Главная страница
Навигация по странице:

  • «Әдістеме», «технология», «оқыту технологиясы», «педагогикалық технология» ұғымдарының арақатынасы.

  • Ақпараттық және коммуникативтік технологияларна сипаттама.

  • Оқушылардың бірлескен іс- әрекеттерін ұйымдастыру арқылы сыни ойлау дағдыларын дамыту

  • азіргі мектептегі оытуды апаратты жне коммуникативтік технологиялары


    Скачать 20.5 Kb.
    Названиеазіргі мектептегі оытуды апаратты жне коммуникативтік технологиялары
    Анкор15 theme
    Дата14.12.2022
    Размер20.5 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла15 т.docx
    ТипДокументы
    #844122

    15.Тақырып: Қазіргі мектептегі оқытудың ақпараттық және коммуникативтік технологиялары.

    Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    1. Педагогикалық технология туралы түсінік.

    Қазіргі кезеңдегі психологиялық педагогикалық әдебиеттер ғылыми-технологиялық процестің жетістіктері мен білім беру саласына «жаңа компьютерлік технологияларды» енгізуімен бірге келген «технология» деген ұғым жиі кездеседі. Ғылымда арнаулы технологиялық бағыт пайда болды. Бұл бағыт ХХ ғасырдың 60-жылдарында АҚШ және Англияда пайда болды және қазіргі уақытта практика жүзінде барлық дүниежүзі елдеріне тарады.

    Педагогикалық технологияны жасаушылардың назары (терминдік түсініктемелеріне қарағанда) педагогикалық еңбектің жеке құбылыстар саласына бағытталған. Білім беру технологияларының басым көпшілігі негізінен оқушылардың белгілі бір білім жиынтығын меңгеруге бағытталған. Концепция жасаушылардың «ұстаздар-оқушылар» жүйесінің ерекшеліктерімен ұстаз еңбегінің технологиясының өзгешеліктері арасындағы өзара байланыстардың түрленген түрлерін көрсетудің басылмауы олардың ең осал жері. Егер кәсіби іс-әрекетке жеке өзгерістер енгізілсе еңбек саласында түбегейлі өзгерістерге жету және оның нәтижелеріне аса ықпал жасау мүмкін емес. Бұл тағы да «технология» ұғымының мазмұны туралы айтуға мәжбүр етеді.

    Бар және жасалынатын жаңа педагогикалық технологияны бағалаудың негізінде: концептуалбдық; Ұстаздық қатысы бар заттық саласының мазмұнын түсіну ұстаздың қатысы бар; ұстаз іс-әрекетінің соңғы парадигмасының нақтылығы; жалпы технология және оның ішінде жеке және педагогикалық технологияның қайда жасалынатынымен және қолданылатындығының саласының ұғымына сипаттама болып отыр.

    «Технология» деген термин гректің түп тамыры techne-өнер, шеберлік, кәсіп және logos-ғылым, білім деген сөзінен шыққан. Екі түп тамырының бірлігін шеберлік туралы ғылым немесе ілімді беретін сөзді құрайды, ол өндірістік процестері жүргізудің тәсілдері мен құралдары туралы білімдер жиынтығы, мысалы металдардың технологиясы, химиялық технология, құрылыс жұмыстарының технологиясы және т.б. Бұл осы термин өндіру процесі барысында жүзеге асырылып шикізатты материалдарды немесе жартылай фабриканттарды өндеуді жасаудың, жағдайларын, қасиеттерін, формаларын өзгерту әдістерінің жиынтығы ретінде бірқатар басқаша анықталады. Технология ғылым ретінде міндеті- практикада өндіріс процестерінің ең тиімділерін анықтау мен қолдану мақсатында физикалық, химиялық, механикалық және т.б. заңдылықтарды анықтау. Міне осыдан бірқатар өте маңызды айқын анықтамалар туады:

    -технологияны жасау үшін нақтылы еңбек затының қасиеттерін байланыстарымен қатынастарының жолын сипаттайтын заңдылықтарын білу керек;

    -еңбек затын өңдеу тәсілдерін білу;

    -еңбек затының жағдайын анықтай білу (диагностика);

    -еңбек затының жағдайын өзгерту тәртібін (әрекет тізбегін) жасау.


    1. «Әдістеме», «технология», «оқыту технологиясы», «педагогикалық технология» ұғымдарының арақатынасы.

    Ерекшелігі мен қолдану орнына қарай инновацияларды жіктеуге болады:

    Ал жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөлуге болады:

    Модификациялық инновация - бұл қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу.

    Комбинаторлық инновация - бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.

    Радикалдық инновацияға - білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады.

    Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педогогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Ал жаңа педогогикалық технологияның түрі, қолдану ерекшелігі, одан туындайтын мәселелер бүгінгі таңда әлі нақтыланып белгілі бір жүйеге түспеген дүние.

    Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегі алғы шарттар қажет:

    оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;

    оқушылардың сабақтастылығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру. Оның ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, азарда ұстау;

    жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандарты мен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу;

    оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу.

    Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылылығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталады. Ендеше қазіргі заманның ақпараттық және телекоммуникациялық технологиясын игеру - міндетіміз.


    1. Ақпараттық және коммуникативтік технологияларна сипаттама.

    Ақпараттық-коммуникативті технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

    Ақпараттық-коммуникативті технологияларды білім беру саласында үйлесімді пайдалану оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне негізделіп, өзіне қажетті мазмұн мен мәліметті ақпарат көзінен таңдап, талғап білуіне үйретеді.

    Ақпараттық-коммуникативті технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.


    1. Оқушылардың бірлескен іс- әрекеттерін ұйымдастыру арқылы сыни ойлау дағдыларын дамыту   

    Оқу бағдарламаның басты ерекшелігі – оқушылар ынтымақтаса отырып, жұмыс істейді. Жалпы практикалық зерттеу жұмысымен айналысу кезеңінде жеті модульдің бірі — сыни тұрғысынан ойлау модульін таңдадым. Неге сыни ойлау табысты тіршілік әрекеті болып табылады? Себебі, бастауыш сынып оқушыларын оқытуда тиімді әдістерді пайдалану арқылы оқушының білімге деген қызығушылығын арттыруға, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыруға болады. Бұған дейін оқушы мұғалім мен оқулыққа ғана бағынатын тыңдаушы ғана еді, енді ол сыни тұрғыдан ойланып, өз ойын дәлелдей алатын тұлғаға айналды. Бұл технология – оқу мен үйренуге арналған құрылғы. Сынып оқушылары топпен, жұппен жұмыс істеу арқылы өзара пікірлесіп, ең ұтымды жауапты тауып айтуға үйренеді. Топқа берілген сұраққа тынымсыз іздене отырып, әр оқушы өз ойын еркін айтуға, оны дәлелдеп, қорғай білуге мүмкіндік алады. Сондықтан СТО бағдарламасы қазіргі уақытта мұғалімдер қажет ететін басты технологиялардың бірі деп ойлаймын. Сыни тұрғысынан ойлау модульін мектепте қолдану маңызды рөл атқарады. Сыни тұрғысынан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік тәсіл. Сыни тұрғыдан ойлау модельі көңіл бөлуге тұрарлықтай, өйткені жобаның негізінде жатқан өзгеріс үлгісі түрлі мәдениеттің ішіндегі мыңдаған кластардағы шынай және ұзақ елеулі өзгерістің қозғаушы күші ретінде дәлелденіп отыр. Көптеген мектептерде өзгерістің тиімді үлгісінің жоқтығынан олар алға жылжи алмай келгенде сыни ойлау  мұғалімдердің құндылығы мен оқушылардың рөлін өз тәжірибелерінде танытатын кәсіби даму процесі арқылы нағыз өзгеріс енгізеді. (Мұғалімге арналған  нұсқаулық. 44-бет) Ал сыни тұрғыдан ойлау сынып үшін маңыздылығы қызығушылығын оятып, олардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытады. Оқушылардың бойында бақылау, талдау, интерпретация, қорытынды жасау дағдылары қалыптасады, ізденушілік қабілеті артады, өзара талдайды, ынтымақтасқан түрде жұмыс жасай біледі, оқуға деген ынтасы артады. Мұғалімдердің және келешекте оқушылардың сыни тұрғысынан ойлауын дамыту көзқарасында өз пәнін оқыту жолдары, әдістері мен нысандары туралы кәсіби ойлауының қалыптасуына бағытталған курс ретінде қолға алынып отыр. Бұл бағдарламаның басты мақсаты стратегияларды үйретуге қарағанда, стратегиялардың сабағымызда қойылған мәселені нәтижелі шешу қажеттілігі. Сондай-ақ бұрынғыдай мұғалім түсіндірмейді, тек бағыт береді. Ал оқушы өзі ізденеді және сабақ үстінде  тақырыпты бір — біріне түсіндіреді. Сыни тұрғыдан ойлаудың негіздерін бастауыш сынып балаларымен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. Бұл жолдағы ең оңтайлы тәсіл - балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге  ынталандыру. Бізде балалардың қызығушылығын оятып, олардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту үшін қолдануға болатын, әлемнің түрлі бөліктеріндегі және тарихтың түрлі кезеңдеріндегі тұрмыс салты туралы мысалдар жеткілікті. Сыни тұрғыдан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды қарастырады. Сондықтан оқушыларға бақылау, талдау, қорытынды жасау және интерпретациялау дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасау керек. (Мұғалімге арналған нұсқаулық. 47-бет) Оқыту жұмысы кезінде мұғалім алдына проблема қойып, оны шешудің мақсаты мен міндетін белгілейді. Сыни тұрғыдан ойлаудың құрылымын жасап және қай сатыда қандай әдістерді қолдану тиімділігін ойлана отырып жоспар жасайды. Қызығушылықты ояту сатысы оқушыларды қалай қызықтыруға болады деген сұраққа жауап беретіндей жоспар құрады. Мағынаны тану сатысы оқушының білімін қалыптастыру деңгейінде оны зерттеу, талдау, жауап табу үшін жеткілікті материалдар жинақтайды. Ой толғаныс жаңа алынған білімді айқындайтын және ұштайтын деңгейде оқушыда шешім қабылдай алатын мүмкіндік алады. Мұғалімдер сабақтан кейін оқушылармен болған мәселелер мен сұрақтарды немесе сабақ жүйесінде кездесуі мүмкін болатын қиындықтарды анықтау үшін жиналады. Тынымсыз ізденіс, зерттеу, іс-әрекет өз нәтижесін бере бастайды. Үздіксіз әрекет, үзбей бірлесе оқу, ойлану, іздену, даму жақсы нәтиже береді.
     

    Әдістемелік нұсқау: Берілген тапсырмалар бойынша толық мәлімет дайындаңыз. Педагогикалық технология туралы түсінікті. «Әдістеме», «технология», «оқыту технологиясы», «педагогикалық технология» ұғымдарының арақатынасты. Ақпараттық және коммуникативтік технологияларды. Оқушылардың бірлескен іс- әрекеттерін ұйымдастыру арқылы сыни ойлау дағдыларын дамыту жолдарын сипаттаңыз.

    Әдебиет:

    1. Шунк Дейл X. Оқыту теориясы: Білім беру көкжиегі. Жетінші басылым «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, Астана: 2019 - 608 б.

    2. Стив Бартлетт Диана Бертон БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЗЕРТТЕУЛЕР КІРІСПЕ.Төртінші басылым «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, Нұр – Сұлтан: 2020 - 464 б.

    3. Зина О'Лири Зерттеу жобасын жүргізу: Негізгі нұсқаулық. Үшінші басылым«Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, Нұр – Сұлтан: 2020 - 415б.

    4. Элен БитэмРона Шарп. Педагогиканы цифрлық дәуірде қайта зерделеу. XXI ғасырдағы оқыту дизайны. - Астана: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры. - 2019 - 328 б

    5 .Сламбекова Т.С. Педагогика [оқыту теориясы] : оқу құралы 3- кітап - Алматы : ССК , 2020. - 266 б


    написать администратору сайта