасының енуі.

  56. ХХғ. Басындағы Қазақ зиялыларының қалыптасуы, саяси-қоғамдық қызметі (Ә.Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Б.Қаратаев, М.Дулатов т.б.)

  57. І дүниежүзілік соғыс кезіндегі Қазақстан. 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс.

  58. Ресейдегі ақпан төңкерісі және оның Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне әсері.

  59. «Алаш» саяси партиясының құрылуы және қызметі.

  60. «Алаш» автономиясы және «Алаш Орда» үкіметі. (1917-1920 ж.ж.)

  61. Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылуы және қызметі (М.Тынышбаев, М.Шоқай)

  62. Қазан төңкерісі және Қазақстанда кеңес өкіметінің орнауы, ерекшелігі

  63. Қазақстан азаматтық қарсылық кезеңінде (1918-1920ж.ж.)

  64. «Әскери коммунизм» саясаты және «Жаңа экономикалық» саясатқа көшу

  65. Қазақ кеңестік социалистік автономиялық республикасының құрылуы (1920ж.)

  66. Қазақ жеріндегі 1921-1922 жылдардағы аштық және оның зардаптары.

  67. Орта Азия және Қазақ автономиялы Республикасындағы ұлттық-аумақтық жағынан межелеудің жүргізілуі. Қазақ жерлерінің Қазақ АКСР құрамына бірігуі (1920-1925 ж.ж.)

  68. ХХғ. 20-30 ж.ж. Қазақстандағы мәдени құрылыс

  69. Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-нің құрылуы, қалыптасуы мен даму тарихы.

  70. Қазақстандағы индустрияландыру: ерекшеліктері мен қиыншылықтары

  71. Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру: қортындысы мен зардаптары. Ф.Голощекиннің «Кіші Қазан» саясаты.

  72. ХХғ. 20-30 ж.ж. Сталиндік қуғын-сүргін, оның ауқымы мен ауыр зардаптары.

  73. Ұжымдастыруға қарсы бағытталған шаруалар көтерілістері.

  74. ХХғ. 30-40 ж.ж. Көптеген халықтардың күштеп Қазақ жеріне депортациялануы және оның зардаптары.

  75. Ұлы Отан соғысының басталуы. Экономиканы соғысқа бейімдеу.

  76. Ұлы Отан соғысы майдандарындағы Қазақстандықтардың мәңгі өшпес ерліктері

  77. Қазақстан – майдан арсеналы. Ғылым мен өнер майданға (1941-1945 ж.ж.)

  78. ХХғ. 50 жылдарындағы республикадағы қоғамдық-саяси жағдай. Қоғамдық-саяси өмірдегі саяси қудалаудың жаңа кезеңі. (Е.Бекмаханов, Қ.Сәтбаев, Б.Сулейменов және тағы басқалар)

  79. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: қортындылары мен зардаптары

  80. Экологиялық дағдарыстар. Арал қасіреті. Семей ядролық полигоны

  81. Қазақстан Хрущевтың «жылымығы» кезеңінде және оның тиянақсыздығы. Ұлттық мәселелердегі шектеулердің күшейтілуі.

  82. Қонаев Д.А. – мемлекет және қоғам қайраткері.

  83. Тәшенов Ж.А. – мемлекет және қоғам қайраткері.

  84. Қазақстан қайта құру кезеңінде: алғашқы қадамдар мен қиыншылықтар (1985-1991 ж.ж.)

  85. 1986ж. Желтоқсан көтерілісі және оның тарихи маңызы

  86. 1991ж. тамыз бүлігі. КСРО-ның ыдырауы және ТМД құрылуы.

  87. «Тіл туралы заңның» қабылдануы және оның маңызы (1989ж. қыркүйек), және Алаш қайраткерлерінің ақталуы.

  88. Қазақ КСР-дің Мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заңы.

  89. Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың қазіргі қоғамның дамуындағы рөлі.

  90. Қазіргі қоғамның даму барысындағы мемлекетіміздің жастар туралы саясаты.

  91. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.

  92. Қазақстан Республикасының конституциясы(1995ж.). Қоғамның конституциялық құрылысының негізін жасау. Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдум. Демократиялық қайта құрулардың кеңеюі.

  93. Қазақстандағы ұлтаралық қатынас. Қазақстан халқы Ассамблеясының ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтудағы рөлі.

  94. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің негізгі кезеңдері.

  95. «Мәдени мұра», «Тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламалары: мақсаты мен жүзеге асырудың негізгі кезеңдері.

  96. Қазақстан Республикасының білім және ғылым жүйелеріндегі реформалар. «Болашақ» бағдарламасы

  97. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және халықаралық қатыныстары

  98. Ұлт тарихын оқып үйренудегі жаңа талаптар. Ұлт тарихындағы «ақтаңдақтарды» жою шаралары

  99. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жолдауының мәні мен маңызы (2022ж. қыркүйек).

  100. ҚР дамуының ұзақ мерзімге арналған басым бағыттары. «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты.


написать администратору сайта