курсовая. КР Ұңғыманы ыстық мұнаймен жуу техникасы мен технологиясы. азастанда мнай кп уаыттан бері ндіріледі жне пайдаланылады, дегенмен мнай кен орындарын арынды игеру xix асырды аяы xx асырды басынан басталан
Скачать 22.44 Kb.
|
КІРІСПЕ Қазақстанда мұнай көп уақыттан бері өндіріледі және пайдаланылады, дегенмен мұнай кен орындарын қарқынды игеру XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басынан басталған. 1899 жылдың 13 қарашасында Қарашұңғылда 40 м тереңдіктен №7 ұңғымадан жеңіл мұнайдың бірінші фонтаны атқылағаны белгілі. Сол күннен Қазақстан Республикасында мұнай өнеркәсібінің дамуы басталады. 1911 жылы Доссор кен орны Қазақстанда бірінші болып өңдірістік игеруге енгізілді. Республикадағы мұнай өндіру өнеркәсібі соғысқа дейінгі жылдары қарқынды дамыды. Жаңадан өнеркәсіп объектілері және жаңа мұнай кен орындары ашылды (Байшұнас, Ескене, Шұбар Құдық, Сағыз, Жақсымай). Гурьевте мұнай жабдықтарын шығаратын механикалық зауыт салынды, орталық ғылыми зертхана құрылды. Ұзындығы 847 шақырым Каспий-Орск мұнай құбыры мен Қандыағаш-Гурьев темір жолы іске қосылды. Құлсары кәсіпшілігіне нұсқа сыртынан су айдау және компрессорсыз газ айдау әдістері енгізілді. XX ғасырдың 60-жылдарының ортасына дейін республикада мұнай өндіру баяу дамыды. Орта жылдық өнім өндіру 1,5 млн тоннадан аспады. Жалғыз мұнай ауданы Ембі бассейні болды. Манғышлақ түбегінде 50-жылдардың соңында терең барлау ұңғыларын бұрғылау жұмыстары жүргізіле бастады, соның нәтижесінде Өзен және Жетібай ірі кен орындары ашылды. 1961 жылы Жетібай кен орнынан бірінші фонтанды ұңғымадан мұнай алынды. Аз уақыт ішінде жаңа кен орындарды игеру басталды. Манғышлақ-Мақат темір жолы салынды. “Мангышлакнефть” кәсіпшілік бірлестігі құрылды, 1965 жылдан бері осы жердегі ашық кен орындарды игеру басталды. Өзен кен орнындағы ең негізгі құрылымдар мұнай құбырлары мен қабат қысымын ұстауға арналған су айдау құрылымдары, Өзен-Жетібай-Гурьев-Самара мұнай құбырының бірінші тізбегінің ұзындығы 712 шақырым Өзен-Гурьев бөлігі 1969 жылы іске қосылды. Бұл мұнай құбыры парафинді мұнайды алыс арақашықтықтарға тасымалдау мәселесінің бір беткей жаңа шешімі болды. Бозащы түбегіндегі жаңа мұнайлы аймақтарды игеру өнім өндірудің өсуін қамтамасыз етті. Қаражанбас және Қаламқас кен орындары пайдалануға енгізілді. Олардың ерекшелігі өнімді қабаттың терең жатпауы, мұнайының меншікті салмағы және құрамындағы ванадий үлесінің жоғары болуында. Келесі 10 жылдықтағы Манғышлақ және Каспий маңы ойпатындағы пайдалануға берілген кен орындар: Тенге, Тасболат, Шығыс Жетібай, Қаражанбас, Мартыши, Қамысты және т.б. 1975 жылы республикада мұнай өндіру 23,9 млн тоннаға жетті және 1970 жылымен салыстырғанда 1,8 есеге өсті. 1976 жылы Теңіз құрылы-4 мындағы тұзасты шөгінділерінің өнеркәсіптік мұнайлылығы анықталды және 1979 жылы осы кен орны игеруге енгізілді, бұл кен орны мұнай қоры жағынан дүниежүзіндегі ең ірілерінің бірі болып саналады. Келесі жылдар ішінде Каспий маңы ойпатындағы Жаңажол, Қара шығанақ аймақтарынан тұзасты шөгінділердегі мұнай-газды кен орындар ашылды. 1981-1992 аралығында республикадағы мұнай өндіру жоғары қарқынмен дамыды. 1981 дылғы мұнай өндіру 19,1 млн тоннадан 1992 жылы 25,8 млн тоннаға жетті. Маңызды оқиғалардың бірі Арысқұм майысуындағы Құмкөл ірі мұнайгаз кен орнының ашылуы және Каспий маңы ойпатындағы ірі мұнайгазоконденсатты Жаңажол, Қарашығанақ кен орындарының ашылуы болды. Осы кен орындарының ашылуы Қазақстанның мұнай-газ саласындағы шикізат базасын ұлғайтып, оны ірі өнеркәсіптік орталықтар қатарынан ерекшелердің қатарына ығыстырды. Қазақстан Республикасының экономикасы үшін мұнай-газ өнеркәсібінің орны бөлек және өте маңызды болып табылады. Дүниежүзінде жылдан жылға көмірсутектерді тұтыну өсіп келеді, өз кезегінде Қазақстанда мұнай өндіру жыл сайын өсуде; жақын арада мұнай өндіру мөлшерін 100 млн. тоннаға жеткізу міндеті тұр. Мұнай-газ саласында мыңдаған адамдар жұмыс істеп, өз үлестерін қосуда. Сонымен қатар, салаға ірі жетекші шетелдік компаниялар инвестицияларын тартуда. Келтірілген маңызды проблеманы шешу салаға заманауи мамандарды дайындауды, оларды технологиялық және техникалық жетістіктермен таныстыру, өндіріске еңгізуді талап етеді. Мұнай кен орындарын игеру деп құрамында көмірсутектер және олармен қоса жүретін пайдалы қазбалары бар заттарды жер қабатынан алудың ғылыми негізделген үдерісін айтады. Бұл үдеріс кен орнын бұрғылауды және мұнай мен газ қорларын игеруді қамтиды. НЕГІЗГІ БӨЛІМ Асфальтты-шайырлы-парафинді шөгінділер (АШП) мұнай өндірудің барлық дерлік аймақтарында кездеседі. Шөгінділердің химиялық құрамы өндірілетін мұнайдың қасиеттеріне, сонымен қатар қабаттың термодинамикалық және гидродинамикалық жағдайларына, олардың геологиялық және физикалық сипаттамаларына, кен орнын пайдалану әдістеріне байланысты өзгереді. АШП негізінен құбырларда, ағынды желілерде және мұнай кен орындарының құрлық құрылымдарында қалыптасады. Мұнай кәсіпшілігі жабдықтарында парафиндік шөгінділердің түзілуі мұнай ағынының температуралық режимінің төмендеуіне байланысты жоғары молекулалық көмірсутектердің (парафин, шайыр, асфальтендер) кристалдануы мен тұнбаға түсуінен болады. Шөгінділердің құрамы мұнай түріне де, олардың пайда болуына байланысты термодинамикалық жағдайларға да байланысты. Шөгінділердің құрамы тіпті бір ұңғыманың ішінде де әртүрлі болуы мүмкін, барлығы кристалдану жағдайларына байланысты. Шөгінділерде көбінесе су және әртүрлі механикалық қоспалар болады. Парафин шөгінділерінің түзілу қарқындылығы көп жағдайда өндірілген өнімнің сулануына байланысты. АШП шөгінділерінің есебінен ұңғымалардың тиімділігі мен өнімділігі төмендейді, жабдықтар тезірек тозып, электр энергиясының құны айтарлықтай өседі. Осыған байланысты АШП кен орындарымен күресу мұнай өнеркәсібінің кезек күттірмейтін міндеті болып табылады. Осы мақсатта қалыптасқан шөгінділерді жойып және жаңа шөгіндердің пайда болуын болдырмау үшін бірқатар шаралар жүргізіледі. Жаңа АШП шөгінділерін пайда болуын болдырмау үшін құбыр бетіне әртүрлі қорғаныс жабындары (шыны, эмаль, эпоксидті шайыр) қолданылады, гидрофильді материалдардан жасалған арнайы жабдықтар қолданылады. Дәл осы мақсатта алынған өнімдерге әртүрлі ингибиторлар қосылады. Ингибитор – коррозияны болдырмау үшін қосылатын химреагент Өндірісте қалыптасқан АШП шөгінділерін жою үшін жабдықты тазалау процедуралары орындалады: механикалық немесе жылулық. Ингибитордың типтері және олардың қасиеттері Кез келген мұнай құбырларында айналым құрамының агрессивті компоненттері мен магистарлды құбыр материалы арасындағы реакцияға байланысты тоттану процестері бар. Шикі мұнай, оттегі, су және басқа да белсенді заттардағы сутегі сульфидтері металды біртіндеп тотықтыруға және бұзуға әкеледі. Мұнай өнеркәсібіндегі коррозия ингибиторларын пайдалану: Сульфидті жарылу қауіпін азайту Жабдықтардың қышқылдық, сутекті күкіртті қорғау Қажетсіз микроорганизімдердің өсуін тоқтату Ингибитор классификациясы: Анодтық, катодтық және аралас Органикалық, бейорганикалық және ұшпа коррозияға қарсы Сілтілік, бейтарап, қышқыл Ингибитор типтері: ИФХАНгаз, АМДОР-ИН, ОЛАЗОЛ-Т2П, Корексит-6350, ИСА-148, Селакор-5478, Додиген-4482 Бұл ингибиторлар мұнай өндіру, өңдеу және сақтаудың барлық кезеңдерінеде қолданылады. Ингибитор қоспаларының көбісі метал бетіндегі пленканы құрайды және оны гидрофобиздейді. Скважиналарды өндіру кезінде негізгі өнімді қабаттардың өнімділігі төмендейді. Жер асты жабдықтарында және қабат түп аймағында парафиндер шөгінделіп қалады. Осындай кезде қабат түп аймағын ыстық мұнай немесе сумен өңдеу жылулық әдістерге жатады. Жылулық әдіс үшке бөлінеді: Ыстық сумен өңдеу Ыстық мұнаймен өңдеу Ыстық бумен өңдеу Скважина түп аймағын ыссы мұнаймен өңдеу және жер асты жабдықтарын тазалау үшін АДПН 12/150 агрегаты қолданылады. АДПН 12/150 қыздыру құрылғысы мұнайды 12МПа қысым кезінде +150°С дейінгі температураға қыздыруға арналған, оның мақсаты қабат өнімін жоғарлату және жер асты жабдықтарды АШП тұнбаларынан тазалау. Скважинаны АДПН 12/150 агрегаты арқылы ыстық мұнаймен жуу технологиясы АДПН 12/150 шығыс линиясын құбыр аралық задвижкаға жалғайды. Скважинаны тоқтатып, қабат аймағына задвижкасынан 100°С температура мұнайды айдайды, ол кезде задвижка ашық тұрады. Құбыр задвижкасын жабады. Ыссы мұнайды 0,5 көлемінде 1 ашылған қабатқа ығыстырады. Құбыр аралық задвижканы жабады. Агрегаттың шығыс линиясын ажыратып алады. Скважинаға әсер етуге 4 сағатқа тоқтатылады. Әсер ету уақыты өткеннен кейін скважина пайдалануға қосылады. |