Главная страница
Навигация по странице:

  • Сасық қурай

  • Дәрілік түймедақ

  • Қолданылған әдебиеттер

  • қмж. Қазақстандағы дәрілік өсімдіктердің адамға тигізетін пайдасы 111. азастандаы дрілік сімдіктерді адама тигізетін пайдасы


    Скачать 21.92 Kb.
    Названиеазастандаы дрілік сімдіктерді адама тигізетін пайдасы
    Дата13.03.2023
    Размер21.92 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаҚазақстандағы дәрілік өсімдіктердің адамға тигізетін пайдасы 111.docx
    ТипДокументы
    #986330

    Қазақстандағы дәрілік өсімдіктердің адамға тигізетін пайдасы

    Давидкул Қ.Н

    Ғылыми жетекшісі: Хамитова Г.Ж жаратылыс ғылым магистрі

    Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ.

    e.mail: davidkul.03@mail.ru

    Қазақстанның флорасы бай және алуан түрлі деп айта аламыз. Өсімдіктер әлемінің осындай молдығына байланысты олардың арасындағы дәрілік өсімдіктерді зерттеудің маңызы зор. Мал шаруашылығымен айналысатын қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік, дәрілік қасиеттерін ежелден білген. Дәрілік өсімдіктерді зерттеп, халықты олардың емдік қасиеттерімен таныстыру бағытында республикада көп жұмыстар атқарылды. Соңғы жылдары көптеген өсімдіктер ысыраппен пайдаланылып, жойылып кеткен. Осы орайда біз дәрілік өсімдіктерді пайдалануды ғана емес, оларды қорғауды да насихаттауымыз керек. Осыған байланысты өте ерекше, түр саны аз өсімдіктер Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген [1].

    Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамындағы стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанда өсетін 6000 астам өсімдік түрінің 500 түрі дәрілік өсімдікке жатады [2; б.15].

    Қазіргі кезде медицина ғалымдары дәрілік шөптерге барынша ден қойып, әр шөптің организмге қаншалықты пайдалы екенін кеңінен дәлелдеуде. Бұл жөнінде айтарлықтай табысқа жетуде. Осындай пайдалы шөптерді тексере келе, дәрілік шөптерді мәдени түрде көбейтуге көңіл аударылуда [3].

    Ертеде өмір сүрген Әл-Фараби, Әбу Әли Ибн Сина, Баруни әл-Джуржани және орта ғасырларда өмір сүрген тағы да басқа Шығыс ғалымдарының қазақ халық медицинасының дамуына әсіресе дәрілік өсімдіктерді танып пайдалануына еткен ықпалдары зор болды. Ертедегі египеттіктерге алоэ, қараған, анис, меңдуана, зығыр, лотос, жалбыз, тал, арша, т.б. өсімдіктердің шипалық қасиеті белгілі болған. Ғажап сиқырлы күші бар шөптермен Үндістанның аты шыққан. Бұдан 4 мың жыл бұрын үндістандықтар 760 дәрілік өсімдікті пайдалана білген. Қытайда дәрілік өсімдіктер жөнінде алғашқы кітап бұдан 5 мың жыл бұрын жазылған. Орта ғасыр ғалымы Парацельс ерте заманнан келе жатқан ілім бойынша «емдік өсімдіктің пішіні, түсі, дәмі мен иісі аурудың сипатына сай келуі тиіс» дейді. Мысалы, сарғайып ауырған адамды сары түсті өсімдікпен, бүйрек ауруын жапырағы бүйрек тәрізді өсімдікпен емдеу қажет [4].

    Қазақстанда кездесетін дәріліктер және олардың ағзаға пайдасы




    Дәрілік өсімдіктер

    Адам ағзасына пайдасы

    1

    Сасық қурай-Ferula.L туысына жататын өсімдік

    Түркістан облысында кездесетін

    Ferula L. туысына жататын сасық қурай өсімдігі қазіргі таңда үлкен сұранысқа ие. Адамдар аталған өсімдікті көптеген жылдар бойы дәрілік зат ретінде, және тағам ретінде қолданды, сонымен қатар жануарлар

    үшін жем-шөп ретінде пайдалы өсімдіктердің бірі [5]. Сасық қурай тамырының қайнатпасын, экстрактысын және жағар майын суық тиюде, бас ауруында, радикулитте, экземада, бөртпелерде, тропикалық жараларды емдеуге қолданған[6].

    2

    Дәрілік түймедақ-астралылар тұқымдасына жататын бір жылдық шөп тектес өсімдік

    Қазақстанда негізінен Алтай, Жетісу (Жоңғар), Іле және Күнгей Алатауының ашық жерлерінде өсетін 2 түрі бар: дәрілік түймедақ және кәдімгі түймедақ.

    Дәрі үшін өсімдіктің гүлдерін сабағынан үзіп, жинап алады.

    • Түймедақтың гүлінен жасалған дәрілерді жел шығараты, қабынуға қарсы әсер ететін, тер шығараты, ауырған жерлерді тыныштандыратын,денедегі бұлшықеттердің тырысуына қарсы әсер ететін қасиеттері бар

    • Сонымен қатар қан тоқтататын, микробты жоятын, өт айдайтын дәрі ретінде қолданады [7].

    3

    Итмұрын-раушангүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық көпжылдық өсімдіктердің тегі

    Қазақстанның барлық тау бөктерлерінде өседі.

    Медицинада итмұрын көп дәруменді ем ретінде, ағзадағы витаминдер жетіспегенде, атеросклерозда, қан қысымы көтерілгенде, анемияда, иммунитетті көтеру үшін, сүйек сынуы мен бауыр ауруларын емдейтін дәрілік өсімдік ретінде қолданылады. Итмұрыннан тосап жасайды. Жемістерді кептіріп, қайнатып, қыста тұмауға қарсы ішеді. Гүлдерін шайға қосып, бұқтырып ішеді [8].

    4

    Жалбызтікен-құлқайыр тұқымдасына жататын көп жылдақ шөптесін өсімдіктер туысы

    Қазақстанда 3 түрі бар. Көбірек тарағаны: дәрілік жалбызтікен. Барлық жерде (далада, шалғында, өзен аңғары мен жағалауларында, орман-тоғайда, шабындықтарда, бұта арасында) өседі.

    Дәрілік, шірнелі өсімдік. Жалбызтікеннің тамыры, жапырағы мен гүлдерінің дәрілік қасиеттері бар. Тамырында пектин, крахмал, аспарагин заттары бар. Жалбызтікен тамырынан көптеген дәрілер жасалады. Тамыр тұнбасы, шырыны, сығындысы тыныс жолдары ауруларын емдейтін дәрі ретінде қолданылады [9].

    5

    Шүйіншөп-өзі аттас тұқымдасқа жататын көпжылдық шөптесін өсімдік

    Қазақстанның барлық аймақтарында кездесетін 9 түрі бар. Шүйіншөптің тамыр мен тамырсабақты дәрі ретінде пайдаланады, тамырынан валерин, сірке және құмырсқа қышқылдары, эфир майы, қант, илік заттары алынады. Шүйіншөпті медициналық мақсатта ұйқы қашқанда, жүйке-жүйесі, жүрек-қан тамырлар жүйесінің жұмысы бұзылғанда тыныштандыру үшін қолданылады. Қазақстанда Іле Алатауындағы Шүйшөптің жылдық қоры 16 тонна, Күнгей Алатауында 0,3 тонна [9].

    6

    Шайқурай-шайқурай тұқымдасына жататын бір және көп жылдық өсімдіктер

    Қазақстанда шабындықта, қыратты жерлерде, өзен-көл жағалауларында, орман шетінде өсетін 7 түрі бар.

    Дәрілік мақсатта өсімдіктің жер үстіндегі бөлігі қолданылады. Тыныс алу органдарының ауруларына, бауырдағы тастарға, іш өткенге, қуық қызметінің бұзылуына, әйелдердің жыныстық ауруларына, кейбір қабыну процестеріне, іріңді ісіктерге, жараларға, қолданылады. Халық медицинасында шайқурай қан тоқтататын, қарын ауруларын, қанды іш өтуді емдейді. Жақында ғалымдар шайкурайдан алынған препараттар белгілі бір аурулардың (мысалы, тұмау, жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы) вирустарына жақсы әсер ететінін анықтады. Шайқурайдан шай қайнатады, ол жүйкені тыныштандырады, ал кейбір түрлері бальзамдар жасау үшін қолданылады [10].

    7

    Шәңкіш- байсаттар тұқымдасына жататын бұта немесе аласа ағаш

    Қазақстанның барлық аймақтарындағы жалпақ жапырақты және аралас ормандарында, бұлақ, өзен-көл жағалауларында, сайлы, батпақты жерлер мен тау беткейлерінде 1 түрі-кәдімгі шәңкіш кездеседі.

    Дәрілік мақсатта өсімдіктің қабығын, жемісін, гүлін жинайды. Құрамында вибурнин глюкозиді, валериан, илік заттар, шайыр және органикалық қышқылдар, ал жемісінде қант, илік заттар бар.

    Медицинада кеңінен қолданылады:

    • Қабығынан алынған тұнба қан тоқтатады, қан тамырларын тарылтады, жүйкені тыныштандырады. Жемісі жүрекке әсе етеді, несеп айдайды, өт жүргізеді, қабынудан қорғайды.

    • Қыста қатты аязда түсіп қалған жемісі жеуге жарамды болады. Сонымен қатар тер шығаратын, құстыратын, іш жүргізетін дәрі есебінде және асқазан қышқылы кемігенде емдеуге болады.

    • Өкпе қабынғанда, деміккенде, іш өткенде, бауыр ауырғанда, дауыс қарлыққанда пайдаланады

    • Гүлдеп тұрған бұтақтарының қайнатындысын қақырық түсіру үшін қолданады [11]


    Қолданылған әдебиеттер

    Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007

    Мyхитдинов Н.М., Мамyрова А.Т. Дәрілік өсімдіктер: Оқyлық. – Алматы: 2013. – 400 б. ISBN 9786012174168.

    Көкенов М.К., Әдекенов С.М. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері және оның қолданылyы. – Алматы: Ғылым баспасы, 1998.

    Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978;



    написать администратору сайта